Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ағылшын тілді балалар әдебиеті зерттелуінің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері

Заманауи балалар әдебиеті ұғымы екі деңгейлі мағынада қолданылады. Біріншісі, күнделікті – тұрмыстық, яғни балалар оқитын барлық шығармаларды балалар әдебиетіне енгізеді, ал келесі ғылыми тұрғыдан балалар әдебиеті, ол өз кезегінде үш түрге бөлінеді: біріншісі тікелей балаларға жолданған, бағытталған шығармалар (мысалы К. Чуковский ертегілері), екінші түрі – үлкендер үшін жазылған, алайда балалар көңілінен шығып, балалар әдебиетінен орын алған туындылар (А.С. Пушкин ертегілері), үшінші түрі – балалардың өздері тарапынан жазылған туындылар.

Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшелігі, нысаны мен пәні зерттеушілер тарапынан пікірталас тудырып келеді, яғни «детская литература возникла на пересечении художественного творчества и учебно-воспитательной деятельности и является областью искусства, функции которого – доставлять ребенку эстетические наслаждения и способствовать формированию его личности» [237, 1]. Яғни балалар әдебиеті алдымен баланың жас ерекшелігіне байланысты болады. Туындыны оқыған адам шығарманың тілі, мазмұны, форма өзектілігі дәрежесіне орай бірден баланың жас мөлшерін анықтай алады. Балалар әдебиеті бала қызығушылығына негізделініп, көркемдік ерекшелігі мен бала психологиясының ерекшелігіне байланысты.

Балалар әдебиетінің бастауын іздегенде, әлемдік әдебиеттің негізінен, яғни архаикалық өркениеттер кезеңі, антикалық дәуір, әлемдік діндер қалыптасуы, даму сатысындағы әлемдік фольклор, ауызекі әдебиеттерінен қарастыруымыз шарт. Балалар әдебиеті өзінің бастамасын ауыз әдебиеті – фольклордан алады, сосын барып классик ақын-жазушылар еңбектерінен көрінісін табады. Балаларға арналған өлеңдер бала дүниетанымын, санасын дамытып, оларға жанымен жақын болып, тілі түсіну мен жаттауға жеңіл, көркем және табиғи болумен бірге тәрбиелік мәні жоғары болуға тиіс.

«Балалар әдебиеті – қиын әдебиет. Оның бірталай өзіндік ерекше сипаттары бар. Балалар кітаптарында әрекеттің нақтылығы мен образдың көрнектілігі, лирикалық сезімталдық, характерлер мен уақиғаның динамикалық түрде дамуы, тіл тазалығы мен тартымдылығы қажет» деп айтқан екен әдебиетші ғалым С. Қирабаев [43, 2].

«Балалар әдебиеті» – бүлдіршіндер өмірінің энциклопедиясы. Оның танымдық құндылығы да осында жатыр. Оның тартымдылық қасиеті болса, балаға өзін және өз өмірін ұғындыруында [121, 3]. Осы пікірге қосарымыз әр балалар ақыны мен жазушысы бала танымын кеңейтуге, мінез-құлқын қалыптастыруда шығармалары арқылы өз үлесін қосады.

«Четкая память о том, что и как я читал в детстве и в юности, очень пригодилось мне в ту пору, когда я стал писать книги для детей» деген екен кеңестік балалар әдебиетінің классик-ақыны С.Я. Маршак [76, 4]. Ол дегеніміз балалар әдебиеті, әр жеке тұлғаның қалыптасуына әсері бар, білім мен ілімді игеруде мықты іргетас екендігін көрсетеді.

