Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі поэзиядағы жаңа ырғақтық сабақтастықтар

Қазіргі поэзияда құрылымдық ізденістер аса талантты, шебер ақындарда ғана көрінбейді, барлық ақындардың поэзиясына тəн. Қазақ ақынының барлығы дерлік өз шығармаларын ерікті өлеңнің құрылымдық жүйесіне құруды мақсат етеді. Өлең сөздің білгірі, академик З.Ахметов қазақ өлеңіндегі ерікті өлеңдерді талдай келіп, оның қазақ поэзиясының болашағындағы орны мен ролі туралы мына пікірді келтіреді: «Ерікті өлеңнің қазақ поэзиясында əзірге бар нұсқаларының бəрін бірдей толық жетілген, кемеліне келген деп айта алмаймыз. Жəне бұл өлең түрі қолданылған поэзиялық шығармалар əлі де жиі кездесе бермейді, олар қалыптасқан өлшем өрнектермен жазылып жүрген өлең жырларға қарағанда əлдеқайда аз. Бірақ мəселе оның аздығында емес. Мұндай өлең нұсқаларын əйтеуір көбейте беруге шақыру орынды болады дей алмаймыз. Бұл өрнекті жерін тауып, орнымен шебер пайдаланса ғана қазақ өлеңінің ырғақ əуезділік байлығын, интонациялық икемділігін арттыра түсуге шын себі тиетін болады. Ерікті өлең түрін əлі де өрістетіп, жетілдіру, оны өлең жырларда жиірек, батылырақ қолдану аса маңызды міндеттердің бірі.» [1;129 ]

Айнымалы ырғақтық-интонациялық жүйеге құрылған ерікті өлеңдер қазіргі қазақ поэзиясының негізгі үрдісіне айналған. Поэзия өлкесіне ат басын бұрғандардың барлығы осы өлең түрімен өлең кестелеуді мақсат қойған. Бірақ бұл өлең түрін еркін меңгеріп, ой өзегін осы күрделі ырғақтық жүйеге құра білегендері бүгінгі поэзияда көп емес. Қазіргі ерікті өлеңдердің ырғақтық негізін дəстүрлі өлшемдердің əрқилы өрнектерінің сабақтастығы құрап отыр. Ұзынды қысқалы өлшемдердің жүйелі сабақтастығына құрылған өлеңдер қазіргі ақындардың көпшілігінің шығармашылығына тəн. Қазіргі ақындардың өлеңдерінде ұзын əрі кысқа немесе көпбуынды жəне аз буынды өлшемдерді сабақтастырып, өлең ырғақтық-интонациялық жүйесін құнарландыру үрдісі бар. Осындай күрделі сабақтастықтар Е.Раушанов, М.Райымбекұлы, Б.Беделханұлы шығармаларының құрылымдық жүйесіне тəн.

Дəл осылай болатынын сезгем мен Ғұмырым.

Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген, Тiрiмiн. [2,183]

1-2 тармақтар бір ойды құрайды, яғни екінші тармақ біріншінің ішіне еніп тұр. Дəл осылаай болатынын сезгем мен ғұмырым деген тармақтардың мағыналық бірлігі анық, ал 3-4 тармақтарда мағыналық бірлік емес, сабақтастық бар. Тірімін деген сөз сезімге толы, эмоцияға бай, мағынасы терең. Кейіпкердің жандүниесі бір ғана сөзбен шынайы, дəл берілген. Бұл ақынның сөзді қажет жерде қолданып, өлеңнің құрылымдық табиғатын ұтымды пайдалануының жеңісі. Тасымал мен үзілістерді, тыныс белгілерін өлең жасаудың бір құралы ретінде тиімді пайдалану бүгінгі лириканың үлкен жетістігі. Аталмыш құралдар сезімді тереңдетіп, оны шынайландырып, өлең сымбатын арттырады. Ақынның келесі шумағында бұл сабақтастық дəл қайталанбай, үшінші тармақтағы буын саны көбейіп, жеті буынға жетеді. Ол өлеңнің мазмұндық өрісінің динамикасына сай эмоционалдық мазмұнның өзгеруіне сай жасалған. 1-2 тармақтардың мазмұнында сезім сипаты баяндалғандықтан эмоциясы саябырсып, бірқалыпты интонация екі тармақтағы буын сандарын аз да болса жақындастыру арқылы жасалса, келесі ырғақтық, семантикалық бірлікте лирикалық кейіпкер эмоциясы қайта шамырқанып, интонация алдыңғы шумақтардағы қалпына, қайта келеді. Кейіпкердің сөзінің қаталданып, интонциясының ширығуы мазмұн терңінен тартылып, шынайылығымен сүйсінтеді.

