Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Газет мәтініндегі тақырыптардың синтаксисі

Қазіргі таңда көптеген аудандық, облыстық басылымдарды айтпағанда аттары дардай республикалық газеттердің оқырманы азайып, Қазақстан халқының газетке жазылуыда сиреп барады. Және бұның қоғамға белгілі тұлғалар айтып жүргенбасты екі себебі бар: Біріншісі, әр республикалық газеттердің өзіндік жеке сайттарының пайда болуы. Немесе басқа да ақпараттық сайт, порталдардың көбеюі. Екіншісі, газет мақалаларының оқырманды өзіне тарта алмауы, қызықтыра алмауы. Бірінші мәселені шешудің бірнеше тиімді жолдарын табуға болады. Мәселен газеттер өз сайттарына әр материалдың тек белгілі бір бөлігін салып, басқасын газет арқылы оқи алатындай жасау. Немесе онлайн түрде газетке жазылуға мүмкіндік беруге болады.

Енді екінші мәселенің шешіміне келсек. Мұндағы біздің зерттеп отырған аумағымызға қатысты басты проблема газет бетіндегі тақырыптардың дұрыс қойылмауы, дұрыс берілмеуі. Құрғақ сөзбен айтқанша, нақты мысалдар келтіріп көрелік.

Біріншіден, бұл басылым бетіндегі тақырыптардың өте ұзақ болуы. Бүгінгі біз өмір сүріп отырғанақпараттық заманда, жожоқ жай ғана ақпараттық емес жылдам ақпараттық заманда барлық адамдар үшін ең маңызды және де бағалы нәрсе, ол – уақыт. Осы себептен біз өз уақытымызды алатын әрбір артық заттан қаша бастаймыз. Сол секілді тым ұзақ мақаланы немесе ұзақ тақырыпты оқу да біз үшін аса қиын. Әсіресе егер олар дәл мынадай болар болса. Мәселен, «Ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі және қонақжайлылық индустриясы – Шымкенттегіхалықаралық көрменің басты тақырыптары» («Айқын» газеті, 25.11.2005), «Нұр Отан» Елбасы тапсырмаларының, партиялық міндеттемелерінің орындалуын жүйелендіруде» («Түркістан» газеті, 18.11.2015), «Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі екінші рет енгізілмек» («Түркістан» газеті, 16.11.2015),

«Қолдан кеткен қысқы олимпиада 2022 жылы қытайлардың қоржынын қампайтпақ» («Түркістан» газеті, 06.08.2015), «Жаңбырлатып суғаруға испандықтар жәрдемдеседі» (Айқын» газеті, 05.11.2015), «Қытайда қазақтың ұлттық билері мектеп бағдарламасына енгізілді» (Айқын» газеті, 23.11.2015) және т.б.. Осы тақырыптарды оқып отырып біздің ойға келетін бірінші сұрақ: Бұл тақырыптарды оқып отырған оқырманға мақаланы оқудың қаншалықты қажеті бар? Мұндағы әрбір тақырыпта мақаланың түсініктемесі, немесе кішкене аннотациясының толық нұсқасы айтылып отыр. Яғни, біз бұл мақалаларды оқымай-ақ, оның толық мағынасын, негізгі жеткібек ойын түсініп қоямыз. Және жай ғана түсінбейміз, сонымен қоса, журналистикадағы, ақпарат алудағы ең негізгі сұрақтарға жауап таба аламыз: Кім? Қашан? Қайда? Кіммен? Қалай? Не істеді?. Бұл бірінші жақтанжіберілген үлкен кемшілік болса, тағы да бір жағынан алып қарағандабұл тақырыптарды жай ғана оқудың өзі оқырманды өте қатты шаршатады. Қазіргі таңда біз тіпті жылдар бойы қалыптасқан, ғасырлардан жалғасып келе жатқан классикалық әдебиеттердің қысқартылған нұсқаларын оқу ға тырысамыз. Және оларды қысқартып жазуға өтініште білдіріп жүрміз. Ал онымен салыстырғанда басылым беттеріндегіосы секілді тым ұзақ тақырыптартүкке тұрғысыз нәрсе. Бұл тақырыптар біздің қоғамдағы газет оқуға деген онсызда азайып бара жатқан ынтаныәрі қарай тағы да кеміте түседі.

Тағы бір ескере кетерлік жайт бұл газет тақырыптарының әрбірінің астында өзіне тән түсініктемелеряғни аннотациялар болады. Мысалы, «Ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі және қонақжайлылық индустриясы-Шымкенттегі халықаралық көрменің басты тақырыптары» атты мақаланы алайық.Оның аннотациясында: «2015 жылдың 25-26 қарашасында Шымкентте 1-Оңтүстік Қазақстандық Agro Shymkent 2015 «Агроөнеркәсіп кешені және қонақжайлылық индустриясы» Халықаралық көрмесін өткізеді», – деп жазылған. Тақырыпты оқыдыңыз, мақаланың барлық мағынасы, қорытынды түсінікті болса, түсініктемені оқып неңіз бар. Ал түсініксіз болса, онда оқисыз да бәрін түсіне қоясыз. Мақаланы әрі қарай оқу, оқымау өз еркіңіздегі шаруа деп тұрған секілді. Алайда бұл журналист үшін тиімді позиция бола алмайды. Себебі ол өз мақаласын оқыта білуі тиіс емес пе?