«Детская литература – в прямом смысле художественное, научно-художественное и научно-популярное произведение, написанное специально для детей. Однако обычно в понятие детской литературы включается также широкий круг произведений для взрослых, прочно вошедших в обиход детского чтения, прежде всего, произведения народного творчества и классиков» қысқа әдеби энциклопедияда осындай анықтама берілген [182, 5]. Ал осы анықтаманы А.П. Бабушкина толықтыра келе төмендегідей анықтама береді: «Детская литература – это литература, специально предназначенная для детей до 15-16 лет и осуществляющая языком художественных образов задачи воспитания и образования детей. Она не отделима от общего литературного потока, рождается на пересечении художественной литературы и педагогики и осуществляет единство принципов искусства и педагогики. Детская литература усваивает все принципы художественности общей литературы, но придает им особую окраску в соответствии с особенностями психики своего специфического читателя. Отвечая стремлению детей к сильным, ярким явлениям жизни, учитывая особенности их воображения, их способность фантазировать, она пользуется наиболее эффективными по своему эмоциональному воздействию художественными средствами» [149, 6].

Ал кеңестік балалар әдебиетінің жанашырлары В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов тарапынан жасалынған теориялық алғы-шарттар, тұжырымдар кеңестік балалар әдебиеті қалыптасуына септігін тигізумен бірге қазақ, ұйғыр сынды кеңес халықтарының ұлттық балалар әдебиеттерінің дамуына, кеңеюіне өз үлестерін қосты. В.Белинский балалар әдебиетін өнердің дербес саласы деп қарастырып, оның тәрбиемен тығыз байланыста екендігін ашып айтты және фольклормен ұштастырды. Ол И. Крылов, А.С. Пушкин шығармаларын халықтық тілде жазылуына байланысты балалар әдебиетіне енгізу қажет. Балаларға арналған әдебиеттерде фантазия, арман, бос қиял емес, балаларға шынайы өмірді реалистік тұрғыда беру керектігін ашып айтты. Ал, келесі сыншы-зерттеушілер Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов өздерінің теориялық ұстанымдарында балалар әдебиетінде отансүйгіштік тәрбиенің маңызды екендігін және әр тұлға өз ойын, қажеттілігін, қоғамда ғы шындықты ашу мен қорғауда ат салысу керектігін айтады. Н.Г. Чернышевский балалар әдебиетінде стиль, психологиялық ерекшелік, тіл, сюжеттің өрбуі жас ерекшелікке байланысты екендігін алға тартады, ал Н.А. Добролюбов шамадан тыс жалпы сипаттау мен талқылаудың орнына нақты, шынайы өмір көрінісі автордың анық сезімінен туындап, халықтық сипатта берілуі керектігін ескертеді [94, 7].

Ағылшын балалар әдебиетінің қалыптасуы мен зерттеу нысаны жөнінде зерттеушілер арасында қарама-қайшылықтар кездеседі. Мысалы: ағылшын балалар әдебиетінің тарихын зерттеуші Harvey Darton «балалар әдебиеті деп баланы жақсы болуға, өздерін байсалдылықта ұстауға немесе тәлім беруге емес, кітапты оқыған кезде спонтанды түрде құшырлану, ләззат беретін басылымнан шыққан шығарма. Балалар әдебиеті тарихынан оқулықтар, тағылымдық, адамгершілік мұратқа үндейтін туындылар, үлкендердің әсерімен жазылған шығармалар, дұрыс оқуға дағдыландыратын кітапшалар, әліппе, осылардың бәрін тізімнен шығарамын» [134, 8], десе, тағы бір балалар әдебиеті зерттеушісі Cornelia Miegs: «балалар әдебиетіне арнайы кішкентайлар үшін жазылған, ертегі, тақпақ, әндер, әдептілікті сақтау, адамгершілікке дағдылау, мектеп туралы әңгімелер, бастан кешкен қызықты оқиғалар ене ме? Ие, осылардың бәрімен бірге балалар әдебиеті өзіне үлкендер әдебиетінен бейімделген туындыларды алады, алайда кей кездері олардың кейбіреулерін иемденіп алады. Ол олардың өз әдебиетіне айналады» [112, 9]. Ал келесі зерттеуші Jack Zipes пікіріне құлақ ассақ, балалар әдебиеті ешқашан балалар тарапынан балаларға арналып жазылған туындылар болмаған, ол қашанда балалар үшін қажетті дүние, пікір, көзқарас, қажеттілік, балалар таңдауына сәйкес келетін дүниелерді үлкендер тарапынан құрастырылып, беріліп отыратынын айтқан болатын [83, 10].