Іздеймін жалғыздықтан торықсам, Ұмтыламын өрге кіл.

Басымды изеп өте шығам жолықсаң, Көр де тұр.

Өлеңге арқау болған ынтызар жанның сезіміне қолдау таппаған жан дүниесінің күйзелісі əр ақыннан-ақ табылатын тақырып. Тақырып ортақ болғанмен, оның берілу амалы, оқырманға жету жолдары алуан түрлі. Ондай өлеңдердің көбі есте қалмауы да мүмкін. Есенғалидың өлеңінің ерешелігі оның интонациылық құнарында, эмоционалдық өрісінде, мелодикалық ағысында. Лирикалық кейіпкердің үнін ішкі жүрек соғысына сай шынайы жетуі ақын өлеңінің ырғақтық-интонациялық жүйесінің сол мазмұнға жақындығы, үйлестігі, мазмұнда толық аша біліп, маңызды көркемдегіш-бейнелегіш құралға айналдыра алуында.

Тарыққандық-ау –

Таптырмасыңды білсем де табынатыным. Зарыққаным-ау –

Жақтырмасыңды білсем де сағынатыным. [2,225]

Бұл шумақтағы ырғақтық сабақтастықтар бес жəне он үш буынды өлшемдерге негізделеді. Бұл тармақтар сабақтастығы алдыңғы өлеңдегі сабақтастыққа керісінше құрылады. Бес тармақты тармақтар алдыңғы, он үш буынды өлшемдер соңғы позицияны алады. 1-2 тармақтар бір ырғақтық-синтаксистік, семантикалық құрылымдар. Бұл құрылымдар морфологиялық тұлғалануы, синтаксистік құрылысы, ырғақтық-инотнациялық жүйесінің барлық деңгейінде симметриялық қатарлар түзеді. Ақын өлеңіндегі ұзынды-қысқалы тармақтардың сабақтастығынан үзіліс пайда болып, ол өлеңдегі сезім бастауын арттырып, өлеңге ерекше лиризм дарытады.

Ақын Бақыт Беделхен ұзынды-қысқалы өлеңдер сабақтастығын күрделендіре түседі, ұзын, көпбуынды өлшем өрнегі 6+3+5 болса, қысқа тармақ дəстүрлі сегіз буынды өлшемнің 3+2+3 өрнегі.

Қасиетті мынау қазақтың далаларында Қараша үйлер көшетін...

Жатырдан көшкен жалғанның жағалауында Бала сəбилер өсетін...[3,9]

5-13 буынды ырғақтық бiрлiктердiң шегi нақты, əрi айқын. 5 буынды тармақтар, 13 буынды тармақтар өзара толымды дыбыстық үндестiкте. Ақын ешбiр өлеңiн бiр ғана ырғақтық-интонациялық құрылыммен кестелемейдi. Екiншi шумақ ырғағынын 13-8-13-5 сипатта түзiлуi алғашқы шумақтың мазмұндық ерекшелiгiне сай құрылғандығын, шумақтағы ойдың дамуына сай ырғақты да өрiстетiп отыратындығын көрсетедi.

Тарих, сенi оқымаймын мен ендi. Жерiдiм.

Уай, не бердi, қу жаныма не бердi. Өлi күн.

Мен емеспiн Римдi өртеп баяғы, Өрге шапқан өктем кеп.

