Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

К. Қазыбаевтың «Сұрапыл» романындағы заман шындығы

Автор мақалада К. Қазыбаевтың «Сұрапыл» романындағы за­ ман шындығы мәселесін қарастырады. Кәкімжан Қазыбаев – әде­ биет тарихындағы өз орны, өзіндік қолтаңбасы бар жазушы. Оның қаламынан туған шығармалар заман шындығын бұрмаламай көркем тілмен жеткізе білуімен құнды. Солардың бірі – «Сұрапыл» романы. Шығармада қазан төңкерісінен кейінгі жаңа үкімет пен ішкі­сыртқы жаулардың тайталасы, кімге сенерін білмеген қарапайым халықтың жай­күйі, колхоздастыру кезеңіндегі шолақ белсенділердің әрекет­ тері әсерлі баяндалған.

Сонымен бірге Голощекиннің билігі тұсындағы адам төзгісіз зар­ даптар, аштық жылдарының ащы дәмін сездіретін түрлі оқиғалар боямасыз суреттелген.

Автор бір әулеттің тағдыры арқылы репрессия жылдарының ащы шындығын бейнелейтін романның тілі, сюжеті, образдар жүйесі ту­ ралы ойлар айтады. Суреткер шеберлігін, жазушының көркем қиялы­ ның қуаттылығын айқындауда романнан нақты мысалдар келтіреді, салыстырмалы талдаулар жасайды.

Көркем прозадағы уақыт пен заман ақиқатының ақтаңдақ бетте­ рін әсірелемей шындықты заман тынысымен үндестіре білген жазу­ шының шеберлік қырлары туралы пайым жасайды.

Нәубат жылдары байтақ қазақ жерінен қалың қауым ауыл аймағымен, бала-шағасымен артынып-тартынып беті ауған жаққа, бір шеті Қиыр Шығыс пен Сібірге дейін бытырай көшті. Қолындағы бар асылын саудаға салып, тіршілік үшін, бір үзім нан үшін тентіреп кеткені белгілі. Тағдыр тәлкегіне ұшырағанмен өзгеге еш кінәсі жоқ қаншама адам мезгілсіз ажал тырнағына ілігіп, халықтың қатары қатты селдіреді. Отызыншы жылдардың жұртты күйзелтіп, сілікпесін шығарған өзге де сан-сорақы көріністері болды. Ашаршылық пен ластық араласа келіп, адамдар арасында әртүрлі індетті көбейтті.

Демограф ғалымдар 1932-33 жылдардағы асыра сілтеу мен ашаршылық қырғыны қазақ жұртының 2 млн 22 мың адамды жұтқанын дәйектеп, бұл жиырмасыншы ғасырдың ішіндегі ең зұлмат трагедия болғанын ашынып айта бастады [1, 20]. Бұл нәубәттің көзі – Голощекин секілді солақай сойқан басшының өлкеде жаппай ұйымдастыру саясатын нақты жағдаймен санаспай, әсіре белсенділікпен «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін ұранын жүзеге асыруында еді. Көшпелі қазақтың малын, барын зорлықпен талап алып, жерінен, елінен безіп, қаңғуға мәжбүр еткен өрескел өктемдігін тарих шындығы айғақтап берді.

Әдебиет саласында да кезең шындығын көркем бейнелеген туындылар дүниеге келді. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай», С.Елубаевтың «Ақ боз үй», Т.Әлімқұловтың «Қаратау» повесі, С.Сматаевтың «Елім-ай» романдары осы кезең шындығын бейнелеген көркем туындылар.

Тарихи тақырыпты жазу, өткен кезең шындығын реалистік тұрғыда бейнелеп жеткізу қаламгерден білімділікті, шеберлікті, сондай-ақ аса жауапкершілікті талап етеді. Жазушы Кәкімжан Қазыбаев «Сұрапыл» романын жазуға көп дайындықпен келген. «Сұрапыл» –отызыншы жылдардағы ашаршылықты ашына әшкерелеп, кең ауқымда көрсеткен қазақ топырағындағы алғаш туындылардың бірі десек қателеспейміз. Мұнда бір әулеттің тағдыры арқылы сталиндік репрессия кезеңінің ащы шындығы көркем бейнеленеді. Жазушының бұл шығармасы көзі тірісінде дайындалып баспаға берілген болатын. Алайда белгілі, белгісіз себептерге байланысты араға 6 жыл салып барып жарыққа шықты. Кез келген қоғамның белгілі бір тарихи дәуірдің көркем бейнесін шынайы жеткізуде алдымен сол кезеңде өмір сүріп, тағдыр кешкен адамдардың тыныс-тіршілігін терең суреттеу қажеттігі туралы ф.ғ.д, профессор Ж.Дәдебаев:

«Суреткер өз шығармасында не жайлы, қандай өмір шындығы жайлы ой толғағанда да басты шындықты адам образы арқылы ғана ашып береді, тек сол арқылы ғана бейнелеп, дәуір тынысын таныта алады. Өйткені, көркем шығармаға өзек болатын өмір де, ол өмірдің шындығы да адамдікі, адам өмірінің шындығы» [2, 156], – деп атап көрсетеді. Осы тұрғыдан келсек, адамдар тағдыры арқылы танылатын кезең шындығы К.Қазыбаев шығармасында да әрқилы, қалың оқиғалар аясында көрініс табады.