Келесі сыншы Perry Nodelman балалар әдебиетін тіпті әдебиеттің жанры ретінде қарастырады, оның ұстанымы бойынша уақыт пен жер айырмашылығымен бірге реализм және фэнтези категориялары ұштаса келетін, өздерінен жас, білім, тәжірибе тарапынан төмен орналасқан кішкентайларға үлкендер тарапынан жасалынған жазбалар тізбесі деп көрсетеді [214, 11].

Х. Дартон айтқандай біз балалар әдебиетіне балаларға тән әдеби шығармадан бастап, барлық балаларға арналған дүниенің ара жігін ажыратпай қоса салатынымыз да бар. К. Майс көрсеткендей, барлық ұлттық балалар әдебиеттерінде үлкендерге арналған шығармалар балалар тарапынан, ал кішкентайлар үшін жазылған туындылар үлкендер ықыласына бөлінуі, автордың шеберлігі және жаңа, тың, озық тақырып пен идеяны ұштастыра алуында деп білеміз. (Д. Дэфо «Р. Крузоның бастан кешкен оқиғалары», ертедегі ағылшын эпикалық шағармасы «Беофульф») Балалар құр бос сөз, қажетсіз сипаттау, шынайылық, түсініксіз суреттеулерді жаны сүймейді оларға нақты, қажетті мәлімет, мағынасы, идеясы қысқа да нұсқа болуын қажет етеді.

Балалар әдебиетінің ерекшелігі туралы сұрақ сан алуан рет пікір-таластың тақырыбы болып келеді. Орта ғасырдың өзінде балаларға арналған шығармаларда үлкендерге қарағанда ерекше жазу керектігі туралы айтылған болатын. Сонымен бірге әрқашан өнердің жалпы ережелерін қолданып, кітаптарды тек жақсы және жаман деп ажырататындар да табылып отырды.

Кейбіреулер балалaр әдебиетін суретті педагогика десе, енді біреулер үлкендер әдебиетінен ерекшелігі тек тақырыбында және мазмұнының жеңілдігінде, «балалар тілінде» деседі. Осы ған орай, уақыт өте келе көптеген пікірталастар туындап, олардың арқасында балалар әдебиетіне объективті талаптар қойыла басталды. XX ғасырдың 70-жылдары «Балалар әдебиеті» журналының беттерінде балалар әдебиеті – қоғамдық танымның жеке формасы деген ой қозғалды. Әдебиетшілер мен сыншылар балалар үшін жазылған шығармаларда өмірді өзіндік көркем суреттеу жолы бар екендігін айқындады.

Осы мәселені қарастыра келе, біз балалар әдебиетіне төмендегі анықтаманы ұсынамыз: «Балалар әдебиеті – жаңа туылған нәрестеден 16 жастағы жасөспірімге дейін білім және тәрбие беруді ұштастыратын жалпы көркем әдебиеттің бір бөлігі. Балаға қоршаған ортаны таныстыру, жақсы-жаманды ажырату, дүниетанымын қалыптастыруда таптырмас қазына». Бұл тұста балалар әдебиеті көркем әдебиеттің бір бөлігі ғана болып қоймай, ол педагогика, бала тәрбиесімен тығыз байланысты, тұлғаның жан-жақты қалыптасуы мен қоғамға қажетті мүше болып жетілуде психологиялық ерекшеліктерін дамытуға да септігін тигізеді. Қай халықтың балалар әдебиеті, мейлі проза, не болмаса поэзиясы болмасын өз бастауын халық ауыз әдебиетінен алады. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі бар жанрлар, айталық бесік жыры, мал баласын сүю, санамақ, жаңылтпаш, өтірік өлең т.б бүгінгі күнгі әдебиеттің де төл жанрлары болып табылады.

