Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Айтыс – халықтық қазына

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жазып айтысу қанат жаяды. Бұл айтыс екі ақынның бір-біріне жазған хаты түрінде болып келеді.

«Бірнеше ақынның қатысуымен топтасып сайысқа түсетін айтыс түрі бар. Айтыстың бұл түрі белгілі бір жағдайларға байланысты көбіне хат түрінде жүзеге асады, яғни хат арқылы жазысып айтысады. Мұны шартты түрде жазба айтыс деп атаса да болады. Жазба айтысқа он кейде жиырмаға жуық ақындар қатысып, айтыса береді. Екі ақынның хатпен жазысып айтысуын Қазақстанның əр жерінен кездестірсек, ақындардың топтасып айтысу дəстүрін, əсіресе Сыр бойынан, Орталық Қазақстанның кейбір облыстарынан жəне Синьцзянь жерін мекендеген қазақ ақындарынан кездестіреміз.» (1,4 б). Ақан да осы дəстүрден сырт қалмаған.

Ол бірнеше ақындармен (Смағұл, Нұрғожа, Қожамбет) жазба түрде айтысады. Алдымен Смағұл ақын жазып жібереді. Смағұлдың жазғаны шартты түрде шағын үш бөлімге бөлуге болады.

Дүние пайда бермес еш бір жанға, Болсаң да би мен төре, патша, хан да. Тіршілік адамзатқа азғана күн,

Ұқсайды дүние шіркін жанған шамға. (2,225 б.),деп дүие-жалғанның өтпелілігін еске алады. Дүниенің тұтқасын ешкім де мəңгі ұстап тұрмақ емес. Дүние-тіршілік жанған шамға ұқсас, бір сəтте өшуі əбден мүмкін екенін айтады. Тағы да ойын жалғап былай дейді:

Басыңа пайда бермес бұл өнерің, Жақсылық қосылмайды ешбір санға. Ысырап, құмға құйған су секілді, Айтқан сөз қабыл болмас кей наданға.

Сөз жоқ, «басыңа пайда бермес бұл өнерің» дегенде Ақанның əнші, компазитор, ақындығын меңзеп отырғаны кəміл. Соңғы екі тармағына салмақ түсіреді. «Айтқан сөз қабыл болмас кей наданға» деуінде үлкен мəн жатқандай. Қысқасы, Ақанның намысына тие сөйлегенін байқауға болады.

Мұнан кейінгі кезекте Ақанның ата-тегін есіне алып, оның байлығынан хабардар екенін айтады. Ол өткен күн, ал бүгінше?

Атаңыз қыдыр қонған бай кісі екен, Күнінде ойға алғанын еткен тамам. Ол кісі күте алатын қайран күнін

Бұл күнде ол кеткен соң қандай бағаң?

Дін іздеп, еткен сенің кəсібің көрінбейді Напақамыз демей ме қатынбалаң?

Данышпан, ақыл-парасат, сондай жансың Қайтейін қылып жүрген ісің надан.

Қатты сын айтады. Не дін жолында емессің, не белгілі бір кəсібің де жоқ. Қатын-балаңды қалай бағасың?-деп тіке «шабуылға» көшеді. Мал-дүние жимайтын Ақанның кедейлігін бетіне басқандай болады. «Данышпан, ақыл-парасат көп, қайтейін қылып жүрген ісің надан» дейді. Ақан ешкімнен де «жылу» сұрамасы анық, соған қарамастан байлығың жоқ болса, бағаң да жоқ деген ойын алға тартады. Ақандай өнер иесінің ештемеден тарыға қоймайтынын аңғара алмағанын көреміз. Өмірдің мəнін байлықпен ғана өлшейді.

Хат түрінде орындалған жазба айтыстың үшінші «бөлімінде» Ақанның білімді, сөзге шешен адам екенін мойындайды. Шындықты айтқаным үшін

«жек көріп, айыпқа алма, ініңді, Ақан» дей отырып, кем-кетікті айтуға ұмтылады.

Ісіне дүние-ахрет ұқсатпаймын Жалғанда жүріп көрген күніңді, Ақан. Қыз мақтап, қымыз құйып, ысырап қып Жұмсайсың керексізге білімді, Ақан.

