Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жастардың тілдік сәйкестілігі мен көптілділігін зерттеуде әдіс-тәсілдер таңдау негіздемесі

Қазіргі уақытта әлеуметтік лингвистика өзінің нысанын, мақсаты мен міндеттерін анықтап қана қойған жоқ, сонымен қоса тіл білімі ғылымына тән нақтылы нәтижелерін де беріп үлгерді. Әлеуметтік лингвистиканың ғылым ретінде негізін Париж және Женева мектебінің өкілдері (А .Сеше, Ш. Балли, А. Мартине, С. Кацевский, Р. Едаль т.б.), кеңестік диалектографистері (Г. Розенкронц, Т. Фрингс, Р. Горссе т.б.), кеңестік әлеуметтік бағытты ұстанушылар (Е. Поливанов, Р. Шор, В. Жирмунский т.б.) қалады. Отандық әлеуметтік лингвистика бұрынғы кеңес заманындағы әлеуметтік лингвистикалық бағыттың негізінде қалыптасты. Еліміздің тәуелсіздік алғанынан бергі жылдарда республикадағы тілдік жағдаят, тіл саясаты, оның өзіндік бағыттары арнайы зерттелді.

Қазақстандағы әлеуметтік лингвистика өзіндік тілдік құрылысы және онымен байланысты мәселелер ғылыми шешімін таба бастады. Бұл бағытта Б. Хасанұлы, М. Копыленко, А. Карлинский, М. Исаев, Э. Сүлейменова, З. Ахметжанова, С. Сайна, Н. Шаймерденова т.б. аға буын ғалымдарымен қатар, соңғы кездегі зерттеушілер К. Байбосынова, А. Құмарова, А. Абасилов, Г. Суюнова, С. Асанбаева, Д. Қасымова, Г. Алдабергенова, Г. Әлімжанова, т.б. еңбектерін атауға болады.

Қоғамдағы өзгерістерге немесе уақытқа байланысты өзгеріп отыратын тілдік құбылыстар тіл пайдаланушы ортада, әр түрлі әлеуметтік топтар арасында немесе субмәдениеттер, жай ғана екі адам арасындағы әңгіме диалогта да айрықша белгіленеді. Әрбір жағдаятта адам әр түрлі сөйлейді не болмаса әңгіме барысында өзгеріп отырады: өзара әңгімелесіп отырған екі тарап тең жағдайда немесе бірі басым түсіп, бірі тәуелділік танытуы да мүмкін.

Адамдар қоғамда бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда әр алуан рөлдерді кездестіреміз: әке мен бала, ерлі-зайыптылар, бастық пен қызметкер, жұмысшы мен жұмыс беруші, сатушы мен сатып алушы, дәрігер мен науқас, мұғалім мен оқушы, оқытушы мен студент арасындағы байланыс. Олардың бір-бірімен тілдік қатынасқа түскенде өзін ұстауы, тілдік әдептілік сақтауы немесе белгілі бір нормадан ауытқымауы секілді мәселелер де тілдің қоғамдық жағына мысал бола алады

Осы айтылғандарды таразылай келе, әлеуметтік лингвистика өз назарын тілге, тілдің ішкі құрылысына емес, оның қоғамда қалай қолданылатынына аударатындығын байқаймыз. Осыған байланысты оған әсер етуші факторлар (жасы, жынысы, білімі, кәсібі т.б.), сөйлеушілердің әр алуан сипаттамаларынан бастап нақтылы сөйлеу ерекшелігіне дейін есепке алынады.

Кез келген зерттеу жұмысының басында, әсіресе әлеуметтік лингвистика бағытындағы ізденістерде, ең басты мәселе зерттеу нысанын анықтау болып табылады. Сол нысанды мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу жүргізу барысында әдіс-тәсілдерді таңдау қиынға соғады. Себебі, сол әдіс-тәсілдер арқылы бастапқы мақсатқа жетуге болады. Олай дейтініміздің себебі, әдіс-тәсілдерді дұрыс анықтамасақ не болмаса ұтымды пайдалана білмесек, бастапқы бағыттан жаңылысып, өз мақсатымыз ға жете алмауымыз әбден мүмкін. Оны қарапайым мысалмен келтіруге болады. Егер де математик есеп шығару барысында қажетті формулаларды пайдалана алмаса, есеп дұрыс шықпайды.

Сонымен қатар, әдіс-тәсілдер зерттеу барысында, алынған нәтижелерге байланысты зерттеу бағыты, әдістері мен тәсілдері өзгеруі мүмкін. Зерттеу бағыты не кеңейе, не тарыла түседі. Мұндай жағдайлар зерттеу жұмысын түбегейлі өзгеруіне де әкеліп соғады. Сондықтан, қандай да бір зерттеуді бастамас бұрын, оны анықтауға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдай білу міндетті. Осыған байланысты әдістер жайында белгілі орыс зерттеушісі В.А. Звегинцев былай дейді: «... әлеуметтік лингвистика «әдістемелік тұрғыдан талғаусыз» болып келеді, және әдістемелік аппараты «оның ең әлсіз тұсы»» [1, 255].

