Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тіл үйренуде ойынның түрлерін пайдалану

Ойын – оқыту əдісінің бөлігі. Тіл үйренуде, тіл дамытуда ойындар арнайы мақсатты көздейді. Ойынның мақсаты – білім, білікті жəне дағдыларды қалыптастыру,тиянақтау жəне бекіту, қимылдарды қайталау немесе тексеру сипатында болады.

Сабақты жүйелі түрде түрлендіріп, əртүрлі əдіс-амалдарды қолданып, оқушылардың ана тілінде таза сөйлеуін, шет тілінде сөйлеуін, ана тіліне деген, шет тіліне деген ынтасын арттырып, белсенділігін көтеретін – ойын, жұмбақтар жəне тақпақтар мен өлеңдер.

Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып,адамның кəсіпті толық меңгергенінше жалғасады жəне ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады. Кейбір психологиялық теориялар ойынның мəнін баланың артық əл-қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді.

Ойын балалар үшін əрқашан ойын болғандықтан, ойын элементтері мен жұмбақтар қолданылып қолданылып өтілген сабақтар оқушы қауымды қызықтырады. Балалар ақыл-ойын дамытуда əсіресе сөздік жаттығулар,ойын түріндегі жаттығулар ерекше роль атқарады. Осының бəрін тілдік ойындарға жатқызуымызға болады.

«Тілдік ойындар (языковая игра) – тек тіл ғана көрініс тапқан ойын емес, онда өмірлік ахуалдар бар, тіл арқылы көрінісберетін шындық» деп орыс ғалымдары В.П.Руднев те, Витгенштейн де санайды. Алайда бұл оқыту үдерісі кезінде қолданылған себептен, дидактикалық əдіске жатады. Дидактика деген не? Дидактика деген терминнің өзі гректің didaktikos – оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан. Дидактика – оқыту үдерісінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, принциптерін, əдістерін қарастырады. Кез-келген білім беру саласында дидактикалық əдіс жоғары орында тұрады,себебі ол оқушылардың белсенділігін арттырумен қатар, мұғалім мен оқушы, оқытушы мен оқушы арасындағы əдеттегі психологиялық кедергіні бұзып, еркіндік, теңдік сезіледі, өз ойларын, пікірлерін білдіре алады, басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтеді, қызығушылығын арттырады. Оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру мұғалімнің бір міндеті болып табылады. Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар ойын барысында белсенді сергек болуға мүмкіндік алады. Ойын сабаққа енжар оқушының өзін еліктіреді, сабақта үлгеруіне үлкен көмегін тигізеді. Егер ойын алдын-ала ұйымдастырылып берілсе, онда ойынның өзі де, нəтижесі де жетістіктерге жеткізеді. Оқытушы сбақта қолданатын ойынды əртүрлі мақсаттарына сəйкес түртүрлерге бөліп, қолдануына болады. Мысалы, ойын жаңа материалды алғашқы бекіту кезінде жүргізілсе, онда ойынға көбірек уақыт бөлінуі тиіс. Ал, сол материалды қайталау кезінде ойынның түрлері ұйымдастырылса, онда көп уақытты талап етпейді. Кейбір ойын түрлерін сабақтың əртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Ойын оқушылардың шаршағанын басады, сергітеді жəне шет тілін үйренуді жеңіл де қызықты процеске айналдырады.

Ойынның тəрбиелік мəні зор. Ойынның қай түрі болмасын, оның қоғам дамуының барлық кезеңдерінде бала тəрбиесінде өзіндік орны бар үрдіс болғаны педагогика тарихынан бəрімізге белгілі. Ойын кезінде оқушылар ұжымдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке, дəл жəне тез шешім қабылдауға үйренеді. Сондай-ақ, дұрыс ойластырылған, қызықты ұйымдастырылған ойынның түрлері балалардың ойлау жəне есте сақтау қабілеттерін дамытады, ынтасын арттырады.

Сабақта ынта мынадай себептерден төмендейді:

  • Ойлау-процесіне, миына көп салмақ түсіруден;
  • Сабақты бірыңғай, бірсарынды жүргізуден;
  • Жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі жүргізуден;
  • Нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден жəне т.б.

