Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ әдебиетіндегі ұлттық идея мен мәңгілік ел ұғымының дәстүрлік бастаулары

Мақалада қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі мен хандық дәуірле­ ріндегі жыраулар шығармашылығындағы ұлттық идея мен мәңгілік ел ұғымының көрініс табуы қарастырылған. Мұнда дәстүр сабақтасты­ ғы, ұлттық идеяны жырлаудың қалыптасу жолдары терең пайымда­ лады. Ұлттық идея мен Мәңгілік ел идеясын ортақтастыратын басты желі де назардан тыс қалмаған. «Күлтегін», «Тоныкөк» сынды тасқа қашалған әдеби ескерткіштерде елдік танымдардың болмысы ашы­ лып, елдік жырларда этика мен мораль, жақсылық пен жауыздықтың арасындағы тартыс жырланады.

Хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясындағы ұлттық идеяны жыр­ лау үрдісі оның өзіндік ерекшелігі сарапталып, салыстырмалы түрде талданған. Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет, Ақтанберді жыраулар шығармашылығындағы күрескерлік рухтан нәр алған ұлттық идеяның көрінісі оның мәңгілік ел идеясымен астасу үдерісі мақалада толық­ қанды сарапталған. Осынау ұлттық идеяны жырлаудағы әдеби сарын­ дар, оның Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә. Назар­ баев өз Жолдауында айқындаған Мәңгілік Ел идеясы тұжырмдамасы мен «Тәуелсіздік толғауындағы» тұғырлы ой­идеялармен сабақтасты­ ғы ғылыми сараптамалық тұрғыдан нақтыланады.

Қазақ қазақ болғалы оның әдебиеті бірге жасасып келе жатқаны белгілі. Сонау ықылым заманнан бергі әдебиеттің ұлттың рухын көтерер сөз құдіретінің бір арнасы бірлік, азатшылдық ұғымдарымен астасып жатады. Ұлттық Рухты көтерер, құдіретті отты жырлар әдебиетіміздің арғы бастауларынан негіз тартады. Олар бүгінде қазақ әдебиеті тарихының түркі тектес халықтармен ортақтығын танытатын түп негізі болып табылатын ежелгі әдебиет пен қазақ хандығы жеке ту тігіп, өз алдына ел болғалы бергі әдебиеттің барлық кезеңдерінен көрініс тауып отырған. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда, тәнге шипа, жанға рух берген сол жырлар екендігі белгілі. Олар өз уақытында ғана жырланып қоймай, дәстүр ретінде өзіндік ізін, сара жолын қалдырып отырды. Ежелгіден желісін тартқан сол жырлардан өзінен кейінгі әдебиет үлгі алып, кейінгіге өнеге шашты, үл гі таратты. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ұлттық идеяның көрініс табуын нақты ашу үшін ертедегі әдебиет үлгілеріндегі осыған тән белгі-бедерді жан-жақты саралаған жөн.

Қазақ әдебиетінің ежелгі деп есептелетін жәдігерлерінің бірі – «Орхон-Енисей» жазба ескерткіштері. Егер осы ескерткіштегі ерлік рухқа толы жыр жолдарын оқи қалсаң, бойыңа ерен қуат пен қайрат еніп, еңсең көтеріліп, жан-дүниеңе өрлік пен ерлік рух берері анық. Ел рухының күші бірлікте екенін ұғындыратын осынау ескерткіштер талай ғасыр өтсе де, халық жадында сақталып, мыңжылдықтар деңгейінде кейінгі жазылған талай жәдігердің өн бойынан орын тауып, орнығып келгені күмәнсіз. Көп ғасырлардан кейінгі азаттыққа ұмтылған өршіл үнді ұранды жырлардың ұлы сарыны содан бастап тартып жатқаны да шындық. Олардың астарында ұлттықты асқақтату мен «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды» мәңгілік елдікті аңсаған асыл арман жатыр. Өйткені бүгінгі ұрпақ тілімен сөйлеп кетсе, ол кімді де болса, бей-жай қалдыра алмайды. Қараңыз:

Сонау бастан, о бастан Жаралғалы қара жер, Жаралғалы көк аспан, Естеми мен Бумынның Адамзаттан бағы асқан. Төрт бұрышы дүниенің

Соларменен санасқан. Бүкіл түркі үмітпен Екеуіне қарасқан.

Қол астына жиылып, Қол астынан тарасқан. Олар салған дүбірден

Қаптап жатқан қалың жау Шыбын жаннан түңілген. Дырдай болып келгенмен, Бордай болып үгілген.