Нақтырақ айтсақ, қаламгер тарих шеңберіндегі ел басынан өткен ауыр кезеңнің шындығына терең бойлаған. Ол – қазақ халқының тағдырына мәңгі жазылмайтын жара алып келген отызыншы жылдар шындығы. Ашаршылық, жоқшылық – осының бәрі ауыл адамдарының қиюы қашып тұрған тіршілігін ауырлата түседі. Мұның өзі романда нақты оқиғалар арқылы бейнеленеді.

Жазушы сол кезеңде ғұмыр кешкен, өмір соққысына төтеп бере алған бірнеше кейіпкердің тағдырына барлау жасайды. Ер қайратты Дәмелі, оның жолдасы Малыбай, Дәмелінің бауыры Нарғазы, жас та болса ел басқарған ауылнай Ақылжан, оның жары мұғалім Қайша.

Бозбала Ақылжан – осы оқиғалардың ортасында әрекет ететін кейіпкердің бірі. Айнала қоршаған орта, адамдар әрқилы мінез-құлқымен, әрекет-тіршілігімен балаға әртүрлі әсер қалдырады. Қатал, қатыгез өмірдің ауыртпашылықтары жас баланы тез есейтіп, ес жидырады. Роман оқиғасымен таныса отырып, қазақ жұртының әлеуметтік-тұрмыстық бейнесінің қандай болғанына көз жеткізесің. Онда төбе шашың тік тұрып, тұла бойың түршігетін неше түрлі оқиғалар суреттелген. Асыра сілтеу әсерінен тіршілік көзі – малдан айрылған жұрт ашаршылыққа ұшырап, қолына не түссе соны қорек етіп, тіпті тышқан жеуге, жас сәбиді өлтіріп, қазанға сап асуға дейін барған. Асырай алмай балалар үйіне өткізілген Ваня, Таня, Петя, Вера боп жазылып кеткен сәбилер тағдыры романда әсерлі суреттелген. Күні бүгінге дейін перзенттерін іздеп таба алмай жүрген ата-аналар қаншама?

Қазақ даласында Голощекин саясаты қалай жүзеге асты, халықтың сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай еді? – деген сұрақтарға шығарманы оқи отырып жауап таба аласың.

Компеске науқанына байланысты сырт жерге қашып жан сауғалап жүрген адамдар, Шатырбай ауылының Қытайға асуы, бір күнде Бимендінің үш отар қой, бір үйір жылқы, үш баласымен арғы бетке өтпекші боп із-түссіз кетуі, қара танымайтын Анарбай төрағаның «ескінің қалдығы» деп киіз үйді өртеуі, ашынғандардың «өкімет маған да жоқ, саған да жоқ» деп талай малдарын жайратып салуы оқырманды бей-жай қалдырмайды.

Қатыгез уақытты, соған орай мейірімсіз адамдар әрекетін мезгіл шындығымен сабақтастыра суреттеген тұстарда автор қара бояуды көбірек жағып жібергендей болады. Өйткені романда суреттелген уақыт бейнесі сол кезеңнің айна қатесіз шындығы еді. Қаламгер ақиқатты бұрмаламай қайта соған жүгінген. Шығармадағы суреттелген оқиғалар ойдан шығарылмаған. Ондағы кейіпкерлер өмірде болған, солардың басынан кешкен тағдыр талайы.

«Қуырған бидай, ақталған сұлы дәні, шәйдің бар жөні осы ғана. Дегенмен шөлдеп келген Малыбай қара шайдың өзін біраз ішуге ыңғай білдірді. Қайшаның әңгімесін одан әрі жалғастыруын күтті.

