Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

А. Нұрқатовтың əдеби–сын зерттеулерінің əуезовтану ғылымындағы маңызы

А.Нұрқатов əдебиетке елуінші жылдардың басында келіп қосылып, он-он бес жыл көлемінде екі монографиялық еңбек пен жүздеген əдеби-сын мақала жариялап үлгерген қаламгер. Белгілі сыншы 1954 жылы «В.Маяковский жəне қазақ совет поэзиясы» атты кандидаттық диссертация қорғап, əдеби сынға ғылыми дайындықпен, теориялық біліммен қарулана келген талантты қаламгерлердің бірі болатын. Сыншының Абай, М.Əуезов шығармашылығына қатысты ғылыми тұжырымдарынан шығармашыл тұлға мен оның дəуірінің қыр-сырын, əдеби процесті жетік білетін біліктілік, жетістік пен кемшілікті қатар көрсете білген білімділікті аңғаруға болады. А. Нұрқатовтың əдеби-сын мұрасы жайында айтқан тұста оның сыншылығы ақындық, аудармашылық өнермен де ұштасып жатқандығын ескеруіміз қажет.

50-ші жылдар сынның жаңа белеске көтеріліп, əрі оның өнер ретінде мойындалуына ықпал еткен кезең. Сол жылдардан бастап сын тек əдеби ортаға ғана қозғау салып қоймай, қалың оқырман қауымның көркем талғамын қалыптастыруға да зор ықпал етті. Елуінші жылдардағы сын баспасөз бетіндегі əдеби-сын мақалалармен ғана шектеліп қалмай, монографиялық зерттеулерге ұласып, əрі сол ізденістер өз жемісін бере бастаған шақ болатын. Сол кезеңнің елеулі ғылыми зерттеулерінің бірі 1957 жылы жарық көрген А.Нұрқатовтың «Мұхтар Əуезов» атты монографиялық очеркі еді. Б.Сахариевтің пікіріне ден қойсақ бұл еңбек «Əуезов творчествосы жөніндегі толассыз пікірлерді жүйеге салған, ал бірқатар талас мəселелердің басын ашып, орынды дəлелдемелерімен тың пікір айтқан алғашқы еңбектердің бірі болды» [1, 6]. Сыншының қысқа ғұмырында артына қалдырған екінші бір елеулі еңбегі-«Қазақ поэзиясындағы Абай дəстүрі» деп аталатын монографиялық зерттеуі. Ғалым-сыншы еңбегін жазып бітіргенімен, жариялап үлгермеген. Үшінші еңбегі 1956-1960 жылдар аралығында жазған мақалаларынан құрастырылған «Идея жəне образ» деген атпен жарияланған жинақ.

Сыншы қаламгер М.Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтында аға қызметкер бола жүріп, қазақ əдебиетінің көп томдығын шығару шарасына белсене атсалысып, оның белді мүшелерінің біріне айналған. Мұның үстіне А. Нұрқатов орта мектепке арналған əдебиет оқулығының жарыққа шығуына да ықпал еткен талантты авторлардың бірі. Əдебиеттану ғылымы мен сын саласында қатар еңбек еткен А.Нұрқатовтың артында қалған əдеби-сын мұрасы көлемі жағынан қораштау көрінгенімен, ғалым зерттеулеріндегі терең пайым мен тың тұжырымдардың ғылыми құндылығын ешкімнің жоққа шығара алмасы анық. А.Нұрқатовтың 1965 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «М.Əуезов творчествосы» атты еңбегін мақаламыздың зерттеу нысаны етіп алып отырмыз. Еңбек сыншы дүниеден қайтқан соң көп ұзамай жарияланған. М.Əуезов шығармашылығына қатысты сыншы ғалымның пікірі өз кезеңі үшін де, кейінгі жылдардағы зерттеулерге негіз болар қайнарлар мен бағыттарды ашып көрсеткен қорытындыларымен құнды. Монографиялық очерк алты мақаладан тұрады. Мақалалар ұлы жазушының алғашқы əңгімелеріне қатысты зерттеулерден басталып, «Абай» романы мен жазушының драма жанрындағы шеберлігін талдауға арналған əдеби-сын зерттеулермен тұйықталады.

