Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шарттылық: танымдық ерекшелігі мен семантикалық құрылымы 

Біздің зерттеуіміздегі «шарттылық» көпорталықты өріске жата­ ды. «Шарттылық» семантикалық типін «шарттылық» макроөрісі деп алып, оның грамматикалық өзегі ретінде себептілік категориясын есептейміз. Шалғай өрістері – бұл шарт, салдар, қарсылықты, мақсат өрістері. Енді осы макроөрістегі бір микроөріс – шарт шағын өрісін функционалды­семантикалық өріс деп өз алдына қарастырсақ, онда шарт пысықтау өзегі бар өрістер қатарына жатады. «Шарттың» өзі грамматикалық өзек болады да, оның шағын өрістері қатарына себеп, салдар, мақсат, мезгіл, салыстыру, етіс т.б. енеді. Бірінші қабатында шарт мағыналық типін жеткізуші құрылымдық құралдар орналасады. Бұл – сабақтас құрмалас сөйлемдердің конструкциясы. Бірінші қабат­ қа қарағанда, екінші қабат үшін құрылымдық ерекшеліктер маңызды емес. Екінші қабатты құрайтын – салалас сөйлемдер, жалғаулықсыз салаластар, жай сөйлемнің типтік түрлері. Үшінші, соңғы қабатты әр түрлі реңктер түрінде жұмсалатын категориалды емес семантикалық элементтер түзеді. Орталық пен шалғай қабаттың аралығында орна­ ласатын аралық қабат категориалды мағынамен тең дәрежедегі ка­ тегориалды емес құрылымдардан түзіледі. Шарттылық қатынасты білдіретін барлық тілдік құралдар ешқандай формамен шектеліп қал­ май, белгілі бір жүйеде – шарттылық макроөрісін түзетін өрістердің кешенінде қатар түзеді.

Шарттылық конструкциясының семантикалық құрылымына танымдық және коммуникативті-прагматикалық тұрғыдан келу зерттеудің мақсатына басты бағыт бола алады. Танымдық қызметте сөйлеуші объективтік шындықты танудың субъектісі, хабардың және оның бағасының авторы ретінде жүреді. Ал коммуникативті-прагматикалық қызметте сөйлеуші екінші коммуникант – адресатқа бағытталған хабарды жеткізу арқылы оған әсер етуді көздейді.

Сананың танымдық қызметінің түрлі формалары объективтік шындықты танудың екі деңгейімен байланысты болады. Ол – эмпирикалық және теориялық деңгейлер. Танымның эмпирикалық деңгейінде бақылауға алынатын нысан – бұл объективтік шындықтағы зат пен құбылыстың арасындағы себеп-салдарлық тәуелділік. Яғни, сөйлеуші нақты шындықты сипаттайтын себеп-салдарлық байланысты бекітеді. Бұл айтылғандар – нақты, заттық қатынастар әрі бұндай қатынастар оларды танушы субъектінің санасынан тыс, объективті болуымен ерекшеленеді.

Танымның теориялық деңгейінде сананың қызметі объективтік шындықты тікелей білдіруге емес, нақты әлемдегі құбылыстардың барынша мәнді, астарлы жақтары мен байланыстарын білдіруге бағытталады.

Танымдық қызметтің эмпирикалық жағы белгілі бір мөлшерде адам санасының танымдық ақпараттарды жинақтау, сол ақпараттарды сөзтудырымда, коммуникацияда қолдану белсенділігімен байланыста болып келеді. Яғни, сөйлеуші мақсатының аз бөлігі адресатқа әсер етуге емес, оған тек осы жиналған ақпараттарды хабарлауға ғана бағытталады. Бұл прагматикалық белсенділіктің аз ғана бөлігін иеленеді.

