Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фонетикалық өзгеріске ұшырап вариантталған көне түбірлер (XI-XV ғғ. түркі жазба ескерткіштері материалдары бойынша)

XI-XV ғасырлар аралығында араб жазуымен қағазға түскен түркі жазба ескерткіштері едәуір дәрежеде біздің заманымызға келіп жетті. Бүкіл түркі халықтарына ортақ мұра болып есептелетін бұл жәдігерліктерді қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда біраз айырмашылқтар байқалады. Осы кездің тұрғысынан архаизмге айналған көне түбірлер осындай айырмашылықтардың бір тобын құрайды. Бірақ олар фонетикалық өзгерістерге ұшырап вариантталған қалпында осы заманғы тілдерде кездеседі. Осы мақалада қазақ тілінде бұрынғы тұлғасын өзгертіп барып қалыптасқан бірқатар көне түбірлер жайында сөз еткелі отырмыз.

Қапуғ есік, қақпа. Елиг қапуғда қысылды (Саусақ есікке қысылып қалды); ачи қапуғ тыдма барса киши ДТС, 421 (Егер кісі шыққысы келсе, қақпаны аш, оны ұстама). Ескерткіштердегі бұл сөз қазіргі қазақ тілі тұрғысынан көне. Оқырмандар түсінбейді. Осы сөз сәл өзгерген формада орхон-енисей ескерткіштерінде де ұшырайды. Қапығ қақпа, есік. Ол он мың балықлар өлүм қапығыңа кирип (Ол он мың балық өлім қақпасына кіріп); Улуғ кичиг қамуғ будун той қапғыңа теги бардылар ДТС, 420 (үлкен-кіші барлық халық қаланың қақпасына дейін бардылар).Екі тұлғадағы айырма у~ы сәйкестігінде ғана. Ескерткіштердегі қулун, азуқ, бурундуқ сөздері қыпшақ тілдерінде құлын, азық, мұрындық, болып қалыптасқан. Бұдан екінші, үшінші буындардағы у еріндігінің ы езулігіне айналғанын көреміз. Ежелгі еріндіу у дауыстысының кейінгі замандарда езулік ы дауыстысына ауысуы – фонетикалық заңдылық. Соңғы форма соңғы ғ дыбысы түсіріліп қапы түрінде қазіргі түрік тілінде сақталған.

Бұл сөз қазақ тілінде елеулі дәрежеде фонетикалық өзгеріске ұшыраған: қақпа. Бертеін лексикалық мағынасы – 1. Адам, көлік т.б. ғимаратқа немесе оның ауласына енетіндей етіп жасалған үлкен есік, дарбаза. 2. Қорғандар мен бекініс, қададардың сыртынан қоршалып, орнатылған тосқауыл, ауыр, берік есік. Махмуд қашғаридің «Диуани луғат-ит турк» атты сөздігінде дәл осы мағыналарды беретін қапға деген форма бар. Сонда қазақ тіліндегі «қақпаның» ғ (қ) және п дауыссыздарының орын ауыстыруы арқылы, яғни метатеза құбылысы негізінде, қалыптасқаны сөзсіз.

