Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ жəне ағылшын тілдеріндегі «жүрек» соматизмі

Тілімізде ғасырлар бойы қалыптасып, көркем сөз қазынасының ең бір құнарлы, мəйекті қорына айналған, əрі бай, əрі сан алуан сөз тіркестерінің ішінде соматикалық тұрақты тіркестер ерекше орын алады.

Соматизм (гр. Soma – дене) – шығу тегі мен типологиясына тəуелсіз барлық тілдерге тəн адамның дене мүшелерін анықтайтын сөздер тобы.

Адам – табиғаттың тұла бойы туындысы, төл перзенті бола тұрса да, ол сол табиғаттың тылсым күштерімен бірде алысып, бірде сырын ұғысып, өмір сүріп келеді. Бұлардың бəріне дене мүшелерінің тікелей қатысы бар. Көптеген зерттеушілер мен лексикографтардың пікірінше, кез келген тілдің фразеологиялық қорының 30%–ын соматикалық тіркестер құрайды екен. Адамның дене мүшесі ұйытқы болған фразеологизмдер тұрақты сөз тіркестерін тақырыптық топтастыруға байланысты туындаған атау.

Соматикалық фразеологизмдер кез келген тілдің лексика – фразеологиялық қорының құнарлы да байырғы, сан жағынан мол, табиғаты күрделі құрамды болғандықтан жан – жақты талдауды талап етеді. Осыған байланысты адамның дене мүшесі ұйытқы болған соматикалық фразеологизмдерді бөліп алып, оның тілдік табиғатын арнайы зерттеудің маңызы зор.

А.Болғанбаевтың пікірінше, «анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы туынды сөз жасауға сонша бейімдігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі» [1, 87б].

Адамды физиология, анатомия, психология тұрғысынан біртұтас, сыры мол, күрделі биологиялық тұлға деп қарайтын болсақ, сол тұлғаның бөлінбес жүйесін құрайтын, бір – бірімен өзара тығыз байланысты, бір – біріне тəуелді бөлшектері мен бөліктерін дене мүше деп атаймыз.

Жалпы адам табиғатын толық білу көп жағдайда оның болмысына тікелей қатысты дене мүшелерінің табиғатын тереңірек тануға да байланысты. Дене мүшелерінің атқаратын қызметтері барлық жағдайда бірдей көрер көзге, естір құлаққа бола бермейді. Олар көп – көбіне адам санасында, қоғамдық ортада қалыптасқан бейне түрінде елестейді, ол іс – қимылдардың нəтижесі тəжірибе арқылы бағаланады. Ал, адам баласына тəн бұл құбылыс ұрпақтан – ұрпаққа тек тіл (фактілері, деректері) арқылы жетіп отырады. «Тіл – халықтың тарихи жады» деген міне осыны аңғартады. Біз өзіміздің дене мүшелеріміз жайлы не білеміз? Ата – бабамыз бұл жөнінде не дер екен? Халық санасында сараланып, жадында сақталған мағлұматтарға, халық түсінігіне, ауыз əдебиет туындылары арқылы жеткен мəліметтерге сүйенсек, «бас» соматизмі – басқару, ойлау, бағдарлау, ақыл – парасат ұғымдарының символы, «көз» дүниетаным, «бүйрек», «бауыр» – жақындық, туыстық, «өкпе» – көңіл күй, «қабырға» – қорған, беріктік, «жүрек» – сезім, махаббат, билік көздері ұғымдарымен астарлас.

Осыған байланысты, еңбегімізге арқау болған адамның ішкі ағзаларынан жүрек соматизміне қатысты зерттеу жүргізуді жөн көрдік. Себебі жүрек басты дене мүше, ол адамның биологиялық, психологиялық əрі рухани орталығын сипаттайтын бірден – бір компонент.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде былайша анықтама берілген: Жүрек – 1) денеге қан тарататын орталық мүше, басты орган; 2) ауысп. Кісінің жан дүниесі, рухани сезімі [2, 96б].