Прагматикалық белсенділіктің көбірек бөлігі объективтік шындықтың теориялық деңгейіне сәйкес келеді. Нақты айтқанда, сөйлеушінің өз ойын жинақтай отырып, адресатқа ашық не жасырын түрде әсер етуіне – оны хабардың шынайылығына иландыруға, оған өзінің белгілі бір дерекке, субъекті, объектіге қатысты бағасын, көзқарасын таңуға, эмоциясына әсер етіп, әрекетке итермелеуге негізделіп құрылады, яғни, сөйлеуші адресатқа бағытталған коммуникативті-прагматикалық мақсатты жүзеге асырады.

Бұл айтылған танымдық қызметтің эмпирикалық және теориялық деңгейлерінің сабақтастығы тілдік жүйе мен тілдік ортаның өзара әсерлесіп, «қызметке» бағынуына себеп болады. Тілдік бірлік белгілі бір қызмет атқару үшін белгілі бір ортаны қажет етеді. Функционалды грамматикада бұл «тілдік орта» және «сөйлеу ортасы» деп сипатталған. Р. Әмір:

«Тілдің негізгі коммуникативтік, яғни, пікір алысу үшін жұмсалатын тұлғасы деп сөйлемді айтамыз,» – деп сөйлемге анықтама береді [1, 4]. Сөйлемнің сөйлеуде жұмсалатын қызметі функционалды грамматикада қарастырылады. Сөйлеудегі қызметі оның семантикалық қызметіне, ал сөйлемдегі қызметі құрылымдық қызметіне негізделеді. Семантикалық қызмет пен құрылымдық қызметтің өзара байланысы синтаксисте байқалады. Яғни, тілдік орта мен сөйлеу ортасының өзара байланысып, бір қызметке бағынуының көрінісі – бұл сөйлем. Зерттеу жұмысында шарттылықты білдіретін әр түрлі тіл деңгейіндік құралдардың жүйелік-құрылымдық ұйымдасуы синтаксистік бағыттағы функционалды-семантикалық өрістер түрінде сипатталған.

Мақаланың нысаны – шартты рай формасының қатысуымен жасалған сөйлем, мақсаты – оның синтакистік және коммуникативтік потенциалы (мүмкіндігі). Яғни, мақалада құрылымды негізге ала отырып, тілдік форманың семантикасына баса назар аударылады. Аталмыш зерттеу форманың құрылымдық жағымен бірге объективтік шындыққа қатынасын, оған сөйлеушінің көзқарасын оның мағыналық мазмұнымен байланыстыра отырып, коммуникацияда қарастыруды мақсат етеді. Бұл көпаспектілік ұстанымға негізделген жүйелі зерттеуге тән ерекшелік.

Лексикалық және грамматикалық деңгейлер тіл жүйесінде парадигматикалық және синтагматикалық қатар түзіп, белгілі бір семантикалық қатынастарды білдіреді. Шарттылық семантикасы синтаксистік деңгейде екі түрлі оқиғаның немесе екі түрлі әрекеттің арасындағы себепсалдарлық байланысты білдіретін қарым-қатынастың типіне негізделеді. Себеп-салдар категориясы диалектиканың іргелі категорияларының біріне жатады. Себеп-салдарлық байланыс – шарттылық семантикасының түрлі типтерін каузалдыққа (себептілікке) біртұтас етіп біріктіретін категориалды негіз. Мұндағы шарттылық семантикасының типтері деп отырғанымыз – себеп, салдар, шарт, қарсылықты, мақсат функционалды-семантикалық өрістері. Нәтижесінде шарттылық семантикасы аспектілерінің өзара әсерінің жалпы тілдік бейнесі сипатталады. Біздің нысанымыз бір ғана шартты рай формасының семантикасына негізделген. Сондықтан өте ауқымды болып табылатын шарттылық семантикасын зерттеу нысаннан аздап ауытқуымызға ықпал етуі мүмкін. Бірақ содан бастау алатын әрі тығыз байланыста болатын «шарт» шағын өрісін зерттеуді дұрыс нәтижелерге қол жеткізуде басты бағыт деп білдік. Бірнеше шағын өрістің (шарт, себеп, салдар, қарсылықты, мақсат) тілдік құралдары бір жүйеге – шарттылық қатынастардың жүйесіне бірігіп, шарттылық макроөрісін құрайды.

