Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романындағы бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени сипаты

Мақала бейвербалды бірліктердің тілдік, ұлттық­мәдени сипатын анықтауға арналады. Бейвербалды амалдар адамдардың өзара түсі­ нісуіне жол ашады, адамдардың бір­бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Бейвербалды амалдар вербалды ақпараттардың мазмұнын то­ лықтырып қана коймайды, сонымен бірге, сөйлеуші жайында, оның әлеуметтік мәртебесі, жастық ерекшеліктері, мінез­қасиеттері тура­ лы хабар беретініне жинастырылған мысалдар арқылы көзіміз жетті. Қатысымның бейвербалды амалдарын жинастыру, топтау, түрлі дең­ гейдегі тілдік сараптама жасау мен паратілдік амалдардың түрлерін анықтау тілдік бірліктердің лексикалық, грамматикалық мағынала­ рын толық ашуға, тіл білімі теориялық және тәжірибелік түсінігімізді кеңейтуге, паралингвистика ғылымы туралы түсінігімізді кеңейтуге мүмкіндік береді. Үнемдеу құбылысының бейвербалды амалдар ар­ қылы қалай жүзеге асатынын анықтау мәселесі де қол жеткізген ма­ ңызды ақиқаттардың бірі екенін айта кету керек. Ұлттық мәні бар ым­ишараттардың семантикасын түсіну, анықтау мақсатында «Үркер» романы таңдап алынды.

Көркем шығарма тілі – қыры да, сыры да мол дүние. Әрбір қалам қайраткерінің табиғи талантын, дүниетанымын, қабілетін, білім дәрежесін былай қойғанда, сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасы, сөз қолданыс тәсілі, сөз саптау мәнері бар. Көркем сөздің жан дүниемізге рухани нәр беріп, әсерлі де әсем сезім ұялататын сиқырлы сыры оның эстетикалық қызметіне байланысты.

Классикалық биік деңгейге көтеріліп, әлемдік көркемөнерге асыл қазыналар қосқан қазақ прозасында 70-80 жылдары халқымыздың өткен тарихына ден қою, ата-бабаларымыздың мұрат-мүддесін, мақсат-тілегін бейнелеу үрдісі сипат алып қадау-қадау қадамдар жасалынды. І. Есенберлин, Ә. Әкімжанов, М. Мағауин, С. Сматаев, Ә. Кекілбаев сияқты таланты жазушылардың кесек бітімді, тарихи романдары дүниеге келді. Осы шығармалардың қатарына Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елеңалаң» романдары да қосылды.

Әбіш Кекілбаев – қазақ көркем әдебиетіне үлкен үлес қосып жүрген жазушылардың бірі. Оның халық тарихын бейнелі түрде суреттеген шығармасының көкжиегі ретінде саналатын «Үркер» мен «Елең – алаң» романдары әдеби-сыни тұрғыдан зерделеніп жүрсе де, тілдік, жазушының стилі жағынан аз зерттелгені белгілі жайт.

Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романындағы ым-ишараттарды (бейвербалды амалдар) саралап, олардың ұлттық-мәдени сипатын мысалдармен дәлелдеп қарастыру мақаламыздың басты міндеті болып табылады.

Бет қимылы, дене қалыбы – ұлттық ерекшеліктерді сақтайтын дене тілі. Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған.

Ұлттық-мәдени ерекшеліктерді саралауда тілдік амалдармен қоса бейвербалды амалдар да қолданылады. Адам тілмен айтып жеткізе алмаған ойын ым, ишара, емеуірінмен де жеткізеді. Жер бетінде ым тілін қолданбайтын бірде-бір адам жоқ. Ишара – бұл денедегі іс-әрекеттер мен қимыл қозғалыстар, яғни белгілі бір дене бөлшегі қимылдарының жиынтығы. Дене мүшелерінің қатысуымен орындалатын ишараларды: бас, қол, иық, аралас және т.б. түрлерге бөлеміз. Жалпы ишаралар семиотикалық сипаты жағынан бес түрге бөлінеді: иллюстраторлы, эмблемалы, икемдеуші, аффекторлы ишаралар.