Жүрек – жақсылықтың, мейірімнің де өзегі, иманның мекені. Оның тазалығы – жанымыздың, тəніміздің саулығының кепілі. Бұған дəлел ретінде Ан – Нумана ибн Баширадан жеткен хадисте былай делінеді: «Шын мəнінде, адам денесінде бір кесек ет бар, егер ол сау болса, онда бүкіл денесі де сау болады, егер ол ауру болса, онда бүкіл денесі де ауру болады. Бұл – жүрек».

Жүрек – айналаны тану үшін, сезіну үшін, жетілу үшін Аллаһ бекіткен рухани мүше. Қуаныш, қайғы, шаттық, сенім, турашылдық сезімдер жəне т.б. сезімдер де жүректе мекендейді. Адам жүрек арқылы шындық пен өтірікті, дұрыс пен бұрысты айырады.

«Жүрек – адам денесіндегі ең маңызды мүше. Ол білім мен жақсы қасиеттердің, ниеттердің, ізгіліктің мекені».

Осы орайда, жүрек туралы Абайдың сөзін келтіруді жөн көрдік: «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Біздің қазақтың «жүректі кісі» дегені – батыр ...білдіреді. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап білмейді. Рахымдылық, мейірбандық, əрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар жүрек ісі, асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Адалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Біздің қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уəдеде тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атаның басын бұрып алуға жараған, əділетті ақын мойындаған нəрсеге қиын да болса мойындау, əділетті ақын мойындамаған нəрсеге оңай да болса мойындамау ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры – əншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз» [3, 108б].

Көріп отырғанымыздай, Абайдың «жүректің» өзіне тəн рахымдылық, мейірбандық, қайырымдылық, адалдақ, батылдық, батырлық, қайратсыздық, жаманшылық істеу, жақсылық жасау тəрізді толып

жатқан жақсы – жаман қасиеттерінің сыр – сипатын тек адамның нақтылы іс – əрекеті арқылы білуге, көруге, сезуге болатындығын аңғартып отыр. Осыдан артық «жүректі» жан – жақты сипаттау, суреттеу мүмкін емес. «Жүрек» статусын жалпы айтар болсақ,

«сезім, қуаныш, батырлық, үрей, қорқыныш, мерттік, намысқойлық, қызулық, салқындық» сияқты сөздермен сипаттауға болады.

Жүрек – адам денесінің орталығы, өмір сүруінің негізгі күші, егер жүрек өзінің соғуын тоқтатса, адам да өз өмір сүруін тоқтатады. Жүрек – адам денесінің барлық мүшелерімен тікелей байланысты жəне ең басты билік жүргізуші дене мүше.

Жүрек – əмбебап құбылыс ретінде қорқыныш, қайғы, мұң, қуаныш, жақсылық, махаббат, сезім, сүйіспеншілік символы ретінде тұрақты тіркестер құрамында қазақ жəне ағылшын тілдерінде кеңінен көрініс тапқан. Соматизмдердің фразеологизм жасауға қатысу дəрежесінің түрлілігі дене мүшелері қызметінің адам үшін активтілігімен анықталса керек. К.Н.Жидебаетың еңбегінде бұл жөнінде былай делінген: «Конечно физиологически бесполезных частей тела нет, однако человечество в историй своего развития разделяет их на первостепные и второстепные. Далее как показали наш анализ, названия наружных частей тела более активны в образовании, чем внутренних» [4, 14б]. Алайда адам организмінің ішкі органы болып табылатын жүрек – басқа ішкі мүшелермен салыстырғанда тұрақты тіркес жасаудағы ең өнімді əрі көп кездесетін лексема. Жүрек соматизмі ұйытқы болған тұрақты тіркестердің жиілігі қазақ жəне ағылшын тілдерінде де жоғары екені зерттеу нəтижесінде анықталды. Қазақ, ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық сөздіктердің негізінде жүрек соматизміне байланысты шамамен қазақ тілінде 100, ағылшын тілінде 120 – ға жуық соматикалық фразеологизмдер топтастырдық. Осы фразеологизмдерді жіктемес бұрын, ең алдымен екі тілге ортақ, тікелей аударылатын, екінші тілде баламасы бар соматикалық фразеологизмдерді, яғни оларға тəн тіларалық сəйкестіктерді: a big heart – жүрегі кең (кеңпейілді); тас жүрек (қатыгез, мейрімсіз) – a heart of stone (flint); to break smb’s heart