Тарихи жазба ескерткіштердегі қапуғ және қапға формаларын өзара салыстырсақ, түбірі қап екендігі, -уғ пен –ға жұрнақ екендігі бірден аңғарылады. Түркологияда соңғы жылдары ашылған заңдылықтар бойынша, қ,ғ,к, г дауыссыздарынан басталған жұрнақтар мен жалғаулардың барлығы құранды, олар сол дыбыстардың алдындағы морфемалардан жылысып, қосымшалармен кірігуінен пайда болған [1, 66]. Олай болса «қапғаның» бұрынғы формасы – қап+уғ+а. Профессор Б. Сағындықұлының «аса ежелгі дәуірлерде есімдердің барлығы н сонорымен аяқталған» деген пікіріне арқыа сүйесек, аталған форма қап+уғ+а(н) түрінде қалпына келеді [2, 168]. Яғни оны қап түбіріне алдымен көне -уғ жұрнғы, кейін көне -ан жұрнағы жалғану арқылы өмірге келген тұлға деп тануымызға тура келеді. Ескерткіштердегі қапуғ сөзінің тағы бір варианты – қапағ. Өтрү тақы ичгарү кирди орду қапағқа тегди ДТС, 420 (Кейін қайтадан әшке кірді сарайдың есігіне жетті). Осы сөзге көне -ан жұрнағы қосылып адам есімі, лауазымы жасалған: Қапағ+ан қаған. Қутлуғ қағанның інісі Қапаған қаған 691-716 жылдары Түрік қағанатын басқарған [3].Бұл факті де қап+ағ+ан формасымен қатар қап+уғ+ан формасының да өмірде болғандығын дәлелдейді. Олай болса, қазақ тіліндегі «қақпа» былайша түзілген: қап+уғ+ан � қап+уғ+а �қап+ға�қақпа.

Қазақ тілінде ескерткіштердегі қапуғ сөзімен тұлғалас қабық сөзі бар. Беретін мағыналары –

  1. Өсімдіктердің сыртқы қабаты, қабыршағы.
  2. Жүрек, өкпе сияқты ағзалардың сыртық қабы, қапшығы. 3. Белгілі бір заттың сыдыруға келетін жұқа қабаты. Егер жоғарыда айтылғандай, ы дауыстысының шыққан тегі у дауыстысы,ұяңдардың шыққан тегі қатаңдар екенін ескерсе. Қапуғ пен қабық бір формада тоқайласады: қапуқ.

Бізіңше, «өсімдіктің, ағаштың сыртқы қабаты, қабыршағы» ең ескі мағына – архисема. Қалған мағыналардың барлығы, атап айтқанда, «жүрек, өкпе сияқты ағзалардың сыртқы қабы, қапшығы», «белгілі бір заттың сыдыруға келетін жұқа қабаты», « қорғандар мен бекініс, қалалардың сыртынан қоршалып онатылған тосқауыл, ауыр берік есік», «адам, көлік т.б. ғимаратқа немесе оның ауласына енетіндей етіп жасалған үлкен есік, дарбаза» – туынды мағыналар.

Қазақтар жүннен, кенептен немесе мақтадан тоқылған, төрт бұрыш етіп тігілген азық-түлік, заттар салуға арналған ыдысты қап деп атайды. Бұл да – туынды мағына. «Хусрау уа Ширин» ескерткішінде қап формасы жұрнақ қосылмаса да «қабық» деген мағына береді: қапсыз ғоз болмаз [4, 126]. (Қабықсыз жаңғақ болмас). Сонымен қапуғ, қапағ,қапығ, қапы қабық, қақпақап формаларының туындауына көне қап (қабық) түбірінің негіз болғанын пайымдау қиын емес.

Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде ұшырасатын қазақ тіліне бейтаныс сөздердің барлығы бірдей архаизм бола бермейді, көбіне олар оғыз, қарлұқ-ұйғыр тілдерінде (атап айтқанда, түрік тілінде) өзінің бұрынғы қалпын сақтап қазірге дейін қолданылады. Мысалы, оғул ұл, ер бала. Бу оғул не тер (Бұл ұл не дейді); ата орны аты оғулқа қалыр ДТС 364 (атаның мұрасы мен аты балаға қалады); оғлан сәби, ер бала Кичиг оғлан ердим бедүтти мени ДТС, 363 (кішкентай сәби едім, мені өсірді). «Оғлан» тұлғасының «оғул» тұлғасынан көне –ан жұрнағы арқылы жасалғаны соншалықты түсіндіруді қажет ете қоймайды. Бұл сөздер қазақ тілінде ұл еркек бала, ер ала; ұлан жасөспірім, жеткіншек, өрен.

