Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көне түркі тіліндегі қосарлы етістіктердің құрылымдық ерекшеліктері

Қосарлы етістіктер өз болмысына қарай екі етістіктен құралады. Сондықтан олардың құрылымдық ерекшеліктері оны құрап тұрған жеке сыңарлардың сөздік құрамына талдаудан басталмақ. Онан кейін тұтас қос сөздің морфологиялық түрленуі, сөзжасамдық қасиеті қарастырылуы тиіс.

Қосарлы етістіктер күрделі етістіктердің бір түрі. Сол себепті етістік категориясы тұрғысынан олардың қимылдық мəн-мағынасы, салт-сабақтылық қасиеті, етіс категориясына қатысты ерекшеліктері туындайды.

Жалпы түбір сөз туралы сөз болғанда, көне түркі тілінде бір буынды сөздердің басым болғандығы жайлы тоқталады. Лексикалық қордың ұйытқысы бір буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің ғана емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің ортақ ерекшелігі. Сөз таптары ыңғайынан қарастырғанда, етістіктер құрамында бір буынды түбірлердің саны екі буындыларға қарағанда əлде қайда аз, алайда барлық етістіктердің негізгі ұйытқы қоры болып табылады.*

Сөйтіп байырғы түбір бір буынды, көп буынды түбірлердің қалыптасуы , түркі, оның ішінде қазақ тілінің типологиялық ерекшеліктерінен туылған құбылыс деп қаралады.

А.Н. Кононов, Э.В. Севортян еңбектерінде де қазіргі түбір деп қаралып жүрген көп буынды етістік сөздердің іштей көне түбір мен жұрнаққа ажырайтыны туралы фактілер келтірген. [1, 184-185] Сонымен қатар М. Қашқаридың сөздігінде сөздерді буынының санына қарай бөліп талдауының өзі үлкен нəтиже./35. бар/

А.С. Аманжолов бұл туралы А.А. Зайончковскийдің бір буынды түбір сөздердің «дауысты+ дауыссыз» формасында келеді деген пікірін айта келіп, қазіргі басым көп сандағы түркі тілдерінде түбір етістік деп қаралған «сы» (сыну), «айт» сөздерінің көне түркі етістіктерінде етіс мағынасында, яғни сын – өздік етіс, айт – өзгелік етіс ретінде қолданылғандығы, олардың түбірі –«сы», -

«ай» екендігін көрсетеді.[2,22б] Алайда түбір сөздің барлығы бір буынды болып келмеген. Енисей ескерткішінің тілін зерттеуші И.А. Батманов ескерткіштер тілінде бір буындылармен қатар екі, үш буынды түбір сөзінің кездесуін айтса, [3, 41-42] Орхон ескерткішін зерттеуші Ғ.Айдаров ескерткіш тілінде түбір зат есімдердің көбінде бір буынды, екі буынды болып отыратындығын, үш буынды зат есімінің тек күрделі сөз ыңғайында ғана ұшырасатындығын көрсетеді. [4, 139-146] Ал біз сөз етіп отырған қосарлы етістіктер екі компоненттен құралған күрделі сөздер. Бірақ көне түркі тілдеріндегі осы күрделі сөзді құрайтын жеке компоненттерінің кейбіреуі бір дауысты дыбыстан ғана құралса, кейбіреуі қазіргі тілде түсініксіз жеке буындардан ғана құралған. Мысалы, көне түркі тілінде «біл-ө», «ө-сақын» сияқты қосарлы етістіктер бар. Мұндағы – «ө» бір сөз ретінде қосарлы етістікттің компоненті болып тұр. Мағынасы жағынан қазіргі ой, ойлау сөзінің бастапқы тұлғасы.