Неміс ғалымы Трир өріске мына сипаттар тән деп көрсетеді: 1. Өзек орталығының және шалғай өрісінің молдығы; 2. Өріс құрылымында микроөрістің мол болуы; 3. Басқа өрістермен қиылысуы, бір мезгілде екі немесе бірнеше өріске ену аймағының мол болуы. Функционалдысемантикалық өріс ұғымы тілдік формалардың тіл құрылымының әр түрлі деңгейіндегі қызметін анықтау үшін әрі сөйлеудегі сөйлесімнің мақсатын жеткізу үшін қолданылады. Оның жалпы болжамын жасаған – А.В. Бондарко. Ол функционалды-семантикалық өріске мынандай анықтама береді: «ФСП – это базирующаяся на определенной семантической категории группировка грамматических и «строевых» лексических единиц, а также различных комбинированных (лексико-синтаксических и т.п.) средств данного языка, взаимодействующих на основе общности их семантических функций» [2, 11].

«Функционалды грамматика очерктерінің» авторы А. Салқынбай семантикалық категорияны белгілі бір семантикалық қызметті орындау үшін өзара байланыс жасауға қабілетті әр түрлі тілдік құралдардың жүйесі деп, ал функционалды-семантикалық өрісті белгілі бір семантикалық категорияның негізінде өзара қатынаста болатын тілдік әр түрлі деңгейдегі құралдардың жүйесі деп қарайды.

Функционалды-семантикалық өрістің тілдік негізі тілдің грамматикалық құрылымында жатса, толық көрінісі сөйлеуде байқалады. Функционалды-семантикалық өрістің сөйлеуде жарық көруіне байланысты ұғым – бұл категориалды ситуация екені де осы еңбекте айтылған. Соңғы жылдары қазақ тіл білімінде функционалды-семантикалық өрістің мына түрлері

атап көрсетіліп жүр:

  1. Акционалды (предикативті) өрістер;
  2. Заттық «субъектілі-объектілі» өзегі бар өрістер;
  3. Сандық-сапалық өзегі бар өрістер;
  4. Пысықтау өзегі бар өрістер [3, 21].

Біздің бағдарымыздағы шарт шағын өрісі аталған өрістердің қатарындағы соңғы, пысықтау өзегі бар өрістердің бірі болып табылады.

Бұл өрістің шарттан да басқа себеп, салдар, мақсат, мекен, мезгіл, салыстыру сияқты бірнеше шағын өрістері бар. Трирдің өріске берген жоғарыдағы сипаттамасына сүйенсек, бір өрістің шеңберінен бірнеше өрісті өрбітуге болады. Бұл жөнінде З. Күзекова: «Тілдің семантикалық кеңістігінің өрістік сипаты бір өріс шеңберінде көптеген өрісті шығарып алуға болатынын көрсетеді», – дейді [4, 228]. Грамматикалық өзегі және лексика-грамматикалық шалғай кеңістігі бар функционалды-семантикалық өріс көпорталықты құрылымға ие болып келеді. Б. Шалабай ҚМӨ-нің негізгі екі құрылымдық түрін атап көрсетеді: «1) моноцентрлік өріс; 2) полицентрлік өріс (немесе көпорталықты және бірорталықты өріс). Егер моноцентрлік өрістер негізгі жүйемен ортаның тұтастығынан құрылса, полицентрлік өрістер бірнеше (екі не одан да көп) негізгі грамматикалық жүйелердің бірлігінен тұрады. Олардың әрқайсысы өз ортасымен тұтастықта болады, басқаша айтқанда, полицентрлік өріс «жүйе – орта» жекелеген кешендердің жалпы біріккен жүйесі» [5, 65].