Кеңестік кезеңде балалар әдебиетін дамытуда, дүниежүзілік балалар әдебиетін совет балаларына таныстыру және әлемдік балалар ақын-жазушылары мен мәдениетаралық, әдебиетаралық байланыстарды күшейту үшін халықаралық дәрежеде бас қосулар, конференциялар көп өткізілетін, солардың бірі 1989 жылы Мәскеу қаласында өткен балалар мен жас өспірімдер жазушыларының Халықаралық Кездесуінде Энн Скот Маклеод сөйлеген сөзінде американдық балалар шығармаларында американ қоғамындағы әлеуметтік жағдайларының орын алатыны туралы айтқан, атап айтсақ: жанұядағы ажырасу мәселесі, баланың не әкесі, не шешесі қолында қалып, бір жақты тәрбие алуы, кей кездері тіпті алыстағы әже-аталарын іздеп тауып, солармен бірге тұруы туралы айтылады, яғни балаға ата-анаға қарағанда ата-әженің жақсы қарауы тақырыбы бар екендігі туралы айтқан болатын [63, 12]. Батыс әдебиетінің қай саласын алмайық, сыншыл реализмнің етек жайғанына күә боламыз. Көріп отырғанымыздай, балалар әдебиеті тақырып, сюжет, мазмұн жағынан сан алуан, осыдан сол халықтың, елдің, ұлттық болмыс мен ерекшеліктері және өзгешеліктерін көрсетіп отырған. Әдебиетаралық байланыстың арқасында жақсы аударманың нәтижесінде көптеген ағылшынамерикандық балалар шығармалары кейіпкерлері кеңестік балалар әдебиетінде өз орнын тапты, мысалы: «Доктор Айболит» американдық «Доктор Дулитл», «Жақұт қаласының сиқыршысы» – «Оз елінің сиқыршысы», т.б. Орыс балалар ақыны С. Маршак «Джек тұрғызған үй» атты кітап-жинағын шығарған, онда ағылшын халық поэзиясы туындылары мен ағылшын балалар классик ақындары Р. Киплинг, А. Милне, Э. Лир шығармаларын орыс тіліне аударып, бүкіл кеңес одағы оқырмандарына таныс еткен.

Аударма әдебиеті туындылары мәдени құндылықтар мен алмасуда өте маңызды амал болып, халықтар арасында өзара әсер ету мен жақындасуға өз септігін тигізеді. Соның арқасында әлеуметтік жағдаяттар мен ағылшын тілді елдердің мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен жақын таныс боламыз.

Ағылшын балалар әдебиетінің ерекше сипаттамасы болып қылжақтық, таңғажайыптық элементтері, жеңіл лиризм мен үйлесуі мүмкін емес құбылыстар және рухтандыратын әзіл-сықақ, кейде мысқыл, кейде сын-сықақ реңктерімен беріліп отырады. Ағылшындардың балаларға арналған ең көне, ежелгі туындылары «Балалар өлеңдері» мен «Қаз ананың әндері» жинақтары. Олардың қашан, кім тарапынан жазылғаны белгісіз, тек

«Қаз Ана» атауы 1760-1765 жылдары аралығында 52 өлеңді қамтыған жинақ Джона Ньюбери тарапынан шығарылған кітаптан өз бастауын алады. Ол кітап аса танымал болып, сол жетістіктен соң балалар кітаптары бірінен соң бірі шыға бастады. Әр жинақты шығарушы адам ауыз әдебиеті туындыларын жаңа өлең, фольклордың басқа да жанрларын енгізе бастады.