Ым (мимика) – бет бұлшық еттерінің қозғалысы, адамның ішкі күйі мен эмоциялық қалпын сипаттайтын және адамның нені меңзеп тұрғанынан хабардар етуге қабілетті бейвербалды амалдардың бір түрі.

Тілші А.Исламның айтуынша: «ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінің айқын көрсетер белгілерінің бірі – этно-мәдени белгілер. Олар жалпы ритуалдан туындайды, яғни қандай да болмасын этно-мәдени белгінің негізі ретінде ишарат, ритуалдың фрагменті алынған», – дей келе [1, 24], бейвербалды амалдарды ұлттық-мәдени ерекшеліктерді саралаудағы басты нысан екендігін айтып өтеді.

Бейвербалды амалдар қоғамдық-мәдени нормалар мен шарттылықтарды белгілі жүйеге келтіруге көмектесетін аса қажет құбылыстар қатарын құрайды. Олар әр халықтың рухани салт-дәстүрлерін сақтауға өзіндік үлес қоса отырып, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға ықпалын тигізері даусыз.

Ым мен ишараттардың түрлері, таралу шеңбері әр түрлі. Ым-ишараттар негізінен ұлттық және әмбебап болып екіге бөлінеді. Әмбебап (универсалды) бейвербалды амалдар жалпыға ортақ, түсінікті, мәдени ұқсастықтары бар, қатысымдық қызметте бірдей семантикалық мағынасымен ерекшеленеді. Мысалы: бас изеу көп елдерде «иә» дегенді немесе келісімді білдіреді. Бұл туа біткен дене қимылы болу керек. Өйткені, оны мылқау, саңырау адамдар да қолданады. Келіспеуі немесе жоққа шығаруды белгілейтін бас шайқау да әмбебап болып табылады. Ол балалық шақтан қалыптасқан, игерілген дене қимылдарының бірі. Сол сияқты: Қабақтарын шарт түйіп, қарсы алдарында кесе көлденең жатқан дөңбек жолға қарап телміресе қапты [2, 208]. Мәті ауыл арасының үйреншікті әңгімесін тыңдап отырғандай анда-санда самарқау бас изеп қояды [2, 43]. Бәйбіше байқалар-байқалмас күрсініп қойды [2, 6]. – деген мысалдарда келтірілген тілдік емес амалдар да баршаға бірдей түсінікті ым-ишараттар болып табылады.

Ал ұлттық бейвербалды амалдар белгілі бір топ арасында қолданылатын, семантикалық мағынасы шектеулі, ұлттық нышандарға ие, мәдени, әлеуметтік айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Сөзімізді дәлелдеу мақсатында «Үркер» романындағы қазақтың ұлттық мәдениетін, салтдәстүрін, әдет-ғұрпын, тілі мен дінін танытатын ым-ишараттарды жинастырып, олардың семантикалық қырларын барынша ашуға тырыстық:

Әбілқайыр шарта жүгініп отырып қолын жайды:

  • Қабыл болғай. Баламыздың ғұмыр жасын ұзақ қылғай. Мерейі асқай, несібесі тасқай. Әллауакпар! – деп бетін сипады. Үй ішіндегілер түгел беттерін сипасты [2, 25].
  • Соған еріп, жолын ұста, – деп ақыл айтып, қолдарын жайып бата қылды [2, 228]. Жұрттың бәрі жер тізерлеп, ғазауат соғысқа жеңіс тілеп алақан жайысты [2, 133]. Жеңіске бата беріліп, қол жайылды [2, 154]. Анадайдан аттарынан түсе қап, құран оқиды. Сол жаққа қарап: «Сақтай көр! Қолдай көр!» – деп қол жайып жалбарынады [2, 619]. «Бұлар дегенің, міне, осындай ғой. Баяғыдан бері неге қақсап жүр дейсің», – дегендей белін жазып, иығын тіктеп, «а құдай» деп алақанымен бет-аузын сипап қояды [2, 423]. Біраз уақыт ойланып отырды. Сосын шоққа қақтаған қос алақанымен бет-аузын бір сипап өтіп, жағын кере есінеп алды [2, 449]. Тамақтан соң Итжемес ас қайтарғанның ырымын жасады. Серігі қолын жайған жоқ [2, 544].

