Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жүсіпбек Аймауытұлы – қазақ жазба прозасының бастауында

Мақалада ХХ ғасырдың басындағы әдеби дамудағы ықпалды тұл­ ға Жүсіпбек Аймауытұлының кенже дамып, кеш өрістеген проза жан­ рындағы елеулі көркем туындысы – «Ақбілек» романындағы тарихи кезең шындығы, қаламгердің көркем сөздегі стиль даралығы, жазу тәсілі мен машығы, тақырыптың қазіргі кездегі жан­жақты зерттеліп пысықталып отырғандығына қарамастан әлі де зер салуды күтіп жат­ қан тұстары туралы пайымдаулар жасалады.

Жиырмасыншы ғасыр басында қазақ әдебиетінің көркемдік даму бағыттары тұрғысында қаламгер қауымы ден қойған өзекті әдеби мә­ селелер, өзара шығармашылық ықпалдастық, көркем туындыдағы та­ рихи кезең шындығы, кейіпкер болмысын тұлғаландырудағы жазушы шеберлігі; тіл қолданыс, портрет жасау, әрекет динамикасы, т.б. сын­ ды көркемдеу тәсілдерін танып, бағалауда Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылық дарын даралығында зерттейтін құбылыс мол.

ХХ ғасырдың басы қазақ сөз өнерінің бар жанрда өріс кеңіткен, дәстүр туғызған құнарлы бір дәуірі болды. Сөзді халықтың қилы себептерден кеш дамыған жазба прозасының жауһар үлгілері үдете жазылып, жарық көрген.

Дәуір салмағы жүрекке түскенде қаламын қару еткен ел қорғандарының жазудың жаңа бағыттарын түзген түпкі мәніне қаныға түсіп отырған қазіргі кезеңде Жүсіпбек Аймауытұлы туралы да айтылар сөз таусылар емес.

Сол бір заманда қаламгердің барлығы қайраткер болды. Қазақ қамын ойламаған, толғамаған кезі жоқ.

Көркем сөз арқылы бой түзету, ой түзетудің ежелгі дәстүрі жойқын бір қуатпен қайта жаңғырған қайырлы тұста Жүсіпбектің жүрдек қаламы тосылмай, тоқтамай жұмыс жасады. Жазуға тиіс, жазылуы керек жайлар жан тыныштығын шайқайды. Жаратылыстан дарыған жазу құштарлығы қанат байлайды. Содан барып «Қартқожа», «Ақбілек» сынды өмір сәулесімен қуаттанған қайырлы дүниелер шығады.

«Ақбілек» және сол дәуірдің кезең ауанын сіңірген «Бақытсыз Жамал», «Тар жол, тайғақ кешу», «Әділ-Мәрия» романдарындағы, сонымен қатар ондаған повесть, қара сөз үлгілеріндегі өмірлік арқау, көркемдеу қисындары, сол шығармалардың дәстүр туғызу, жазу шеберлігін шыңдауға баулудағы өрісті өнегесін қамтып отырып, сабақтастыра саралау дағдысын үрдіске айналдыру бағытында кешеуілдеп келе жатқандаймыз. Арнайы зерттеу еңбектердің қайырлы нәтижелерін тұтас үдеріс ауқымында танып, танытуда бір қайнауы жетпей жатқан топшылаулармен тоқтап қалып жүреміз.

Ақбілекті қайыра бір оқығанда осы бір ойлар оратылып қалмай отырады. Сәт сайын тосын топшылауларға тартқандай тың бір қисындар қылаң беріп, қояр емес.

«Ақбілек» көп қырлы. Кезінде оны қалың көпшілік аузын ашып, көзін жұмып оқыған. Одан соң... Одан соң ұзақ заман өткенде, Ақбілек тағы да құныға оқылды. Құнттап оқыдық. Оқиға қуып оқитын оқушы да, ой қуып оқитын оқушы да қанағат тапты.

Қай-қайдағыны тірілтіп отыратын жанды дүние екен. Қайдағы-жайдағыны қозғап кететін әсерлі екен. Жайнаған бір сұлулық екен. Мұңы да көп, сыры да шалқар.