«Қаз Ана» кітабы жалпы Еуропа халықтарына ортақ дүние, алайда ағылшындардың «Қаз Анасы» проза тілінде емес, поэзия жанрында жазылып, ән айтумен бірге санамақтар мен тапқыр сөздерден тұрады. Ол кітап балаларды жалықтыратын ғибрат сөздер, ақыл-өсиеттерден емес, балаларды ерекше күлкіге, ойнауға шақыратын бала тілінде, балалар үшін жазылған өте көңілді ән-өлеңдерден тұрады. Осы кітаптың әрқашан жас және тартымды болуы сауық-сайран, шаттық және даналық поэтикасы үйлесімділігінде екені даусыз. Ағылшын балалар әдебиеті тарихына тоқталар болсақ, талай ғұламалар балалар әдебиетінің, жанрларының дамуы мен сұраныста болуына қарсы болған, атап айтсақ, өз дәуірінің идеологы Джордж Фокс «Увещевательном слове к учителям» кітабында балалардың басқа да күнәләрімен бірге тағы күнә жасап, балалар өлеңдері, ертегілері, мысалдар мен қызықты әңгімелерге ынталы болуына қарсы болған, ал дін қызметкері протестант Томас Уайт өзінің

«Кішкентайларға кішкентай кітап» («Маленькая книжка для маленьких») (1702) кітабында ағылшын балаларын баллада, қажетсіз ойдырма, өлең, ертегілерге әуес болмай Інжіл және діни кітаптарды оқуға шақырған. Пуритандық кезең аяқталып, ғылым дамыған тұста, буржуазиялық өндіріс пен ғылым дамуының қайраткері Джон Локк балаларды жас кезінен-ақ білімге, ғылымға баурау қажет екенін ол үшін география, астрономия т.б жаратылыстану пәндерін көп оқытуға шақырған.

Ағылшын елі балалар фольклорындағы сөз ойыны орыс халқы балалар әдебиетіне жақын екенін көрсетеді. С.Я.Маршак журналистерге берген бір сұхбатында: «У англичан чувство юмора похоже на наше собственное. Большинство русских любят тоже нелепицы, хотя есть некоторые страны, где у людей нет вкуса к подобным вещам» – деп айтқан екен [3, 13].

Ағылшындардың өлең-әзілі, жұмбақ, жаңылтпаш және санамақпен бірге беріліп отырған. Талай ұрпақ оқырмандары үшін аса танымалдылыққа ие, жұмбақ дүние – Хампти-Дампти. Осы бір оқуға жеңіл, алайда аударуға аса қиын дүниені тек тәжірибелі, тапқыр ақын-аудармашы С.Я. Маршак қана өзіндік әдемілігі мен түпнұсқадағы ерекшелігін сақтай отырып, орыс оқырманына жақын етіп аудара білді:

Humpty Dumpty sat on a wall, Humpty Dumpty had a great fall. All the king’s horses,

And all the king’s men,

Couldn’t put Humpty together again [14].

Шалтай-Болтай свалился во сне. Вся королевская конница,

Вся королевская рать Не может Шалтая, Не может Болтая,

Шалтая-Болтая,Болтая-Шалтая, Шалтая-Болтая собрать [15].

Осы С. Маршак аудармасы туралы 1955 жылы «Ол Хампти-Дамптиді орыстікі ете білді» деген тақырыпта ағылшын газетінің толық бір бетін қамтыған мақала жарияланып, шынымен кез келген ағылшын әдебиетімен таныс емес бала, бұл шығарманы орыстікі деп ойлауы мүмкін, сондай жоғары дәрежеде, ұлттық ерекшелік, болмыс тұрғысынан кәсіби аударылып, оқырмандар жүрегіне жақын еткендігі туралы баяндаған.

Антик заман, орта ғасырлар және қайта өрлеу тұсында көптеген ертегілер, аңыздар, тәмсілдер қалыптасқан, олар ғасырлар бойы ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп бүгінгі балаларға жетті. Ежелгі сюжеттер, халық ауыз әдебиетінің туындылары болып, өз танымалдылығын, өзектілігін жоғалтқан емес. Ағылшын әдебиетінің жарқын символы қаһарман Робин Гудтың басынан кешкендері және ағылшын рыцарьлары, олардың батыр патшасы туралы «Артурдың өлімі» (1485 ж.) кітабында жазылған. Бұл күндері осы кітап балалар мен жасөспірімдердің таптырмас туындысына айналды.

