Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ахмет Байтұрсынов жəне əдебиет теориясы

Ұлт қамқоры, табиғатынан ерекше дарын иесі, əдебиеттану саласында күні бүгінге дейін құнын жоймаған, болашақ ғылымға да сара жол сала берер тағылымды ой-пікірлер мен ғылыми тұжырымдарды соңына мирас еткен Ахмет Байтұрсыновтың мұралары туралы сан алуан ғылыми зерттеулер жарық көрді, əлі де жариялана бермек.Оның ақындық мұрасынан, саяси-қоғамдық көзқарастарынан, ғылыми-əдістемелік еңбектерінен, тіпті азаматтық, адамдық қасиеттерінен тағылым алу, елінің ертеңі үшін күрескен ұлтжанды азаматтың өнегелі өмірін жастарымызға үлгі ету бүгінгі күннің маңызды мəселелерінің бірі болуы заңдылық.

Қазақ даласының асыл перзентінің туған халқымыздың тарихы мен мəдениетіне қосқан үлесі қомақты. Ғалымның кез келген мəселеге байланысты айтқан ғылыми пікірлерінің маңызы зор, əсіресе, оның əдебиет теориясына қатысты ғылыми толғамдарының бағасы өлшеусіз. Ол – қазақ əдебиетінің теориялық мəселелері белгілі бір жүйеге салынып, əдеби ұғымдарға терең ғылыми талдау берілген тұңғыш еңбектің авторы. Бұл еңбек 1926 жылы «Əдебиет танытқыш» деген атпен Ташкент қаласында басылып шықты.

Еңбектің құндылығы жайлы академик ғалым Р.Нұрғали: «Əдебиет танытқыш» Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, əдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дəлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан ма ңызын жоймайтын қымбат, асыл мұра» деген. /1, бет 25/

\Əдебиеттану ғылымының осындай еңбекке зəрулігі бола тұра саясат жетегінде кеткен заманның кесірінен құнды кітаптың өз уақытында танылмай, көпшілікпен қауыша алмай қалғандығы, əрине, өкінішті. Алайда, «ештен кеш жақсы демекші» ұлттық əдебиеттану ғылымына баға жетпес асыл мұрамен танысып, құнарлы ой-тұжырымдарды пайдалану бақыты бұйырыпты. «Тəн көмілер, көмілмес еткен ісім» деп ғұлама өзі айтып кеткендей бүгінгі тіл білімі, əдебиеттану ғылымдарының бағыт-бағдар алар темірқазығы сияқтанған Ахмет мұраларын, соның ішінде аталмыш еңбегін зерттеп, қажетке жарату ісі жанданып, өз жалғасын табуда.

\А.Байтұрсынов «Əдебиет танытқыш» еңбегінде əдебиеттің қарапайым қағидаларын талдаудан бастап күрделі философиялық, эстетикалық, көзқарастарын білдіріп, əдеби даму, əдеби бағыт, өлең құрылысы, көркем шығарма тілі, туындының мазмұны мен пішіні сияқты күрделі теориялық мəселелерге дейін саралаған. Əдебиеттануға кіріспе, əдебиет теориясы курстарын оқытуда ғалымның түсінікке жеңіл, нақты да дəл берген анықтамалары мен ғылыми деректері таптырмас құрал екендігіне əдебиетші мамандардың көздері əбден жетті.

Əдебиет теориясының күрделі мəселесінің бірі – жанрлар теориясы, яғни əдебиеттің тектері мен түрлері жайлы зерделеу. Ғалым еңбегінің бір бөлімі осы мəселеге арналған. Өз кезеңіндегі қазақ əдебиетінің даму үрдісін дəл танып, ертеңін де көрегендікпен болжай білген Ахмет «Еуропа əдебиетіндегі сөз түрлері бізде əлі түгенделіп жеткен жоқ. Бірақ қазір болмағанмен, ілгеріде болуы ықтимал» деген тұжырым жасайды. Одан əрі əдеби тек түрлері жайында «Ақындықтан шыққан сөзді яғни көркем лебізді шығармаларды, үлгілі жұрттар айтылуына қарай үшке бөледі: 1.Əуезеленіп айтылуына қарай. 2.Толғанып айтылуына қарай. 3.Ғамалдап айтылуына қарай» /2,103 бет/ дей келе, бұл үлгілердің қазақтың тек жазба əдебиетіне тəн екендігін ескертіп кетеді.

