Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

М.Əуезов «МАНАС» жырын орындаушы қырғыз жомықшылары жайында

Əдебиетші ғалым М.Əуезовтің фольклортану ғылымына сіңірген еңбегі зор. М.Əуезов халық əдебиеті нұсқаларын жинап қана қоймай, жүйелеп .жанрына, мазмұнына құрылымына қарай топтастырып, тексеріп отырған.Алғашқы əңгімелері жарық көрген кезден бастап қаламгер ауызша тараған ұлт мұрасын терең игеруді өзінің бұлжымас бағыт-бағдары етіп белгілеген секілді. Ол халық əдебиетінің мың жылдық маржандарын хатқа түсіріп, баспасөз беттерінде жариялап тұрған. Оның «Əдебиет тарихында» талдаған шығармалары ғалым жазып алған дүниелердің молдығын көрсетеді М.Əуезов халық əдебиеті үлгілерін ақын-жыраулар мұрасы ретінде, сонымен бірге ұлт тарихын қалыптастыруға қажетті дерек көздері əрі жаңа əдебиеттің жолын ашар рухани салт-сананың қайнар бастауы ретінде қараған. Мұның растығын қазақ прозасы мен драматургиясының қарыштап дамуына ықпал еткен жазушының шығармашылық тəжірибесі айқын дəлелдейді.

Кеңес үкіметі тұсында қырғыз халқының даңқы əлемге жайылған эпопеясы «Манасты» алғаш рет түбегейлі зерттеген классик жазушы əрі ғалым М.Əуезов еді. Оның анау отызыншы жылдардың аласапыранында жариялаған монографиялық туындысы ешқашан өзіндік құнын жойымайтын еңбек. Кезінде ғалым осы зерттеу жұмысының негізінде «Социалистік Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттеріне мақала да бастырыпты. Ал «Манас» турасындағы кітап көп жылдар өткен соң, М.Əуезовтің «Əр жылдар ойлары», «Уақыт жəне əдебиет» атты белгілі еңбектерінде жарияланды.

Ғалымның аталмыш еңбектерінде жырдың генезисі. сақталу сырлары, «Манасты» орындаушылардың рөлі, жыр оқиғасының қырғыз халқының тарихы мен байланысы, жырдың нұсқаларындағы айырым өзгешеліктер, эпостың көпқабаттылығы, эпикалық ортаның əсер-ықпалы, қаһармандық эпос поэтикасына тəн өзекті мəселелер айқындалған.

М.Əуезов: «Импровизаторлық таланты күшті, шабыты тасып тогілген жыршылар жаттап алған жырларын өзгерте, өз жанынан қоса отырып айтатын болған. Ал енді біреулер тек естігендері мен жаттап алғандарын ғана айтқан»,[1]деп жырды орындаушылардың өзін екіге бөліп қарастырады.. Ғалым мұндай түйін тұжырымға жайдан-жай келіп отырған жоқ, əрине. Ол «Манас» жырын ың айтулы орындаушылары Келдібек, Балық, Найманбай, Тыныбектер қалыптастырған жыр мектептерінің дəстүріне тоқталып, жырлаушыларды өз ара салыстырады, сөйтіп, «Манасты» айтушылардың табиғатына тереңдеп бойлайды. Осы еңбегінде ғалым жомоқшылардың жыр мəтінін үнемі толықтырып, байытып əкетіп отыратын ақындық қабілеті болғанын айтады. Айтушылардың жырды ұрпақтан ұрпаққа жалғап оның оқиғасын .тілдік кестесін əбден жетілдіргені жөнінде бірнеше дерек ұсынады. «Балық-бергі заманда болған ақын. Балықтан кейін оның баласы атақты ақын Найманбай шығады. Балықтан бастап «Манасты» айтып таратуда кейінгі ұрпаққа беруде мирастық дəстүр туады....»[2]

Зерттеуші жыр шумақтарымен. күрделі мазмұнымен, құрылысымен таныса отырып, ортақ сарындардың қаншалықты қайталанып келетіндігіне назар аударады.