Ортағасырда аса танымалдыққа ие рыцарьлық роман формасын иемденген туындылар балалар әдебиетінде де өз орнын тапты. Осы рыцарь тақырыбын толықтырған тағы бір ағылшын жазушысы, шотланд және ағылшын балалар әдебиетін «Айвенго» және «Квентин Дорвард» романдармен толықтырған Вальтер Скотт әлем балалары мен жас өспірімдерінің сүйікті авторына айналғаны белгілі. Осы рыцарьлық, қаһармандық тақырып көп елдер әдебиетінде өз орнын тапты. XVII-XVIII ғасырларда антикалық заманға қызығушылық арта түсті. Осы кезеңде әйгілі Даниель Дефо мен Джонатан Свифт шығармалары «Робинзон Крузоның басынан кешкендері» мен «Гулливердің саяхаты» дүниеге келді және өте зор танымалдылыққа ие болды.

Балаларға арналған иллюстрацияланған тарихтағы ең алғашқы кітап – Ян Амос Каменскийдің «Мир чувственных вещей в картинах» атты кітабы 1657 жылы жарық көрген уақыт, өте келе ХҮІІІ ғасырдың аяғына қарай көңіл көтерумен ұштастырылған балалар кітабы көптеп шыға бастады. Гуманистік педагогиканы өз шығармаларында дамытқан Ян Амос Каменский педагогика саласында нағыз жаңалық енгізді, яғни ол баланы мұғалім, оқу алдындағы үрей, қорқыныштан азат етті және де оқытуды шеберлікпен бала әсерімен байланыстыра білді. Оның «Ұлы дидактика» еңбегі бүкіл Еуропалық мәдениетті дамытты [1, 144].

1836 жылы Лондонда суретші Крукшанк «Merry Alphabet» («Қызықты әліппе») атты алғашқы кітапша-кермені ойлап шығарды, ол кітап қатпарланып бүктелген ұзын қағаз лентаға басылған. Оны сатып алған адамның қалауына қарай беттерін қиып алатын болған. ХІХ ғасырдың 60-жылдары балалар кітабында түрлі-түсті баспа пайда болды.

Р. Колдкот, Ч. Крейн, К. Гринвей ХІХ ғасырда балалар әдебиетінің иллюстрациялық дамуына ықпал еткен адамдар болды. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Америкада тек қана балалар кітаптары мен оның көкейкесті мәселелеріне арналған журналдар «Хор бук магазин» басылымнан шықты және сол кезде Уолт Диснейдің мультипликация мен комикс синтезі пайда болып, Америкадағы балалар әдебиетінің дамуын басқа сарынға ауыстырды.

АҚШ балалар әдебиеті тарихына тоқталар болсақ, Беверли Лион Кларк өзінің «Америкадағы Балалар әдебиетінің әлеуметтік конструкциясы» атты кітабында балалар әдебиеті жағдайы жайлы төмендегідей анықтама берген:

«XIX ғасырда профессорлар тарапынан балалар әдебиеті ағылшын әдебиеті пәндері қатарына енгізілді, алайда ол өз алдына жеке, дара пән етіп белгіленбеген. Ал XX ғасырдың басында американдық балалар әдебиеті филологиялық пәндер тізімінен алынып тасталынған, әдебиетшілер балалар әдебиеті маңызды зерттеуді талап етпейді деп қараған. Сол уақытта бұл бос орынды кітапханашылар мен Педагогикалық факультеттердің профессорлары толтырған және балалар әдебиетінің маңызы мен қажеттілігін солар ғана таныған» дейді [16, 214].