Біздің зерттеуіміздегі «шарттылық» көпорталықты өріске жатады. «Шарттылық» семантикалық типін «шарттылық» макроөрісі деп алып, оның грамматикалық өзегі ретінде себептілік категориясын есептейміз. Шалғай өрістері – бұл шарт, салдар, қарсылықты, мақсат өрістері. Енді осы макроөрістегі бір микроөріс – шарт шағын өрісін функционалды-семантикалық өріс деп өз алдына қарастырсақ, онда шарт пысықтау өзегі бар өрістер қатарына жатады. «Шарттың» өзі грамматикалық өзек болады да, оның шағын өрістері қатарына себеп, салдар, мақсат, мезгіл, салыстыру, етіс т.б. енеді.

Шартты қатынастарды әр түрлі дәрежеде білдіруге бейім синтаксистік құрылымдардың қатарына құрмалас сөйлем қабаттары жатады. Оның өзегі, доминанты болып есептелетін – сабақтас құрмалас сөйлем. Шарттылық ФСӨ-і өзара байланысты шағын өрістердің жүйесі түрінде болады. Категорияішілік (субкатегориялық) талдаудың нәтижесінде туған семантикалық белгілер осы шағын өрістердің конституенттері болып бірігеді. ФСӨ-тердің әрқайсысы – өз алдына көпорталықты құрылым. Шағын өрістердің өзектік және шалғай өрістік бөлшектері болады.

Шарт шағын өрісінің құрылымына келсек, бірінші қабатында шарт мағыналық типін жеткізуші құрылымдық құралдар орналасады. Яғни, бұл – шарт ФСӨ-і үшін категориалды болып саналатын тілдік семантикалық функцияға бейім сабақтас құрмалас сөйлемдердің конструкциясы.

Бірінші қабатқа қарағанда, екінші қабат конституенттерінің категориалдық мағынасы үшін құрылымдық ерекшеліктер маңызды емес. Екінші қабатты құрайтын – салалас сөйлемдер, жалғаулықсыз салаластар, жай сөйлемнің типтік түрлері.

Үшінші, соңғы қабатты әр түрлі реңктер түрінде жұмсалатын категориалды емес семантикалық элементтер түзеді.

Орталық пен шалғай қабаттың аралығында орналасатын аралық қабат категориалды мағынамен тең дәрежедегі категориалды емес құрылымдардан түзіледі.

Шарттылық қатынасты білдіретін барлық тілдік құралдар ешқандай формамен шектеліп қалмай, белгілі бір жүйеде – шарттылық макроөрісін түзетін өрістердің кешенінде қатар түзеді.

Парадигмалық қатынастар түріндегі тілдік жүйеде және синтагмалық қатынастардың нәтижесіндегі сөйлеуде, яғни, екі түрлі қарастырылуына сәйкес, категориялық жағдаят та екі түрлі болып келетіні айтылып жүр: актуалданған және актуалданбаған жағдаяттар. Тілдік жүйедегі функционалды-семантикалық өріс бірнеше өрістер арқылы, ал сөйлесімдегі функционалды-семантикалық өріс категориялық жағдаят арқылы анықталады. Функционалды-семантикалық өріс теориясын басшылыққа ала отырып, алдымен

«шарттылық» семантикасының бір типі – шарт функционалды-семантикалық өрісін көпорталықты өріс түрінде, одан соң модальділік функционалды-семантикалық өрісін моноорталықты өріс түрінде қарастырамыз.

Қорыта келгенде, «шарттылық» макроөрісінің грамматикалық өзегі деп себептілік категориясын, шалғай өрістері деп шарт, салдар, қарсылықты, мақсат өрістерін айтамыз. Бұдан әрі «шарттың» өзі грамматикалық өзек болады да, оның шағын өрістері қатарына себеп, салдар, мақсат, мезгіл, салыстыру, етіс т.б. еніп, «шарт» көпорталықты құрылымы ретінде анықталады.

Бұл құрылым мынандай өзектік қабаттардан тұрады: бірінші қабатында – сабақтас құрмалас сөйлемдердің конструкциясы, екінші қабатында – салалас сөйлемдер, жалғаулықты, жалғаулықсыз салаластар, жай сөйлемнің типтік түрлері, үшінші қабатында – бірсубъектілі, көпсубъектілі сөйлемдер, аралық қабатында шартты рай формасының қатысуымен жасалған қыстырма сөздер, демеуліктер, фразеологизмдер, мақалмәтелдер орналасады.

