Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бақ мәтіндері: қазіргі қазақстандағы тілдік-менталдық кеңістік

Мақалада қазіргі Қазақстандағы тілдік-менталдық кеңістіктің БАҚ мәтіндеріндегі орны, олардың талдануы туралы маңыздылығы қарастырылған. Қоғамның саяси-әлеуметтік, руханиэкономикалық өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету мүмкін емес. БАҚ мәтіндері қоғам өміріндегі өзгерістерге уақытымен үн қоса отырып, оқырмандардың рухани ойсанасына қозғау салып, пәрменді ықпал етеді. Қазақ тіліндегі мәтіндердің тілдік тұлғасы, тілдік аспектілері мен тілдік бейнесі БАҚ беттеріндегі контенттерде толық талдаудан өтпеген.

БАҚ беттерінде жарық көрген публицистикалық мақалалар мен мәтіндердің авторлары берген мәтіндердің тілдік тұлғасы, ерекшелігі нысанға алынып, зерттелді. Тілдік тұлға, әлемнің тілдік бейнесі, тілдік-менталды кеңістік туралы әлем және қазақ ғалымдарының еңбектері қарастырылып, ондағы негізгі аспектілер арқылы Қазақ қоғамындағы бүгінгі БАҚ-тың мәтіндеріндегі тақырыптық зерттеу және сараптау, талдау жұмыстары жасалды. Сараптама жұмысы жасала келіп, бірнеше газет беттеріндегі тілдік-менталдық кеңістік қарастырылып қорытындыланды.

Зерттеу нәтижелері қазақстандық БАҚ беттеріндегі, соның ішінде газет-журналдарда берілетін ақпараттар қоғамдық-саяси тілдік-менталдық кеңістікті қалыптастыратынын көрсетеді.

Кіріспе

Қазақ тіл біліміндегі тілдік-менталдық кеңістік филология ғылымының зерттеуіне алып отырған негізгі саласының бірі. Қазіргі кезде тіл білімінде тілдік тұлға, кеңістік, тілдікменталдылық мәселесі үлкен зерттеулер арқылы өз бағыт-бағдарын тауып отырған ілім. Тілдік тұлға арқылы тілдегі және әдебиеттегі сөздердің болмысы мен шығарманың өн бойына етене етіп, зерделеуге болады.

Тәуеліздік жылдарындағы бұқаралық ақпараттар құралының мәтінді беру тәсілі, стилі яғни тілдік тұлғасы оған дейінгі кезеңдерге қарағанда басқа жаққа бет алғаны анық. Ғалымдардың айтуындағы тілдік-менталдық кеңістіктің берілуі тәсілінің бір жолы қалыптасып келеді. Яғни пулицистикалық мақаланың авторы ұсынып отырған тәрбиелік мән, акцент, түйін сөздер мен оқырман назарын аударуға бағытталған сөйлемдер, астарлы ойлар мен көзқарастар жиынтығы байқалады.

Қазіргі дүние дамуын байсалды зерделеудің пайымдау жүйесі қазіргі заманға сай өркениет дамуының нәтижесі ретіндегі жаһандану үрдісін жоққа шығара алмайды. Осы жағдайда ғаламдасудың бір жолы ретінде тұтасу немесе концептуалдану үрдісі байқалуда. Осы ғаламдық кеңістікке, мысалы, қазақ ұлтының да бір бөлшек боп еніп, өзіндік болмысымен сақталып қалуының кепілі – дүниенің тұтас бейнесін немесе дүниенің ұлттық бейнесін тіл арқылы тану. Нақты айтқанда, оған негіз болатын тілді тұтынушы ұжымдағы тілдің коммуникативтік қызметімен сабақтас ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін оның мұрагерлік (кумулятивтік) қызметі.

Осыған орай, қазіргі тіл білімінде дүниені тіл арқылы танудың әлемдік моделі және сонымен сабақтас ұлттық моделі анықталуда. Демек, қазіргі заманда тілдің қызметі жалаң коммуникативтік құрал ретінде емес, ойды білдіріп қана қоймай, тілдік санада ойды түзетін, құратын, сақтайтын, жеткізетін таным тетігі, ел тарихын сақтаған мәдени-құжаттық қор деп тұжырымдалады. Осы қағидаға сәйкес тілді зерттеу оны тұтынушымен тығыз байланыста зерттейтін антропоөзектік (адамтанымдық) бағыт өріс алуда. Яғни мұнда сөз иесінің болмысына (тұлғасына) ерекше мән беріледі. Бұл арада мұндай зерттеулерге нысан болатын – тіл арқылы ұлттың болмысы мен мәдениетін дәйектейтін ел тұлғаларының ісі мен сөзі, рухани шығармашылық мұрасы.

