Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Дегдар» ПО

1949 жылдан бастап 59 жыл бойы Балтимор қаласында орналасқан қабір күзетшілері ерекше бір оқиғаға куә болып келіпті. Әлдебір қарт адам әр жылдың 19 қаңтарында атақты жазушы Эдгар Аллан По жерленген қабіріге келіп, жартылай ішілген коньяк пен үш тал қызыл раушан гүлін тастап кетеді екен. Оның кім және мақсаты не екенін білмек болған әрекеттердің бәрі де сәтсіз шығыпты. Сондықтан болар, кейбіреулер «бұл келген адам жазушының елесі» дейтін көрінеді. Алайда, жазушы өмірден өткеннен кейін араға 100 жыл салып пайда болған бұл нендей құбылыс? Оны көргендер көп те, қолмен ұстағандар неге жоқ? Тіпті, өзінің туысқан апасы Марри Клеммге жазған хаттарының бірінде жазушы «қабір аларап қыдыруды, өлгендермен сөйлесуді жаны қалайтынын» жазған еді. Неге? Бәрі де жауапсыз сұрақ. Бір анығы – жарық дүниеде «ер-тұрманы бүтінделмей кеткен» (М. Мақатаев) тұлғаның өмірге айтар өкпесі әлі таусылмаған сынды [2, 36].

Эдгар По 1809 жылы Бостонда өмірге келді. Ата-анасы көшпелі актерлер труппасының әртістері еді. Бірақ, болашақ жазушының тағдыр тәлейі өмір есігін ашқан алғашқы жылдарында-ақ аумалы-төкпелі күйге түсіпті. Алдымен әкесі тастап кетті. Кейін, үш жасында анасы ауыр науқастан көз жұмды. Жетім қалған сәбиді Ричмондтық бай, саудагер Джон Аллан асырап алады. Кейін олар Ұлыбританияға қоныс аударып, өгей әке Эдгарды тек қалталылардың ғана балалары оқитын пансионға береді. Бес жылдан соң, Алландар отбасы 1820 жылы Ричмондқа қайтып оралып, Эдгар колледжге оқуға түседі және осы оқу орнында алған білімі өміріне азық болады. Оны 1826 жылы аяқтап, Вирджиния университетіне қабылданады. Алайда, Эдгар бұл университетте тек 1 жыл ғана оқиды. Оған себебеп, 17 жасар бозбала әкесі Джон Алланға ескертпей, өз бетімен Сара Ройстер есімді бойжеткенмен некелесіп алуы еді. Баласының бұл қылығын кешірмеген өгей әке оны үйден қуып шығады. Бірақ, көп ұзамай әке мен бала қайта татуласып, Эдгар Вест Пойнт әскери академиясына түседі. Мұнда да бір жыл оқиды да, тәртіпсіздігі үшін тағы да оқудан қуылады. Баласының осы әрекетінен соң Джон Эдгардан мүлдем күдер үзеді. Тіпті, өзі қайтыс болған соң да өгей әке баласына мирас етіп ештеңе де қалдырмапты [1, 95].

Эдгар әдебиет ауласына ең алғаш ақын ретінде аяқ басады. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1827 жылы «Темарлан және өзге де өлеңдер» деген атпен құрастырылады. Кейбір деректерде, жас ақын таралымы өте аз тырнақалды кітапшасын өзі оқыған университеттің 1 курс студенттерінен жиналған ақшаға шығарса керек. Алайда, алғашқы туындылар Эдгарға танымалдылық әкеле қоймайды. Тіпті, ондай ақынның бар екенінен маңындағы бірнеше достарынан басқа ешкім де хабардар болмапты. 1829 жылы аталған өлеңдерге «Әл-Аараф» поэмасы қосылып, «Әл-Аараф, Тамерлан және өзге де өлеңдер» дейтін екінші топтамасын бастырады. Кітаптары дүкенге де түседі. Десе де, Эдгар кітаптарын сатып алушылар саны өте аз болып, оның әдебиет ауласына қарай аттаған екінші қадамы да сәтсіз шығады.

Эдгардың «Тамерлан» поэмасын кейінгі сыншылар да жоғары бағаға лайықты деп есептемейді.