– Сұмдығы басқада. Шеттеу бір үйге келсек түндік есік түп-түгел жабық. Тірі пенде иісі сезілмейді. Тобымызбен ішке кірдік. Кемпір-шал жүктің түбінде отырған күйінде қалыпты. Отыздарға әлі жетпеген келіншек қан-қан, етбетінен есікке ұмтыла құлаған сияқты. Сол шамалас, бірақ сақал-мұрты әбден өсіп жүдеген жас жігіт қолында шөміші бар оты сөнген қазан-ошақтың түбінде серейіп жатыр. Қақпақты алып қалғанда бәріміз шалқамыздан құладық. Қазан ішінде Амангүлдей жас сәби» [3, 266]

Бұл үзінді ашаршылық жылдарында халық тұрмысында кездескен бір ғана жағдайды көз алдыңа әкеледі. Өте сорақы, өте аянышты жағдай. Адамды адамдықтан ада еткізген сол кезеңнің ащы да болса шындығы. Мұны автор елдің жүдеу тұрмысын көріп, қаппен астық таратып жүрген Ақылжан ауылнайға сүзеген молданың айтқан «Алланың ісі емес, адамның ісі ғой» деген сөздері арқылы жеткізеді.

Жас болса да жаңа өмірдің жүгін мойнына алған Ақылжан біраз дүниені бастан кешеді. Лепірбайдың аяқ-асты түрмесін, Анарбайдың арандатуын, өкіметтің оқуын, одан қуылғанын, Қайшаның қасіретті тағдырын көреді. Өмірден түйгендері, көргендері бар. Анарбай – қағаз ға қол қояры бар болыс. Ақылжан – оқып жаза алатын, сауатты болыс. Ақылжан секілді жас болыстың өмірге келуі кезең сипатын аңғартады. Оған дейін ауылнай болғандары қара танымайтын қараңғы адамдар. Қол қоя алғандары қойды, қоя алмағандары бармағын басты. Небір тағдырлар солардың қолынан өтті. Байларды тәркілеу солардың шешімімен жасалды. Осы мөрдің астында талай адамдар тағдыры кетті. Өш алды, айдатты, соттатты. Өйткені ауылнайдан үлкен тұлға жоқ. Қараңғы жұрт оларды пайғамбардан кем санамады. Ал Ақылжан хат таниды, қағаз жаза алады, іс жүргізуді біледі. Кезең сыры деп отырғанымыз да осы .

Жазушы халықтың аштықтан қырылу себептерін қазақ ауылын жайлаған оба індетін бұлтарыссыз суреттермен дәлелдейді: «Жаңағы індет шыққан үйге алдымен от тиді. Жанған киіздің исі тұншықтырып барады. Бәрі жел жаққа шықты. Керегелердің, уықтардың бытырлағаны жанды жаншып, өзекті өртеді. Оттың тілі жалаңдап, жоғары қарай өрлеп барады. Көп кешікпей шаңырақ гүрс етіп ортаға түседі. Малыбай бұл қияметті көргісі келмей теріс айналды. Ауызды жиып алғанша гүрс еткен дауыс естілді. Құп-қу кереге, уық шатыр-шұтыр жанып жатыр. От өз ойранына қуанғандай» [3, 280]. Оқырман сезіміне ауыр тигенмен қазақ халқы бастан кешкен кезең шындығы осындай еді. Байларға салық салу кедейлермен аралас жүргізілгені, салық алмағандардың қолда бар малын тартып алуы әділетсіздікті көрсетеді. Романдағы малы бар Бимендінің ауру кемпіріне, бала-шағасының тамағына бір қойын қимауы да адам бойындағы уақыт салған қатыгездікті аңғартады.

Ең өкініштісі – кедейлерге ара түскен, халық мұңын жоқтаған, жаңа өмірдің жаршысы болып жүрген ауыл белсенділері Нарғазы, Жүсіп, Ақылжандардың НКВД-ның үйреншікті әдетімен ұсталып, итжеккенге айдалуы.

Жазушы Ақылжан мен Қайшаның, Жүсіп пен Бәтимәнің махаббатын әсерлі суреттейді. Романда негізгі оқиғалардың бел ортасында жүретін Қайша мен Бәтимә – тәркіленген тұқымның қыздары да, Ақылжан мен Жүсіп – қарапайым кедей табынан. Жазушы бұл арқылы халықты тапқа бөлгенімен, адал махаббатты тапқа бөлуге болмайтындығын ұқтырады. Яғни бірін-бірі шын сүйетіндерге заман қиындығы да кедергі бола алмайтынын, ол сезімнің бәрінен де биік екенін әрқилы жағдайлар арнасында көрсетеді. Жанкешті адал жандар тағдыры әдемі сюжетпен өрілген.