Жазушы Ж.Аймауытовтың сөз қуаты жойқын. Апырып-сапырып, ана тіліне еркелеп отырып, билеп-төстеп сөйлейтін мәнерін, машығын айтыңыз. Суретші. Дүниені қаз-қалпында, айнақатесіз ашатын қалт жібермей, қағып алып отыратын, әккі шебер.

Жазушы Алтайдың бөктеріндегі ел қалпын жүдеу де, жарасқан жақсы күнінде де, әр сәт, әр қырынан бағады.

Малы, жаны түп-түгел, ырыс-берекесі толықсып отырған Мамырбай ауылын жау шапты.

Жазушы осы бір тұстарда бір от басы, бір адам, бір ауыл топ болған қасіретті тұтас ел тағдырымен астастырып отыр. Жапа шеккен Ақбілек ұлттың тұспалы. Арманды туынды арқылы автор елі азат болатын келешекті болжайды.

Орыс дегенін істеген байғұс елдің қор болмаған несі қалып еді дейтіндей.

Романда Жүсіпбек Аймауытұлы Кеңес өкіметі әкелетін жақсылықтарға үміт жалғайды.

Романтикалық сипаты басым көрінетін шығармада автор өмірдің ақиқат астарларын қайтақайта ашып тастап отыруды көздейді.

Даласы бар, қаласы бар аралас-құралас алдап кездесіп отыратын адамдардың кейпіне шынайылық дарыту үшін не керектің бәрін қолдануды қолайлы көретін қаламгер тұлға сомдау дейтін күрделі сынақтан тайсақтамайды. Талай тұста табысына ортақтастырады. Мамырбайдың қазақы ақсақалдық болмысы әр сәт, әр сөз, әр әрекетімен біртіндеп түзіледі, тұтастанады.

Өмір салтында, отбасылық ғұрыпта әкені әулиедей көретін қазақтың қызы Ақбілектің күйзеліс күйін, әке тұрқымен шебер жымдастыруында жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы шығармадағы ұлттық характер даралығын түзудің төлтума нышандарын барлайды.

Мамырбайдың намысқа өртенген қайран әкенің шығарма барысындағы қарекеті, орынды, орайлы. Ер адамның жаратылыс ерекшелігін айқындай түсетін өмір ағысындағы әр алуан сәттерден жазушы керегін тауып ала қояды.

Шаруабасты отағасы, үй-ішілік кикілжің, ұсақ-түйекке араласа бермейтін қазақы кесек мінез Мамырбайдың кейде сөре түсіп қалатын осалдығы да болатынын құлақ, қағыс етіп кетеді.

«Ақбілек» романында кезең ауаны мейлінше ауқымды қамтылып отырады. Алтай баурайын ен жайлаған қыр өмірі де, ел салтына дендеп кірген тұрмысының қыр-сыры, замана райы мың құбылған дүбірі, дүбілуі көп уақыттың әр деңгейлі міндет алып жүрген, ой-танымы, мінез-құлқы, тұрпат-тұрқы алуан-алуан көзкөргендерінің болмыс-қалпы шығармада боямасыз, қанық суреттелінеді.

Жазушы күрделі уақыттың тынысын, беталысын, аяусыз ақиқаттарын орайын келтіріп айтып өтуді мақсат тұтқаны сезіледі. Таза көркемдіктің күрделі иірімдеріне қолайлы бола бермейтіндігіне қарамастан, жазуда хроникалды-деректік, анықтамалық, танымдық ұстанымдарды да кәдеге жаратады.

ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихын сан бағытта саралап жазылып жатқан зерттеу, ғылыми еңбектердің сан тарап тоқтамдарын сіңіріп, ұғынуға «Ақбілек» сынды кезең ауанын тұтастықта байыптауды міндет санаған көркем туындылардың зор септігі тиеді.

Қазақ оқығандарының қалпы, замананың ұстатпайтын түлкібұлаң мінезі ел арасындағы жекелеген адамдардың пиғыл-әрекетімен айқындала түсіп отырған. Мұқаш, Әбен бай, Жылтыр, Ақбала, Бекболат, Балташ, Бозінген, оның күйеуі Көркемтай, Ұрқия т.б.