Осыған орай, егемен елдің тілдік саясатының рухани құндылығын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Ұлтты күшейтудің бір тетігі – туған ана тілі» деп бағалаған тұжырымы ұлттық болмысымыз бен елдігімізді тіл арқылы танудың бағдары болары анық.

Қазақ тіл білімінің заңдылықтарына, тілдік-менталдық кеңістігіне үлкен өзгеріс жасап отырған бүгінгі қазақ БАҚ. Себебі журналистердің, контент-менеджерлердің тілді пайдалану этикасы, заңдылықты сақтау, грамматиканы жетікмеңгерумәселесікенжелегендіктен, қандай сайтты, бағдарламаны немесе түрлі бұқаралық ақпараттар құралына тән өзекті дүниені алмаңыз қателіктер толып жатады. Бұл медальдың арғы жағы. Ал енді бергі жағын қарастырып қарайтын болсақ, әрине мүлде жоққа шығарып жіберуге болмайтын тіл бірліктері де бар. БАҚ мәтіндерінің әсері жалпы қоғамдағы өмір сүріп жатқан әлеуметке тікелей әсер етеді. Себебі БАҚ – ұлттың ақпарат беруші айнасы. Осыдан кейін барып халық арасында тіл мәселесіне келген кезде түрлі дау туындап жатады.

Соңғы кездегі тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивтік лингвистика саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, жасанды интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Осының негізінде тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын зерттеу жеткіліксіз болып, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындап отыр. Демек, бұл – тілді зерттеудің мүддесін объектіден субъектіге аудару, яғни адамды тіл арқылы және керісінше тілді адам арқылы анықтау.

Дәстүрлі түрде көркем шығарма әдебиеттану мен стилистиканың нысаны болып табылады. Бірақ та жоғарыда айтып өткеніміздей, қазіргі тіл білімінде көркем шығармадағы әлем (объективті шындық) туралы білімді ұсыну барысында кей тұстарда филологиялық шеңберге сыймайтын терең, кешенді үрдістерді дамытудың қажеттігі байқалады. Яғни, көркем шығарма құрамындағы ақынның (тілдік тұлғаның) көркемдік әлемін анықтайтын жаңа бір деңгей – когнитивті лингвистика.

Тілдегі менталдылық – адамдардың әлеуметтік және тарихи ортақтылыққа топтастыратын ішкі дүниелердің тұрақты түрде икемделуі. Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды өзара айырып тұратын осы менталдық ерекшеліктер. Менталдылық дегеніміздің өзі таным арқылы қалыптасқан, біздің болмысымыз.

Қазақстандағы қазіргі тілдік-менталдық кеңістік соның ішінде тілдік тұлға мәселесіне бір оралсақ. «Тілдік тұлға» деген не? Оның зерттеу объектісі қандай болуы керек? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрсек.

Бүгінгі таңдағы филология ғылымында біртіндеп орныққан антропоцентризм жолы тіл саласын зерттеушілердің алдына бір бірімен тығыз байланыстағы екі мәселені шешу қажеттілігін қойып отыр: ең бірінші, адамның тілге тигізген әсері туралы; екінші жағынан, тілдің адамға, оның ойлау жүйесіне, мәдениетіне етер ықпалы қандай дәрежеде екендігін анықтау. Осымен байланысты лингвистикалық зерттеулердің қазіргі кезеңінде «тілдік тұлға» терминіне қатысты мәселе орын алды.

Жалпы алғанда атропоөзектік парадигма да «тілдік тұлға» мәселесі мен оның шығуы, анықтамасының пайда болуы және зерттеу қағидасы мен теориялық түсінігі орыс тілінде жасалған. Дегенмен бұл бір жақты пікір ретінде қарастырылмайды. Басты себеп «тіл және тұлға» деген түсінік, тілдің қызметі мен өмір сүруін оны тұтынушы тұлғамен байланыстылықта зерттеу идеясы тіл білімінде барлық кезеңдерде де қарастырылып келеді. мәселен Еуропа тіл білімінде аталған теорияның пайда болуы және тарихи алғышарттары В. Гумбольдтың, И.А. Бодуен де Куртененің, Ф.де Соссюр сынды ғалымдардың «тілдің әлеуметтік табиғаты, тіл мен сөйлеудің, жеке адам мен ұжым тілінің ара қатанасы» атты мәселелермен сипатталып келеді.