«Шығармада 27 мемлекетті билеген Әмір Темірдің шынайы бет-бейнесі, тұлғалық қыры мүлдем көрсетілмеген, оның ақыл-парасаты айқын емес, мазмұны мен тақырыбы онша қабыспайды», – дейді. Шындығында да солай. Мұны Эдгардың өзі де мойындаған және «Тамерланды» қайта жазып шығатынына бір кездері уәде де берген көрінеді. Дегенмен, еңсесін басқан жоқшылықпен арпалысып өткен ғұмыры жазушының бұл поэмаға қайта айналып соғуына мүмкіндік бермеген сынды. Осы тұста ескере кететін жайт – небәрі 19 жасында жазған поэмасынан-ақ жас ақынның терең білімді болғаны, батыс пен шығыс әдебиетін, тарихын барынша салыстыра отырып көп оқығаны таңдай қақтырады. Өзі тәрбиеленген христиан әлемімен қатар өзге де діндердің мән-мазмұнына көңіл аударады. Діни аңыз-әфсаналардан шығармашылық қайнар бұлақ іздейді. Екінші жыр жинағында жарияланған «Әл-Аараф» поэмасы осыған дәлел. Ол «Әл-Аарафты» араб сөздігінен «адам жанының не жұмаққа, не тозаққа бармай, қияметті күтетін орны» деп тапса керек. Ислам дінінде оны «Барзах әлемі» деп атайтыны белгілі. Поэмада автор «адам жанының ең жоғарғы әсемдігі мен құдайға сенудің шынайы ақиқат жолын» толғайды. Ең бастысы – ешқандай діннің жетегінде кетпей, таза әдеби шығармашылық тұрғыда талдау жасамақ болады. Бірақ, бұл поэманы да Эдгар шығармашылығының жоғары сатысына қоюға келмейді. Оның өмірі мен әдеби еңбектерін зерделеген сыншылар: «Әл-Аараф – Эдгар По жастық шағының соңғы белесі», – деп атайды.

Өгей әке өзекке тепкен соң Эдгар жоқшылықтың зардабын қатты шегеді. Осының әсерінен жастық шағының көп уақытын карта ойнаумен, арақ ішіп, наша шегумен өткізеді. Алайда, ол өзінің бойында бар шығармашылық талантын ешқашан өлтірем деп ойлаған емес. Күндіз ырду-дырдумен әуестеніп, той-томалақ аңдыса, түн ортасына қарай қаламын алып, жазуға отыратын. «Кейде ол кедейшіліктен қажыған сәттерін ұмытып, ойын қиялға беріп, шығармаларын алаңсыз жазу үшін көп ішетін еді», – деп, естелік айтады көзін көргендер. Ал, кейбірі оны дер кезінде түсінбеген, тіпті, түсінгісі келмеген сынды. Бақталастары да аз болмаған. Оған Эдгардың туралықтан таймайтын, бір айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезі де әсер етсе керек. Оның әдеби ортаны бағындыруы 1833 жылы жарық көрген «Шөлмектен шыққан қолжазба» деп аталатын әңгімесімен тікелей байланысты. Дәл сол жылы «Шөлмектен шыққан қолжазба» балтиморлық апталық «The Visiter» газеті өткізген әдеби байқауда үздік атанып, авторға 100 доллар көлемінде сыйақы беріледі. Ақша да дәл уақытында жетіп, Эдгарды санаулы күн болса да аштықтан құтқарады. «Аштықта жеген құйқаның дәмі аузынан кетпеген» автор осыдан кейін-ақ прозаға ден қояды. Сонда да, азын-аулақ қаламақыға күн көрудің қиын екенін түсінген жазушы 1835 жылы өзі ұстаз санайтын жазушы Джон Кеннедиге хат жазады. Ол хатында: «Менің жаным ауырады. Бұрынсоңды мұндай күйге түспеппін. Өзімді бақытсыз санаймын. Мені «өмір сүруің керек және өмірден күдеріңді үзбе» деп көндіріңізші. Маған жанашырлық танытыңызшы», – дейді. Арада бірнеше ай өткен соң Дж.Кеннеди оған «жауыңмен (ең басты жауы «кедейшілік» еді – Н.Т.) аянбай күрес. Оған беріліп қойма» деген мазмұнда жауап жазып жібереді және өзінің досы, «Оңтүстік әдебиет хабаршысының» редакторы Томас Уайтқа Эдгарды жұмысқа алуын өтінеді. Оның үстіне бар болғаны 500 таралыммен шығатын хабаршы жаңа талантқа, өзгеше ойлайтын журналистке зәру еді. Эдгар бұл журналды өзінің жеке журналы ретінде балап, бар қажыр-қайратын сала жұмыс істеді. (Эдгар өмір бойы өзінің жеке әдеби журналы болса деп армандаған – Н.Т.) Бір жылдық жалақысы 520 долларды құрайды. Алайда, журнал 1836 жылдың аяғында әлдебір түсініксіз себептермен жұмысын тоқтатады. Шамасы, Томас Уайттың бақталастары журнал беделінің артып келе жатқанын көре алмаған сыңайлы.

Бұдан кейін де жазушы бірнеше газет-баспаларда қызмет атқарады. Ешқайсысына екі жылдан артық тұрақтамаған екен. Атақты «Құзғын», «Алтын қоңыз», «Тірідей жерленгендер» сынды шығармаларынан алған қаламақысы оны бәрібір кедейліктен құтқара алмапты. Оның үстіне, өзіне алыс туысқан болып келетін Виргиния есімді әйелінің (Виргинияға үйленуін әркім әр түрлі жорамал айтады, Ең бастысы – Эдгар бұл әйелін өте қатты жақсы көрсе керек. Оған жазушының әйеліне арнап жазған хаттары дәлел – Н.Т.) ауыр науқасы жазушының жанына тіптен де қатты батады. Күндіз нәпақа іздеумен сандалса, түнде шығармаларын жазып, науқас әйелін күзетумен уақыты өтеді. Өзге замандастары сынды бала сүю бақыты әйгілі жазушының маңдайына жазылмапты. 6 жыл бойы арпалысқан құрт ауруы ақыры 1846 жылы Виргинияны алып тынады.

