Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлік ғұмырбаянындағы ағартушылық мұраттар

Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағы, «Қырық мысал» кітабы – қазақ поэзиясындағы ұлттық мұраттар бағытындағы шығармашылықтың озық, озат үлгілері болып қалды.

Жұртының қамын қаршадайдан ойлауға тағдыр өзі жетектеп әкелген Ахмет Байтұрсынұлы сынды заманауи тұлғаның елін ояту, саналы ғұмырға бағыттау жолындағы сан-салалы өлшеусіз еңбегінің бір арнасы болған поэзиялық туындылардың басты сипат, даралық ерекшеліктерін Міржақып Дулатұлы алғашқылардың бірі болып бағамдап, бағалайды.

«Маса» жинағы (1911) Ахмет Байтұрсынұлын әлеуметтік шындықтың ақыны екенін анықтай түсті. Жинақ туралы М.Дулатов «өз өлеңдерінде Ахмет Байтұрсынұлы ғашықтық туралы, әйел туралы, табиғат туралы жырламайды, онда қанатты көпірме сөздерге құрылған өлең үлгісі де жоқ. Ол қарапайым, нағыз қазақ тілінде бостандық, ұлт туралы – қазақ халқының қанауда, артта қалғаны жайлы жырлап, оны оқуға, еңбекке және ұйқыдан оянуға шақырады, әрбір қазақтың бойындағы азаматтық сезімді оятуға ұмтылады» деген баға береді.

Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін шығару ісіндегі жетекші еңбегімен де ел тәуелсіздігі, азаттық күрес жолындағы ағартушылық бағыт ауқымына заманалық өредегі қайраткер тұлға екендігін және де айқындап берді.

Отаршылдық езгіге қарсы күресте баспасөздің мәніне ден қойған Исмаил Гаспралы өнегесі, әлемдік өрістегі озық мұраттар ықпалы әсерінде, елдің ішкі жағдай, ерекшелігін егжейтегжейлі зерделеп, ескеріп отырып «Қазақты» шығару, оның жұмысын жүргізу – Алаш ардагерлерінің, соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының да тарихи қайырлы шаруасы.

Ағарту саласында анық мұқтаж болып отырған бағыттарда атқарған қыруар еңбегі Ахмет Байтұрсынұлының тарихи тұлғасын тұғырландыра түседі.

Тәуелсіздік жолындағы күрестің ұзақ тарихы 1917 жылдан кейін де жаңа бір бағыттарда жалғасып, өрістеп отырғаны белгілі. Халықты құрып кету құрдымынан сақтаудың ендігі бірден-бір жолы – біліммен қаруландыру деп шешкен Алаш зиялысының әрбір нақтылы қадам, іс-шарасында дәуірлік ықпалды тұлға Ахмет Байтұрсынұлының азаматтық ұстанымдарының негіздері бар.

1917 жылғы жеделдете өткен қос төңкерістен кейінгі ұлт зиялысы ұстанымдарындағы қайсы бір беталыс, бағдарлар туралы Дихан Қамзабекұлы былайша ой өрбітеді.

««Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар» деген, 1919 жылдың ортасында большевиктердің жеңіске жеткені айқындалғанда, тағдырдан тәлкек, өмірден өгейлік көрген Алаш қайраткерлері амалсыз кеңес шебіне өтті.

1922 жылы Қазан шаһарында жарық көрген «Маса» жинағына (толықтырылып үшінші рет басылуы) кірген «Жауап хаттан» өлеңінде Ахмет Байтұрсынұлы:

Қарап жатқан тірі жоқ. Мен де – соның бірімін, Өлгенім жоқ, тірімін, – дейді. Кеңес үкіметі 1919 жылы 4 сәуірде ресми газет бетінде Алаш Ордаға, оның қайраткерлеріне Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери төңкерістік комитет (ревком) құрылғанда, А.Байтұрсынұлы оның мүшесі болуға келісімін берді» [1, 99].