  • жүрек жарылу / жүрегі жарыла жаздау; шын жүректен – with all one’s heart; lay one’s heart bare – жүрегін жайып салу; жүрегі қарс айрылу (қайғыдан қатты күйіну, өзегі өртену) – to make somebody’s heart bleed, сондай – ақ тікелей аударуға келмейтін, екінші тілдегі мағынасы жағынан сəйкес келетін баламасы арқылы берілетін немесе сөзбе – сөз аударылатын соматикалық фразеологизмдерді де атап өтуге болады: фразеологизмдердің бұл тобына көбіне ағылшын тіліндегі предлогты соматизмді жатқызуға болады: мысалы, in heart – көнерген фраз.
  • жақсы көңіл күй; at heart – жүрегінде түбінде; for my heart – өлтірсең де, ешқашан (көнерг.ауызекі тілде қолд.); out of heart – жабырқаңқы, көңілсіз;

Жүрек соматизміне қатысты жиналған фразеологизмдерді мағыналық тұрғыда топтастырар болсақ, ең алдымен, жүрек соматизмінің түсіндірме сөздікте берілген мағыналарына назар аударайық: жүрек – 1)

қан айналу жүйесінің көкірек қуысының сол жағында орналасқан басты ағза; 2) ауысп. Кісінің жан – дүниесі, рухани сезім; 3) аусп. Саяси – əкімшілік орын, орталық сияқты жүректің негізгі атқаратын қызметіне, білдіретін мағынасына, астарлас ұғымдарына байланысты былайша жіктеуге болады:

    1. Жүрек – қан айналу жүйесі көкірек қуысының сол жағында орналасқан басты ағза;

Жүрек – ағза ретінде:

  • Адам денсаулығын, дене қалып жағдайын сипаттаушы фразеологизмдер: жүрегі айну – to be sick at heart; жүрегі күпті болу; жүрек тесті; жүрек қыжылдады; жүрегі көтерілу; smoker’s heart; athletic heart; heart failure; жүрегі қарайды (қарны ашты); жүрек жалғады; жүрекке ас батпады; жүрегі сазды; жүрегіне тию;
    1. Жүрек – кісінің жан –дүниесі, рухани сезім;

Жүрек – сезімнің көзі;

  • Қуаныш, шаттықты білдіретін фразеологизмдер: жүрегі жарылды/ жарыла жаздады – cheer the cockles of one’s heart; жүрегі қарс айрылды (қатты қуанды); жүрегі лүп етті (кенет келген қуанышқа байланысты) – abundance of the heart; to do one’s heart good;
  • Уайым, қайғы, мұң сезімдерін білдіретін соматикалық фразеологизмдер: жүрегіне дақ түсті/ жүрегіне дерт түсті; жүрегі өрт боп жанды; жүрегі тас түйін болды – cry (weep) one’s heart out; жүрегі қарс айрылды (қайғыдан қатты күйінді) – to make somebody’s heart bleed,; жүректі дерт алды;
  • Қорқыныш, үрей сезімін білдіретін соматикалық фразеологизмдер: жүрегі дауалмады; жүрегі аттай тулады – bring somebody’s heart into his mouth; жүрегі алып ұшты – one’s heart leaped into one’s mouth\ throut ; жүрегі аузына тығылды – have one’s heart in one’s mouth; жүрегі дір ете қалды; жүрегі су етті; жүрегі мұздап қоя берді; жүрегі тас төбесіне шықты – one’s heart sank into one’s boots;
  • Ғашықтық сезімін білдіретін фразеологизмдер: жүрегіне өрт түсті (ғашықтықтың жалыны жанды); жүрек қылын шертті – lose one’s heart to; жүрекке шоқ салу – one’s heart goes out to smb; жүрегі жанды (ғашықтықтан іші өртенді); жүрегіне жылу берді; imprint on somebody’s heart;
  • Мейірлену, жаны ашу сезімдерін білдіретін фразеологизмдер: жүрегі елжіреді – to have a soft (warm) spot in one’s heart for somebody; жүрегіне жылу беру
  • one’s heart warms towards her; жүрегі жылу; жүрегі тебіренді; жан жүрегін тебірентті; bring home to smb’s heart – іші – бауырын елжірету; жүрегі еріді;
    • Жүрек – батырлық символы: жүрегінің түгі бар; жүрек жұтқан – a stout heart; жүрегінде оты бар – a heart of oak; shut one’s heart to fear;