Рим түгiлi аяғы,

Айтқан сөзiм Алматыға өткен жоқ. [2,279]

11-3-11-3, 11-7-11-7, 11-7-7-11 бұл сабақтастықтар еркiн, толқынды үйлесiмдi мəнер туғызады.

4 жане 3 буынға негiзделген ырғақтар өзара еркiн араласатын жеке бiрлiктер екендiгiн жан-жақты дəлелдейдi. 11, 7 буынды өлшемдер өзгертуге болмайтын дербес құрылымдар емес. Ақын өлеңiндегi бұл құрылымдардың еркiн араласуы 11, 7 буынды өлшемдердiң 3, 4 бунаққа негiзделген құрылымдар екендiгiн айғақтайды. Аралас буынды ырғаққа негiзделген шумақтағы тармақтар өзара абаб шалыс ұйқас ретімен үндеседі. Тармақтағы буын сандарында үлкен айырмасы бар өлеңдер шалыс ұйқас ретімен үндесуі ырғақтық-интонациялық жүйенің күрделілігінен туындайтын қажеттілік.

Қазіргі қазақ өлеңінде Қасымның он буынды өлең өлшемі дəстүр дəрежесіне көтеріліп, қазақ поэзиясында жаппай үрдіс алып, құрылымдық жүйе ретінде кең қолданысқа енді. Қазіргі поэзияның көрнекті өкілдері Ұ.Есдəулет, Б.Қошым-Ноғай, Е.Раушанов, Г.Салықбай өлеңдерінде Қасымның он буынды өлшем мен жеті-сегіз буынды өлшемдер сабақтастығына құрылған ырғақтық-интогнациялық жүйесі үлкен орын алған. Г.Салықбай өлеңдеріндегі төменгі шумақтар соның айғағы.

Жылады жаздың жапыраќтары, Құлады бiрi шашыма.

Адамның көп қой ақымақтары, Мен емес, соңы, басы да…[4,49]

Бұл шумақтарда 10 жəне 8 буынды ырғақтық бiрлiктердiң келiстi, еркiн, толќынды үйлесiмiн көруге болады. Е.Раушановтың алғашқы кезең iзденiсiн “Ақ жаңбыр” жəне “Мен осынау жүрегiммен”, “Солмашы, жауқазыным”, “Дария жаќтан көтерiлгенде” өлеңдерiмен бастайды. Бұл өлеңдерде 10-8 буынды ырғақтар өзара шалыс ұйқаспен, жүйелi алмасып толқынды əуенмен тербеледi. Осындай сўлу ырғақтық келiсiм Қасым Амонжолов өлеңдерінде алғаш кездесіп, Е.Раушанов, Г.Салықбай. Б.ҚошымНоғай сияқты қазіргі қазақ ақындарының шығармашылығының құрылымдық жүйесінің негізгі өрнектерінің біріне айналған.

Он жəне сегіз, он жəне жеті буынды өлшемдер сабақтастығы Ұлықбек Есдəулет шығармашылығынан да ырғақтық-интонациялық жүйе ретінде аракідік көрініп қалады. «Грамматика» өлеңінде он бір буынды өлшем мен 7-8 буынды өлшемдер сабақтастығына құрылған шумақтар ұшырасады. Байбота Қошым Ноғай өлеңдерінің де көпшілігі осы сабақтастық арқылы өріліп, келісті, толқынды мəнер тудырады.

Ақын Байбота сабақтастықтағы өлшемдерді түрлендіріп, он бір жəне тоғыз буынды өлшемдердің арасын жалғап, тұтас ырғақтық-интонациялық жүйе жасайды.

Кейде қырға// іңірде //жалғыз бардым, Сыңсытып// сыбызғы //даусын.