Дихан Қамзабекұлы қиын-қыстау кезеңде ұлттық мұраттар жолындағы күрес тактикасын өзгертуге тура келген, тығырыққа тірелген шақтарда да қарап қалмай, саяси өмірден алыстамай, ел қамымен ештеңеден де бас тартпай еңбектенген ел ағаларының тағдырын таныта түсер фактілерді Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлік ғұмырбаянынан көп көреміз.

Ахмет Байтұрсынұлы ұлт тағдыры қыл үстінде тұрған қиын уақытта кезінде пікірлерді келіспеген тұлғалармен қатар еңбектенеді.

Аласапыран уақыттың шындығының бар құбылысы оны да шарпымай қалмайды.

Дихан Қамзабекұлы Ахмет Байтұрсынұлының күрескерлік ғұмырбаянын маңыздандыра түсетін елеулі бір факті – Ахмет Байтұрсынұлының Ташкент сапарын аса мән беріп, тәптіштей ұғындыруымен ахметтануда тұлғалық болмысы сан тараптан зерделегеннің өзінде қағаберіс қалған бар құбылысты байыптап берді деуге болады. Себебі, дәл осы Ташкент сапарының алғышарт, ықпал-нәтижесі туралы Ахмет Байтұрсынұлының ғұмырбаянын зерттеушілер дәл осындай саяси қатпар, астары айқындала түскен негіздеме жасай қоймағандығын айтқан жөн.

«Көрнекті ғалым, оқу жүйесінің реформаторы, кешегі Алаш қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1922 жылы тамыз айының басында Түркістан республикасының астанасы Ташкент қаласына жасаған іс-сапардың мақсатын «Ақ жол» газетінің бір авторы: «Келген жұмысы – Түркістандағы екі облыс қазақты Қазақстанға қосып, қазақ елін біріктіру» деп көрсетіпті» [1, 102].

Ташкентте Ахмет Байтұрсынұлын қарсы алу, Ахаңның сөйлеген сөзі, т.б. нақтылы жайлар Ахмет Байтұрсынұлының күреспен өткен ғұмырының елеулі фактілері. Ұлт тәуелсіздігі жолындағы қайраткерлік еңбегінің және бір мазмұнды бағыты.

«Тарих үшін қас-қағым сәт болып есептелетін осы уақыт А.Байтұрсынұлының көз алдында өтті. Алаш зиялылары ұлттық ұйысу, шекара нақтылығы, жер аумағы тұтастығы жолында ісқимыл жасаса да, қисынсыз көп нәрсе бұлардың ырқынан тыс орындалды. Сөйте тұра олар кеңес өкіметінің қазақ жерінде жүргізілген әрбір шарасына түзету енгізуге тырысты. 20-жылдардағы Қазақстан мен Түркістанның руханиятқа қатысты саясатының игі істерінде Ахмет Байтұрсынұлының да қомақты үлесі бар» [1, 106].

Замана озды. Уақыт қазақ баласына толып жатқан игіліктер мен жаңа мүмкіндіктер туғызып отыр. Осының барлығында ұрпақ қамын ойлап ғұмыр кешкен ұлт ұлдарының жаны мен қанынан дарыған ізгілік нұры қоса шалқиды. Сонда ол болса шалқақтап, асқақтап озып кеттік деуге, әлі ерте. Туған жұртының бойында бар асылы мен жасығын жасырмай сынап, жаба тоқымай бағалаған асыл ағалар айтқан көп ақиқат бар. Ел мінезіндегі белгілі бір дәуірлердің зардабындай бел алып кеткен желөкпе жеңілдікке қазірде де қауіппен қарамасқа болмайды.

Біздіңше, ұлттық мұрат, азаттық күрес идеясы деген ұғымдар әрбір халықтың жасампаз тарихында қатарласа, қатпалдаса жүретін құбылыстар. Ол тоқтамайды, тоқырамайды. Бұл мұраттар – жасампаздықтың қуат қосатын, қимылды үдететін баянды тетіктері.