Бұл жолдардан да Ақанның серілік жүрістұрысын мін ретінде көрсету басым. Бойыңдағы біліміңді керексіз іске жұмсайсың деп жазғырады.

«Ақын бойындағы мін-кемістік те қашаннан қарсыластар үшін сөзден тосудың қажетті бір амал-тəсілі саналып келген (3,15 б.). Осы ретте Смағұл да ақынның жеке басындағы ұсақ-түйек кемшіліктерді қазбалайды.

Смағұлдың Ақанға тағар бір кінəсі ол дүниге (бақиға) барғанда, періштелер жауап алса, деміңді шығаруға шамаң келмей қалады дегенді көлденең тарта береді. Өйткені Ақан діндар, тақуа адам болмаған. Сондықтан Смағұлға ұнауы мүмкін емес.

«Тіршілікте бір жаныңның қамын ойла» деп ақыл айтпақ болады.

Мұнан кейінгі сөзді өзін мақтаудан бастайды.

Тым асқақтап, күшейе түседі.

Сұрасаң менің жөнім бай Қодыға, Бақ берген төрт түлікке сай Қодыға. Ойлаған мақсатына қолы жеткен, Ішінде тамам жұлдыз ай Қодыға.

Жесірін аға сұлтан тартып алған,

Бұл істі қыла алмайды жай Қодыға .

Өз руының байлығын көптігін айтып көпіру бұрынғы айтыстардың көбінде ұшырасады. Осы дағдылы ерекшеліктен Смағұл да ұзап кете алма ған. Байлық-барлықты Ақанға қарсы қалқан ете сөйлейді. Бір болыстың молдасы екенін де атап өтеді.

...Смағұл менің атым алсаң нұсқа, Сайлаған жұрт ұнатып жиырма екіде Молда мен указной бір болысқа.

Ойласақ-бұл дүниені қуғанменен Жан сая болмайды екен іш тынысқа, - деген жолдарынан Смағұлдың бір болыс елдің молдасы екенін ұғамыз. Смағұл өнерді дұрыс бағалай алмайды. «Бермейді жанға пайда ақындығың» деуі осыны аңдатады. Сал, сері, əншікүйшіні, діндарлар (молда, ишан) ұнатпаған. Сондықтан Смағұл да Ақанды шариғатты білмейсің, күпірлік жасадың деп сөгеді.

Смағұлдың хат-айтысын оқыған Ақан да қарап қалмайды. Оның əр сөзіне зер сала отырып жауап қайтарады.

Жақсының болдым жолдас данасына, Үш жүздің сөз жібердім арасына.

Ақылсыз ақымақтың бір мінезі-

Өзінің қарамайды шамасына (4,227 б.),-

деп, өзінің хат-айтысын 1902 жылы Қызыл көл болсын молдасы Смағұлға жолдағанын айтады. Оның «əлін білмей əлек болғанын» дөп басады. Алты алашқа аты мəлім Ақанға Смағұлдың айтқандары ұнай қоймаған. Сондықтан «ақылсыз ақымақтың бір мінезі» өзінің шама-шарқын білмей сөйлеуін орынсыз деп біледі. Оның атамыз «бай да болған, ай да болған» деген сөзіне Қарынбайды мысалға келтіреді.

Дүниеде Қарындағы бай боп өткен, Жеріне ойына алған қолы жеткен. Малынан қайыр-ихсан бермеген соң,

Жер жұтып, ғазап тартып, мехнат шеккен. Тағы да сауал тастап:

Ехтам шариғаттан түк білмейсің, Үйретсін ғылым жайын саған Ақан. Менмендік, тəкаппарлық дұрыс па екен, Түсірер ақылыңа ағаң Ақан. (4,228 б.), - деп бір тоқтайды.

Енді бір сəт көкірегін көтерген Смағұлға бар ашу-ызасын төге, білгішсінген бейбақтың қылын шенеп-мінеп былай дейді:

Басшысы ғазазылдың түу, Смағұл, Су жұқпас құттан шыққан қу, смағұл. Зиянсыз мұсылманды шағып алдың, Заһарлы жыландай-ақ у, Смағұл...

