Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақыт Үлімжіұлы өлең-толғауларындағы зар заман сарыны

Ақыт өз заманының зарын дөп басып жырлаған ақын. Ішкі-сыртқы зорлық-зомбылықтар мен тарихи кезең көріністерін төл шығармаларында шынайы бейнелей білді. Осы тұрғыдан келгенде Ақыттың өлең-толғауларындағы зар заман сарынының түп тамыры арыдағы Асан мен Қазтуғанда, берідегі Дулат, Шортанбай, Мұрат, Əбубəкір секілді ақындарында жатқанын айтпақпыз. Ақыт ақынның «3арзаман» толғауындағы:

Ей, зарзаман, зарзаман, Зарлатып өткен тар заман. Байқап тұрсам адам жоқ

Шын ақылды ойлаған [1, 43-б.]-деген жолдар Шортанбайдың белгілі «Зар заманын» еске түсіреді. Шортанбай аталған толғауында «азған заман» белгілерін былайша санамалап көрсетеді:

Мына заман қай заман, Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман, Тарлығының белгісі, – Жақсы жаннан түңілген, Жаман малдан түңілген, Мұның өзі зар заман.

Зарлығының белгісі, –

Бір-бірлерін күндеген,

Жай-жайына жүрмеген! [2, 320 б.].

Ақыт «Кеңес құрдым азырақ» деген келесі өлеңінде:

Тозған заман тұсында, Сарысу деген ас болар, Ішетіндер мас болар, Шынаяғы тас болар, Ұры-залым, тентектер,

Ауылына бас болар [3, 117 б.]-деп азған заман белгісін көрсетсе, Шортанбай:

Мынау ақыр заманда, Алуан-алуан жан шықты. Арам, араз хан шықты, Қайыры жоқ бай шықты. Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты! [4, 110 б.], -деп тозған заманды суреттейді. Екі ақын өлеңдерінен мазмұн жақындығын көруге болады.

Бостандығынан айрылған елдің бұрыннан келе жатқан əдет-ғұрып нормалары мен салтсаналарының тоқырауға ұшырап, азып-тозуының белгілерін ақындардың табиғатты өзгеріске түсіру арқылы бейнеленуінен байқауға болады. Шортанбай:

Шөп сұйылды жердегі,

Құс таусылды көлдегі [5, 13 б.]-

десе , Ақыт ақын: Шалқар көлің суалды,

Дала, жерлер қуарды [6, 579 б.]-дейді. Ой ортақ, ата қоныстың азып-тозуы.

Ақыт өлең-толғауларынан көрініс тапқан мотивтің бірі – отарлық билік үстемдік еткен заманның зары. Сондай-ақ халық қадір тұтқан əдет-салттың бұзылуы да ақын жанын қынжылтады:

Зарзаманның тұсында, Бай кедейді көрмейді. Ағайыны пақырға, Пайдасыз сауын бермейді. Иманды көбі білмейді, Түзу жолмен жүрмейді.

Не десең де, жаранлар, Халық бұлай тозғанда, Тура дінге кірмейді.

Берекені білмейді,

Сенімі, ары кірлейді[1, 45 б.],-десе, əрі қарай:

Заманның жайын мен айтсам, Патшаның кетті қуаты,

Бидің ылай суаты, Жақсының тозды мұраты, Пенденің кетті ұяты, Байдан қайыр жоғалып,

Жат болып кетті жұраты[1, 46 б.].

Немесе:

Байдың көңілі өр болды, Кедей біткен кер болды. Санасы бар жақсының, Жүрегі толған шер болды. Қайғысыз өтер күн қайда, Құдайдан қорқар жан қайда, Ғадыл туған хан қайда?

Теңдік берер бар жанға, Баяғыдай заң қайда? [1, 44 б.], -дейді. Осының бəрін отарлық озбырлықтың кеселі деп біледі. Мұндай ой-тұжырымды Дулат пен Шортанбай ақындардың туындыларынан да аңғарамыз. Дулат Бабатайұлы:

Мынау азған заманда,

Қарасы – антқор, ханы – арам; Батыры көксер бас аман; Бəйбіше – таңтық, бай – сараң; Қырсыға туды қыз балаң...

Ебі кеткен ел болды.

Енді қайда мен барам?! [7, 26 б.], -деп, қайғыға түссе, Шортанбай ақын:

Мұның өзі қар заман, Қарлығыңның белгісі:

Ұл сыйламас атасын, Арамсідік болған соң, Атасы бермес батасын... Өзі қылған өкінбес,

Қыз сыйламас анасын... Сыйламайды ағасын, Алысып жыртар жағасын... Ақсақалдан ұялмас, Жүгірісіп қалаға,

Қаныққан соң жалаға! [2, 320 б.], -деп қамығады. Ақындар неден түңіледі? Өйткені атамекен мен ел еркі қолдан кетті. Болашақ болса – бұлыңғыр. Осының бəрін олар ұлт қайғысы ретінде жырлайды.

Бодандық заманның осындай əлеуметтік кейіп-қалпының сыр-сипатын ашу Ақыт шығармаларының басты тақырыптарының бірі екендігін жоғарыда айтқанбыз. Түптің түбінде бұның ақыры заманның азып-тозуына, ел мен жерден құт пен берекенің кетуіне əкелетінін Ақыт ақын «Асан ата деп еді» деген көлемді толғауында:

Ал, сөйлейін жамағат, Азған заман белгісін. Ақылы асқан жігіттер, Сөз тыңдайтын ермісің? Айтып кеткен əр сөзді, Асан қайғы əулие...