Белгілі В.А. Маслова былай дейді: ««Тілдік тұлғаға алғаш бетбұрыс жасалуы неміс ғалымы Й. Вайсгербердің есімімен байланысты, ал орыс тіл білімінде алғашқы қадамды тілдік тұлғаны зерттеудің екі жолын, яғни автор тұлғасы мен кейіпкер тұлғасы арқылы шығу жолдарын көрсеткен В.В. Виноградов жасады», − деп көрсетеді. (Maslova, 2001: 119).

Қазақ тіл білімінде де бұл тақырыпқа қалам тербеп, зерттеу еңбек жасаған ғалымдардың қатары бар. Мәселені солардың бірі қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ.Ә. Жаманбаеваның

«Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монография сын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарстырылған.

1982 жылы «тілдік тұлға» терминін нақтылап ғылымға МАПРЯЛ-дің VI Халықаралық конгерсінде «Роль прецедентных текстов в структуре и функционировании языковой личности» атты өзінің баяндамасы арқылы ғылымға алып келген Ю.Н. Караулов.

Юрий Николаевич Караулов тілдік кеңістіктегі тілдік тұлға мәселесін үш тұрғыда қарастырып береді:

  1. Сананың қалыпты және өзгерген күйіндегі тіл, сөзжұмсам және сөйлеу қызметі психологиясын зерттей отырып, яғни психолингвистика тұрғысынан;
  2. Тілді үйрену процестеріне талдау жүргізетін лингводидактика тұрғысынан;
  3. Таза филологиялық тұрғыдан, көркем әдебиет тілін зерттей отырып қарастыру, өйткені

«Тілдік тұлға дегеніміз – тілде (мәтіндерде) және тіл арқылы көрініс тапқан тұлға. Оның негізгі белгілері тілдік құралдар негізінде реконструкцияланады». (Karaulov, 1987: 38). Әрбір мәтіннің ар жағында тұлға, яғни оның авторы тұрады.

Аталған үш тұжырым бойынша қазіргі кезде түрлі тілдік зерттеулер мен еңбектер жазылып жатыр. Олар негізінен осы үш түрлі тұжырым бойынша жұмыстар атқарады. Бүгінгі таңда «тілдік тұлғаға» және «тілдік тұлға құрылымы» түсініктерінің жалпы теориялық мәндері анықталып, оның типологиясы мен үлгілері жасала бастады.

Лингво-мәдени бағыт. Бұл бағыт бойынша тілдік тұлға белгілі бір тілді және ұлттық-мәдени дәстүрді ұстанушының жиынтық бейнесі ретінде қабылданады. Соңғы кездері «тілдік тұлға» ұғымын лингвомәдениеттанушылық бағытта ұлттық мәдениетпен тығыз байланыстағы белгілі бір ұлттық-тілдік-мәдени қоғамның мүшесі ретінде қарастыру үрдісі белең алып отыр. В.В. Воробьев лингвомәдениеттанудың объектісі ретінде тіл мен мәдениетті ұштастырған ұлттық тілдік тұлғаны атап, өзінің монографиясында «адам» (ұлттық тұлға), «тіл», «ойлау», «мәдениет» (материалдық және рухани) ұғымдарының арақатынасын қарастырады. (Vorob’yev, 1997: 18). В.А. Маслова тілдік тұлғаны әлеуметтік құбылыс деп танып, ондағы жекелік бастаманы атап, тілдік тұлғаның тілдік дәстүрлердің қалыптасуына әсерін көрсетеді. (Maslova, 2001: 120). Жоғарыдағы аталған зерттеушілер пікірлеріне сүйене отыqрып, тілді тілдік қызмет құралы ретінде қарастыратын, тіл-мәдениет-тілдік тұлға үштігінен тұратын лингвомәдениеттану айқындамасы тілдік тұлғаны рухани, этикалық, психикалық, әлеуметтік компоненттерден тұратын және өзінің мүмкіндіктерін сөз арқылы жүзеге асыратын «жеке адам» ретінде зерттейтіндігін көреміз.

Лингводидактикалық бағыт. Бұл жеке адамды тілдік қабілет жиынтығы ретінде жадығат негізінде зерттейді. Осы бағыт өкілі

Г.И. Богиннің ғылыми еңбегінде тілдік тұлға моделі тілдік тұлға дамуы деңгейлерінің жүйеленген тізімінен тұратын құрылым ретінде көрініс табады. Зерттеуші тілдік тұлғаны тілдік іс-әрекеттерді орындауға, тілдік шығармаларды жасауға және қабылдауға қабілетті адам ретінде қарастыру тұрғысынан лингводидактиканың орталық ұғымы ретінде қарастырады. (Bogin, 1984: 9).