1848 жылы Эдгар По Ричмондқа қайтып оралады да, бір кездері өзінің ең алғашқы некелі жары болған Сара Ройстерге кездеседі. Олардың ажырасуына өгей әке Джон Алланның ықпалы болған еді. Сондықтан, екі ғашық бір-біріне «өкпе-ренішсіз» кетіскен. Эдгармен ажырасқаннан кейін Сара бір ауқатты адамға тұрмысқа шығып, кейін күйеуі қайтыс болып, екі бала мен 100 мың долларлық дәулетке ие болып қалыпты. Құлай сүйген Эдгарымен екінші мәрте табысса да Сараның жазушыға қайта некелесуіне мүмкіндігі тумайды. Оған Сараның алдыңғы күйеуінен қалған балалары қарсылық білдірсе керек. Алғашқыда өгей әкенің, екінші рет өгей балалардың қарсылығына ұшыраған Эдгар По мен Сара Ройстер бірінбірі құлай сүйіп тұрса да оларға бір шаңырақтың астында өмір сүру бақыты бұйырмапты. 1949 жылы қыркүйек айының соңғы күндерінің бірінде Эдгар Ричмондта тұратын Сарамен қош айтысып, Балтиморға кетіп қалады. Арада екі апта өткенде оны әлдебір адамдар ес-түссіз көшеде жатқан жерінен тауып алыпты. Кейбір деректерде, жазушының тұла бойын арақ пен нашаның жағымсыз иісі меңдеп кетіпті деседі. Ауруханаға жеткен соң да оңалмай, ақыры 1849 жылы 7 қазан күні өмірден озады. Оның жан тапсырардағы ең ақырығы сөзі:

«О, құдайым! Менің байғұс жанымды құтқара көрші», – деп шығыпты. Ал, сүйген адамы қайтыс болғанын естіген Сара мүлдем тұйық жанға айналады. Тіпті, бір кездері Эдгармен үйленгенін, некеде болғанын, екінші мәрте қайта кездесіп жүргендерін де жоққа шығарып, зерттеушілер мен журналистері маңына жолатпапты. Тек, өзі қайтыс болар 1888 жылдан бірер жыл бұрын ғана доктор Джон Моран мырзаға бар сырын ақтарса керек. Мұнда Сара Ройстер «Эдгармен екінші мәрте кездескен соң тағы да жасырын түрде некелескендерін» мойындапты.

Ал, Эдгар По жерленген қабірдің басына барып жүрген белгісіз жан сол бойы анықталмаған. Бірақ, бірнеше жорамал бар. Біріншісі, Эдгар По қайтыс болған соң 27 жылдан кейін оның денесін шіркеуге жақын маңда орналасқан «жаңа қорымға» ауыстыру жұмыстары жүргізілсе керек. Алайда, жер қазушылар жаңылысып, Эдгар қабірін емес, оның жанына жерленген Мошеров әулетіне тиесілі өзге біреудің мүрдесін алып кетіпті-міс. Ескі қорымға келіп жүрген «жазушының рухы» болса керек. Екінші бір топшылау бұдан өзгерек, қисынға жақын келетіндей. Өйткені, «қабір басына белгісіз біреудің келіп-кетуі Эдгар Поның өмірден озғанына тура 100 жыл толған кезіне сәйкес келуі бекер емес» дейді зерттеушілер. Әйгілі тұлғаның еңбектерін оқып, жазушылығына бас иетін кейінгі ұрпақ «өмірден жақсылық көрмей өткен жазушыны әр жыл туған күнінде еске алып, өзі құмарта ішкен коньяк пен үш тал раушан гүлін қабіріне қойып кетуді парыз санаған» деседі. Демек, 59 жыл бойы әдеби әлемді дүрліктіріп келген «белгісіз зиярат етуші» елес те, рух та емес, кәдімгі екі аяқты, жұмыр басты пенде болып шығады. Алайда, жауапсыз қалатын тағы да бір маңызды сұрақ бар. Неге 59 жыл бойы екі-үш буын жыл құрғатпай зиярат етіп жүрген қабірге 2009 жылы жазушының туылғанына 200 жыл толған атаулы күннен бастап ешкім келмей кетті? Сірә, белгісіз жағдайда дүниеден өткен жазушының кейінгі өмірдерегі де шешуі қиын жұмбаққа айналған сынды. Ал, «жұмбақ шешуді жаны сүйетін» кейінгі зерттеушілердің көп екенін ескерсек Эдгар По шығармашылығы мен ғұмырбаяны әлі де талай тосын жайттарға толы болмақ.

 

Әдебиеттер

  1. Ковалев Ю.В. Эдгар Аллан По. Новеллист и поэт: монография. – Л., 1984. – 280 с.
  2. Осипова Э.Ф. Загадки Эдгара По: исследования и комментарии. – СПб., 2004. – 105 с.
  3. По Э.А. Избранное: в 2 т. – Т. 2. – М., 1996.
  4. По Э.А. Полное собрание рассказов. – М., 1970. – 360 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.