Ғалымның өзіне дейінгі ғылыми көзқарастармен үндестігі де, алшақ кететін тұстары да бар. «Жалпы ғылымның дамуы өзіне дейінгілердің ілгерінді, келешек қажетін өтейтін ұстанымдарын өз дəуірінің қажетіне жаратып, одан əрі дамыта түсу десек, Ахаң есімі бұл тарапта да асқақ тұруға тиісті. Осындай деуіміздің түп-төркінінде əдеби жанр мəселесі төңірегін алғанның өзінде екі мəселе жатқанын ескертеміз. Біріншіден, А.Байтұрсынов бейнелеу тəсіліне негізделген Аристотель принципін де, бейнелеу объектісіне негізделген Гегель, Белинский принципін де табысты қолданған. Екіншіден жанрлық түрлерді жүйелеудегі ұлттық танымының тереңдігі». /3, бет 193/ Ғалым жаңалығы ретінде ең алдымен байқайтынымыз оның əдеби тек түрлерінің терминдік атауын беруде өзгеге ұқсамайтындығы. Қалыптасқан эпос, лирика, драма деген термин сөздерді қазақы ұғымға жақын əуезе, толғау, айтыс-тартыс деген сөздермен алмастырып, терминдердің ұлттық баламасын тиімді қолдануы оның өзіндік ерекшелігі.

Еңбектегі басқа да осындай əдеби терминдердің ұлттық баламаларының ғалым тарапынан шебер қолданыс табуы сүйсіндіреді. «Біз сияқты мəдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мəдени жұрттардың тіліндегі əдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пəн сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек» /2, бет 20/ дей отырып тіл тазалығы, ана тілінің ертеңі үшін пайдалы талаптарды нақты көрсетіп қана қоймай, өз ісімен үлгі көрсете білген А.Байтұрсыновтың ұлттық терминдерді қалыптастырудағы рөлі орасан зор. Осы орайда тағы да Р.Нұрғали пікіріне жүгінер болсақ, ғалым «Əдебиет танытқышта» Ахмет Байтұрсынов əдебиеттанудың əлемдік терминологиялық стандарт деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай, қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас, ұлттық қазақы жүйесін жасап берді. Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым салынғанына қарамастан əдеби тілге кіріп кетті» дейді.

Ғалым еңбегінде жоғарыда аталған жанр түрлерінің əрқайсысының өзіндік табиғатына, ерекшеліктеріне терең талдау жасайды. Əдеби тектердің аралық жігін ажыратуда, əрқайсысының өзіндік табиғатын ашуда суреткерді, оның тысқы жəне ішкі ғаламын қатыстыра отырып түсіндіруді негізге алып «əуезе көркем сөздің тысқарғы түрлісі болады», «... Толғағанда айтатын нəрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады», «...айтыстартыста ақын өз басындағы емес, басқаның басындағы уақиғаны көрсетіп, өз басынан, көңілінің күйінен ешнəрсе қатыстырмайды» деп тұжырымдайды. Жанрды авторға қатысты саралау ғылымда бұрын да болған пікір. Мұны Аристотельдің «Поэтикасынан» байқаймыз. Алайда ғалым өз еңбегінде кімнің, қандай ойтұжырымдарына сүйенгендігі туралы айтпаған.

«Автор қандай ғылыми еңбектерге сүйенгені туралы, дерек келтірмейді. ...Бір ерекше жəйт, А.Байтұрсынов ұзақ-ұзақ цитата алып, өзгелерден бəтуа іздеп, басқаның пікіріне жығыла салатын əдеттен мүлде аулақ....Ғалым өзі қорытқан, өзі шындығына жеткен, ақиқат деп санаған ойларын ортаға салады» /1, бет 26/

Əуезе түрлерін «бұл топқа кіретін сөздер толып жатыр. Оның бəрін түгендеудің қажеті жоқ. Басты-басты түрлерін алғанда, олары мынау болады» дей келе ертегі жыр, тарихи жыр, əуезе жыр, ұлы əңгіме, ұзақ сөз, аңыз өлең жəне əңгіме, көңілді сөз, мысал, ұсақ əңгімелер деген тоғыз түрін атап көрсетеді. Қазір роман, повесть, поэма, новелла, фельетон деп танып, кең көлемді, орта көлемді, шағын көлемді эпикалық жанр түрлеріне топтастырылып жүрген щығарма түрлерін ғалым идеялық мазмұн мен шығарма пафосы тұрғысынан жіктеп отыр. А.Байтұрсыновтың бұл ұстанымын Е.Тілешев оның жанрлық түрлерді жіктеудегі бір принципі ретінде танып, «Қазіргі əдебиеттануда поэма делініп жүрген жанрды А.Байтұрсынов ертегі жыр, тарихи жыр, əуезе жыр, мысал өлең дейді, яғни мұнда ең алдымен идеялық мазмұн, шығарма пафосы бірінші қатарға шығарылады, осындай ұстанымды толғауды ішкі түрлерге таратуынан да байқаймыз» деп аңғартады. /3, бет 196/