Біз қарастырып отырған екі бағыт нәтижесінде бізге керек тілдік-ментальдық кеңістіктегі аспектілер пайда болады. Олар:

Когнитивтік (А.П. Бабушкин, Ю.Н. Караулов және т.б.) аспектінің негізінде «адамның іс-әрекеті мен қызметі көп жағдайда оның білімі арқылы, ал тілдік әрекеті тілдік білім арқылы айқындалады» деген қағида жатыр (Maslova, 2004: 22). Когнитивист ғалымдардың пікірінше, тілдік тұлғаның негізгі қасеттері ұлттық концептілердің вербалдануының әр түрлі деңгейлеріндегі тілдік бірліктердің семантикалық толығуы арқылы көрініс табады;

Прагматикалық (прагмалингвистикалық) (И.П. Сусов, Е.А. Горло және т.б.) тұрғыдан зерттеу мәтін авторының тілдік әрекетін мәтіндегі жасырылып тұратын әсер ету тәсілдерін есепке ала отырып саралауды білдіреді;

Коммуникативтік (К.Ф. Седов, С.А. Сухих және т.б.) аспектіде тілдік тұлға ең алдымен коммуникативтік тұлға ретінде, яғни «тілдікмәдени және коммуникативтік құндылықтарды, білім мен ұстанымдарды ұстанушының жалпы бейнесі» ретінде қарастырылады; (Karasik, 2004: 22).

Ұлттық (В.В. Воробьев және т.б.) аспектідегі еңбектерде тілдік тұлға ұлттық тілмен қаруланған ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде анықталады.

Қазақ БАҚ мәтіндеріндегі тілдік-менталдық кеңістік мәселесі газет-журнал басылымдарында, инернет беттерінде түрлі жағдайда кездеседі.

Эксперимент

Ғалым Рәбиға Сыздық: «Тіл – адамды тұлға ретінде тәрбиелейтін күш, ана тілі – адам ды белгілі бір ұлттың, халықтың өкілеті етіп шығаратын құрал» деп атап көрсеткен болатын. Жалпы тілдік тұлға мәселесі, қазақстандағы тілдік-ментальдық кеңістіктің сөз болуына тікелей әсер етіп, бұл саланы зерттеуге келуге себеп болған қазақ тіліне өзге ұлт өкілдерін оқыту мәселесі болды. Ғалым Б.Хасановтың «Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасы және тілдік орта» атты еңбегі осының негізі бола алады. Ал дәл осы еңбекке мысал ретінде «Ана тілі» газетінің №9 (1423) санына шыққан басты беттегі

«Параламент пен үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілугі тиіс» тақырыбын алуға болады. Елбасының сөзінен кейін қолға алына бастаған тапсырманы БАҚ өкілдері, авторлар түрліше сараптай бастады. Яғни оның тілдік кеңістігін өздерінше қорытты. Мәселен аталған газеттегі тақырыптан «тиіс» сөзінен кейін жұмысты нақты жоспарлы түрде орындалуы керектігін аңғаратын болсақ, мининстр Дәурен Абаев БАҚ өкілдеріне өзгеше түсініктеме береді. Яғни ана тілде баяндама жасау керек екені, бірақ ойын орыс тілінде жеткізгісі келетіндерге де еркіндік барын көрсетеді. Ендеше «Ана тілі» газеті ұсынып отырған тақырыптағы «тиіс» бұйрық райындағы сөздің салмағы қаншылықты деген ой туады.

«Егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылғы наурыз айындағы мерекелік шығарылымдағы басты тақырып «Нәурізектегі нәзіктік». Тақырыпты оқыған оқырман үшін «Нәурізек» сөзі таңсық. Бірі білген күннің өзінде білмейтіні көп. Газет дәл осы тақырыпты беру арқылы тілдік тұлғадағы көрініс ретінде аталған сөздің астарлы мағынасы жүгіруге әкеледі. Яғни осындай құстың барын, көктемнің келгенін жеткізуші құс екенін көрсетеді. Ал одан қала берді бұл жерде фонетикалық жағынан дыбыстар үндестігі басым. Оқырман оқыған кезде сұлу әрі мағыналы сөзге үйір болады. Осылай тілдік кеңістіктегі ана тілге деген, ұлттық құндылыққа деген, байырғы сөзді жаңғыртуға деген мәселе көтеріледі.