Əуезов шығармашылығына қатысты сыншы пікірлерінің құндылығының үстіне назар аударуға тиісті екінші бір жай 50-60-шы жылдардағы идеологиялық саясаттың заманға қабыспайтын əрбір жаңа пікірді мүлт жібермей отырған қырағылығы сыншының кей ойларын қысқа қайырып, іркіп ұстауына əсер еткендігі. Заманының талабына орай сыншы кей байламдарын объектісінің тереңдігі мен ауқымдылығына қарамастан, шолақ қайыруына, көп жайдың мəнін əлеуметтік тақырып ауқымынан іздеу сарынына салып жібереді.

Сыншы зерттеулерінің құндылығының бір қыры зерттеу нысанына алынған шығармашылықтың ешкімге ұқсамайтын даралығымен қатар кемшін түскен жайларын да ашып көрсеткен əділ сыншылығында. Бұл да А.Нұрқатовтың сыншыға тəн мінезін танытатын мысалдың бірі болмақ. А.Нұрқатов шығармашылықты зерттеуде тұтастық принципін ұстана отырып, қаламгердің көркемдік ізденіс жолының эволюциялық сипатын тануға тырысады. Сыншы «Творчестволық бастау» аталатын Əуезов шығармашылығына арналған алғашқы мақаласын дəл осы мақсат тұрғысынан бастайды. «...Біздің əдеби сынымызда басқа аға суреткерлеріміз сияқты, М.Əуезовтің творчествосы жайында да аз жазылған жоқ. Бірақ сол зерттеулердің басым көпшілігі, дені Абай туралы эпопеяның ғана төңірегінде ой топшылаумен тынады... Жазушының Абай туралы эпопеяға келу жолы, творчестволық сапарының бұлақ-бастауы мен бел-белестері мүлдем аз, тым тапшы зерттелді» [2, 10] дейді. Сыншының қай шығармашылықты зерттеуде де маңызды болып қала беретін позициясы кейінгі кезеңдердегі көркем тұтастық мəселесін ескере бермейтін ғылыми зерттеулерге де үлгі болып қала бермек. Сыншы қаламгер шығармашылығын даму үстіндегі, үздіксіз өсу мен жаңарудан тұратын процесс деп қарайды.

А.Нұрқатов Əуезовтің «Қараш-Қараш» атты көлемді кітабына енген шығармаларына тоқталады. Сыншы жазушының өзі суреттеп отырған жайға қатысты авторлық позициясына ерекше мəн береді. «Бұдан бұрын да бірнеше рет басылған «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі жиырмасыншы жылдардағы жас прозамыздың санамалы тəуір шығармалардың бірі болатын. Соңғы жылдары жазушы осы повесін толықтырып өңдеді, оның сюжеттік желісіне соны оқиғалар мен жаңа кейіпкерлер енгізді» дей отырып, сыншы повестің тілінің байлығы мен суреттілігін атап өтеді.

Сыншы жазушының алғашқы кезеңдегі шығармаларының көркемдік əдісі мен творчестволық тəсіліне назар аударады. «Қорғансыздың күні» əңгімесіндегі реализмнің сырын ашуға тырысады. Жазушының «адам тағдырын, оның іс-əрекетін реалистік жағдайда тұтас алып суреттеуге ұсталығы, оның мəдениеті жоғары əдебиет дəстүріне ден қойғандығы, суреткерлік алғырлығы» [2, 13] сияқты қырларын ашып көрсетеді. «Суреткерлік алғырлық» деп дəл айтылған бағаға қосылмасқа амалымыз жоқ. Əуезовтің алғашқы əңгімелеріндегі реалистік тəсілдің өзгеше сипатын дəл байқайды да, ойын сыншы былай деп қорытады: «Бұлоның ащы шындықты ақтара ашуға ұмтылуы жəне қарапайым жандардың талайсыз тағдырына селт еткіш сезімталдығы мен тебірене іш тартуы» [2, 14]. Пікірдің астарынан жоғарыда айтып өткен автор позициясы мен лирикалық тəсіл көрінісін байқаған сыншы жітілігін танимыз. «Үйлену»,

«Сөніп жану» атты əңгімелерінің табиғатына қатысты да бұрын-соңды айтыла қоймаған пікірді ортаға салады. Сыншы пікірінше əңгіменің артықшылығы ондағы сынның ашық түрде емес, нəзік астарлы юмормен берілуінде.