Роман құрылымындағы көркемдік тәсіл тартымды. Жалықтырмайды. Ынтықтырып отырады. Ақбілек тағдырына тұтас бір уақыттың сипатын тоғыстыра жазуға ден қойған қаламгер әсіресе тіл қолданыс, деталь арқылы ауқымды дүниеге меңзеу, қарекет шындығы, қарекеттің сыйымдылығы, көркемдік тұтастықтың портрет, пейзаж сынды арқаулары, кейіпкердің жан күйі, күйзеліс, марқаюы, мардымсып, емексуі сынды толып жатқан көркемдік тұғырдың қажетті бөлшектерін қалауын тауып қосып отыруда төгілте баяндау, сөйлету, сөйлестіру, ым, ишара тәсілдерімен түлете түседі.

Шығармада автор көркемдік шегініс арқылы оқиға, ой өрбіту тәжірибесін де байқап көреді.

Хат жазу үлгісін кіріктіруі де сол кезең әдебиетінде үрдісте болған тәсілдерден күнделік жазуды кіріктіруінде де көркемдік мақсат көзделген.

Қаз-қаз басып, қанатын енді жайып келе жатқан қазақ романының сол тұстағы алымын аңдап отырып жазылған «Ақбілекте» көп жайды бастан шалып, өзің де білесің дегендей желдірте айтып өтетін тұстар болса – ол да сол кезең оқырманының талап, талғамын ескеріп отырудан деуіміз керек.

Автор замана желі онсыз да қағанаты қарқ, сағанағы сарқ күндері баяғыда бастан тайған бағы кем елінің ел болудан кетіп бара жатқан сиқын барлап күйзеледі. Қуана қоятын дәнеңе таппайтындай кейде.

Ұлтшылы да, ұлтсызы да біртүрлі жатбауыр тартып бара жатқан халықтың келешегі қандай деген сауал көкейде тұрғаны анық.

Ақбілектің ішкі түйсік, сезім күйлерін ақтарып тастап отырып жазуы Жүсіпбек Аймауытов – қазақ әдебиетінде көркем образ сомдаудың шынайы негіздерімен суарылған ХХ ғасыр басындағы көркемдік ағымды қалыптастырып, дамытуға елеулі ықпалы тиген қаламгер болғандығын айқындай түседі.

Жазушының құбылысты құбылыспен ұштастыру тапқыштығы айрықша назар аударады.

«Күн батпай-ақ, көз барында манағы айтқан терең шаттан іннен шыққан қасқырларша, шұбап шықты төрт атты».

Шығармада қазақ прозасына баяулап орныққан сөйлеушінің сырын шашып, ішіндегісін ашып кететін сөйлесу үлгілерін автор молынан қолданған. Кісісіне қарай сөйлету ел мінезін баққан суреткердің қолайлы тәсілдерінің бірі.

Жүсіпбек Аймауытұлының әр қалыптағы, әр деңгейдегі, әр қилы әлеуметтік мәртебедегі ел адамдарын қосып отырып өрбітетін оқиға, ой желісінде көлденеңнен кіріккен басы артық баяндау, байыптау, ұзақ ұғындыру жоқ. Жедел, ширақ уақыттың ырғағын, «асығыс» жүрісін сезінтіп жазады.

Қазақтың осал тұстары астарлы ишарамен де, ашып-шышып айтумен де түгенделген. Өсектің шапшаң өрісі, күншілдік күйігі, болмашыға мардымсыған тайқы таяздың, мансапқорлық, партиягерлік, пәле қуған бұзықтық... толып жатқан ұлт ағзасын құрт ауруындай құртатын, құрдымға тартатын құнсыздықтар шошаң етіп алдыңнан шығып отырады.

Қанында қас артықшылығы көп елдің азыптозуы қай замандардан басталғаны, қалай даулаған өрттей бой бермей өршігені ойлантсын деп жазған ғой дейсің.

Жүсіпбек Аймауытұлының адамның аяқ асты айнып, бұзыла қалатын осалдықтарын аяусыз

«бетке басып» жазуда дара үздірген жүйрік.

Қалың елдің итшілеп күн көріп жатқан жалшы, малшысы бауырмал ағайыны көргені көп, алды кең ақсақал қариясы, астам, асқақ, «артық туғандары», кісіліктің бір кілтін ұстап жүрген қамкөңіл аға-жеңге, оқығаны мен озғаны, қоры мен зоры – ешқайсысы қалыс қалмай тұтас қатысқан шығармада сол ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көркемдік салмағын көтерген жаңа бір үрдістің жасампаз нышандары жарасым тапты.