Айбат айтқан ауызда тазалық жоқ, Болды ғой аузың харам – жу, Смағұл! Шұлғанып дастарханды аяғыңа, Қадірсіз болды ахмақ бұл, Смағұл, -

деп Смағұлдың əптігін баса сөйлейді. Халқына қадірлі, сөзге шешен, ақылға бай Ақан Смағұлдан ығысқаны былай тұрсын қайта оның өзіне шүйіле түседі. Өлеңді бастырмалата төпеп, оның абыройын жұрдай етеді.

Ақанның хат түріндегі жазба айтысының бірі Қожамбет екеуінің арасында өтеді. Ақанның сөзі «ел дауына» деген тақырыппен берілген. Соған қарағанда ертеректе екі рудың арасында мал дауы болған деп жорамалдауға болады. Ақан :

Біздің ел жылқы алуға ерінбеген, Атығай жазаң алда берілмеген. Жылқыны қара қойлап айдағанда, Мырза-биің қалды ма керілмеген... Сабаңды керегеге ілдірген де Қиқымың іркіт ішіп күрілдеген.

Қарауылдың қимылын көргеннен соң Құдайберді, Бейімбет дірілдеген. (4,212б.),-

деп «ерте кезде ақындар айтысында өз елдерін мақтау, байлығын, мықтылығын айту дəстүрі бойынша» (5,439б.) Ақан да өз елінің батыл-батырлығын мақтан ете сөйлейді. Өз қарсыласын сөзден тоқтату үшін ақындар мұндай тəсілді жиі қолданған. Елін не өзін көтере, асқақтата айту айтыс өнерінің бір шарты десе де болады.

Ақын өз елінің «ту байлап, тұлпар мініп дүрілдеген» ер-азаматтарын мақтаныш етеді. Қарсыласының кейбір адамдарын (Əлібек пен Жаулыбай) қорқақтығын айтып төмендете түседі. «Жалғыз-ақ Серəлінің себебімен, кісілерің жазаға берілмеген» деуіне қарағанда кінəлі Қожамбет жағы болуы мүмкін. Ақанның жоғардағы сөзіне Қожамбет не айтқан екен; оқиық:

Ақандай өлең жазған ақындарың, Ежелден қызға құтсыз тақымдарың. Жылқы алды деп айтасың барымталап, Ақан-ау, қайда кетті ақылдарың.

Сендердей барымта біз алғамыз жоқ, Тал түсте қолдан шыққан қатындарың. Түбіңе Ақтоқты қыз жетіп кеткен,

Оны да бетке басар жақындарың. (4,213 б.),-

деуі – Ақанға айтқан қарымта жауабы. Баяғы Ақанның үйленбей жүруін бір мін ретінде көрсетіп,

«түбіңе Ақтоқты қыз жетіп кеткен» десе, екіншіден, барымта алған емеспіз деп ақтала не жалтара жауап қайтарады. Ойын тағы сабақтап:

Бір күнде болып едің Ақан сері, Жолдасың осы күнде жын мен пері. Алты ай жаз бір қорада жалғыз жатып, Қисық ағаш болыпты мекендерің, дейді.

Бір күндері Ақан сері атандың, бұл күндері жынпері, шайтандарды жолдасқа айналдырдың, əйтпесе алты ай жаз қорада жалғыз жатар ма едің деп жазғырады. Мұнымен де қоймай сырттан ғайбат айтасың, шариғатқа қарсы əрекет емес пе? деп мысқылдайды.

Ақан, сен өлең жазып арандадың, Тоқаны не себепті жамандадың. Омбыға он мың теңге шығарсаң да Таңбалы байтал көзін ала алмадың. Законнен артық пайда болмаған соң Мына жерде жылқы алып амалдадың. Сен былай тие берме жалпы жанға Бүйте берсе сүйекке болар таңба, деп тоқтайды.

Қожамбеттің сөзіне қарағанда екі рудың (Атығай, Қарауыл) арасында жылқы дауы болғаны анық. Омбыға он мың теңге шығарсаң да, таңбалы байталдың көзін қайтарып ала алмаған соң, «мына жақтан жылқы алып амалдадың» деп Ақанның намысына тие сөйлейді. Сондай-ақ оның кейбір адамдарға өлең арнауын бұзылғандыққа санайды. Ақанның жауап сөзі:

Ақандай мініңді айтты ақындарың, Жетпеді жығылуға ақылдарың.