Сол сияқты жоғарыдағы сы – бұз, сөзле-ай, сөздеріндегі –«сы», -«ай» сығңарлары қазіргі тілімізде сөз емес, жеке буындар ретінде қаралады. Осындай қазіргі қазақ тілінде арқарай бөлшектеуге келмейтін, бірақ көне түркі тілінде көне түбір мен жұрнаққа ажырайтын сөздер қосарлы етістік тер құрамындағы жеке сыңарлардан да кездеседі. Мұны алдыңғы тараудағы жеке сыңарлардың мағынасына жасалған талдаулардан анық байқай мыз.

Мысалы, қалқы мен қалықта сөзін қазір одан ары бөлшектеуге келмейді. Көне түркі тілінде бұл сөздің түбірі қалы –ұшу, одан туындаған қалық – аспан мағынасын білдірген. Бұл екі форма қазіргі тілімізде қолданылмайды. Тек «қалық» сөзі негізіне жасалған «қалықта» етістігі бар. Мұның өзі бұрынғы бір буынды құрамның біртіндеп түрлі жұрнақтар қосылып, олар грамматикалық мəн беруден қалып, түбір сөзге ажырамастай бірігіп, бір бүтін лексикалық мағына беретін бірлікке айналғандығын дəлелдейді.

Осы негізде көне түркі тілінде кездесетін қосарлы етістіктерді жалаң түбір етістіктердің қосарлануына жəне туынды етістігінің қосарлануымен қалыптасқан қосарлы етістіктер деп те бөлуге болады.

Жалаң түбір етістіктен құралған қосарлы етістіктер:

  • сық-таң, бүт-қан, үз-кес, тол-тош, шөк-бат, йеіч, йық-тер, өз-қач, чом-бат, ұқ-біл, ет-йарат, ер-бар, қорқ-үрк, тез-бар, тез-қач, ұр-соқ, ө-сақын, тал-йүк, сы-бұз, йап-өрт, ій-бас, біл-ө, йар-шеш т.б.

Туындыетістіктің қосарлануымен жасалған қосарлы етістік:

  • ешіл-кұвра, ота-емле, тіле-істе, тұтыш-керіш, үлгіле-сана, сақлан-йычан, өрте-көйүр, сықта-йоғла, сүңіш-атыш, ішлет-йоңла т.б.

Алдыңғы сыңары туынды, соңғы сыңары түбір қосарлы етістік:

  • сөзле-ай, бұшан-қағрұл, кізле-күт, кізлейашұр, өрле-тен т.б.

Соңғы сыңары туынды, алдыңғы сыңары түбірден құралған етістіктер:

  • йе-аша, үрк-беліңле, кү-күзет, кевіл-күчсіре, йарыл-бөксіл т.б.

Демек, көне түркілік қосарлы етістіктер – сыңарларының морфологиялық құрамы жағынан бірыңғай түбір етістіктердің не бірыңғай туынды етістіктердің қосарлануымен жəне туынды етістіктер мен түбір етістіктерінің қосарлануынан қалыптасқан. Қос сөздер, оның ішінде қосарлы етістік екі сөзден құралып бір күрделі форманы қалыптастыратындықтан, оған жұрнақ қосу арқылы үшінші бір жаңа сөз жасау оңай іске аса бермейді. Сондықтан əдетте, екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған қос сөзден таза да жаңа сөз жасау құбылысы көріне бермейді. Егер басқа бір жаңа мағынаны білдіруге тура келгенде ол қос сөз құрамының өзгеруі тұрғысынан емес, мағынаның ауысуы арқылы, яғни ауыспалы мағынада жұмсалуы арқылы жаңа сөз ретінде көрінеді.

Ал көне түркілік қосарлы етістіктерден байқалатын бір ерекшелік – олардың екі сыңарының да түрлі қосымша жұрнақтар қосылып, соған қарай тұтас қосарлы етістіктердің сөз табындық қасиеті өзгеріп, басқа мағынадағы жаңа сөзге айналып отыратындығы. Мысалы:

  • ет-йарат (істеу) – етістік, етіглік-йаратығлық (істелген) – сын есім, етіг-йаратығ (іс-жұмыс) – зат есім.