А.Нұрқатов Əуезовтің «Қаралы сұлу», «Кінəмшіл бойжеткен», «Қыр суреттері», «Қыр əңгімелері», «Көксерек» əңгімелеріне талдау жасайды. Қарагөз бен Ғайшаның көңіл-күй сəттерін суреттеуде натурализмнің бар екендігіне, тұтастай алып қарағанда жазушының дүние танудағы, уақыт ағысын бағдарлаудағы кейбір шектеушілікке, тараңдыққа бой алдырғанымен, суреткерлік зор талантын реалистік бағытқа сарп еткендігіне тоқталады. Қазіргі күн биігінен қарасақ, сыншының жазушы əңгімелерін бағалауда кей тұстарда заман талабына сай келе бермейтін жайларды ашып, ізерлей жазудан əдейі бойын аулақ салғандығын байқаймыз. Есесіне «Қыр суреттерінің» жанры мен ерекшелігіне қатысты «олар жазушының соқталы шығармалар жазар алдындағы өз қаламының күшін барлап байқауының, көркемдік бояу реңдерін таңдап, салғастырып көруінің куəсі, жекелеген эскиздер тəрізді» [2, 15] деген пікірінің маңызы ерекше. «Көксерек» шығармасын «тілінің ғажайып көркемдігі мен қисапсыз молдығы жағынан бұл повесті жазушының тек кейін кемеліне келген кезінде жазған шығармаларымен ғана салыстыруға болады» деген ойының астарынан Əуезов шеберлігінің уақытқа тəуелсіз табиғатын айтқысы келген бағасын аңғарғандай боламыз.

Сыншы Əуезов əңгімелерінің шебер шығуына əсер еткен бір арна ретінде классикалық орыс əдебиетіндегі гуманизм мен ондағы қарапайым жандардың тағдырына зер салып, оларды іш тарту сарынымен ұласып, табысып жатқандығымен байланысты екендігін де атап өтеді. А.Нұрқатовтың жазушы əңгімелеріне қатысты бағасын оның мына ойларымен тұжыруға болады: «М.Əуезов өзінің майталман суреткерлігін, тілінің ғажайып молдығы мен бейнелілігін, əлеуметтік халдердің де, жеке адам өмірінің де небір қалтарыс түпкірлеріне барлап үңілер байқағыштығын да əуел бастан көрсетті» [2,17].

Сыншының «Ел өмірінің айнасы» атты мақаласы Абай жайындағы романдарын зерттеуге арналған. Мақаланың ел өмірінің айнасы деп аталуы да тегін емес. Сыншының романдағы ақын мен оның халқы арасындағы қатынасқа, дəуір тынысына ерекше мəн беретіндігі байқалады.

Əуезовтің ұлы ақын жайындағы шығармасынының бірнеше кітаптан тұратындығына орай оны сыншы «Абай» жайындағы романдар деген ортақ атпен атайды. Нұрқатов жазушының аталмыш шығарманы жазудағы сарыла ізденген байсалды да қайсар мінезімен қатар романның