Бозбала боп,// көзінен// бал қыздардың Бір кезде шық //үздім-ау шын.5 ,230]

Алғашқы шумақта он бір буынды өлшемнің 4+4+3 өрнегі мен 3+3+3 тоғыз буынды өлшем өрнегінің сабақтастығына құрылған. Шумақтағы 1-2, 3-4 тармақтар бір ырғақтық-интонациялық бірлік қана емес, күрделі синтаксистік, семантикалық құрылым да. Бұл ырғақ сабақтастығынан туындайтын мəнер салмақты, толқынды болғанмен, 10-7 буынды өлшемдер сабақтастығынан туындайтын мəнердей келісті емес.

Ақын Б.Беделханда дербес ырғақтық-синтаксистік жəне семантикалық біртұтас құрылымдарды тасымалдауы арқылы өзгеше ырғақтық интонациялық жүйе жасаудың тың үлгілері көп. Бақыттың түрленуші өлшем ретінде көп пайдаланатын өлшемі

он үш буынды. Арманнан//-3

Адасып қалып,// ақ сайтанменен// алданған,-13

Басымыздағы //бақты үзіп алған// жандармыз-13 Жақсылық// іздеп// жалғаннан. -5 [3,41]

Ақын он үш буынды өлшемдерді түрлендіру арқылы өлең интонациясын құнарландырады. Шумақтарда өзара ұйқасушы дыбыстық үндестіктердің барлығы үш буынды болғандықтан өлең интонациясы шымыр, толқынды жəне келісті. «Түсімде» өлеңінде он үш буынды өлшемдердің 3-10-13-8 ырғақ жүйесін жасайды.

Түсімде

Күллі күрсіністердің ішінде,

Құсни-хат жазып құлазып отыр екенмін. Құсаға күпті пішінде. [3,7]

«Түсімде» өлеңінде ақын ойының барлығын түсінде көргендей етіп құрып, болашақты барлап бағады. Тас құдайларға табынып, мүсінге айналған адамдар, ішіндегісін айта алмай тілін тістеген өзегі өртенген қалпын, бір уыс топырақ таба алмай, ауасы да, суы да, өлуге у да жоқ бетон қалаларды көрсету арқыл адамзаттың алдағы күндеріне сəуегейлік айтқандай.Мұнда біртұтас ырғақтық-синтаксистің құрылымды 3-10 буынды тармақтарға тасымалдау құбылысы ішкі ұйқас арқылы жасалады. Үш буынды түсімде деген бунақ соңғы ішінде деген сөзбен ұйқасып, тұтас құрылым екіге жіктеледі.

Он үш буынды өлшем сегіз жəне бес буынды өлшемдерге ажыратылып, екі тармаққа тасымалданып берілуі Ұ.Есдəулет шығармаларынан да үлкен орын алған үрдіс.

Даланы\\ көр де \\ бізді көр-8 Телқоңырдаймыз,-5 Ешқашан\\біздер\\тұмсықты\\желге\\

бұрмаймыз.-13

Ақын Ұ.Есдəулет бір ғана өлшемді тасымалдаудың түрлі позициясын жасай отырып, кез-келген өлеңінің ішкі тақырыптық-мазмұндық жүйесіне орай түрлендіре беруге болатын мол мүмкіндігін көрсетті. Қазіргі қазақ өлеңінде жиі қолданылатын сабақтастықтар қатарына тоғыз буынды өлшем мен алты буынды өлшемнің сабақтастығы енеді. Гүлнəр Салықбайдың «Жан кетті жоғары» өлеңінде осы өлшемдер біртұтас жүйеге еніп, толқынды, келісті салмақты мəнерге негіз болады.

Жан кетті// жоғары Беймəлім// айналып// соғары. Төменде //адастым,

тамыры// қажады //ағаштың. Сонда да //келмейді// жақ ашқым... Өзіме...//өзіме// обалым. [4,21]

Келесі шумақтарда олардың сабақтасуы өзгеше позицияда көрінеді. Сондай-ақ дербес алты буынды, тоғыз буынды құрылымды ақын ішкі мазмұндық жүйенің тербелісіне қарай жіктерге бөліп, оларды тасымалдап, түрлі тармақтарға қондырып, шумақтың интонациясын құнарландыра түседі.