Сырттай қарағнада оғ дыбыс тіркесі қазақ тілінде ұ дауыстысына айналып қалыптасқан сияқты әсер қалдырады. Шындығында осылай ма? Профессор Б. Сағындықұлы өзінің «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» аталатын монографиялық енбегінде оғул зат есімінің тоғул етістігігнен пайда болғанын дәлелдеді. Яғни ол сөз басындағы т дыбысының түсіріліп, бірте-бірте заттануы арқылы жасалған екен [5, 5]. Ал көне түркі тілінде тоғул етістігі тоғурурағут оғул тоғурды ДТС 572 (әйел ұл туды). Демек, тоғул етістігі р сонорының л сонорына айналуынан пайда болған. Түбірі – тоғ. Ескерткіштер фактілеріне назар аударсақ, у дауыстысы оғыз тілдерінде бірінші буында үнемі о дауыстысына айналып отырған. Олай болса «тоғ» түбірін «туғ» түрінде қалпына келтіруге болады. Қазақ тілі «туу» мағынасын беретін «ту» етістігінде ежелгі у-ды сақтап қалған. Сонда ең көне форманы туғур �туғул�уғул�уул�ұл. Бұл етістікке көне –ан жұрнағы қосылғанда оғыз тілдерінде былайша дамиды: туғуран�туғулан�тоғулан�оғулан�оғлан. Қыпшақ тілдерінде: туғуран�туғулан�уғулан�уулан�улан�ұлан. Қазақ тілінде ең алдымен р үндісі л-ге айналып, содан соң т және ғ дауыссыздары түсірілген, у дауыстысы ұ дауыстысына ауысып, осы заманғы тұлға түзілген.

Сөз басында т қатаңының түсіріліп айтылуы өзге сөздерде де кездеседі. Оғуш ру, тайпаУры қопса оғуш ақлысур (Дау көтерілсе туысқандар жиналады); қозы қықрып оғуш тердим ДТС, 365 (төменге айқайлап, туысқандарды жинадым). Бұл сөз осы қалпында қазіргі түркі тілдерінің бірде-бірінде ұшырамайды. Осы формасында тілден шығып қалғаны дау тудырмайды. Алайда осы сөздің ұшар басына т дыбысын қойсақ, тоғуш формасы пайда болады. Қалпына келген бұл сөз қазақ тілінде туыс (бір атадан тараған жақын, қандас туысқан) зат есіміне сәйкес келеді. «Ру, тайпа» мағыналарына қарағанда әлдеқайда нақтылау. Сөз ортасында, сөз соңында ш мен с бірі оғыз тілдерінің, бірі қыпшақ тілдерінің белгісі болып есептеледі. Соңғы сөздің де түбірі – туғ етістігі. Ол оғыз тілдерінде былайша дамыған деп есептейміз: туғуш�тоғуш�оғуш.

Қыпшақ тілдерінде: туғус�туғыс�туыс.

Жоғарыдағы сөздердің қай-қайсысына да көңіл аударсақ, дыбыстардың түсіріліп айтылуы, қатаңдардың ұяңдануы, еріндіктердің езуліктерге айналуы т.б. заңдылықтар елеулі роль атқарғанын байқаймыз. Бір тілдің өз ішіндегі немесе туысқан тілдер арасындағы бір-бірімен түбірлес, варианттас сөздерді осылайша анықтауға, сабақтастығын түсіндіруге болады. Бұл үшін әр түбір жеке-жеке талдануға тиіс.

 

Әдебиеттер

  1. Сағындықұлы Б. Қазақ тілінің тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 145 б.
  2. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Қазақ унивесритеті, 2005. – 258 б.
  3. Древнетюркский словарь. – Ленинград, 1969. – 676 б.
  4. Ибатов А. «Хусрау уа Ширин» поэмасының сөздігі. – Алматы, 1974. – 278 б.
  5. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. Монография. – Алматы, 1994. – 168 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.