Қол жаю, бет сипау – бата бергенде, Құран оқыған сәтте отырған адамдардың оған назар аударып, тыныштық сақтай отырып, кос қолын жайып, алақанын бір-біріне жақындатып, саусақтарын түйістіріп ұстау ишараты. Бұл үрдістің мәні бата мен діни құлшылық ниеттері қабыл болсын деген мағынаны белдіреді.

Иісі алаштың беліне бес қару асына алар естиярларының алдында қолдарына құран ұстап, қан құйысып, ант берісті [2, 95]. Ата-бабаның үрдісі үш арыстың тізгінін ұстаған азаматтары Құран ұстап, ақбоз бие сойып, жас қандарын маңдайына жағып анттасқанды талап етеді [2, 132]. Тевкелев хан ордаға жиналғандарға қолдарына құран ұстап, ант қағазына мөрлерін басқасын, әрқайсысына ел алдындағы қызметі, абырой-атағына лайық тарту-таралғы таратады [2, 354].

-Уәде – Құдайдың аты. Құран ұстап айтқан сөзден неге айныйық! Екі жағымыз да сертке берік болайық, – деді ақсақалдар [2, 631].

  • Билердің құран ұстап пәтуаласқан кесігі бойынша, Әбілқайыр ханға тағылған айып нақақ боп шықса, Зердебай Ерен оғлының аяқ-қолы аман, ақыл-есі дұрыс, балиғатқа толған қызы Торғын төгілген абыройына әуелі сөзі, сосын әкесі Зердебай Ерен ұлы жауап беруге тиісті [2, 625]. Хан тағы да құранға қолын тигізіп, үш рет:
  • Адалмын, адалмын, адалмын, – деді [2, 624]. Дәу де болса, бұл отыз, кешегі Құдайназар айтқандай ертең алдына келіп, жүгініп отырыпқұранды маңдайына тигізіп, ала қағазға не мөрін, не бармағын басып, азды-көпті алапа алып аттанатын талай майтымақтың басы екеніне оның да түсінген түрі бар [2, 424]. Екі сұлтан жер тізерлеп құранға жүгініп, ант қағазға қол қояды. Батыр сұлтан патшаға жылына мын түлкі, мың қарсақ, ханзада – мың түлкі жасақ төлеп тұратын болып уәде береді [2, 437].

Иә, ақ патшаға «міне құран, міне шыным» деп ант берген адам оның бағыныштыларына көзапара зорлық жасап жатқандарды көре тұра қарап қалар ма? [2, 517].

Құранды кеудесіне басу (құран ұстау) – құранды қос қолымен көтеріп әкеліп, кеуде тұсына тигізу ишараты. Бұл уәде беру, ант ішудің белгісі болып табылады [3, 78].

Сары үйек жыландай шұбарала дойыр қамшысын сылқ еткізіп ортаға тастай салды [2, 129]. Шеткерірек отырған Әбілқайыр қолындағы қамшысын жұртқа көрсеткісі келгендей, төбесінен асыра бір көтеріп, ортаға тастады [2, 130].

Әйтеке қамшысын көкке көтеріп: – Ел шетіне дүбір жетсе, атыңның жалы панаң болар, көк сауытың – қатын, көк найзаң – балаң болар! – деген-ді [2, 88]. Қамшысын ортаға тастамай қойшы сөйлер, қойманшы сөйлер, ал өзін сыйлайтын ер азамат жағын ашпайды [2, 136]. Сұлқ отырған Тәңірберді: «Жә, қойыңдар енді!» – дегендей қамшысын жоғары көтерді [2, 589].

Қамшыны алдына тастау – сөз сұрау ишараты. Ұлттық әдет заңының жолы бойынша шешендер мен билердің дау-дамайы кезінде сөз сұраған адамдарының қимылдарының бірі – қамшы тастау. Сайысқа, текетіреске шақыру қызметін де атқарады. Еуропа елдерінде «биялайын тастаумен» бірдей [3, 69].