Қарам іске я құдай деп, аттанам деп Мұқанынан дүре жеген жақындарың. Өзім сақтап беріп ем сүйегімді, Ұстай алмай жүн қылдың жібегімді. Арғы мінді қопарып неге керек

Жібермеспін мен саған өз кегімді. (4,214 б.)

Кемшіліктеріңді мойындауға ақылдарың жетпеді. Харам іске қадам басып, жақындарың дүре жеді, «қарындасым ес көріп барып еді, ұстай алмай жүн қылдың жібегімді» тəрізді əрекеттерді Ақан да кемістік-мін ретінде көрсетеді. Елдің өткен-кеткененінен хабары бар екенін аңғартады. «Жібермеймін мен саған өз кегімді» деп ойын түйіндейді. Мұндай нақты сынға қандай уəж айтуға болады? Қожамбет өзін көтере, текті жерден шыққанын мақтан ете жауап айтады:

Ақан, сен мен айтайын келдің қайдан, Бір күнде шығып едік екі дайдан.

Құлагеріне қастандық жасалады. Осындай ауыр қайғыны көтере алмаған Ақан жалғыздыққа бой алдырады. Біресе жанын дін арқылы тазартпақ болса, кейде керісінше ораза, намазын қойып кетеді. Ақанның осы мінезі көп адамға жұмбақ болып көрінеді. «Оны мұсылман перісі иеленген көрінедімыс» деген өсек тарайды. «Ақан мен пері күндіз айрылып, түнде қосылатын болады. Жоқ, пері Ақанға Ерейменде иеленген емес екен. Періге иелену Ақанның тұқымында бар екен. Олардың қонысыҚоскөлдің өзі ежелден перінің мекені екен. Марқұм Қорамсаның өзі перімен айналысқан адам екен.» (329 б.),-деген тəрізді өсек сөздерді кейбір Ақанды көре алмайтын адамдар əдейі таратады. Қожамбеттің Ақанға тағып отырған айыбының бірі-осы. Мұны ескі қазақ ауылындағы қараңғылықтың бір көрінісі деуге болады. Қожамбеттің серіге айтар басқа кінəсі болмаған соң, тілге тиек еткен дақпырт сөзі ғана деп ұққан жөн. Хат түрінде өткен осы айтыстың бір ерекшелдігі қоғамдық-əлеуметтік мəселеге де назар аударылады. Ертеректегі екі рудың арасында болған келеңсіздік (барымта) сыналады. Осы тұрғыдан келгенде бұл жазба айтыстың да өзіндік мəні бар екенін айтқан орынды. Ақан-19 ғасырдың екінші жəне 20ғасырдың бас кезіндегі айтыс өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын. Ол бетке-бет отырып суырып салып та айтысқан жəне хат арқылы жазып та айтысқан. Бұлақынның бір қыры.

Анам арғын Ақжолдың бел баласы

Қалайша мін шығады Атығайдан. Көп қазбай осы жерден тоқтатайын, Ел бұзылып кетеді осындайдан.

Ақан, сен сау күнің де болдың көсем, Көңілің қапа болар жаман десем.

Бұл пері ерте кірген қамалыңа Əкеңді де жіберген жоқ аман-есен,-дейді ол. Айтыстың соңы Ақанның жеке басындағы «кемшілікті» сынаумен бітеді. Ақанның жақсы көретін жары (Ұрқия) мен інісі қайтыс болады.

 

  1. Ш.Ахметов, Б.Ысқақов, М.Байділдаев. Оқушылар есіне. Айтыс. – Алматы, Жазушы. 1965ж.
  2. А.Қорамсаұлының шығармалары – Жазушы 1965ж.
  3. М.Жармұхамедов Алғы сөз. Айтыс. Алматы 1988ж.
  4. М.Əуезов шығармалар: он екі томдық – Алматы, Жазушы, 1969ж.
  5. М.Жұмабаев шығармалар – Алматы, Білім, 1996ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.