Нәтиже мен талқы

Қазақ БАҚ мәтіндеріндегі тілдік-менталдық кеңістіктің, мәтінді және тақырыпты беру мәселесі қоғамда даулы мәселе:

  1. Тақырып пен мәтін арасындағы байланыстың болмай қалуы. Яғни автор оқырманды тақырып арқылы өзіне баурап, оқылуын қалайды. Алайда мәтін ішіндегі тілдік бейне, кеңістік мүлде басқа мәселені қозғап кетеді.
  2. Мәтін арасында кездесетін милизм және эмоциналды аспектілер. Бұл дегеніміз қоғамда болып жатқан ақпараттарды қазақ БАҚ жеткізу кезінде түрлі милизмдерді пайдалану арқылы оқырман жүрегінен орын табуға тырысады. Осы тұста тілдің құдіреті мен оның құрал ретінде, тұлғалық қызметіне мысал алуға болады. Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Тіл – адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді».

Екі бірдей газетте берілген мысал арқылы біздің БАҚ беттеріндегі берілетін мәтіндердің астарлы мәні мен тілдік тұлғасын анықтай алдық. Яғни ондағы берілген мәтіннің мәні мен салмағы айқындалып отыр.

Автордың публицистикалық мақаласындағы берілтін мәтін негізінен автордың не айтқысы келіп тұрғандығы жағынан, коммуникативті және прагматикалық тұсынан қарастырылады.

БАҚ беттеріндегі мәтін: 1) авторлық аномали, яғни оқырман автордың артынан белгілі бір өзек немесе эстетикалық мән табу үшін шартты түрде оның сөзінің соңынан, жазған мәтінінің желісімен жүруі; 2) автор оқырманға баса назар аудару керек мәтінді ұсынуы. Бұл жазу үстелінде отырған автордың қаламынан туған кез кел ген сөздің не сөйлемнің психолингвисткалық аспектісі ретінде әсер ете алуы. Қазақстандағы БАҚ беттеріндегі берілетін тақырыптар, аннотациялар, түрлі терминдер және мәтін арасындағы кездесетін тілдік тұлға бірліктері біз айтып отырған мәселенің өзі.

Қорытынды

Қазақстандағы тілдік-менталдық кеңістіктің қалыптасуына әсер ететін факторлар: тәуелсіз Қазақастанның демократиялық қоғамы; өзін өзі дамыту, тегін білім алу мүмкіндігі; қоғамда қалыптасқан этикалық және моралдық нормалар; тілдік орта; жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар; қазақ халқының дүниетанымы; қазақтың ұлттық ғалам бейнесі; қазақтың мінезқұлқы және тағы басқа да БАҚ беттерінде көрініс беретін мәтіндер.

Қазақстандық тілдік-менталдық кеңістік – өз ана тілін, мемлекеттік тілді, шет тілін, ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлға, үйреніп жүрген қазақ тілін қарымқатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы өзінің кәсіби, мәдениеттанымдық, рухани, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субъектісі. Қазiр тек техникалық ке мел бiлiм алған адам шын мәнiндегi зиялы азамат деп есептелмейдi. Қазақстан мемлекетiнде мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасы мәдениетi жоғары, рухы биiк, патриоттық сезiмi берiк, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық бағдары орныққан болуымен ерекшеленеді.

Қазақ тіл білімінің зерттеу объектілерінің бірі ретінде қарастырылып отырған тілдікменталдық кеңістік соның ішінде тілдік тұлға, тілдік бейне мәселесі қазір түрлі салада қолданылып келеді. Біз қарастырып отырған тақырыптан БАҚ саласындағы тілдік кеңістікті, оның мәні мен берілу тәсілін анықтадық.

 

Әдебиеттер

  1. Маслова В.А. Лингвокультурология . − М.: Академия, 2001.− 208 с.
  2. Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность // Отв.ред. Д.Н.Шмелев. – М.:Наука, 1987. – 261 с. Воробьев В.В. Лингвокультурология (Теория и методы). – М.:Школа, 1997. – 824 с.
  3. Богин Г.И. Модель языковой личности в ее отношении к разновидностям текстов // Автореф. дисс. докт. филол. наук.
  4. Л.1984.− 31 с.
  5. Маслова В.А. Введение в когнитивную лингвистику // Учебное пособие. − М.: Флинт: Наука, 2004.− 296 с. Карасик В.И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс.− М.: Гнозис, 2004. – 432 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.