Əуезовтің «творчестволық өмірінің өрісті өзегіне, жазушылық еңбегінің мағынасы мен мақсатына айналғандығын» атап өтеді. Сыншы «Абай» романын тарихи роман ретінде бағалайды. Алайда тарихи романның бəрін бір қалыппен бағалауға болмайтындығына, творчество адамына арналған шығарманының əлем əдебиетінде əртүрлі үлгілерінің болғандығына, соның ішінде Абай жайындағы романның өзгеше табиғатына тоқталады. Тарихи романның қалыпты шарттарымен қатар, Белинский дəл атап көрсеткен «...Біз қазір мынаны жақсы білеміз: əрбір халықтың жəне бүкіл адам баласының ой-санасының белгілі бір дəуірдегі көрінісі саналатын искусство сол халық өмірінің тынбай соғатын тамыры тəрізді, сондықтан да искусствоның дамуы мен тарихы халықтың немесе адам баласының дамуымен жəне тарихымен тығыз байланысты» деген пікірдің «Абай» романын тануға тигізер əсері зор болмақ. Сыншы жазушының тарихи роман жанрындағы ізденісін автордың өз пікірінен тарқата отырып сабақтайды. Əуезов оқыған тарихи шығармалардың жазушыға бірдей оң əсер етпегендігі белгілі. «... менің оқығандарымның бəрі бірдей қанағаттандырған жоқ, бірін ұнатсам, бірін ұнатпадым. Бірақ екеуінің де пайдасы болды, екеуінен де үйрендім. Бірінен қалай жазу керектігін үйрендім, бірінен қалай жазбау керектігін үйрендім» деген жазушы пікірінен оның тарихи тақырыпты игерудегі принципін аңғаруға мүмкіндік аламыз дейді сыншы. Осы тұста жазушының Абай жайындағы романнан бұрын да тарихи тақырыпқа қалам тартпақ ниеті болғандығын ұмытпағандығымыз жөн.

Нұрқатов Əуезовтің аталмыш романды жазуда үлкен қиындықтарға тап болғандығын, «ұлттық сипаты мол шығармаларда» өзгеше белгілер мен өзіндік ерекшеліктердің болатындығын, сондай-ақ тарихи-əлеуметтік жағдайларға орай жазба деректердің тым мардымсыздығы роман жазуда көп кедергі келтіргендігіне тоқтала келіп, «Бұл ретте М.Əуезовке шығармаларының нақтылы мазмұнымен, тақырыптықидеялық сарындарымен Абайдың өзі көп жəрдемдескені күмəнсіз» деген қорытындыға тоқтайды.

Сыншы шығарма жанрының табиғатын саралай келіп, творчество адамы жайындағы романның өзгерек табиғаты болатындығын айта келіп, ойын былай деп тұжырымдайды: «...Жазушы Абайдың əлеуметтік қызметін, іс-əрекетін оның творчествосымен тығыз байланыстыра отырып суреттейді, сөйтіп ақын творчествосының психологиясын терең ашады жəне оның шығармаларын нəрлендірген, туғызған себептерді – ақын творчесвосының түп төркінін де шынайы, нанымды көрсетеді» [2, 35].

А.Нұрқатов роман поэтикасына қатысты бірнеше құнды пікір айтады. Ол ой-тұжырымдардың əлі күнге маңызын жоймағандығын айта кеткендігіміз жөн. Біз тоқталғалы отырған сыншы пікірлерінен тұтасты бөлшек арқылы таныған байқампаздық пен жазушы шеберлігін танытатын көздерді дəл аңғаратын жітілікті байқадық. Сыншы, ең алдымен, романның əсерлілігін күшейтетін тəсілдерді тап басады.

«Абай» романының бірінші кітабында жазушы ерекше бір суреттеу тəсілін қолданады. Бұлроманда суреттелетін оқиғаларға автордың көбінесе өзінің жас геройының көзімен қарауы жəне соның түйсінулері мен сезінулері арқылы бейнелеуі. Міне, осындай көркемдік ерекшелік романның өн бойына аса бір тартымды, əсерлі рең беріп отырады» [1, 39] деген ой тастайды. Сыншының бұл пікірі бүгінгі күн тұрғысынан бағалағанда соншалықты өзекті болмағанымен, роман жазылған уақыттың ізін ала айтылған пікір екендігін ескерсек, маңызы сөзсіз артады.

Сыншы бір мақаласында Əуезовтің Абай жайындағы шығармасының тереңдігі мен кең тыныстылығын тануда Ғ.Мүсірепов тұжырымдарының үлкен маңызы бар екендігін айта келіп, кейінгі жылдардағы зерттеулердің кейбірі жазушы ойын қайталаумен шектелсе, екіншілері сондағы айтылған ойды кеңейте, қаза зерттеумен айналысуда деген ой айтады. Шынында да, Əуезов шығармашылығына қара бұлт үйіріліп, роман мен оның авторының тағдыры сан түрлі пікірдің талқысына түскенде Ғ.Мүсірепов айтқан объективті пікірдің орны ерекше болғандығы сөзсіз. Сыншы үшін Мүсірепов сынды сұңғыла суреткер пікірінің қаншалықты əсері болғандығын дəл айту қиын, десек те Нұрқатовтың жазушы шеберлігін байқататын тəсілдерді дөп басып айтудағы қырағылығы таңдандырмай қоймайды.