Шәкәрім Құдайбердіұлының, Міржақып Дулатұлының, Мағжан Жұмабайұлының, Сәкен Сейфоллаұлының, Мұхтар Омарханұлының, Бейімбет Майлыұлының, Сәбит Мұқанұлының,

Ғабит Махмұтұлының, Ғабиден Мұстафаұлының, Жиенғали Тілепбергенұлының, тағы да басқа сөз ұқсатқан қаламгерлердің шығармаларының барлығында да басымдықта болған қайнаған замандағы ел өмірін мұңымен, мұратымен, сыр-сымбатымен, сыралғы салтымен тұтас алып жазуға құштарлық қуат Жүсіпбек Аймауытұлының жазу бағытында да асып-төгілген айқын белгілерімен көркемдік кеңістік түзді.

«Ақбілекте» сол ХХ ғасыр басында, әдеби шығармаға мығым орныққан бай-жуандардың қалпы қаныға түсті. Әбен байға Мамырбай таңырқай қарайды. Әбен – жаңа замананың байы.

Жазушының шығармаға дарытқан тың үрдісінің бірі – ел адамдарының тұтас көрініп отыруы.

Жүсіпбек Аймауытұлының көпшілікті ұдайы қамтып отыру дағдысы сахналық шығарма шартымен сабақтасып жатқаны білінеді. Қазіргі тілге көшсек, бейне бір өмір көріністері мақсатты түрде көзге шалынып отыратын кеңқұлаш фильм көріп отырғандай әсер бар. Жазушы сахна, кино тілімен сөйлеу тәсілдерін барлайды.

«Ақбілек – романның негізгі кейіпкері болғанмен, ол жалғыз емес. Жазушы оның өскен, әрқилы өмір кешкен ортасын, қарым-қатынастағы адамдарды суреттеу арқылы заман шындығын жан-жақты шынайы бейнелейді...

Біріне бірі ұқсамайтын, ескі қазақ ауылында кездесетін типтерді даралап, бейнелеуде Жүсіпбектің суреткерлік шеберлігі айрықша танылады» [1].

Ескі қазақ ауылында кездесетін типтер...

Сол типтердің ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде кесек-кесек бейнесі бар. Кейінде жазылған ірі прозамызда сол дәстүр жалғасын тапқаны, жазу мақсаты, жазу тәсілі тезге түсті дегеннің өзінде де үзілмеген үрдіске айналғаны белгілі.

«Ақбілектегі» әрбір тип алдыдан шыққанда оларға ұқсағандардың кейінгі көркемдік тағдыры туралы ой көлденеңдеп отырған.

Бай малын бағып бақсыз өткен Қойтеке «Абай жолындағы» Иса, Иіс кемпірді еске түсірді.

Және бір тұстарда «Оянған өлкедегі» Қазанғапты ойладық. Итбай, Сәрсенбай, Мамырбай, Әбендер, Игілік, Жұмандар, «Дауылдан кейін»,

«Көз көрген»...

Академик Серік Қирабаев Жүсіпбек Аймауытұлының қазақ прозасының шеберлік шыңдауындағы өлшеусіз тарихи мәнін тарқата, тереңінен тартып бағалады.

«Романда ел тұрмысы суреттерінің негізінде жасалған әйелдердің нақты тұлғалары мол. Қанша дегенмен, қазақ ауылының сыртқы тіршілігі, мал қамы ерлермен байланысты болса, ауыл үй тіршілігін ұстайтын, оны реттейтін, ұқсататын да, ұқсата алмайтын да әйелдер ғой. Осы тұрғыдан жазушының әр үйдің тұрмыс-тіршілігін суреттеуді сол үйдің әйелінің мінезін бейнелеумен байланысты көрсетуі шындыққа әбден сай келеді» (С. Қирабаев). Осы уақыт сол ХХ ғасыр басындағы әдеби шығармаларға тән болғаны рас. Кімді, нені болсын шынайы күйде алып суреттеу машығы, бірте-бірте қолдан әлуеттендіру, сыпайы-сырдақ қалыпқа түсіру машақатына ұласып кете барған.

 

Әдебиеттер

1 Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт, 2007. – Т. 8. – 448 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.