Дарынды теоретиктің толғау жанрына қойылатын ішкі жəне тысқы шарттарды санамалап беріп, оның ішкі түрлерін жіктеуде жасаған тұжырымы да ерекше. «Əдемі толғаудан алатын адамның көрік лəззаты басқа сөздердің бəрінен де артық болады» дей отырып ақындық өнер мен өлеңге айырықша баға береді. Толғауға қатысты ғалым пікірлерінің орыс сыншысы В.Г. Белинскийдің ойларымен үндесер тұстары көп. Мысалы, ғалым «нағыз толғау мен күй (яки əн) арасы жақын: екеуінің де зейінге айтары аз, көңілге айтары көп» /2, бет 169/ десе,

В.Г.Белинский «өзіндік мазмұны тұнып тұрса да, лирикалық шығармада ешбір мəн жоқ тəрізді, оның мазмұнын тіпті айтып беруге де болмайды, ол тəтті түйсігімен бүкіл жан жүйемізді тебірентетін музыкалы пъесадан аумайды, өйткені бұл мағынаны адам тіліне аударып болмайды» /4, бет 32/ деп байлам жасаған. Қос ғалымның толғаудың ықшамдығы, қысқалығы жайлы тұжырымдары да бір жерден шығады. Лирикалық туынды түрлерін жіктеуде де ғалым терминдердің қазақша баламасын ұтымды қолданған. Толғаудың ішкі түрлерін сап толғау, марқайыс толғау, налыс, намыстаныс, сұқтаныс, ойламалдау, сөгіс толғау, күліс толғау деп топтастырып, олардың əрқайсысына нақты анықтама береді. А.Байтұрсынов ақынның көңіл-күйі тұрғысынан анықтап берген лирика түрлерін бүгінгі əдебиет теориясы ғылымы меңгеріп, терминдік сөздерді қолданысқа əлі де толықтай енгізе қойған жоқ десек қателік болмас. Дулат Бабатайұлының 2003 жылы басылып шыққан «Тұнық тұма» жинағының алғысөзінде ақын толғауларының түрлеріне А.Байтұрсынов тұжырымы бойынша талдау жасалған. Бұл да болса лирика туралы ғалым пікірлерін игілікке жаратып, тиімді қолдануға қарай жасалған игі қадамдардың бірі деуге болатын шығар.

Қазақ топырағында кейіндеу дамыды деп саналатын жанр түрі драмаға да ғалым қазақша балама тауып, əдеби тек ретіндегі сипатына, өзіндік табиғатына ғылыми талдау жасап берген. Драмалық жанрды айтыс-тартыс немесе ұстасу деп атап, оны да авторға қатысты жағынан тысқы ғаламның сөзі, яғни əуезе мен айтыстартыстың арасы жақынырақ деп қорытады. Сондай-ақ драманы «өмірдің алаңда көрсетілетін сəулесі» деп таниды. Драмалық жанрдың өзіне ғана тəн ерекшеліктерін ескерте келе, драмалық шығарма оқиғасының негізгі үш кезеңін (1.байланыс, 2.шиеленіс, 3.шешіліс) атап көрсетеді. Осы кезеңдерді қазаққа жақсы таныс балуандар күресімен салыстыра отыра ұғымға жеңіл, əрі түсінікті етіп былайша сипаттайды: « Ұстасудың бұл үш дəуірі күресу дəуірлері сияқты. Байланыс – балуандардың белдерін буынып, білектерін сыбанып, балтырларын түрініп, күреске шығып, ұстасқаны есебіндегі дəуірі. Шиеленіс – балуандардың əдіс-амал, күш, өнер бəрін жұмсап, қайрат қылып күресті қыздырған шағы сияқты дəуір. Шешіліс – балуандардың бірін бірі жыққан мезгілі сияқты дəуір». /2, бет 179/

Байтұрсынов драманың жанрлық түрлерін де өзгеше атаумен, яғни əлектеніс (трагедия), азаптаныс (драма), əуреленіс (комедия) деп саралайды.

Айтыс-тартысты адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламының түйіскенін көрсететін сөз түрі дей келе бұл мəселеге орай да ғалым қызықты тұжырым жасайды. «Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нəрселерді ғана танумен болады. Есі əбден кіргенше өзгеден өзін айырмайды. Есейген сайын өзінің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық шығара бастайды. ...Өз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, мүддесі болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріскен жерде тысқы ғаламға тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғалам екеуі кездеседі. Сонда ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей,екеуі ілінісіп ұстаса кетеді» деп драмалық оқиғаның туу себептерін қарапайым мысалмен дəлелді жеткізеді. /2, бет 176/ Айтыстартыс түрлеріндегі кейіпкерлер мінезінің, соған орай əрбір шығармадағы тартыс сипатының ерекшеліктері нақты талданады.