Ақын Ұ.Есдəулет «Ескі қаламен қоштасу» өлеңінің ырғақтықинтонациялық негізін 1-2 тармақта тоғыз буынды, ал 3-4 тармақтарда алты буынды өлшемдер құрайды. Тоғыз буынды өлшем өрнегі 3+3+3 болса, алты буынды өлшем кестесі 3+3. Лирикалық кейіпкердің қоштасу сəтіндегі монтаны

мұңы соңғы алты буынды тармақтарда тереңдей түсуін ырғақтықинтонациялық өрісін өзгерту арқылы көрсетеді.

Бақытты сəттей боп қас-қағым, Алматым, сенде өтті жас шағым. Ұмытпас мені де,

Медеуім, Тастағым.[6,71]

Шумақтардағы тоғыз буынды тармақтардың ырғақтық-интонациялық, мағыналық, экспрессивтіэмоционалдық өрісі алты буынды тармақтарда жаңа арна табады, яғни ақын өлеңнің ішкі мазмұнына сай ырғағын, мəнерін өзгертеді. Келесі шумақта тақ тармақтар 3+3, жұп тармақтар үш буынды өрнектермен беріліп, тармақтардың буын сандары қысқара түседі. Мұнда 1-2, 3-4 тармақтар біртұтас ырғақтықинтонациялық, ырғақтық-синтаксистік құрылымдар. Бұл шумақтың мəнері салмақты, жатық өрбиді.

Ал Гүлнəр Салықбайдың келесі бір өлеңінде тоғыз буынды өлшемнің 4+4+1 өрнегін жасау арқылы өз өлеңінің ойы мен сезіміне үйлес өрнек табады. «Айналамда аңыраған жел» деген өлеңінің негізі тоғыз буынды өлшемнің аса сирек кездесетін өрнегі 4+4+1.

Мені ұшырған//бақыт, əлде //сор Тоқтата алмай //ешбір темір//тор Құлау үшін// кетіп барам-көр... [4,54]

Тоғыз буынды өлшемнің 4+5 өрнегін бес буынды бунақты 4+1 етіп жіктеу арқылы, семантикалық бірліктерді осылай құру арқылы жаңа ырғақ жүйесін жасаған. Мұнды соңғы бір буынды сөздерге ерекше логикалық екпін түсіп, оқшау айтылады. Дауыс ырғағындағы мұндай көтеріңкі леп өлеңнің ішкі сезімтүйсігінен тамыр тартып отыр. Желөлкел, сорторкөр, құншын-түн деген үш шумақтың ұйқас негіздері болатын сөздердің семантикалық, эмоционалдық салмағы күшті. Ырғақты 4+1 етіп құруы, яғни сабақтасушы бунақтардың арасындағы буын сандарының айырмашылығының күшті сезілуі интонацияны шарт үзіп, кілт тоқтатқандай əсер етіп, соңғы бір буынды сөздің оқшаулығы ерекше сезіледі. Ол лирикалық кейіпкердің жүрегіндегі ашу, ыза, реніш сияқты сезімдер арпалысын дəл жеткізуге орайлас құрылған. Айтатын ойды аз сөзбен, қажетті эмоциялық күймен, өзіндік қайталанбас мəнерімен жеткізу бұл Гүлнəр өлеңдерінің мінезі.

 

  1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы.-Алматы, Ғылым, 1973
  2. Раушанов Есенғали. Бозаңға біткен бозжусан. – Алматы: Раритет, 2006384 б.
  3. Беделханов Бақыт. Көкемарал. Өлеңдер.Астана: Елорда, 2001-88б.
  4. Салықбай Гүлнəр. Аспандағы аңсарым. – Алматы: Жалын, 2001-144б.
  5. Қошым-Ноғай Байбота. Тəңір таразысы. Өлеңдер, балладалар, рубаилар, сонеттер.Алматы: Жазушы, 2005 – 408б.
  6.  Есдəулет Ұ. Заман-ай. Өлеңдер.Астана: Елорда, 2000-88б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.