Адам пенде азар деп, Маңдайына жазар деп. Алдын аңдап аңдамас Келсе дағы ажал деп. Ханға қара көнбес деп, Тізгін түзу бермес деп. Жақсыға жаман ермес деп,

Шын сөзге надан сенбес деп... [1, 5 б.], -бойлай жырлайды. Одан əрі қарай заман немен тынатындығын ақын Асан қайғы ойымен өз ойын сабақтастыра отырып:

Жалғанның мұңын айтайын, Бұған да құлақ салыңдар.

Шөбі кеткен жер азар, Қайыры жоқ бай азар... Елі кедей хан азар, Байы жаман жар азар, Жары жаман ер азар, Жолдасы жоқ сері азар, Əділетсіз би азар...

Өзгере берер заманың, Салсаңыздар шын назар. Мына сөзді ұғыңдар, Құйма құлақ балалар, Үлгі сөзді ұқпасаң,

Қайсысыңда сана бар?!... [1, 5-6 бб.], -деп болашақ ұрпаққа үлгі айтып, үміт артады.

Зар заман поэзиясының осындай өлең үлгілерін кезінде белгілі ағартушы ақын Ғұмар Қарашев та өз шығармашылығында орынды пайдаланған:

Асан қайғы атамыз Айтқан екен бұрын да.

«Замана азар шағында Əуел бастан су құрыр,

Су құрыса ну құрыр».

Шамасы сол шақ болды [8, 95 б.].

Осы жолдар туралы ғалым Бауыржан Омарұлы өзінің «Зар заман» атты зерттеу еңбегінде былай деп ой қорытады: «... Өз дəуірінің азғаны мен тозғанын, ел мен жерден құтберекенің кеткенін айтудың қалыптасқан дəстүрінен жаңашыл ақын бірден бас тартқан жоқ. Ақын үшін заманның бұзылуы, дүниенің бүлінуі күтпеген, тосын жəйт емес. Ол бабалардың болжамына, көнекөздердің көріпкелдігіне шек келтірмейді. Зар заман əдебиетіне желі болып тартылған Асан Қайғының тұжырым-тұспалдарына ден қояды» [9, 131 б.]. Бұл пікір сөз жоқ Ақытқа да қатысты айтылған іспетті, себебі ақын:

Бұрынғыдан соңғыға Нақыл болар деп еді. Əулиенің болжалы Ақыл болар деп еді. Ақыл сөзді ұқпаған Пақыр болар деп еді. Жақсылыққа оңды адам Жақын болар деп еді. Мұндай ұлы сөздерді

Əулиенің көп еді [1, 10-11 бб.]-дей келіп:

Мысал жаздым азырақ Асан ата сөзінен.

Ғибрат алар бұл сөзден Алдын ала сезінген.

Өсиетін жеткіздім

Өтеп міндет өзімнен [1, 11 б.]-деген жолдармен толғауын аяқтайды.

Ақыт ақын шығармаларындағы қоныс-мекенді жоқтап, ұлт азаттығын аңсау сарынының бір жақ ұшы жыраулар поэзиясы жəне зар заман ақындарының ойымен ұштасып жатқанын байқадық. Сондай-ақ Ақыттың зар заман тақырыбына жазған өлең-толғауларын талдай келіп, ақын поэзиясынан сол өзі өмір сүрген заманның шындығын, бастан кешіп отырған уақыт пен кеңістіктің жан-жақты болмыс-бітімін айқын көре алдық.

Қай кезеңде де қазақ поэзиясы ұлттық мінез-құлық пен халықтық болмысты дəл де шынайы көрсетіп отырғаны белгілі. Өткен ғасырлардан жеткен жауынгер жырлар мен қилы кезеңдердегі зар мен мұңға толы туындыларды алып қарасақ, солардың бəрінен қазақ халқына тəн тағдыр мен өмірді, жұртымыз бастан кешкен тарихи оқиғаларды жазбай танимыз. Бұл ретте ақындарды дəуір жылнамашысы, замана шежірешісі деп айтуға əбден негіз болады. Өйткені ақын-жыраулардың қоғамнан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Міне, Ақыт Үлімжіұлы да сондай ақындардың бірі болып табылады.

 

  1. Үлімжіұлы А. Жиһаншаһ. Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007. 248 б.
  2. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы: Қазақпарат, 2005. 4 т. 435 б.
  3. Үлімжіұлы А. Шығармалар. Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1994. 1 т. 684 б.
  4. Шортанбай. (Құраст. Мəдібай Қ.). Алматы: Айқап, 1993. 80 б.
  5. Зар заман: Жыр-толғаулар. (Құраст. Дəуітов С.). -Алматы: Жалын, 1993. 176 б.
  6. Үлімжіұлы А. Шығармалар. Күйтің: Іле халық баспасы, 1999. 2 т. 686 б.
  7. Бабатайұлы Д. Заман сазы. Алматы: Жазушы, 1991. 160 б.
  8. Қараш Ғ. Замана. Алматы: Ғылым, 1994. 240 б.
  9. Омарұлы Б. Зар заман поззиясы. Алматы: Білім, 2000. 368 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.