«Қазақ салты» өлеңінде Ахмет Байтұрсынұлы қамығып айтатын кереғар, келеңсіз нышандар түбегейлі жойылып, ел баласы ежелгі еңселі биігіне көтерілгенше үзілмеуі тиіс күрес мұраты қай-қайсымыздың болса да жүрегімізге тыншу бермеуге тиіс.

«Қазақ салты» осыған бір ғасыр бұрын меңзейтін, әлі де «аңлашы» дейді.

Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп, Екпіндеп ұшқыр атша қарқындаған.

Бос белбеу, босаң туған бозбала көп, Киіздей шала басып, қарпылмаған. Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп, Телміріп бір тойғанын ар қылмаған. Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар көп, Есептеп азын көпке, аңқылдаған. Қайырсыз неше сараң байлар да бар, Қайықтай толқындағы қалтылдаған. Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп, Ұмтылып, талап ойлап талпынбаған; Солардың қатарында біз де жүрміз,

Мәз болып құр түймеге жарқылдаған. Не пайда өнерің мен біліміңнен Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?!

Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.

Байға – мал, оқығанға – шен мақсұт боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.

ХХ ғасыр басындағы әдеби үдерістің тарихи, саяси негіздерін бағалап, саралауда құжаттар негізінде пайымдаулар жасау дағдысы бөлек академик Тұрсынбек Кәкішұлы зер салған мәселелердің Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығындағы тәуелсіздік мұраттар бағытында дәуірлік деңгейде ой қорытындылап, пайымдамалар жасауға негізді қисындар қосатындығын айтар едік.

«Ақтаңдақтар ақиқаты дегенде, ең алдымен сол ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылығындағы өзгерістер мен қақтығыстардың болу себептерін ашу, қазіргі бір ғасырға жуық уақыт аса мерзім өткен кезде олардың шығармашылықтарын ғылыми көркемдік даму заңдылықтарына сай талдау, тұлғалық мінез-құлықтарының өзгешеліктеріне тоқталу жеке-жеке емес, тұтас дәуір үнімен сабақтастыра қарастырылуы шарт. Сондықтан, Т.Кәкішұлы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтар туралы рухани тұтастықты, жалғастықты, арналастық пен айырмашылықты, дәстүр жалғастығы мен рухани ғибраттың маңызын жете ұғына пікір білдірген жөн деп есептейді» [2, 85].

Зерттеуші А.Зекенованың күрделі ХХ ғасыр басындағы әдеби даму бағыттары туралы тақырып «сәнге» айналмай тұрып, сонау ХХ ғасырдың 50-жылдарында нақтылы құжаттық негізде зерттеуге ден қойған Тұрсынбек Кәкішұлының пайымдарындағы өзгешеліктерді тұтас аңғарып, ауқымды, жүйелі тоқтамдарға айналдыру бағытындағы ізденісі негізді.

ХХ ғасыр басындағы қайшылығы мол күрделі ақиқатты тану жолында елеулі көзқарас жүйесі бар Тұрсынбек Кәкішұлы Ахмет Байтұрсынұлының азаттық мұраттар бағытындағы күрес ұстанымының даралық сипаттарын атап айтуында кезеңдік жалпы ағымға ілісе кетіп сөйлеген көп зерттеушіден ауылы шалғай ақиқаттарға сүйеніп отырды. Байтұрсынұлының ағартушылық ағым қалыптастырудағы тарихи еңбегін, «Қазақ» газеті туралы ой-тоқтамдарында тұлғаның тарихи еңбегін ғылыми, саяси-әлеуметтік негізде бағалаудың ұстанымдары көрініс тапты.

Т.Кәкішұлы Ахмет Байтұрсынұлының ұлт азаттығы жолындағы күрес мұратымен астасқан жеке бас тағдырындағы әрбір әрекет, шара шығармашылық туындысының арқау, арналары туралы әр кез ой өрбітіп, сөз қозғап келеді. Осында Ахмет Байтұрсынұлының кез-келген шешімі, қолымен атқарып саяси, мәдени кеңістікке дарытқан шараларының бар мән-маңызы тәуелсіздік мұратпен тұтасып жатқандығы тайға таңба басқандай, нақтылана, айқындала түсіп отырған. Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиі туралы тоқтамында Т.Кәкішұлының А.Байтұрсынұлы еңбектерін зерделеудегі зерек пайымы назар аударады.