Басы барлар иіліп,

Тізесі барлар бүгілген [1, 148]

Ақын Қ. Мырзалиевтің аудармасындағы

«Күлтегін» жыры қалай-қалай сөйлейді десеңізші?! «Күлтегін» ескерткішінің ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен дарып, қанмен тарайтын мәңгілікті аңсаған рухының мәңгілігі осы жолдардан анық ұғылып, айқын танылмай ма?!

Сол «Күлтегін» ескерткішіндегі мына: «Төбеңнен тәңірі баспаса, Астыңнан жер айырылмаса, Түркі халқы, ел-жұртыңды кім қорлайды?» [2, 51]. деген жолдар жүздеген жылдар кейінгі жұртының жанына дәру, қайратына азық болмады деп кім айта алады?! Тасқа жазылып, өткен тарихтың мәңгі өлместей таңбасына айналған осындай рухы биік жыр жолдары кейінгі ұрпаққа қазақша айтқанда «атаның қаны, ананың сүті», ғылым тілімен айтқанда «ген» арқылы берілгені ақиқат.

Осы «Орхон-Енесей» ескерткіштерін әдеби мұра ретінде алғаш қарастырған қазақ ғалымы Мырзатай Жолдасбеков «Мақтау-Мадақ» жыры деп атау берген бұл жырдың құдірет күші – оның ерлік пен елдіктің ұлы дастаны болуында. Ол жалғасын тауып, жаңғырып отыра ры ақиқат. Сан ғасыр бойы ұрпақ көзінен таса болғанымен, гендік жадыда жатталып, керек сәтінде жан тебіренісінің тереңінен қайнап шыққан жырлардың болмысынан талай рет бой көрсетіп, белгі бергеніне еш күмән жоқ. Бұған кезінде қазақтың біртуар данасы М. Әуезов те назар аударған екен. «Егер мұндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қашалып тұрып жасалса, сол жырлардың ауызша айтылып, таралған әрі бұдан да толық нұсқалары болмауы мүмкін бе?...» [3, 243] – депті ғұлама ғалым қырғыздың

«Манас» жырының шығу тарихына көз жібере отырып. Ендеше Орхон ескерткіштері – қазақ батырлық дастандарының арғы бастауы. Ер лік жырларының дәстүрін қалыптастырған ұлы мұра. Мұны да алғаш байыптаған – М. Әуезов. Осы жырлардың сипатын анықтай келіп, ол төмендегідей ой айтады: «Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр алуан рулар, тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар» [4, 136]. Ал сол ерлік жырлардың түпкі мақсаты не десек, жауабы еркін елдік мұрат емес пе?!

Ғалым М. Жолдасбеков Орхон жырларын ерлік жырына жатқызып, оның басты себебін мынада деп біледі: «Орхон ескерткіштерінің де, қазақ эпостарының да идеясы бір. Ол – өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы» [2, 78-79]. Ал идея негізі – елдік намыс. Осынау намыстан жаралған ұлы ұлттық идея халық, ұлт атты қоғамдастықтың қиналғанда медет тұтар қуат күші, ол күш оянғанда қарсы тұра алар еш нәрсе жоқ. Ол елді ерлікке бастап, теңдікке, теңдік елдікке жеткізеді. Ал, елдік қашанда мәңгілік идеясымен жұптас.

Осынау жасампаз да жарқын идея қажет кезінде жаңғырып, жаңарып, ұрпағына қайта оралып, дәстүрлік жалғасын тауып, өзекті ойға өз өрнегін салып отырады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан айтқандай: «Тарихи дәуірдің әлеуметтік жосындары, тұрмыстық тілегі, бейбітшілікпен күн кешуді арман етуі – елдің ең ізгі тілегі» [5, 363] болса, ол әр дәуірдің әдебиет туындыларында өзіндік белгілерімен көрініп отырды. Ал бейбіт өмірдің басты нысанасы – «Мәңгілік Ел» идеясы. Кешегі қазақ деген ел болып, елдікті сақтауда «ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен» заманда, жыраулардың отты жырларының қуатын ашса, жоңғарларға қарсы азаттық күресте ерліктің, батырлықтың асыл қайрағына айналды. Орыс бодандығы кезеңінде замана басқа салған қайғы-қасіреттің зар-мұңын жырлатып, ел бастаған ерлердің намыс-жігерін жаныды. Сол жырлардың ащы зары қазақ зиялысыныңкөкірек көзін оятып, ұлт бостандығы жолындағы саяси күреске ұмтылдырды. Жаңа заман ақындары жалғастырған ерлік жырының жарқыраған рухын оятты.