А.Нұрқатов романдағы табиғат суретінің сан қырлы көркемдік қызметін саралап көрсетіп береді. Романның алғашқы кітабындағы табиғат суреттерінің өзіндік ерекшелігі бар екендігін айтады. Алғашқы романдағы табиғат суреті Абайдың көзқарасын, сезімі мен жан толқындарын астарлы түрде ашады дейді сыншы.

«М.Əуезов табиғат суретін беруде де өзін үлкен суретші ретінде көрсетеді. «Абай» жəне «Абай жолы» романдарынан қазақ совет əдебиетіндегі пейзаждың классикалық үлгілері болып табылатын тамаша табиғат суреттерін кездестіреміз...

Табиғат суретін беру Əуезов үшін дара мақсат емес, ол пейзажды өзінің авторлық идеясына сəйкестендіріп, үнемі құбылтып, құлпырта отырып қолданады» [2, 126]. Сыншы сонымен қатар табиғат суретінің кейіпкер табиғатын тануға əсер ететін көркемдік қызметін де атап өтеді. Нақтырақ айтсақ, Нұрқатов Абайдың көңіл-күйіне байланысты алынған табиғат суреттеріне ақын сезіміне лайық бояулар мен өрнек-нақыштар мол араласып отырса, Əбіштің түйсінулері арқылы берілетін пейзаждық көріністер басқа бір алуан болып келетіндігін ескертеді.

Табиғат суреті кейде болғалы тұрған оқиғаға көркем мекен ретінде алынады да, сол арқылы оқушыны психологиялық тұрғыдан дайындайды дейді сыншы. Мұнымен қоса, сыншы-қаламгер пейзаж шығарманың оқиғала-

алынған үзіндімен дəлелдейді. «Роман геройы мен Абайдың өз өлеңдеріндегі лирикалық геройдың түйсінулері, тебіреніс-толғаныстары мен ой-сезімдері осылайша өзара ұласып келетін мұндай эпизодтар М.Əуезов эпопеясында мол ұшырасады» [2, 128] дейді.

Табиғат суретінің жоғарыда айтқан көркемдік қызметінің бар қырынан сəтті шығуына жазушы тілінің суреттілігінің зор əсері болғандығы сөзсіз. «Енді біраз тұрғанда Абай көзі тағы да жылжып өтіп, əр сəтін айқын танытып бара жатқан бейуақ мезгілін аңғарады. Кеш жеңіп келеді. Көлеңкелер тұтасып барады» деген жолдардағы суретті тек көріп қана қоймайсың, сезінесің дейді сыншы. Абай лирикасымен астасып жатқан романдағы табиғат суретінің сезімге əсер беріп, оқырманның көңіл көзін ашпауы мүмкін де емес.

рын дамытуға септігін тигізіп, оларды өзара

тұтастырып, мотивировкалық қызмет те атқаратындығына назар аударады. Нұрқатов Əуезов шығармаларындағы пейзаждың көркемдік қызметін барынша толық сараптау мақсатында тағы да бірнеше ерекшелікті атап өтеді. Соның біріпейзажды жазушының жанама мінездеуде де сəтті қолдануы. «Абайдың өз өлеңдеріндегі пейзажды да шеберлікпен пайдалана, бере білгенін байқау қиын емес» деген сыншы пікірінің маңызы өз алдына. А. Нұрқатов ойын романнан

 

  1. Нұрқатов А. Мұхтар Əуезов творчествосы /
  2. Сахариев Б. Алғысөз. Алматы: Жазушы, 1965. -400 б.
  3. Нұрқатов А. Мұхтар Əуезов творчествосы. –Алматы: Жазушы, 1965. -400б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.