Жүрек – қорқақтық, əлсіздіктің нышаны:

қоян жүрек; су жүрек;

    • Жүрек – кеңшіліктің, көңілі ашықтықтың белгісі: ақ жүрек – a heart of gold = a kind heart; кең жүрек – a big heart; шын жүрекпен – with all one’s heart =heart and soul; жүрегі жұмсақ – light – hearted;
    • Жүрек – жауыздық, мейірімсіздіктің символы: жүрегі қара – harden somebody’s heart; тас жүрек – a heart of stone; сұм жүрек – a hard heart (hard-hearted);
    • Жүрек – адам базарының тарқалуының белгісі: жүрегі үзілу – break one’s heart;

Сондай – ақ, жүрек соматизмі ұйытқы болған фразеологимдердің ішінде синонимдік, омониммдік жəне антонимдік қатар да байқалады. Мысалы: Синонимдік қатар: жүрегі алып ұшты – жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады – қатты толқыды; lose one’s heart to – steal smb’s heart – win smb’s heart (ұнату, жақсы көру); антонимдік қатарға: Keep a good heart | take heart – lose heart (мұңаю); жүрек жұтқан – су жүрек; омонимдік қатарға: Жүрегі соқты – 1) тірілді, жаны кірді (ағза ретінде, денсаулыққа қатысты); 2) белгілі бір көңіл күйге батты (сезім); to be sick at heart – 1) сағыну, қамығу (сезім); 2) жүрегі айну, құсқысы келу (денсаулыққа байланысты) соматикалық фразеологизмдерін жатқызуға болады.

Сөзге арқау, ойға тірек болып, тілдің бай фразеологиялық қорын жасауда ерекше маңызға ие соматикалық фразеологизмдердің қызметі айрықша. Сонымен қазақ жəне ағылшын тілдеріндегі дене мүшелеріне қатысты фразеологиялық бірліктердің ішінде жүрек соматизмімен қолданылатын фразеологизмдер тілде де, халықтың мəдени өмірінде де құнды болып келеді. Жүрек өзінің негізгі қызметі болып саналатын адам организміндегі қан айналу процесін реттеп, жоғарыда атап өткен адам бойындағы тек сезім, эмоцияны ғана білдіріп қоймай, адам танымындағы күлу, қуану, ренжу, қорқу, сезіну, ойлану секілді əртүрлі іс – əрекеттерді білдіреді. Жүрек – адам өміріндегі физикалық жəне рухани дүниетанымның негізгі көзі болып табылады.

 

  1. Болғанбаев Ə. Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер/Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің тəжірибелері.Алматы: Ғылым, 1989. – 87б.
  2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, Ғылым.1986. – Х Т.
  3. Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.2: Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қарасөздер. Алматы, Жазушы. 2005. – 336б.
  4. Жидебаев К.Н. Анатомические названия в казахском языке. Автореф. дисс.к.ф.н. алматы, 1977.
  5. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы, Арыс, 2007. – 800б.
  6. Jennifer Seidl, McMordie W. Oxford pocket English dictionary. Oxford University press. 2003. – 317p.
  7. Кунин А.В. Англо – русский фразеологический словарь. Изд. 3-е, М., 1967. – стр. 738.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.