Біз көне түркі тіліндегі қосарлы етістіктерінің осындай жаңа сөз жасау ерекшеліктеріне бірнеше мысал келтірейік:

  • Йағы болып, ітінү-йаратүнү ұмадұқ, йана ічікміс./КТҮ 10/

«Жауы болып, қолдарынан түк келмей, /іштеңе істей алмай/ қайта бағынды»./табғаш еліне/. Мүндағы «ет-йарат» етістік мəнінде қолданылған.

  • Кең көртлə... йұмшақ ікі еміглəрі етіглікйаратығлық турур /ТТ.Х. 446/. «Оның кең де əдемі мүсініне екі жұмсақ омырауы сəн беріп тұр». Мұнда етіглігйаратығлық – сын есім .
  • Анда баса кедмəдүк йұрұң арығ йаңы төн кедіп көп түрлүк етіг-йаратығ, үзе етүзүн ұз етмішйаратмыш кергəк.

«Онан соң əлі киілмеген ақ таза қалат киуі, əр алуан безену бұйымдарымен өз денесін табиғи безендіру керек».

Мұнда етіг-йаратығ – зат есім

Қазіргі қазақ тіліндегі қоасарлы етістігінде де екі сыңарына жұрнақ жалғағанда қос сөздің сөз табындық қасиеті өзгеретін жағдайлар бар, бірақ актив емес. Мысалы, іш-же – ішпек-жемек, кел-кет – келмек-кетпек т.б.

Кел-бар етістік, келіш-барыш/келген-барған/

есімше қазіргі қазақ тілінде

Есімшелер сөйлемдегі орнына қарай кейде сын есім, кейде етістік ретінде жұмсалады. Бұл ерекшелік көне түркі тілінде де болған. Мысалы,

Келіш-барыш, сав білмəзмен. Слов обращения и при посещения не знаю. /сын есім, анықтауыш/

Ол меңе келішті-барышты – /етістік, баяндауыш/ Көне түркі тілінде -іш/ыш қосымшасы қазіргі

қазақ тіліндегі -ыс/іс

тұлғасымен ұқсас. Ол əрі сөз тудырушы жұрнақ, əрі сөз түрлендіруші

грамматикалық форма – ортақ етіс ретінде көрінеді. Мысалы,

  • Ол меңе келішті-барышты. Келіш-барыш етістігіндегі -іш/ыш жұрнақ. Олардың екеуі де алысып-беріседі. /сауда жасайды/ -ыш,-іш – жалғау. Осы сияқты екі сыңарына бірдей жұрнақ жалғану арқылы əуелгі қосарлы етістік қалпынан басқа сөз табына айналған мынадай сөздер бар:
  • сық-таң/етістік/, сықық-таңық /зат есім/,
  • үт-йегет/ етістік/, үтмақ-йегетмек /зат есім/
  • түтіш-керіш / ет./, түтішлік-керішлік /сын есім/ Жоғарыдағы келтірілген қосарлы етістітер сыңарларына жалғанған –ығ, -іг, -ұқ, -үк, не –ыш, іш,-ы, -іт т.б. қосымшалар көне түркі тілінде етістіктен зат есім тудыратын –лық, -лік не –лұқ, -ғы, -кі сияқты қосымшалар етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар болып табылады.

Көне түркінің қосарлы етістіктеріне байланысты байқалатын үшінші бір үлкен ерекшелік, əрі көне түркілік қосарлы етістіктерге тəн қазіргі қазақ тіліндегі қосарлы етістіктерінде кездесе бермейтін ерекшелік – қосарлы етістіктердің екі сыңарының бірдей жаққа , шаққа т.б. етістік формаларына қарай түрленіп отырғандығы. Қазіргі қазақ тілінде қосарлы етістіктердің алдыңғы сыңары негізінен тұрақты бір формада, яғни көсемшелердің –ып,-іп,-п не –а, -е формасында тұрады да, соңғы сыңары ғана түрленіп отырады. Ал көне түркі тілінде қосарланған етістіктердің екі сыңары бірдей, əрі бірыңғай үұсас қосымшалар арқылы өзгеріске түседі. Мысалы,

  • Бұрқанқа номқа бүсоң діндарларқа йаздымйаңылтым ерсір.