Ендеше Орхон ескерткіштерінің ұлттық пен Мәңгілік Ел идеясын жырлаудың бастау көзі екендігіне қандай күмән болуы мүмкін. Осы бағыттағы өз ойын ежелгі әдебиеттің білгір зерттеуші ғалым Н. Келімбетов былай түйіндейді:

«Күлтегін», «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады» [6, 124]. Әрине, Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне дейін де, олардан кейін де ерлік жырларының болғандығы рас. Бірақ олар бізге толық күйінде емес, үзінді

немесе аңыз әпсана күйінде жеткен. Ал Мәңгілік Елді арманының алтын тұғырына айналдырған бабаларымыз жыр-өсиет етіп қалдырған аталмыш «Күлтегін», «Тоныкөк» тасқа қашалған Мәңгілік Ескерткіш болып бізге түгел күйінде жетті. Сондықтан біз оны азатшыл рухтың бастауы ретінде қабылдаймыз. Бір сөзбен айтқанда, біз сөз етіп отырған ежелгі ескерткіште «Мұңзар да, ерлік жыр да, бірлікті береке де – бәрі бар. Бірақ жырдың алтын қазығы, асыл тұтқасы біреу. Ол – ежелгі дәуір әдебиетінің білгірі, ғалым Алма Қыраубаева түйіндегендей жырдағы

«...ой арнасы – елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі» [7, 19]. Міне, өлмес мұра осыған негізделген. Ол кейінгіге осыны мұрат еткен.

Бүкіл түркі халқына ортақ әдебиеттен енші бөлген тұсымыз «Хандық дәуір әдебиеті.

Арғы қазақ тарихын тарихшылар үлесіне қалдырып, бергі тарихқа ой жіберіп көрсек, кейбір қызықты деректерге тап келеміз. Мәселен, Қазақ хандығы хижраның 870 жылы Қозыбасы деген жерде қазақ ордасын тігіп, ту көтергендігі көзі қарақты жанның бәріне белгілі. Бұл туралы қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулати былай деп жазады:

«Әбілқайыр хан Дешті Қыпшаққа өзгедей билігін орнатқан кезде Жошы әулетінен шыққан кейбір тіміскішіл сұлтандар одан келер бір пәленің исін сезіп қалып, оны орнынан тайдырмақ болады. Керейхан, Жәнібек сұлтан сияқты кейбір сұлтандар мен басқалар азғана топпен Әбілқайыр ханнан қашып, Моғолыстанға келді. Сол уақытта Моғолыстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолыстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Сөйтіп, тыныш өмір сүріп жатты.

Әбілқайыр хан дүние салғаннан кейін өзбектердің ұлысында алауыздық пайда болды. Әркім мүмкіндіктеріне қарай қауіпсіз һәм дұрыс өмір сүру үшін Керейхан мен Жәнібек ханды паналады, олар осылай күшін нығайтты. Басында өстіп елден қашып, олардан бөлініп, жырылып қалып, біраз уақыттарын әрі сергелдеңде болғандықтан оларды «қазақтар» деп атады. Бұл лақап ат қазақтарға осылай танылды» [8, 305-306]. Осынау 1456 жылдың әйгілі оқиғасының тарихи маңызын тарихшы Ә. Әбдікәкімұлы: «Халқымыздың тарихындағы кезеңдік құбылыс, мемлекеттік құрылым бастау алған қазақ деп аталатын жаңғырған этностың дүниеге келген мезгілі...» [9, 74] – деп бағалайды. Қалай дегенде де қазақ халқының тек-тарихының бастау көзі осы тұста жатқандығы шындық. Біздің мақсатымыз қазақ тарихының межесін анықтау, ақиқаты мен аңызын айыру емес. Мақсат – Қазақ ордасы құрылды дейтін тұстан бергі тарихтың жалпы сипатына назар аудару. Шартты түрде қарайтын болсақ, осының алғашқы екі жүз жылдығы, яғни Керей ханнан Тәуекел ханға дейінгі кезеңі хандықты нығайту, іргесін кеңейту жолындағы соғыстармен өтсе, келесі жүз жылдығы басқыншыларға қарсы күреспен өтті. Осы кезең тарихының терең білгірі М. Мағауиннің пайымдауынша, алғашқы 200 жылдық «...520 жылдары басталып, ара-тұра үзілістермен 1758 жылға дейін... созылады» [10, 63].