Бірінші өзектік қабатта шартты рай формасы сабақтас құрмаластың барлық түрлерінде жұмсалып, шарттан да өзге, атап айтқанда, себеп, мезгіл, мақсат, қарсы, салыстырма, талғау, кезектес, түсіндірме, амал, ыңғайлас мәндерді білдіре алады. Осы мәндердің семантика-грамматикалық сипаттары арқылы шарт мәннің модальділік, себептілік, темпоралдылық, етіс, аспектуалдылық, компаративтілік функционалды-семантикалық категорияларымен, тұрақты морфологиялық көрсеткіші жоқ таксис функционалды-семантикалық категориясымен, нәтижелілік / нәтижесіздік, болжалдылық / айқындылық сияқты семалық қабаттармен байланысы айқындалады.

Екінші өзектік қабатта, шарт мәнді жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің өн бойында шақ пен шарттың өзара байланысты болуына орай, таксис пен модальділік категорияларының астастығы екі түрлі жағдаяттық сипатта болады: нақты жағдаят және болжалды жағдаят. Шарт мәнді жалғаулықсыз салаластар көбіне бағалауыштық мәні бар айтылымдар түрінде жұмсалып, экспрессивтік және эмоционалдық сипатты күшейтуде интонацияға сүйенеді. Жалғаулықты салаласта компоненттер арасындағы мағыналық қатынас жалғаулыққа қарай бағытталып, жалғаулықпен анықталса, жалғаулықсыз салаластарда, керісінше, салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің өздері мағыналық үйлесімге ие болып келеді әрі шарт мәнді интонация арқылы да білдіреді. Шарт мәнді сабақтас құрмалас сөйлем құрауға ауызекі сөйлеу тілінде жай сөйлемнің барлық грамматикалық түрі қатыстырылады.

Үшінші өзектік қабаттағы бірсубъектілі құрылым дегеніміз – күрделенген жай сөйлем, көпсубъектілі дегеніміз – құрмалас сөйлем. Сөйлеу кезіндегі талаптарға орай күрделенген жай сөйлемнің салалас құрмалас сөйлемге функционалдық параллель болуынан сөйлемнің семантикалық қырына нұқсан келмейді. Күрделенген жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің коммуникативті-прагматикалық ерекшелігі мынада: күрделенген жай сөйлемнің бірінші компоненті бағалаушы мәнге ие болғанмен, сөйлеуші сөзінің қорытындысы түрінде жұмсалатын екінші компонентпен бірігіп, тыңдаушыға бағытталса, құрмалас сөйлем компоненттеріне сөйлеудің негізгі мақсаты бағыныңқы сыңарда айтылып, басыңқы сыңар оны тиянақтайтын тәуелді мағыналық байланыс тән болып келеді.

Аралық қабатына шартты рай формасының қатысуымен жасалған қыстырма сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, демеуліктер топтасады. Қыстырма сөздер сөйлеуде алдыңғы оймен сабақтастықты білдіру үшін, сөйлеушінің ойының қорытындысы түрінде; фразеологизмдер сөйлеушінің сөйлеу шеберлігін, шешендігін, ойының ұшқырлығын таныту үшін жұмсалады; мақал-мәтелдердің прагматикалық қызметі олардың негізгі мазмұнына және сөйлеу жағдаятына, сол жағдаятқа сай қандай мақсатта жұмсалуына байланысты; демеулікті қолдану субъектінің сөйлеу ерекшелігімен әрі коммуникативтік қажеттіліктен болған.

 

Әдебиеттер

  1. Әмір Р.Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: оқулық. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.
  2. Бондарко А.В. Функциональная грамматика. – М.: Наука, 1984. – 370 с.
  3. Салқынбай А.Б. Функциональды грамматика очерктері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 119 б.
  4. Күзекова З.С. Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері: филол. ғыл. д-ры дис. – Алматы, 2005. – 275 б.
  5. Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы: Кие, 2007. – 482 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.