Әлеуметттік лингвистика әдістері мен тәсілдері актив және пассив әдістер болып екіге бөлінеді. Актив әдістерге тест, сауалнама, сұхбат жатады.

Сауалнама – зерттеу міндеттері мен мақсаттарына байланысты сауалдар. Оларға респондент ауызша не жазбаша жауап береді. Сауалнама 3 бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім – сұрақтар мақсатын түсіндіру және анонимдік деңгейін көрсету, негізгі бөлім – нөмірленген сұрақтар тізімі, қорытынды бөлім – респонденттер туралы демографиялық-әлеуметтік мәселелер, олардың ойы және тілектері.

Сауалнамаға қойылатын өзіндік талаптары да бар, олар шындыққа сәйкес болу керек және валидтілік пен нақтылық сақталуы тиіс.

Сұхбат алу – зерттеуші мен информанттың тікелей қатынасында қолданылады. Әлеуметтік лингвистикалық мәлімет алу үшін тәжірибе жүргізушінің информанттардың белсенді сөйлеу әрекетін туғызу мақсатымен коммуникативтік процеске араласуына жағдай жасауымен байланысты. Тәжірибе жүргізуші тестілеуде: орынды өзі таңдайды, информанттарды жынысына, жасына, мамандығына, біліміне қарай топтастырады, тақырып сұрақтарын сұрыптайды. Әдістердің мұндай түрінде уақыттың үнемделмеуі мен керекті құралдардың көптігі – оның кемшілігін байқатады.

Пассив әдіс жазбаша құралдар арқылы тексереді немесе почта арқылы сауалнама сұрақтары жіберіліп сұрыптайды. Бұл әдістің алдыңғы әдістен артықшылығы – уақыт үнемдеу және информанттардың үлкен топтары қамтылады, кемшілігі – информанттармен тікелей қатынаста болмауы.

Осы әдістердің ішінде жастардың тілдік сәйкестілігі мен көптілділігін анықтауда сауалнама әдісі таптырмас құрал бола алады. Сауалнама – макроәлеуметтік зерттеулерде қолданылады. Осы күнге дейін біршама ғалымдар бұл әдістің нақты әрі шынайы ақпарат бермейтіндігін атап өтсе де зерттеулерде үздіксіз қолданылып келеді. Сауалнамаға қатысты зерттеуші Ж. Смағұлова былай дейді: «Сауалнама әдісі тілдік әдепті тұрақты әрі белгілі бір уақыт аралығында қайталанып тұратын үдеріс ретінде қарастырады. Белгілі бір жағдайларда тілді қолдану жиілігі мен таралуы ұғымы күнделікті тіл таңдауының код алмастыру, код араластыру, стилизация немесе көпдауыстылық сияқты көпжақтылығын көрсете алмайды» [2, 83].

Тіл қоғамда адамның сәйкестенуіндегі аса маңызды құрал болып табылады, ал тілдік әйкестілік тұлғаның және топтың тілдік сипаттарының жиынтығы ретінде анықталады (тілді/тілдерді білуі немесе тілдік құзырет, тілдерді қолдану немесе тілдік қондырмалар) [3, 5]. Осындағы тілдік сәйкестілік терминіне анықтама беретін болсақ, ол Э.Д. Сүйлейменова, Ж.С. Смағұлованың

«Языковая ситуация и языковое планирование в Казахстане» атты еңбегінде «сәйкестілік – идентичность: 1. В социологии, психологии – процесс эмоционального и иного (само) отождествления индивида с другим человеком, группой, образцом. 2. В социологической и социальнопсихологической литературе термин индентификация использется более широко, обозначая, с одной стороной имитацию, подражательное поведение, с другой (особенно в исследовании личности) – эмоциональное слияние с объектом. В социолингвистике идентичность – это отождествление индивида с определенным этносом, национальностью, языком» деп анықтама беріп өтеді [4, 281].

Жастардың тілдік сәйкестілігі мен көптілділігін анықтау үшін 18–35 жас аралығындағы респонденттерден сауалнама алдық. Жалпы сауалнамаға 50 респондент қатысты. Оның басым көпшілігі – студенттер мен магистранттар болды. Сауалнаманың құжаттық бөлімінде жауап беруші жайында толық мағлұмат алу мақсатында, оның жасын, жынысын, білім деңгейін, жұмыс орнын, мамандығын көрсетуді ұсындық. Және де алынған нәтижелерді географиялық аумаққа байланысты сараптау мақсатында туған өлкесі мен қазіргі тұрғылықты жерін, және соңғы он жыл ішіндегі тұрған жерін белгілеуді талап еттік.

Сауалнама бір мезгілде емес, әр уақытта және әр түрлі топ студенттерінен алынды. Респонденттерге сауалнамаға жауап беру үшін он сағат көлеміндей уақыт берілді және сауалнама мақсаты мен талаптары алдын ала айтылды. Сауалнамадағы бірінші сұрақ: «Сіздің күнделікті тұрмыста қолданатын тіліңіз қай тіл?». Бұл сұраққа алдын ала дайындалған төрт жауапты көрсеттік, респондент оның біреуін таңдауы тиіс немесе өз нұсқасын белгілейді. Бірінші сұраққа толық жауап бергендер үлесі – 62%, қалыс қалғандар – 13%, жауап беруге қиналғандар саны – 25% (1-диаграмма).