Тәуке, Есім, Жәңгір қазақ хандығын құлатпау жолында ұлы істер атқарды. Қазақ Ордасының келесі жүз жылдығы жеңілісінен жеңісі көп, ата жау жоңғар қалмақтарының басқыншылығына қарсы күресте шыңдалған, Әз Тәукенің тұсында «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» болған тарихи кезең. Әз Тәукенің ел бірлігін ойлаған хан екендігі туралы ел аузында мынадай аңыз сақталған: «Бірде Тәуке хан өзінің айналасындағы қолбасшыларына тапсырма беріп отырып, әлгілердің тапқырлығын сынамақ болады да, әңгіме барысында былай дейді: «Мен мынаны білсем деймін. Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күл-талқан ету үшін қазақ халқына не қажет?»

Біршама ойланған серіктестері әр түрлі пікір айтқан көрінеді. Сонда Тәуке хан:

– Бәрі дұрыс-ақ, тоқ етерін айтатын болсақ қазақ халқына Құдайдың құтты күні және болашақта да ауызбірлік қажет. Ол еліміздің мәңгілік қаруы, күш-қуаты және жеңістеріміздің күре тамыры» деген екен [11, 128]. Бұл аңыз-әңгіме Тәукенің мемлекеттің нығаюына қажетті басшы нәрсені жете білген сұңғыла саясаткер екенін танытса керек. Бұдан соңғы жүз жылдық – Әз Тәукеден кейін түгел жұртты қаратқан ханы болмай, Ресейге бодан болуға еріксіз бойұсынған, отаршылдық бұғауын мойынға ілген тұс. Бұл кезеңді ХVІІІ ғасырдың екі жартысы деп санасақ, ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, осы отаршылдық саясаттың әккі айласын сезініп, «қылша мойын талша» деп, тұяқ серпи бастадық. 1830-дан 1930 дейінгі 100 жылдыққа созылған бұл күрес кеңестік өкіметті мойындап, социалистік тұрмысқа бет бұрумен аяқталды. Осынау өткен тарихқа көз жібергенде, неге екенін қайдам, қазақ тарихының өзгерісі маған әр ғасырдың 30-жылынан басталып, келесі ғасырдың 30-жылында аяқталатын тәрізді көрінеді. Президентіміздің 2030 деп стратегиялық жоспар құруында да белгілі бір құдіретті құпия бар сияқты.

Құпиясы көп, қатпары терең тарихты жайына қойып, төл еншіміз әдебиетке келер болсақ, осынау күресті ғасырлардың бедері туған әдебиеттің бетінде жатыр.

Ғалым-жазушы М. Мағауин: «Дербес қазақ атымен аталатын әдебиеттің өмір сүруі –XV ғасырдың орта шенінен басталады. Бұған себепкер болған жай – 1456 жылы Шу бойында қазақ хандығының құрылуы...» [12, 6], – дейді. Бұл ерлік жырының, азаттық жырының аса бір жарқырап жанған тұсы еді.

Ел басына Күн туған, алмағайып заманда көкейдегіні айтып, көңіл түкпіріндегіні тербейтін, әрине, ақындар. Олар өз тұсындағы ақиқатты, шымырлаған шындықты айтып, іштегі шерді сыртқа шығарады. Елдің басына бұлт үйірілер сәтті аңдап, елдің береке-бірлігін нығайтудың жолын іздейді, айласын меңзейді, бағытын нұсқайды. Асыл сөз осынысымен құнды. Ескірмейтін ескі сөзі бүгінгідері жаңаша байыпталып жатқанымен, кезінде кереғар күйде бағаланып, кейде өз кезінде ол жете ұғынылмай қалар сәттер жеткілікті. Рухани мұраның осынысы өкінішті. Бірақ қанша дегенмен небір ауыр кезеңдерде халық дертіне ем болған қасиетті сөз өнері екендігі тағы күмәнсіз.

