Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бұғы-маралға қатысты өсімдік атауларының семантика-грамматикалық ерекшеліктері

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте зор. Ерте кезден бастап-ақ атабабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, ат қойып, олардың жеміс-жидектерін, дəндерін азыққа, ал жапырағын, сабағын, гүлі мен тамырларын дəрідəрмекке, тері илеуге, бояу дайындауға пайдаланып келген.

Жер беті өсімдіктер дүниесіне өте бай. Дүние жүзінде олардың 500 мыңдай түрі өседі. Адам соның жартысына жуығын пайдаланады. Республика ғалымдарының мəліметтеріне қарағанда қазақ жерінде өсімдіктердің 6 мыңнан астам түрі өседі. Өсімдік атауларын зерттеуші Б.Қалиев үш мыңдай өсімдік атауларын жинастырып, зерттеген. Ғалым олардың ішіндегі 2800-і нағыз халықтық атаулар дейді [1;28].

Өсімдік атаулары тілімізде кең қолданылып, тиісті грамматикалық формалармен түрленіп, əр түрлі сөздермен тіркесе келіп, сан қилы мағыналар туғызады. Олардың ең көбі – екі сөздің бірігуі арқылы жасалған атаулар. Бұл өте кең тараған, аса өнімді тəсіл. Сондықтан да ол тілімізде айрықша орын алады. Екі сөзден тұратын өсімдік атауларының көпшілігі негізінен бір затты екінші затпен ұқсастыру, метафоралық теңеу негізінде жасалынады. Өсімдік атауларының екінші сыңарлары көбінесе оны не нəрсеге теңеп, салыстырып тұрғанын көрсетеді. Мысалы, атқұлақ, балқарағай, итмұрын, қазтамақ, қойбүлдірген, түйетабан жəне т.б. екі сөздің бірігуінен жасалған өсімдік атауларының бірінші сыңары көбінесе төрт түлік мал атаулары болып келеді. Тілімізде бірінші сыңары көбінесе түрлі аң атауларының атымен келетін өсімдік атаулары көп ұшырасады: аюбадам, бөріқарақат, түлкіқұйрық, елікшөп, киікоты, суыроты. Сол сияқты бұғы-маралға байланысты атаулар да кездеседі: маралоты, маралқурай, маралшөп. Мұндай өсімдік атауларының көбінесе екінші сыңарлары бейне ретінде алынады, ал предметі: бұғы, марал т.с.с. сөздер болып келеді. Олардың бірінші сыңарлары екінші компонентті айқындап, анықтап тұрады.

Өсімдік атауларының уəждемелері де əр түрлі. Өсімдік атаулары оны азық қылып жейтін аңдарға, жан-жануарларға байланысты жəне де дəміне, бір нəрсеге ұқсастығына, түсіне, өсетін жеріне байланысты.

Қазақ тілінде бұғы-маралға қатысты төмендегідей өсімдік атаулары кездеседі: маралшөп тамыры, маралоты, маралқурай, маралқұлақ, бұғы мүгі немесе бұғы қынасы, көкемарал не киікоты, марал балдырған, бұғымүйіз, маралжусан.

Бұғы-марал атаулары күрделі өсімдік атауларының, көбінесе, біріккен сөздердің бірінші сыңарында кездеседі. Мысалы, бұғымүйіз, маралоты. Маралоты – сарғалдақ тұқымдас ақсары түсті ұсақ гүлді, тік сабақты көпжылдық шөп тектес өсімдік. Түр-түсіне байланысты сары маралоты, жалған күлте маралоты, бұйра маралоты деп аталады. Ол улы өсімдік. Маралоты шөбінің кейбір дəмі ащы түрлерін мал жемейді. Маралоты, киікоты лексемаларының құрамындағы екінші сыңарлары – от сөзінің мəнмағынасы анық. Азық дегенді білдіреді, демек, маралоты – маралдың азығы болса, киікоты киіктердің қорегі. “Малшылық кəсіпке байланысты қазақтар жер бетінің түгіне, əсіресе, мал азығына қажетті шөптерге ерекше мəн беріп, оларды жан-жақты таныған. Неше алуан шөп тектес өсімдіктерді əртүрлі қасиетіне қарап-ақ от, боз от, жасық от, көк от, қара от деп бірнеше топқа бөліп қарайды. Ақ от – тұщы шөптердің жалпы атауы. Қазан ұрып, күздің ақ жауынына шайылған күзеудің шөбі. Жылқы малының сүйіп жейтіні – бидайық, бетеге, қоңырбас, ебелек, изен сияқты шабындық шөптер – боз от. Қара от жусан, көкпек, баялыш, кекіре, мия, соран, теке сақал, итсигек т.б. ащы шөптердің жалпы атауы. Ал көк от – көктемде көгеріп, құлпырып тұратын көк балауса, көкорай шалғын, көк майса, көрпекөк іспетті шөптердің жалпы атауы” [2;122]. От лексемасына байланысты атты отқа қойдым, жердің оты қашты, отын оттап, суын ішті, атын оттатты, оттан қалды, əр айдың оты басқа т.с.с. фразеологизмдерге Ш.Сейітованың жұмысында жан-жақты талдау беріледі. Жоғарыдағы мысалдардан бұғы-маралға қатысты өсімдік атауларына тек бұғы жəне марал сөздерінің ғана ұйытқы болып келетіндігі байқалады. Бұғы-маралға қатысты басқадай сөздер өсімдік атауларында кездеспейді. Киікоты, көкемарал атауларына қазақ тілінің сөздігінде жеке реестр сөздер ретінде анықтама берілген. Біздіңше көкемарал киікоты лексемасының жалпыхалықтық атауы болуы мүмкін.