Екіншіден, газет бетіндегі тақырыптарды қойғанда авторлар немесе редакторлар өздері «ойдан шығарған» әртүрлі теңеулердің, тіпті қарапайым сөздердің көптігі. Негізінде газеттекез келген БАҚ өкілі сындыең алдымен ақпарат беруші құрал болатын. Ал барлық ақпарат нақты және дәлме дәл берілуі қажет. Бірақ біздің басылымдарда әдеби теңеулердің, мақал-мәтелдердің бұрмалануы жиі-жиі кездеседі. Мәселен, қазақта «Жігіттің де жігіті бар азаматы бір бөлек, жылқының да жылқысы бар қазанаты бір бөлек» деген сөз бар. Біздегі көптеген мақалаларда осы сөз бұрмаланып тақырып ретінде қолдалынып жүр. Нақты мысал келтірсек, «Ұстаздардың ұстазы» («Түркістан» газеті, 05.15.2015), «Сөздікшінің де сөздікшісі бар» («Ана тілі» газеті, 18.11.2015). Осы секілді әртүрлі мысалдарды алуға болады. Бұл тақырыптар қарапайым синтаксистегі баршамызға белгілі «ақ десе ақ» деген мысал секілді. Немесе тақырыпты әдеби шығармамен шатастыратындарға қарап көрелік.

«Сүйінбай жырын селдеткен, Жамбылдың жырын тербеткен...» («Айқын» газеті, 16.11.2015), «Қайғыдан жылап көрмеп едім. Жылағым келді бақыттан...» («Айқын» газеті, 11.11.2015), «Сөз мәйегін терген» («Айқын» газеті, 11.11.2015) және т.б.. Бұл көбіне қандай да бір белгілі адамдар жайында жазылады. Алайда осы тақырыптар көбіне қайталанып отырады. Мәселен, «Алашшыл азамат» («Қазақ әдебиеті» газеті, 13.11.2015), «Ұлт аңсарының ұйытқысы» («Түркістан» газеті, 04.11.2015), «Өнегелі із қалдырды» (Айқын» газеті, 23.10.2015), «Аспантаудан аққан жұлдыз» («Қазақ әдебиеті» газеті, 27.11.2015). Бұл тақырыптардың мағыналары өте ұқсас келеді. Кейде осы әдеби сөздер көпшілікке түсініксіз болып жатады. Мәселен, үстіміздегі мысалдарды алып қарайық. «Сөздікшінің де сөздікшісі бар». Негізі мақала аудармашылар жайында, ал «сөздікші» деген сөз қазақ тілінде мүлдем кездеспейді. Бұл сөзді жаңа өзіміз айтқан аудармашы сөзімен ауыстыра салуға болады. Сол секілді «Алашшыл азамат» мақаласы. Бұл жердегі «алашшыл» сөзі де көпшілікке түсініксіз болады. Оны басқа да осы сөзбен мағыналас сөзбен ауыстырып қолданған жөн секілді. «Ұлт аңсарының ұйытқысы» деген тақырыпта аса түсінікті бола қоймас. Біріншіден, «аңсар» сөзі аңсау сөзінен шыққан, бұл сөзді арман немесе қалау сынды сөздермен ауыстырған жөн. Екіншіден, «аңсарының ұйытқысы» деген сөздің өзі түсініксіз. Негізінен «ұйытқысы» деп әдеби шығармаларда, теңеулерде біріктіруші, бірлікке, татулыққа шақырушы адамды айтып жатады. Ал «ұлт арманының» қандай «ұйытқысы» болуы мүмкін? Осы секілді тағы біраз мысалдарға қаралық. «Адам жүрегін ағартатын ғылым» («Қазақ әдебиеті» газеті, 13.11.2015). Тақырыптағы «жүрегін ағартатын» сөзі қандай мағына береді? Мақала философия ғылымы жайында, демек бұл адам ой-санасын өсіруге арналған ғылым туралы. «Ағартатын» сөзін автор «ағартушы» деген сөзден алған болар. Бұл жерде екі бірдей қателік бар. Біріншісі, «ағартушы» деп «педагогты» айтамыз. Екіншісі «жүректің ағаруы» теңеуі, «жүректің тазаруы» немесе «ой-сананың өсуі» сынды тіркестер жетерлік. Ал бұндай тіркес мүлдем кездеспейді. «Мемлекетті ұлт» («Түркістан» газеті, 10.09.2015). Мақала әрине қазақ ұлты жайында. Біздің өз мемлекетіміз бар деген мағынада. Мұндағы қателік «мемлекетті» сөзі, автор тақырыпты қысқа қойғысы келген болар. Алайда бұл сөз қазақ тілінде, оның үстіне ақпарат құралында қолданылғаны жөн болмас.