Қазақ қазақ болғалы, ел болып ұйысқалы, ұлт болып орныққалы сыртқы жаудың щапқыншылығына, аласапыран замандарды әкелген жаугершілік пен үркіншілікке аз ұшыраған жоқ. «Ата жұрты бұқара, // өз қолында болмаса,

// Қанша жақсы болса да, // Қайраты туған ер ғаріп» [12, 25] деп Асан Қайғы, «Қайран да менің Еділім, // Мен салмадым, сен салдың, Қайыр лы болсын сіздерге // Менен қалған мынау Еділ жұрт!...» [12, 29] деп Қазтуған жырау, «Ой түбіндегі асыл сөзді шер толқыта шығарған» заман да болды. Ой толғаудың өрісін ашып, көкейге сары уайым ұйытпай, санаға серпіліс әкеліп туған ел, туған жер сағынышын ұран ғып көтерер, ел намысына от жаныр бұл жолдар – ұлт боп ұйысудың қатығына айналған жырлар.

Осы кезеңнің ұлы тұлғасы – Асан Қайғы жырлары, тұтастай алғанда, осыған қызмет етеді. Ол – болашақты болжап, келер күннің алдан шығар кесапатын кейіптей білген данагөй. «Алғашқы тар заманының құбыжығын сезіп, тұспалмен белгі беріп болжал айтқан Асан Қайғы. ... өлең сөзді қауымның қызметіне жаратуға кіріскен тағы да сол» [13, 201], – дейді М. Әуезов дала данасы туралы. Ендеше кейінгі жаңа тарихтың қазақ тарихының ерлік жырының, елдік жырының бастау көзі – Асан Қайғы жырлары. Оның бай мұрасы бізге, әрине, там-тұмдап ғана жетті. Әйтсе де, соның өзінен Асан Қайғы «қайғысының» сырларын толық сезінуге болатынындай. Ол «қайғы» ғалым-жазушы М. Мағауин айтқандай «...бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қамын ойлағандықтан туған қайғы» [10, 34].

Асан толғаулары – туған ел, туған жер, оны қорғау, ел басшысы, ел ері тәрізді, олардың кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі жайлы терең пайымдаулардың жиынтығы. Ол бүгіннің жайын айтады, кешегінің нәтижесін бүгіннен шығарып, ертеңінің сұлбасын болжайды. Бұл – сәуегейлік емес, данагөйлік. Көзбен көргенді ақылмен екшеп, келешектің келбетіне көкірек көзімен үңілу. Сонда не дейді жырау?!

Ай хан, мен айпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің, Қымыз ішіп қызарып, Мастанып қызып терлейсің, Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Елеуреп неге сөйлейсің [12, 60] –

деп қайырылады дана жырау әз-Жәнібек ханға. Сөйтіп, замана сыңайын ханның түйсігіне жеткізуге тырысады. Толғаудың бізге жеткен шағын үзіндісінен ел қамын ойлаған дананың ел иесінің ақылына ақыл қосу, қиыншылықтан шығар жол көрсету ниеті танылады. Дана көрегендігінің куәсіндей ақыл таразысына салмақталған ойлар мейманасы тасқан Жәнібек ханды сабасына түсірер, сабырға суарылған қас қағидалар.

Ел тарихындағы жыраулар орнын М. Әуезов: «Анығында өсиетші қария толғаушыл жыраудың міндеті өлеңшілік емес, елге басшылық істеп, басықы айту болатын. Хан шеше алмаған ауыр түйін, қиын жұмбақ, көмескі келешек болса, барлығына шешу сөзді солар айтатын. ...Ел тіршілігінің барлық ауыр істері осылардың қабылдауымен іске асатын. Қайым тіршілігінде бұлардың саяси салмағы сондайлық зор болғандықтан, аузынан шыққан сөзі олқы болмауға керек. ...Көлденең кісі мін таба алмайтындай, қорғасындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді болуы керек. Сол себепті бұлардың сөзі асыл өлең өлшеуімен шығуы шарт болған. Ел билеген жақсы туралы заманның сыны мен ұғымы сондайлық болғандықтан, әрбір хан өз қасында ақылшы болатын биді таңдағанда, ең алдымен, сөз тапқыш өткір деген суырылған шешеннен, суырылған ақыннан алатын» [13, 196-197] – деп бағалаған екен. Ендеше XV– ХVІІІ ғасырлардағы жы-

раулардың қай-қайсысыда осы талаптан табыла білген.