«...Әрине, Ахмет Байтұрсынов қазақтарды тезірек сауаттандыру мақсатымен ұлттың жазу тәртібін енгізгені өзінің ұлы жемісін берді, ең жеңіл алфавит ретінде мойындалып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді» [3, 78].

Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығын зерттеуде Меруерт Көпбаева ақындық өрістегі жекелеген туындыларының «Қазақ» газетінде жарық көргеніне мән бере отырып, сол туындыларды ғылыми айналымға тартады.

«Ахметтің жинақтарына енбей қалған кейбір өлеңдері бүркеншік есіммен «Қазақ» газетінде жарияланған. Ал «Қазақта» көбіне ел мұңын жоқтаған азатшыл поэзияның ғана орын тапқаны шындық. Мәселен, газеттің екінші санында жарияланған «Көшбасшы» өлеңінен-ақ осы бір талап айқын сезіледі. «Зарыққанда қылған бата» деп аталатын өлеңнің шымыр шумақты өткір сөздері «жүрекке дөп, ойға жөн». Көңілдегі мұңды оятып, ұмтылысқа, қимылға шақырғандай:

Сөйлесін! Жүйрік болса інжу тізіп, Жосықсыз бас ауыртпай босқа езіп. Құйса екені қысқасынан түсіндіріп, Ретті, төрт аяғы түгел келіп.

Көсем бол тура жолға бастап кетсін, Қалмасын кейінгілер соңына еріп. Бай болса, малын қисын жұрты үшін, Аямай керегіне тұрсын беріп.

Қайдағы аламанға ас дегенде, Осқырып жоламайтын не бір жеріп?

Шығарып бір жерден сөз, бір жеңнен қол, Ықпасын! Бүгежектеп, тұрсын берік.

«Өлең сөздері «Қазақ» мақсатымен үндес шығып, көкейдегі көп ойға қозғау салады. Өлең авторы белгісіз, қол қойылмаған. Бірақ Ахмет қолтаңбасы байқалады. Ахметтің бұдан да кейін де бүркеншік есіммен бірнеше өлеңдер жариялағанын еске алсақ, «Қазақтағы» өлең-жырдың бастауында өзі тұрғандығына күмәндануға болмайды» [4, 196].

Қазақ әдебиеті тарихындағы ұлт-азатшыл бағыттың белгілі бір тарихи кезеңінде өлең сөзбен өріс кеңітіп, ұлтын ұлы мұраттарға қарай жетелеген Ахмет Байтұрсынұлының тарихи еңбегі қазақ әдебиеттану ғылымында жан-жақты зерделеніп отыр.

Ахмет Байтұрсынұлы туралы арнайы «Тарихи тұлғалар тағылымы» сериясымен еңбек жазып шығарған Өмірхан Әбдиманұлы [5] ахметтануда азаттық мұраттар бағытында елеулі пайымдауларға барды.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ өмірінің қалтарыстары әлеуметтік негізде қамтылған поэзиялық туындылары тұтас бір кезеңнің рухани кеңістігін түзуде жетекші мәнде болған рухты туындылар мәнінде ел тарихында, әдебиет тарихында елеулі орын алады.

 

Әдебиеттер

  1. Қамзабекұлы Д. Руханият: (Мақалалар мен зерттеулер). – Алматы: Білім, 1997. – 272 б.
  2. Зекенова А.Ж. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы – Т. Кәкішұлы контексінде. – Алматы: Жібек жолы, 2007. – 204 б.
  3. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 448 б.
  4. Көпбаева М. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Көмекші оқу құралы. – Шымкент, 2009. – 196 б.
  5. Әбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе. – Алматы: Арда, 2007. – 296 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.