Үшіншіден, екінші мәселеге қарама-қарсы бүгінгі таңда пайда болған жаңа сөздерді тақырып ету. «ШЫМКЕНТ – БАЗАР ЖОҚ, БРАТ!» («Айқын» газеті, 18.11.2015), «Жігіттер, кончайте базар-вокзал» немесе қазақты құртудың әдісі» («Жас қазақ» газеті, 23.10.2015) деген мақалаларды алып қарайық. Бұл біздің ана тіліміздің алалануы болып есептеледі. Алайда осы жаңа сөздердің енуі арқылы жақсы тақырып тауып жатқандарда бар. Мәселен, «Трансформация тиімділігі» («Жас қазақ үні» газеті, 30.10.2015), «Еңсесі түскен Еуроаймақ елдері» («Түркістан» газеті, 05.05.2015). және бұл жерде тағы бір атап кететіні қазір көптеген авторлар бір әріптен басталатын тақырыптарды қоюға тырысады. Себебі, ол есте тез сақталады.

Әрине газет мәтініндегі тақырыптардың тек осал тұстарын емес, жақсы жақтарында айта кеткен абзал. Мәселен, осы ғасырдың басында «Қазақ әдебиеті» газетінде мынадай тамаша бір дәстүр болатын. Қандай да бір сараптамалық тақырыпты алып оны барлық тұрғыдан зерттеп жазу. Ал ол мақалалардың тақырыптары бар болғаны үш сөзден ғана тұратын. Дәлірек айтқанда бір сөзді үш рет қайталап қоятын да, бірінің соңына леп белгісін, екіншісіне, сұрақ белгісін, ал үшіншісіне, көп нүкте қоятын. Мысалы, «Әдебиет! Әдебиет? Әдебиет...» деген секілді. Бұл оқырманды өзіне тартудың жолы, әрі тек сөзбен емес тыныс белгілілерінің өзімен адамдардың қызығушылығын арттыруға болады.

Қазіргі басылымдардың ерекшелігін былай атап өтуге болады. «Шоқан шыққан шың» («Қазақ әдебиеті», 06.11.2015), Дағдарысқа қарсы дабыл» («Жас қазақ» газеті, 27.11.2015), «Болашақтың сауалы» («Жас қазақ» газеті, 27.11.2015), «Жапон жарылқайды» («Жас қазақ», 30.10.2015), «Той өтті. Түйін қалды» («Жас қазақ», 16.10.2015), «Ақ пен қара» («Жас қазақ» газеті, 07.08.2014), «Сән агенттігінің саудагері» («Айқын» газеті, 11.11.2015), «Сайрам шайқасының сардары» («Түркістан» газеті, 26.10.2015), «Соғыс және қасірет» («Түркістан» газеті, 08.10.2015). Байқап отырғандарыңыздай бұл тізімде «Жас қазақ» газетінің көш ілгері екендігі көрініп тұр. Мәселен, «Той өтті. Түйін қалды.» деген тақырып. Екі бір сөйлемнен құралған, бірақ сонда да қызықты. Егер осы мақаланың тақырыбын өзіміз келтірген мысалдардың біріне салып қойып көрсек. «Хан басына тағзым етуге басшылар неге келмеді?». Қай тақырып сәтті шықты. Қалай ойлайсыз? Немесе «Болашақтың сауалы» атты мақаланы осы логика бойынша ауыстырып көрелік. «Жастар әкім орынбасарына көкейдегі сауалдарын қойды». Алғашқы, яғни газеттегі тақырыптан сіздер тек тақырыпты көрсеңіздер, ары қарай түсіну үшін мақаланы толық оқуға тырыспас едіңіздер. Ал екінші, біз айтып отырған тақырыпта оқиға баяндалып қойды әрі қарай оқудың қажеті шамалы.

Қорыта келгенде түйген ой мынадай ең алдымен өз тіліміздің тілдік ережелерін сақтай отырып, оның ішінде синтаксистік ережелерге мән бере отырып, қызықты тақырыптар ойлап табуға болады. Және бұл үшін ұзын сонар сөйлем құраудың да, ұйқас қуудың да қажеті шамалы, орынсыз сөз тіркестерін ойлап табу керегі жоқ. Бар болғаны оқырманды тарта білетін түсінікті, дәлме дәл, қысқа тақырыптарды, мәйегімен мағынасы бар сөздерді қарастыру керек.

 

Әдебиеттер

  1. Сайрамбаев Т.Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1991.
  2. Сайрамбаев Т.Сағындықұлы Б. Синтаксис мәселерлері. – Алматы: Қазақ университеті, 2008.
  3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. (Оқу құралы) – Алматы: РБК, 2000. – 207 б.
  4. http://jasqazaq.kz/index.phpинтернет мағлұматынан.
  5. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Оқу әдістемелік құрал. – Алматы, 2000.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.