Жоғарыда көрсетілген себептерді болдырмау мақсатында оқу үрдісі кезінде ойынды қолдану тиімді. Бала оқу үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Ойын тіл үйренушілерге өте тиімді əрі пайдалы əдістің бір бөлігі. Тіл үйрену сабақтарында қолданылатын ойындар түрлі əрекетті қимыл, қарым-қатынастарды ойнатып, диалогтар үстінде ойды дамытады. Ойын барысында сөйлеу қызметінің үш бірдей талабы – грамматикалық ережелердің сақталуы, сондай-ақ лексикалық қорды қолдану жəне фонетикалық дыбыстау заңдылықтарының орындалуы шарт.

Ойын тек баланың қызығушылығын ғана қамтып қоймайды, сонымен қатар баланың көп мəліметтермен, ақпараттармен танысуына да мүмкіндік туғызады.Ойын ойнау кезінде даму, тəрбиелену, үйрену қабілеттері мен дағдылары дамиды. Енді біз даму, білім беру, дағдылар, қабілет деген сөздерге қандай түсініктеме берілгенімен танысып көрелік. Білім – адамда объективтік ақиқаттың фактілер, түсініктер жəне ғылым заңдары нысанында бейнеленуі болса, білім беру – бұл оқушылар алып, меңгеретін білімдердің, қабілеттердің жəне дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы. Білім беру – тəрбиенің жəне оқып-үйретудің нəтижесі. Даму – бұл процесс жəне адам организміндегі сангдық, сапалық өзгерістердің нəтижесі. Қабілет – игерілген білімдердің, өмірлік тəжірибенің жəне бойға сіңісті болған дағдылардың негізінде практикалық жəне теориялық іс-қимылдарды саналы əрі дербес түрде орындауға даярлық деп көрсетсе; Дағдылар –қажетті іс-əрекеттерді орындау кезінде көрініс табатын, сан рет толассыз жаттығулар жасау жолымен мейлінше жетілдірілген практикалық іс-əрекеттің құрамдас бөліктері

Аталып өткен қабілет, дағдылардың кезкелген баланың, оқушының бойында сіңуіне ойынның атқаратын қызметі зор.

Ойын – баланың əуелі эмоциональды, сонан соң интеллектуальды жүйесін қалыптастыратын іс-əрекет. Сабақ барысында ойынның ұйымдастырылуы, оның жүзеге асуы оқушы мен оқытушының тарапынан іске асырылады. Себебі, ойынның шарты, ұйымдастырылуы, орны, сабақтағы материалға қатыстылығы, өткізілу формасы уақыты оқытушыға байланысты. Ал оқушы осылардың барлығын жүзеге асырушы ретінде танылады. Егер оқушы берілген материалды дұрыс түсінсе, ойынның шартымен дұрыс таныстырылса, онда сабақ өз мақсатына жетті деген сөз. Ол үшін оқытушы тартымды, бəріне түсінікті əрі қарапайым формаларды таңдап,жеңілден – ауырға,жекеден – жалпыға концепциясын ұстануы тиіс.

Ойынды сабақ барысында пайдалану кезінде оқушылардың өткен материалдарымен қатар жас ерекшелігін, жыныстық ерекшелігін ескеру қажет. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін ойын – қызықтыратын іс-əрекеттер ретінде танылса, жоғары мектеп оқушыларының арасында ол тек қызықтыратын іс-əрекет емес, өз пікірін білдіретін пікірсайыс сабақ ретінде танылуы мүмкін. Сонымен қатар, жас ерекшеліктеріне байланысты оқу процесінде ойыннның түрлерін де бірнеше топтарға жіктеуге болады. Мысалы, бастауыш мектеп жасындағы немесе балабақшадағы балаларға жас ерекшелігін ескере отырып тіл үйрену сабақтарында мынадай ойынның түрлерін жүргізуге болады:

«Ұшты,ұшты», «Хан, уəзір», «Кім тапқыр?», «Жəрмеңке» жəне т.б. Мұндай ойындар тапқырлықты, жылдамдықты, тез ойлауды, есте сақтауды мақсат тұтып, көздесе, жоғары мектептің оқу процесінде қолдануға тиімді ойындардың

«Рөлдік», «Іскерлік ойындар», «имитациялық ойындар» сияқты түрлерін қарастыруға болады.

П.ғ.к. А.Əлімов өзінің «Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» атты оқу құралында былай деп берген: «Рөлдік ойындар – тиімді интербелсенді əдістердің бірі. Рөлдік ойындарда студент өзінің теориялық білімдерін өмірде кездесетін ситуациялар мен жағдаяттарда қолданады. Рөлдік ойындарды жүргізу алдында оқытушының əдістемелік тұрғыдан жан-жақты дайындалуы шарт, ол əсіресе келесі мəселелерді алдын-ала мұқият талдап алуы керек:

  • Ойынды өткізудің əдістемесі (ойын шарттары мен ережелері, мақсаттары, кезеңдері, қатысушылар, т.б.)
  • Ойынның мүмкін нəтижелерін болжау;
  • Ойынның нəтижелерін қорытындылау.