Ал маралшөп тамыры – аралас тəсілмен жасалған атау. Маралшөп тамыры – тау басында жабайы өсетін көпжылдық шөп тектес өсімдік. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған. Бұғылар күз, көктем айоарында бұл өсімдіктің тамырын қазып жейді, сондықтан оны маралшөп тамыры деп атайды. Оның маралдың жүйке жүйесін тыныштандыратын, қан қысымын көтеретін қасиеті бар. Маралшөп тамыры – тұтасымен алғанда тіркестіру тəсілімен жасалған. Бұл күрделі атаудың бірінші компоненті сөзқосым тəсілімен жасалған біріккен сөз. Марал жəне шөп сөздері өздерінің əу бастағы дыбыстық құрамын толық сақтай отырып, біріккен. Аталған лексеманың мəні – марал жейтін шөптің тамыры.

Маралшөп тамыры атауының шығу тарихына байланысты ел арасында бір қызықты аңыз-əңгіме тараған. Қар қалың жауған қыстан кейін бір аңшы биік таудан маралдың бұқасының ізіне түседі. Жануар əбден зорығып, ілбіп келе жатады. Аңшыға оны атып алудың ешбір қиындығы жоқ еді. Бірақ бұғының оғаш қылығына ол аң-таң қалады. Тұяғымен жерді теуіп-теуіп жеберіп əлдебір қурап қалған ұзын сабақты шөптің тамырын жеген бұғы өріс қуалай жайыла береді. Кəрі бұғының сыртынан ұзақ қадағалаған аңшы өзінің көз алдында оның əл жинап, тыңая бастағанын байқайды. Арада бірнеше күн өткенде жануар адам танымастай өзгеріп, өзінің бір кездегі күш-қуатын қайта тапқандай ойнақтап шыға келеді. Аңыздың айтуынша, аңшы бұғыны аяп атпай, əлгі шипалы тамырды көп етіп жинап алады да, оны маралшөп тамыры деп атайды.

Бұғы-маралға қатысты күрделі өсімдік атауларының көп жағдайда бірінші компоненттері бұғымарал атаулары, ал екінші сыңарлары өсімдік атаулары болып келеді: бұғы мүгі, маралжусан, маралқурай. Ал кейде екінші сыңарларына от, шөп, тамыр т.с.с. жануарлар азығының жалпы атаулары негіз болады: маралшөп тамыры, маралоты. Енді бір топ өсімдік атауларының екінші сыңарларына бұғының дене мүшелерінің атаулары арқау болған: бұғымүйіз, маралқұлақ. Бұлар өсімдікті бұғымаралдың дене мүшелеріне ұқсату арқылы жасалған атаулар. Бұлардың барлығы да бейнелеу арқылы, яғни бір затты екінші бір затпен салыстыру арқылы жасалып тұр. Бəрінің де берер мағынасы түсінікті. Қазақ тілінің сөздігінде маралқурай, маралқұлақ, маралшөп тамыры, марал балдырған атаулары кездеспейді. Маралқұлақ, маралқурай – синоним сөздер. Ғылыми тілдегі баламасы – лобель тамырдəрісі (чемерица Лобель). Ал марал балдырған – марал жейтін балдырғанның бір түрі. Осы атауға ұқсас өсімдік атауларының ішінде елік балдырған, аю балдырған, сасық балдырған жəне т.б. [3; 322].

Э.В.Севортян өзінің “Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінде” балдыр, балдырған сияқты көпшілік түркі тілдеріне ортақ бірқатар өсімдік батпақты жерлерде кездесетін сұр түсті майда бұта. Шығыс Қазақстанда бұғы мүгінің жасыл түстісі кездеседі. Ол негізінен тасты, сулы жерлерде өседі. Бұл шөп бұғылардың негізгі азығы болғандықтан да болса керек, бұғы мүгі атанып кеткен.

Қорыта келе, қазақ тілінде өсімдік атауларының синтаксистік сөзжасамы өте өнімді, сол сияқты бұғы-маралға қатысты өсімдік атауларының басым бөлігі синтаксистік тəсіл арқылы жасалған. Қазақ тіліндегі бұғы-маралға қатысты өсімдік атаулары толығымен сараланып болған жоқ. Олардың мағыналарын ашу, көркем мəтіндегі, тілдегі қолданысын, əдеби, жалпыхалықтық баламаларын анықтап, зерттеу сөздік қорымыздың толығуына өз үлесін қосары анық.

атауларына этимологиялық талдау жасап, олардың 

түп төркіні – көне түркі тілі екендігін айтады. Автордың зерттеуінше, балдыр, балдырған сияқты өсімдік атаулары тіліміздегі балауса, балғын, балқаш, балшық, балық сөздерімен түбірлес. Бұл сөз көне түркі тілінде “дымқыл, сулы” деген мағынаны білдірген Демек, балдыр, балдырған, балауса, балғын лексемаларының ортақ мағынасы – жас, жаңа жетіліп келе жатқан, жасыл (көк). Бұдан шығатын қорытынды – марал балдырған лексемасының мағынасына дымқыл, сулы жерге шығатын, үлкен жапырақты, қуыс сабақты өсімдік жəне марал сүйіп жейтін шөптесін өсімдік деген семалар енеді.

Бұғы мүгі (бұғы қынасы) – тундрада, торфты,

 

 

  1. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. – Алматы: Ғылым. – 1988. – 160 б.
  2. Сейітова Ш.Б. Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы. Фил. ғыл. канд. ғыл. дəр. алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы. – 141 б.
  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1978ж.
  4. Иващенко А.А. Қазақстанның өсімдіктер əлемі. – Алматы: Кітап, 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.