Екі жақтың игі жақсылары бітім болғанына қуанысып, төс түйістіріп құшақтасты [2, 310]. Қара аңсап, айдалада кетіп бара жатқан бейсаубат жолаушыны соңынан қуып барып, аты-жөнін, ата-бабасын сұраса келе қарын-бөле шығып, үйіне шақырып әкеп, бағылан сойып, насыбай атысып, ертеңіне төс түйістіріп жылап айырылысатын бауырмал қазақтардың басын бір алқа қотанға қоссаң, әрқайсысы әр жерден шіреніп, әр жаққа шалқаяды [2, 82]. Хан мен елші мұсылман ғұрпымен төстеріне төстерін тигізіп, құшақтасып қоштасты [2, 631]. Бөкенбай мен Есет көптен көрмеген достарымен төс түйістіріп құшақтасып көрісті [2, 615].

Төс түйістіру – екі адамның бір-бірімен төс тигізе құшақтасуы. Оң қолды құшақтасатын адамның сол жақ иығынан асыра арқасы на құлатады. Сол қолмен белінен құшақтайды. Құшақтарын жазып жіберіп екінші рет төс қағыстырғанда осы әрекеттер үш рет қайталанады. Төс түйістіру – адамдардың бір-бірімен сәлемдесуі, көкірекке ұялаған жағымды ниеттер мен бастамаларды біріктіру ниетінен шыққан. Бұл амандасу ишараты болып табылады.

Әбілқайырдың бетіне өң жүгіріп, көз алдының да әлгі бір қабарыңқы кіреукесі тарап, кесесін төңкерді [2, 42] деген мысалдағы кесені төңкеру ишараты қазақтың тұрмыс-тіршілігінде шай, т.б. сусынды ішіп болғандығын, тойғандығын білдіру мақсатында жасалатын әрекет.

Молдас (малдас) құрып отыру – әр халықтың өзіндік дастарқан басында отыру мәдениеті болады. Түркі тілдес елдерде әйел адамдар тізелерін бүгіп, аяқтарын жинақтап отса, ер адамдар малдас құрып, яғни екі тізесін айқастырып отырады. Мысалы: Төр алдында молдасын құрып, шай сораптап отырған Мәті би көз алдына келеді [2, 278]. Шәйдің дастарқаны жиылды. Хан малдас құрып қақшиып отыр [2, 414]. Сол-ақ екен ақ орданың ішін бір сай-сүйегіңді сырқыратқан зарлы әуез кернеп қоя береді. Малдасын құра жайғасқан ақ сақалды шал қолындағы күй аспабын сол жақ санына шанши қондырып, оң қолындағы жіңішке таяқпен ышқынта ыспалап бақты [2, 415].

«Үркер» романы – қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды. Ол әдебиеттегі тарихи шығармалардың қатарында белді жерден орын алатын, көркемдік дәрежесі жоғары, айрықша орамды шығарма.

Роман мазмұнының өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Сондай ірі туындының авторы Ә. Кекiлбаевтың жазушылық шеберлiгiнiң бiр қыры – дүниетанымдық сөздiк қорын өзiне дейiнгi және өз тұсындағы көркем әдебиет туындыларынан ерекшеленiп, өзiндiк жол саралануы. Әбіш Кекілбаевтың әрбір шығармасы тарау-тарау зерттеулер мен көптеген мақалаларға арқау боларлық.

Ә. Кекілбаев тілдік қолданыстағы ұлттық болмысты, қазақ рухын танытатын тілдік емес амалдарды шеберлікпен қолдана білген. Сөзімізге жоғарыда мысалдар дәлел бола алады. Жазушы ым-ишараттарды жаңғыртып, өңдеп, құбылтып қолдану арқылы олардың мәтіндегі мәнерлегіш, көркемдегіш қасиетін арттыра түскен.

Көркем мәтінде қолданылған бейвербалды бірліктердің семантикалық мән-мағынасын ашып, қолданымдық аясын зерттеп, стильдік қызметін анықтауда мақсат еттік.

 

Әдебиеттер

  1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті // филол. ғыл. д-ры. автореф. – Алматы, 2007. – 47 б. – Б. 24.
  2. Кекілбайұлы Ә. Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы. Үркер. Роман. – Т. 1. – Алматы: Жазушы, 2010.– 636 б.
  3. Момынова Б.Бейсембекова С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 133 б. – Б. 69, 78.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.