Трагедияданың негізгі мағынасы болып табылатын коллизияның маңызы туралы Белинский «...трагедияның мағынасы коллизияда болмақ, яғни, жүректің табиғи еркінің адамгершілік парызбен соқтығысуына немесе алынбайтын тосқауылда мерт болуында жатпақ» десе А.Байтұрсынов айтыс-тартысқа қойылатын шарттардың бірінде «Ұстасудың мақсаты тысқы ғаламға қарсы жұмсалған ішкі қайрат болған себепті, ол қайратты жұмсатып белгілі бір мақсат болған соң, ұстасуда көрсететін ғамалдар ойламаған жерден шыққан уақиға сияқты болмай, мақсатты қайраттан туған ғамалдар болып көрінуге тиістігі» дейді Ғалым Рымғали Нұрғалидың айтуынша Байтұрсыновтың бұл пікірлері жазылған кезде

Чехов үлгілерін оқып, яки сахнадан көріп барып пікір айтып отырғандай» дейді. /1, бет 34/

Трагедиялық жəне комедиялық туындылардың ерекшеліктерін ғалым бас қаһармандардың кескін-келбеті, өмірлік мақсаттары мен соған жету жолындағы іс-əрекеттері тұрғысынан зерделейді. Мысалы, «Əлектеністің қайраткері қатардан қара көрінім биік адам болса, əуреленістің қайраткері қайраткері қатардан қара көрінім төмен адам болады. Биік нəрсе қандай сəулетті, көзге көрнекті, көңілге тамаша көрініп сұқтандырса, таңдандырса, төмен нəрсе өзінің төмендігімен, ұсақтығымен көзге күйік»/2, бет 180/

Əдебиет теориясының жанрлар мəселесін қарастыруда ғалым тұжырымдарының берер тағылымы мол. Ғалым мұрасы бүгінде жанжақты зерттелініп, оның терең ойлы, ғылыми негізді ой-тұжырымдары əдебиеттану ғылымының кез келген саласындағы өзекті мəселелерді зерделеуге негіз болып отыр. Ғалымның ұлы еңбегі «Əдебиет танытқышты» қаншалықты таныдық десек те, осы мəселеге орай «алтын шыққан жерді белден қаз» деген халық нақылын жадымызда ұстауымыз əбден қажет-ақ сияқты. Ахмет Байтұрсынов мұрасын «өшпес жарық», «кетпес байлық», «даналыққа бастар жол басы» деп танып, «ертеңгі үшін» аянбай еңбек еткен ғұламаның асыл мұраларын келешек қажетіне жарату бəріміздің басты міндетіміз.

Түймеге жарқылдаған алданбаған, Басқадай бір бас үшін жалданбаған, Көркейер қайткенде Алаш деген ойдан, Басқа ойды өмірінде малданбаған,-

деп С.Торайғыров айтқандай бар күш-жігерін, ақыл-ойы мен еңбегін ұлт келешегіне арнап, халқын ғылымның ұшар биігінен көруді аңсаған Ахмет Байтұрсынов есімін ұлықтау, рухани қазынасын насихаттау ісі өз маңызын ешқашан жоймайды.

қазақ драматургиясында М.Əуезовтың, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, Ж.Шаниннің алғашқы пъесалары жазылған. Еңбектегі ғалымның «Айтыс қазақта ауыз əдебиеті түрі болғанмен, айтыс-тартыс түріндегі сөздер басқа жұрттарда жазу-сызу, өнер-ғылым шыққан уақытта пайда болған. Шын айтыстар емес, шығарма айтыстар қазақта соңғы кезде шыққан» деген сөздері де осыған мегзейді. /2, бет 106/ Алайда, басқа жанр түрлерін талдағандай нақты драмалық шығармалардан мысалдар келтірілмеген. Драма жанры туралы ғылыми пікірлерінің құндылығын, талғампаздықпен, дəлдікпен берілуін айта келіп, ғалым Р.Нұрғали «Шынына келгенде, Ахмет Байтұрсынов əлемдік драма өнерінің биік тұғырлары Шекспир, Мольер, Гете, Островский,

 

 

  1. Нұрғали Р. Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана, «Күлтегін», 2002
  2. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы, «Атамұра», 2003
  3. Тілешев Е. Суреткер жəне көркемдік əдіс. Алматы, «Арқас», 2005
  4. Белинский В.Г. Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1987
  5. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, «Жазушы»,1992
  6. Əбсадықов А.Исина Н. Ахмет Байтұрсынұлының əдеби мұралары. Литературное наследие Ахмета Байтурсынова. Қостанай, 2003.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.