Егер мен буддаға, будда іліміне жəне оны ізгі ниетпен уағыздаушыларға қарсы шығып күнаға батсам /жазып-жаңылсам/

  • Иырақ ыдмаса тыдса-йығса еріг /КВ 126,4/

Ол өз əскерлерін ұзаққа жібермей ұстап тұруы керек.

Бұл мысалдағы тыдса-йығса (тыд-йығ), йаздымйаңылтым (йаз-йаңыл) деген қосарлы етістіктің екі сыңары да түрленіп отырған, əрі екі сыңарға да дыбыс үндестігіне сай бірыңғай қосымшалар қосылған. Қосарлы етістіктің екі сыңары бірдей қазақ тілінде түрленбейді, ал көне түркі тілінде бұл жалпылық сипат алған құбылыс қосарлы етістіктің екі сыңары бірдей түрленген екен, онда онымен қоса олардың бірыңғай қосымшалар арқылы түрленуі де табиғи. Себебі тіркесе келген екі етістік мағыналық жақтан бір сөз ретінде жұмсалады да, сөйлемде белгілі бір ғана субьектінің қимылын білдіріп, соның

қосарлы етістіктің сыңарлары кейде орын жағынан алмасып қолданылып отырған, алайда бұл мағынасына ықпал жасамайды. (ұқ-біл, біл-ұқ, үркітқорқыт, қорқыт-үркіт)

Ұқсас бір етістіктің түрліше етістіктермен қосарланып келу ақуалы көне түркі тіліндегі қосарлы етістіктерде де бар ерекшелік.

Мысалы: тез-бар қорқ-беліңле

тез-қач үрк-беліңле

йе-іч ел-йіт

йе-аша йітлін-бат

ұлы-сығта оз-қач

сығта-йегме озғұр-құтқар т.б. Мұндай ұқсас бір етістіктен түрліше етістіктердің қосарланып келуінен өзара мағыналас қосарлы етістік пйда болады. Жоғарыда аталғандар көне түркі тіліндегі қосарлы етістіктердің құрылымдық қалыптасу ерекшеліктері деуге болады. Сонымен қатар, көне түркі тіліндегі қосарлы етістіктердің сөйлемде етістік категорияларына қарай түрлену жолдары да қазіргі қазақ тіліндегі қосарлы етістіктермен ұқсас келе бермейді. Бұл ретте олардың салт-сабақтылық мəнде қолданылуы етіс категориясына қарай түрленуі жəне оларға етістіктердің болымды-болымсыздық қосымшалардың қосылуы сияқты жақтарын

айтуға болар еді.

жағын, шағын көрсетеді. Сондықтан белгілі мағынадан алғанда қатар тұрған екі етістіктің бірыңғай қосымшалармен біркелкі түрленуі олардың бір мағынада жұмсалған бір сөз (қосарлы етістік) екендігін дəлелдей түседі.

Ал қазақ тілінде қосарлы етістіктің алдыңғы сыңарының тұрақты форма да /көсемше фор.тұрып, соңғы сыңарының ғана қажетіне қарай түрленіп отыруы көне түркілік ерекшелік емес.

Көне түркі тілінде де қазіргі қазақ тіліндей

 

  1. Севортян В. Этимологический словарь тюркских языков. –Москва, 1974, -184-185 б.
  2. Аманжолов А.С. Түркі филологиясы жəне жазу тарихы. – Алматы: Сана, 1996, 18-20 бб.
  3. Батманов И.А. Язык енисейских памятников древнетюркских письменности. –Фрунзе, 1959, 41-42 б.
  4. Айдаров Ғ. Язык орхонских памятников древнетюркской письменности. – Алматы, 1971, 139-146 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.