Түркі-монғол халықтарының қаһармандық эпосы жайында жазған зерттеуші ғалымдар бұл жырларды орындау біраз жұртта киелі мəнге ие болғанын айтады. В.Радловпен сөйлескен қырғыз манасшысы «Жыр жырлауды менің көмейіме құдай тағалам құйған, мен жырды іздеп жатпаймын да, жаттап та жүрмеймін. Жыр менің көмейімнен өзінен өзі төгіліп жатады.»деп айтқан көрінеді.[3]

М.Əуезов те қырғыз жомықшылары арасында, ақындық жыршылық өнерді ғайыптан келген «қасиет», «керемет» деп қабылдаушылық кең жайылған. əбден қалыптасқан дəстүр екеніне тоқталады. Манасшылардың көбі бұл кəсіпті батырдың өзі аян бергеннен кейін ғана қолға алған.

Қырғыз манасшылары туралы академик Ə.Марғұлан: «Бұлардың барлығына ортақ нəрсе манасшы болардың алдында олардың түсіне Манас пен оның қырық шорасы кіріп, ақындық қасиетін олардың ауызына құяды-мыс. Содан «Манас» жыры оларға түсінде қонады деген ұғым болған. Мəселен, Қарашы жыршының қалай манасшы болғаны туралы халық аузында мынандай аңыз бар.Қарашы қой бағып жүрген əке-шешесі жоқ жетім бала екен. «Манас» жырын айтуға сондай құмар екен. Бір күні далада ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде соңынан ерген, астында аққұла ат мінген, басында үлкен найзасы бар, қызыл шырайлы кісі аян беріп балаға келеді: «Бізді танисың ба?»-

«Жоқ танымаймын». «Танымасаң мен Манаспын, менің артымда тұрған Семетейдің шорасы Күл-Шора», дейді. Таныстырып болған соң Манас: «Айт Манасты» дейді. Қойшы бала:

«Білмеймін, айта алмаймын» дейді тартынып.

«Олай болса, дауысыңды шығар, «а» де, ауызыңды аш!» бала ауызын ашады. Манас баланың ауызына үш түкіреді. Содан былай Қарашы төкпе ыршы, манасшы болып кетеді», деп жазады.[4]

Қырғыз аңыздарының желісіне қарағанда, «Келдібек жырлағанда киіз үй селкілдеп, айнала төңірек ұйып қалады екен,немесе қара дауыл соғып, ауыл маңын жұмбақ та, тылсым қалың қол қаптап, ат тұяғынан қара жер солқылдайды екен». [5]

Осындай наным-сенім монғол-бурят жұртында да болғанға ұқсайды. Олардың көнеден келе жатқан таным түсінігі бойынша, барлық батырлық жырда дəріптелетін тұлғалардың аруақтары келіп, жыр тыңдайды-мыс. Жыр көңілден шықса, оқиғалар өзгермей дұрыс баяндалса аруақтар риза болады да, дұрыс айтылмаса, бұлқан-талқаны шығып, ашуланып, жыр айтушыны өлімге бұйрады-мыс.[6]

Бұдан Е.Тұрсынов айтқандай, аруақтар культінің батырлар жырындағы оқиғаларды эпикалық кең құлашта суреттеу амалдарының орнығуына эпикалық əсерлеудің пайда болып, қалыптасуына көп əсер еткенін байқаймыз.[7]

Мифологиялық жырға тəн ауқымдылықты осы жанрдың көркемдік бейнелеу құралдарын əрі қарай жетілдірген батырлық əңгімелерден де көреміз. Осыларға өмірден өткен тарихы тұлғаларға арналып айтылатын жоқтау, мадақтау өлеңдері қосыла келіп, оқиғаларды əсірелеп бейнелеу тəсілі қалыптасты дейміз.

М.Əуезов батырлық жырлардың ішкі бөлектеріне назар аудара отырып, олардың бастауында тұрмыс-салт жырлары жатуы мүмкін деп тұжырымдайды, Манастың өзі де керез, кошан (керез-өсиет, кошан-жоқтау) негізінде тууы сөзсіз екендігіне нақтылы мəліметтер арқылы сендіреді. Оған зерттеуші өз өмірінен мынандай мысал келтіреді. 1928 ж Пржевальск ауданы Бұғы руынан шыққан бір адамның айтуынан өз қолымен Балбай керезін жазып алыпты. Ол шақта əлгі керездің көлемі елу жол болған. Кейін Х.Қарасаев деген кісі сол керезді жаңағы ауданан шыққан басқа айтушыдан жазып алғанда оның жобасы 430 жолға көбейіп, батырлық жырға айналып кеткенге ұқсайды.