Романнан халықтық ырым, діни әдет-салт, жоралғылардың ұлттық сана болмысымен тұтасу көріністерін аңғарамыз. Мәселен дінге деген тазалық пен имандылық шарттары суреткерлік әдіспен ұтымды берілген: «Апам шыдай алмай кетсе керек: «Ей, молдеке, сен күшік күйеу деп

Малыбайды кемітпе, құдай адалдықты сүйеді дейсің ғой, сол адал адам болса сондай-ақ болсын. Ұрлық қылып, намаз оқып жүргендер де бар ғой. Олардан гөрі сол Малыбайдың құлшылдығы дұрыс. Өз баламыздай болып кеткені де сол адалдығынан. Адал пиғылдан, адал әрекет шығады. Арам пиғылдан қанша намаз оқыса да арам әрекет шығады. Құдайға керегі қайсысы өзі?... » [Батаның жолы қашан да үлкен. Тіріге сәлем беріп үлгерерміз. Алдымен өліктің орнына құран оқу керек дейді ғой шәриғат» [Тәйт, о заманда бұл заман. Сүйекке түскенде ұсталмаған бұлды бергенді кім көрген. Шариғат киілген киімді берген сауап дейді» [Дүлдүл тәтем!

Осылайша айқай салып, тұра ұмтылған Бәтима елдің ең алдында. Құлын жонданып мүсіндене түскен секілді. Бірақ ойлағанындай үсті жүдеу екен. Бойжеткен қызды киіндіріп қоймаса, жапырағы түскен күзгі ағаштай көріксіз көрінеді ғой. Бала-шағаның, ағайын-туғанның қаумалауымен Дәмелі аттан түсті. Біреу құлан биені жетектеп алып кетті. Бәтима қуанғанынан жылап жүр. «Дүлдүл тәтем» дүниені кеңейте келді ғой» деген сөзін құлағы шалып қалды. Ықыласыңнан айналайын, қойған атыңның әдемісін қарашы. Дүлділдік маған қайдан келсін [3, 32].

Тағы бір тұста былай дейді:

«Зейнеп Нарғазыдан кейін көп кешікпей туған Жанғазыны «Тетем» дейтін де, Ерғазыны «Тентегім» дейтін [3, 74].

Әдетте, нағыз құрметке толы мұндай ғұрыптар бүгінгі жастар үшін аса қажетті екендігі даусыз.

Автордың осылайша ырым-жоралғының субъективті өмірде алатын орны мен объективті заңдылық арасындағы қарым-қатынас табиғатын пайымдауға ұмтылысы кейіпкер психологиясын, олардың рухани әлемін жан-жақты толымдылықпен бейнелеуге көп көмектескен. Сөйтіп, оқырманның халықтың ұлттық сана, тарихи-мәдени түйсік, ұждандық сезім, иман-мұратына қанат байлап, қайрат жігер қосады.

Әлеуметтік шындықты жазу – заманның рухани тынысын жеткізу болса, өз кезеңінің өзекті шындығын қаламгер осындай кезек-кезек толыққанды образдар жасау арқылы аша білген.

Роман соңында Дәмелі ана мен Қайша итжеккенге айдалған Ақылжанды іздеп жолға шығады. Поезда келе жатып Дәмелі түс көреді. Түсінде бақыл болған анасы екеуі жұмақ қаланы аралап жүр екен дейді. Онда Жүсіп пен Бәтимә, Самұрыққа мінген Нарғазы, егін мұхитында ғы Малыбай, халық көп жиналған сәнді алаңда атпен жүрген Ақылжан мен Қайшаны көреді. Арайлап атып келе жатқан аппақ күн. Бұл тамашаға ауызының суы құрып қарап тұрғанда анасы «енді Аңдар ауылын көр»,дейді.

Аңдар ауылында өткір көзін жұмған арыстан қатты шабаланып тұр екен дейді. Қанжардай сояу-сояу тістерін ақситып, айдаһардай күркірейді. Ашулы арыстан темір тордан жан-жағына қарап айбат шегеді де, өз терісін өзі сыпыра бастайды. Бір кезде құйрығын басып қалып, өз құйрығына өзі шырматылып өледі.

Жазушы екі көріністі қатар суреттеу арқылы екі кезең бейнесін береді. Ойлы оқырман жұмақ қаланың – азат Қазақстан, аңдар ауылының – Кеңес Одағы екенін айтпай-ақ ұғады. Жазушы шеберлігі де сол, түбінде қазақ елі өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болады деген ойды осылайша астарлап жеткізуінде. Мұнан қаламгердің көркем қиялының қуаты, топшылау мүмкіндігі мол екендігін көреміз.

 

Әдебиеттер

  1. Байжанов С. Өткеннен мұрағат – өркенге ұлағат. – Алматы: Қазақстан, 1998. – 478 б.
  2. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1998. – 208 б.
  3. Қазыбаев К. Сұрапыл. – Алматы: Қайнар, 1995. – 524 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.