18‐23 24‐29

Қазақ тілі Орыс тілі Аралас Жауап беруге қиналамын

1-диаграмма – «Сіздің күнделікті тұрмыста қолданатын тіліңіз қай тіл?» атты сұрақ жауабының статистикасы

Бұл диаграммадан байқағанымыздай, қазақ тілін таңдағандар саны өзге жауаптардан басым, дегенмен бұл көрсеткіш 18–23 жас аралығындағы респонденттерде жоғары пайызға ие. Осы топтағы респонденттер де төртінші жауап, яғни

«Жауап беруге қиналамын» деген нұсқаны таңдауда алдында тұр. Екінші топ, яғни 24–29 жас аралығындағы респонеденттер аралас тілді қолданудан жоғары көрсеткішке ие болып шықты. Мұндай жауаптардан әр түрлі ықпал етуші факторларды шығаруға болады. Оның қатарында, саяси жағдай, тілдік саясат, тұрмыстық ахуал, тілдік ықпал секілді жағдаяттар да бар.

Сауалнама бойынша екінші сұрақ: «Сіз отбасыңызда және отбасы мүшелеріңізбен қай тілде сөйлесесіз?». Бұл сауалға бірінші сұрақтағыдай жауаптар реті берілді. Жауап берушілердің үлесі – 75%, қалыс қалғандар – 7%, жауап беруге қиналғандар саны – 18% (2-диаграмма).

Бұл сұрақты таңдауымыздың себебі, қазіргі қоғамда жастар әр ортада (үй ішінде отбасы мүшелерімен, достарымен, жұмыс орны мен оқу орнында) әр түрлі тілде қарым-қатынасқа түседі. Екінші сұрақта да қазақ тілінде сөйлеушілер саны көп екендігін байқамыз, бірақ топтар арасындағы біршама айырмашылықтар да көрінеді. Мәселен, үшінші топ аралас тілді белсенді пайдаланатындығын көрсетсе, екінші топ отбасында орыс тілінде сөйлесетіндігі анықталды.

Осы секілді сұрақтар реті жалғаса берді: достарыңызбен, оқытушылармен, таныс емес адамдармен, қызмет көрсетушілермен тілдік қатынасқа түскенде қай тілді пайдаланасыз іспетті сұрақтар.

Тіл біліктілігіне қатысты сұраққа барлығы дерлік жауап берді. Дегенмен, тіл біліктілігін арттыратын тест үлгілері арқылы анықтамағандықтан, тілдік деңгейі қай дәрежеде екенін нақты біле алмаймыз. Бірінші топтағы, яғни 18–23 жас аралығындағы жастар қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен қатар, неміс, француз, қытай, корей, түрік тілдерін меңгергендіктерін жеткізді. Екінші топтың көрсеткіші бірінші топпен салыстырғанда 8%-ға артта қалса, үшінші топ бірінші топтан 17%-ға төмен көрсеткіштерді көрсетті.

Қазақ тілі Орыс тілі Аралас Жауап беруге қиналамын

2-диаграмма – «Сіз отбасыңызда және отбасы мүшелеріңізбен қай тілде сөйлесесіз?» атты сұрақ жауабына жасалған статистика

Қорыта айтқанда, әлеуметтік лингвистика болсын, басқа да тіл білімі салалары аясында жасалған зерттеулер барысында қажетті нәтижелерге қол жеткізу әдіс-тәсілдің оңтайлы қолданылуына байланысты болып табылады. Сондықтан, зерттеудің әдістері мен тәсілдеріне жете мән берген жөн. Осы жұмыста зерттеу нысанына орай таңдалған сауалнама әдісі жайында ашып жазуымыз да осыдан. Жастар тілінің сәйкестілігі мен көптілділік үлесін сауалнама арқылы анықтау мұнымен тоқтамайды, алдағы зерттеулерімізде респонденттер саны мен оларды қамту аумағын кеңейтіп, бұдан да өзге нәтижелерге қол жеткізу болашақ еншісінде.

 

Әдебиеттер

  1. Звегинцев В.А. Мысли о лингвистике / В.А. Звегинцев. – М.: Изд-во Моск. ун-та, 1996. – 335 с.
  2. Смағұлова Ж. Әлеуметтік лингвистикалық өзгерістер: зерттеу жұмысының әдістемесі мәселесі // Тілтаным №4 (52). – Б. 80-84.
  3. Сулейменова Э.Д. Архетип «гадкого утенка» и языковая идентичность // Языковая идентичность: Материалы Международной конференции. – Алматы, 2006. – C. 15-25.
  4. Сулейменова Э.Д., Смагулова Ж.С. Языковая ситуация и языковое планирование в Казахстане. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 344 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.