Сөйлесе қызыл тілдің шешені, Ұстаса қашағанның ұзын құрығы, Қалайылаған қасты орданың сынығы, Билер отты би соңы,

Би ұлының кенжесі, Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл шалқыған жалғызы, Бұлұт болған айды ашқан

Мұнар болған күнді ашқан Мұсылман мен кәпірдің, Арасын өтіп, бұзып дінді ашқан

Сүйіншіұлы Қазтуған!!! [12, 50], –

деп ұранды жырдың үлгісін салған Қазтуған да, өзін «Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағасы» деп бағалаған Доспамбет жырау да – өткеннен бізге үзігі жеткен ерлік пен азаттықты ұштастырған отты жыр дәстүрінің тарланбоздары. Тәуелсіздікті ту көтерген жыр үлгісі солардан қалған. Олар – еш қаймықпайтын, елінің тағдырын өзімен еншілес көрген жаужүрек жыраулар. Қажет тұсында қол бастап, бейбіт кезеңде сөз бастап, елінің еркіндігін – ер мерейі деп білген ел ағалары, жұрттың қамы жолында шейіт болар өлім де оларды өкіндіре қоймайды. Белгілі әдебиетші ғалым Ж. Тілепов Доспамбеттің жыраулық болмысын былайша тұжырымдайды: «Доспамбет жырау өмірінің өкініші мен шүкіршілігі турасында көп толғаған үлкен философиялық өренің, белгілі бір пікірді тұжырымдап айтар, жаратылысына жалтақтық пен жасқаншақтық жат өр мінезді, өжет ойдың иесі» [14, 79].

Доспамбет жырау өзінің «Айнала бұлақ басы тең» – деп басталатын ұзақ толғауында:

Арғымаққа оқ тиді

Қыл майқанның түбінен,

Аймедетке оқ тиді

Отыз екі омыртқаның буынан Зырлап аққан қара қан

Тыйылмайды жанның уақ тамырдан, Сақ етер тиді саныма,

Жара бір қатты, жан тәтті, Жара аузына қан қатты, Жарықшылар жоқ па екен, Жармай білте саларға,

Жағдайсыз жаман қалып барамын

Жанымда бір туғанның жоғынан!... [12, 69-70] –

дейтін жолдар бар. Мұхтар Мағауин «Жорықшы жырау»деп атаған Доспамбет жырының біз мысалға келтірген соңғы екі жолында өкініш лебі естілгендей. Бірақ толғаудың аяқталар тұсында өршіл жолдар бұл күмәнді ойды жоққа шығарады. Өзінің өмір жолын, ерлік істерін жырлай келіп жырау қас батырға тән өжет мінезбен өлімге бас тіккендігіне өкінбестігін білдіреді.

Бүгін, соңғы өкінбен, Өкінбестей болғанмын, Ер Мамайдың алдында

Шаһид кештім өкінбен!... [12, 71-72].

Толғаудың соңғы түйінінде ел бірлігін өмірінен артық көрген жыраудың тұғырлы тұжырымы жатыр. Ноғайлы жұртының бірлікке келген тұсын көзбен көрген жорықшы-жырау өзіне одан артық бақыт тілемейді. Толғаудағы өршілдік рухы да осыдан өріс алады.

Ел бірлігі – жырау арманы. Ел тәуелсіздігі жырау толғауларының алтын арқауы. Ендеше жыраулар толғауларындағы жырау-жауынгер танымын осы тұрғыдан ұғынған жөн.

Жалпы алғанда, жыраулық дәстүрден тамыр тартқан ұлттық идея, Мәңгілік Елдік ХYІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары арқылы ХХ ғасыр әдебиетінде негіз қалап, басты ұстанымға айналды.

 

Әдебиеттер

  1. Мырзалиев Қ. Күлтегін // Жұлдыз. – 1970. – №3. – Б. 148-153.
  2. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы: Жазушы, 1990. – 348 б.
  3. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы: Көркем әдебиет баспасы, 1959. – 244 б.
  4. Әуезов М. Шығармалары: 12 томдық. Мақалалар мен зерттеулер – Алматы: «Жазушы» 1969. – 11 т. – 479 б.
  5. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар / Құраст.: Р. Бердібаев. – Алматы: Жазушы, 1985. – 417 б.
  6. Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. – Астана: Фолиант, 2004. – 460 б.
  7. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 140 б.
  8. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. – Алматы: Мектеп, 1967. – 430 б.
  9. Дулати М.Х. Тарих-и-Рашиди. – Алматы: М.Х. Дулати қоғамдық қоры, 2003. – 616 б.
  10. Әбдікәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1997. – 402 б.
  11. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 176 б.
  12. Созақбаев С. Тәуке хан // Қазақ хандарының ғұмырнамасы. – Алматы: Білім, 2001. – 316 б.
  13. Алдаспан / Құраст.М. Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1971. – 278 б.
  14. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.