Рөлдік ойындардың екі түрін ажыратуға болады:

  • Əрбір студент рөл ойнайды.
  • Студенттердің шағын топтары рөл ойнайды.

Рөлдік ойындар үйренушілерде келесідей біліктерді қалыптастыруға септігін тигізеді:

  • Қарым-қатынастық дағдылар;
  • Шағын топтарды жұмыс жасау дағдылары;
  • Толеранттылық;
  • өзіндік тұрғыдан ойлау, пікір жəне көзқарас қалыптастыру;
  • үйренгенді практикалық тұрғыдан қолдану;
  • өздерінің үйрену деңгейін анықтап, оны əрі қарай дамыту.

Сондай-ақ, рөлдік ойындарды басшылыққа алу барысында бірнеше ұйымдастыру кезеңдерін атап өту керек. Олар:

  1. Жүргізуші тақырыпты хабарлайды, ойынның мақсаты мен рөлге еніп ойнауы үшін барлық жағдайларды жасайды;
  2. ойынға қатысушыларды ойынның тəртібімен таныстырады;
  3. жүргізуші ойынның қорытындысын белгілеп отырады;
  4. Ойынға қатысушылардың тақырыпты талқылауына көңіл бөлінеді.

Рөлдік ойындарда ойынға қатысушылар басқа адам ретінде өздерін сезінеді,ойлайды жəне солардың іс-əрекеттерін қайталайды.

Іскерлік ойындар іскерлік ойындар жəне өндірістік ойындар болып екіге жіктеледі.

Іскерлік ойындарда студенттер қандай да бір сценарий ауқымында рөлдерді өзара бөлісіп, зерттеу жұмыстарын жүргізу жəне деректерді талдау арқылы нақты практикалық мəселелерді бірлесе отырып шешеді. Ал, өндірістік ойындарда ойынға қатысушылардың сан қилы мүдделерін тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабылдауды қажет етеді. Өндірістік ойындар əлеуметтік немесе экономикалық сипаттағы нақты бір жағдайды шешуде үйренушілердің өзара əрекеттесуін қалыптастырады. Өндірістік ойындар əдетте студенттік топтың өзара келісімге келіп, бірлескен ізденіс əрекеттері түрінде өтеді.

Имитациялық ойын дегеніміз адамдардың қалыптан тыс жағдайлардағы əрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін құру. Имитациялық ойындарда студенттер өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап, шаруашылық, басқару, əлеуметтік, психологиялық шешімдерді қабылдауды үйренеді. Бұл ойындар қарым-қатынастың əртүрлі тəсілдері арқылы жүзеге асырылады:пікірталас, келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе əрекеттесу.

Сонымен қорыта келгенде ойын – оқу процесінің бір бөлігі болып табылатын,ұтымды əрі тиімді əдіс болып табылады. Оқыту үрдісінде оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алатын шықтанады. Сабақты бірыңғай əдіспен жүргізу балаларды жалықтырып, пəнге деген қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен де бірсарынды баланы жалықтыратын əдістерден бас тартып, керісінше баланың ойлау қабілетін, іскерлігін дамытатындай бағытта ұйымдастырсақ нұр үстіне нұр болар еді.

ойынды оқытушылар мен студенттердің, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі балалар мен тəрбиешілердің бірлескен оқу əрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Балалар ойыны да, үлкендер ойыны да мəнді тұлғаның мəнді əрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің жəне басқалардың қызығушылықтарынан, ынтасынан туындаған ойынының нəтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы да жаман да істерінде ұтымды қолдануға ма-

 

 

  1. Ш.А.Амонашвили «Мектепке алты жастан». Педагогикалық ізденіс, А.: Рауан. 1990. -574 бет. Құрастырушы: И.Н.Баженова
  2. Əлімов Асхат .Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.Оқу құралы.-Алматы,2009.-328 бет.
  3. Ахметова Педагогика
  4. Ə.Меңжанова Мектепке дейінгі педагогика. А.: Рауан, 92.-207 бет
  5. Культура русской речи: Энциклопедический словарь-справочник / Под ред. Л.Ю.Иванова и др.-М.: Флинта: Наука, 2003.-840с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.