М.Əуезовтің Л.Соболевпен бірігіп жазған «Эпос и фольклор казахского народа» деген очеркінің ең құнды бөлімі эпостың шығу тегіне, тарихына арналады. Олар батырлар жыры мен лиро-эпикалық туындылардың ішінде халықтың əдет-ғұрпын суреттейтін тұрмыс-салт өлеңдерінің мол кездесуіне баса назар аудара отырып, эпостық жырлар алғашында жоқтау, естірту сияқты халық əдебиетінің кең тараған жанрларынан тууы мүмкін, халық мұрасының шағын формаларынан ұзақ.ауқымды шығармаға ауысуы заңды деп қарайды.

Ғалым «Манасты» өте ертеде. қадым заманда айтқан жыршылардың бірде-бірінің аты жұрт есінде не манасшылардың жырында сақталмағанын, оның түрлі себебін тарата келіп:

«Мұнда əр жыршы эпостың қалай туып тарағанын жəне соны кімнен жаттап үйренгенін əдейі жасыратын тəрізді...

Қырғыз жомықшылырының арасында жырдың даруына, жырдың қонуына сенушілік болған. Сондықтан да «манастың нағыз майталман

ол жыршы өлең-жырға бала күнінен құмартады, өзінің де ақындық қабілеті болады. Сондықтан олар атақты жыршылардың соңынан еріп жүріп, жыр үйренеді, содан əрі қарай туындысын қайталап айтып машықтанады, əбден толысқаннан соң өз бетімен ел аралап жыр айтады,кейін өзі ұстаздық етіп, шəкірт даярлайды. Сонымен қазақ жырлары бір айтушыдан екінші айтушының қолына өтіп жетіледі, жаңа деңгейге көтеріледі.

Тағы бір айта кететін жайт-қырғыз жомақшылары «Манасты» ғана жырласа, қазақ жыршыларының репертуарларында «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» жырларынан басқа мазмұны, сюжеті тұрғысынан бір-бірін мүлде қайталамайтын ондаған жырлар болады. Олар айтысқа қатысып, терме толғауларды да орындай береді. Қазақ жыршылырының үлкен шығармаларды орындамас бұрын əр түрлі күй тартқаны жайлы да деректер мол.

жыршылары өздері айтатын нұсқаны тəңірі бойға дарытқан қасиет, «Манасты» бастан аяқ білгізген де сол ғаламат күштің жемісі деп танытуға тырысқан...

«Манастың» əр жыршысы өз нұсқасын дербес деп санап, оны тəңірдің бойға дарытқан өнері, өзгеше қасиеті деп білген. Кейін бірде-бір жомықшы бұдан аттап өтпеген»,-дейді.[8]

Эпосты айтушылармен кездесіп, талай туындыларды жазып алып жүрген М.Əуезов «Манасты» орындаушылар жайын тегін қозғап отырған жоқ. Өйткені қазақ ішіндегі жыршы – жыраулар шығарманы кімнен қалай үйренгенін жасырмайды. Қазақ жыршылырына тəн қасиет-

 

  1. Əуезов М. Уақыт жəне əдебиетА., 1962,180-бет
  2. Əуезов М. Уақыт жəне əдебиетА., 1962,189-бет
  3. Радлов В.В. Образцы народной литературы северной тюрксих племен.Наречие дикокаменных киргизов. Ч.ІІ.С.П.Б.,1886,с.599
  4. Марғұлан Ə. Шоқан жəне «Манас»-А,1971, 18-бет
  5. Ауэзов М. Киргизская народная героическая поэма «Манас».в кн: Киргизский эпос «Манас»М., 1961, с.22-23
  6. Владимирцов Б.Я. Монголо-ойратский героический эпос. Пг.,1923,с.37-39-38,40
  7. Тұрсынов Е. Тарихи жыр, өлеңдердің тегі мен дамуы\\Қазақ тарихи жырларының мəселеоері-А.,1979,3839бет
  8. Əуезов М.Шығармалар он екі томдық,А.,1969, 11т.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.