1970 жылдардағы белгілі мәдениет пен гендер мәселеде болған қызығушылықтар университеттегі филология бөлімдеріне балалар әдебиетін қайтарып әкелді. Соңғы

35 жылда балалар әдебиеті ерекше назарда болды. Жоғарыда атап айтқанымыздай Американдық балалар әдебиеті коммерциялық (сауда) нарықпен бәсекеде, оған мысал Дисней кейіпкерлері туралы кітаптарды басып шығаратын «Голден Букс» басылымы. Ол жыл сайын миллиондаған кітаптарды таратып, өздерін әдебиет әлемінде еркін сезсе, танымалы «Калдекот» сыйлығы американдық балалар әдебиетінде маңызды іс-шара болып, коммерциялық кітаптарға емес, Морис Сендак, Давид Вейснер сияқты нағыз балалар әдебиетін тудырушыларға беріліп келеді [173, 16].

Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік, коммунистік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.

Түптеп келе айтарымыз балалар әдебиеті – бала дүниетанымын қалыптастыратын негізі. Оның көмегімен ұлттық бейне, ұлттық ерекшеліктер қалыптасып, ұлттық менталитеттің негізі қаланады.

Шынымен-ақ, қоғамға өз септігін тигізетін, адамгершілігі мен мінезі жақсы және дүниетанымы толыққанды қалыптасқан, жанұясы, отаны, халқының болашағы үшін жаны ашитын, көзі ашық ұрпақ өсіруде балалар әдебиетінің атқаратын жұмысы орасан.

 

Әдебиеттер

  1. Арзамасцева И.Н., Николаева С.А. Детская литература. – 2 изд. – М.: Академия, 2002. – 470 c.
  2. Қирабаев С. Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1971. – 395 б.
  3. Советская детская литература / под ред. Разовой В. – М.: Просвещение, 1978. – 375 с.
  4. Маршак С.М. Воспитание словом:ст.заметки воспоминания. – М.: Сов.писатель, 1964. – 583 c.
  5. Детская л итература // Краткая литературная энциклопедия. – М., 1964. – Т. 2. – С. 607-620.
  6. Бабушкина А.П. История русской детской литературы. – М.: Изд-во М-ва Просвещения РСФСР, 1948. – С. 48.
  7. Белинский В.Г., Чернышевский Н.Г., Добролюбов Н.А. О детской литературе // Сборник / Сост. В.В. Терновская и Н.И. Якушин. – М.: Дет. лит., 1983. – 430 с.
  8. Darton F. Harvey. Children’s Books in England: Five Centuries of Social Life. 3rd edition. Revised by Brian Alderson. – New York: Cambridge University Press, 1982. – 375 p.
  9. Miegs. Cornelia. A Critical History of Children’s Literature: A Survey of Children’s Books in English. Rev.ed. 1953. – New York: Macmillian, 1969. – 708 p.
  10. Zipes. Jack. Fairy Tale as Myth/ Myth as Fairy Tale. – Lexington: University Press of Kentucky, 1994. – 258 p.
  11. Nodelman Perry. The Hidden Adult: Defining Children’s Literature. – Baltimore: John Hopkins University Press, 2008. – 375 p.
  12. Детская литература // Сборник статей. – М.: Детская литература, 1990. – 189 c.
  13. Детская литература англоязычных стран: учебно-методическая пособие для студентов и преподавателей пед. колледжей / Сост. Т.Ю. Егорова. – Вологда: Издательский центр ВИРО, 2005. – 268 c.
  14. // http://www.allsoch.ru/svobodnaya-tema/zarubezhnaya-literatura/6199-harakternye-osobennosti-angliyskoy-literatury- dlya-detey/
  15. // http://www.lovelylanguage.ru/for-kids/english-songs/301-humpty-dumpty
  16. Kiddie Lit. The Cultural Construction of Children’s Literature in America. – Baltimore: The John Hopkins University Press, 2003. – 235 p.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.