Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әулиелі, киелі жерлерге табыну салтына қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты

Қазіргі тіл білімінде тілді ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Тілдегі әртүрлі бірліктер арқылы халықтың өмір сүру тәжірибесі мен салт-санасынан, әдет-ғұрыптарынан, тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан, наным-сенімдерінен хабардар болуға болады. Тіл білімінің антропология, психология, философия, логика, мифология, этнография, т.б. салаларымен тығыз байланыста зерттелуі нәтижесінде танылып, ашылып отырған түркі тілдеріндегі культтік фразеологизмдердің мағынасын түрлі аспектіде қарастыру – жаңаша көзқарастың дәлелі. Культтік фразеологизмдер қандай да болмасын халықтың рухани-мәдени концептілер жүйесінде өзіндік орны бар фетиштік ұғымдарға байланысты.

Түркі халықтарының фетиштік қалдықтарына әулиелі, қасиетті орындарға, киелі жерлерге сыйыну, әулиеге табыну салты, табиғат күштеріне табыну салты, жекелеген заттарды пір тұту, киелі ағашты қастерлеу салты жатады. Халықтың көптеген ырымдары фетишизм сеніміне байланысты. Су культі, От культі, Тау культі және Ағаш культі ерекше құрмет көрсетіп, олардың дүлей күштерінен қорқып, оларға сыйынып, табынатын болған. «Фетишизм» – деген термин португал тілінде гі feіtіco құбылмалы зат деген ұғымды білдірсе, французша fetіche – пұт, жансыз заттарға табынуды білдіреді. Демек, фетишизм – керемет қасиеттері бар жансыз заттарға табыну [1, 259]. Басқаша айтқанда, фетишизм дегеніміз заттар мен табиғат құбылыстарына табыну.

Әулиелі, киелі жерлерге табыну салтына тоқталамыз. Қазіргі діндердегі әулие ұғымы алғашқы қауымдағы адамдардың ата-бабаға табынуынан шыққан. Әулиеге табыну ислам, христиан діндерінде көп тараған. Әулие сөзінің баламасы – Уәли, Вали (көпше түрі айлийа). Құранда Уәли термині Алла мен Пайғамбарға қатысты «жарылқаушы», ал адамдарға қатысты Алланың үмбеті деген ұғымды білдіреді. Хадистерде ол «жақын болу» деген мағынаны аңғартады. Сөйтіп ол Құдайдың (Алланың Уәлиі) «жақыны», «досы», тіпті «сүйіктісі» деген түсінікке ие болады. Уәли пайғамбарлық қызмет атқаруға міндетті емес, есесіне әрбір пайғамбар Уәли болуға тиіс. «Әулиелерге» және олардың табытына сыйыну мұсылман елдерінде кең тараған [2, 186].

«Әулие» – діни наным бойынша адам тағдырына ықпал жасайтын «қасиетті», киелі жан [3, 651]. Бақсы – ислам дінінен бұрынғы заманда пайғамбар, әулие тәрізді болған (С.Сейфуллин). Әулие сөзінің екінші мағынасы – ең қадірлі, таңдаулы, керемет деген мағынаны білдіреді. Әулие білгіш айтты деп, Жазылған талай қате көп (Ш.Құдайбердиев).

Х-ХІ ғасырдың өзінде-ақ «әулие» деп танылғандардың басына күмбез тұрғызу әдетке айналған. Күмбез тұрғызу – сол «әулие» деп танылғандарды құрметтеу. Мәселен, сонау ерте замандардан египет жұртының фараондарды «құдай» деп табынуынан бастап, христиандық, мұсылмандық «әулиелерге» сыйыну салты зәулім күмбездер салумен тығыз байланысты болды. Мәселен, Египетте қазірге дейін сақталған пирамидаларды діндар халық әлі күнге дейін құрметтеп, табынады. Хеопс пирамидасының аумағы бірнеше километр. Меккедегі үлкен тасты, яғни қағбаны мұсылман дінбасылары кейінірек «қасиетті, әулие тас» деп жариялап, исламның орталығы Мұхаммедтің тұрағы Меккеге мұсылман дініне кірген адамдардың келіп сыйынуын ойлап шығарған.

Әулиелерге табыну ата-бабалар әруақтары мен киелі жерлерге табынумен тығыз астарласып кеткен. «Әулие» деп аталатын мекендер өте көп. Сайрам қаласында ондаған «әулие» жерлер бар. «Сансыз бап» деп аты шыққан мұндағы көп «әулие» жерлердің бірі біздің заманымыздың ХІ ғасырының соңы мен ХІІ ғасырдың басында өмір сүрген дінбасы Мир-Әли-Баба деген адамға салынған күмбез. ХІІ ғасырда өмір сүрген Ибраим –Атаға да күмбез салынған. Ибраим-Атаның жұбайы Қарашаш – Ананың да күмбезі бар. Ал бұлардың баласы Ходжа-Ахмет-Яссауидің бүкіл Орта Азияға белгілі аса ірі дін басы болғаны жақсы мәлім. Онымен қаһарлы хан Ақсақ Темірдің өзі санасқан. Яссауидің күмбезі қазіргі Түркстан қаласында, 1397 жылы салынып болған.

Ескі Отырар қаласының маңындағы «әулие» Арыстанның (Яссауидің ұстазы), ХV ғасырда түгел қирап біткен Құмкент қаласының (Қаратау сыртында) қасындағы Баба-түкті-Шашты-Әзиздің, ескі Тараз қаласындағы Қараданның (ХІ-ХІІ ғ.)Айша-Бибінің (ХІІ-ХІІІғ.), Смарқандтағы толып жатқан «әулиелердің», оның ішінде аса ірі құрылыс – Шах.

Оңтүстік Қазақстан облысының Георгиев ауданында, Алатаудың аласара барып бітетін жерінде айыр өркеш нарша шөккен ескі Қазығұрт тауы бар. Барлық деректерге қарағанда оның «әулиелігі, киелілігі» туралы аңыз өте ерте заманнан бар. Мұсылман дінінің тұрғысынан бұл аңыз былай деп айтылады. Жер жүзін топан су қаптағанда Нұх пайғамбар әрбір жәндіктен бір ұрғашы бір еркегін қайыққа салып, телегей теңіз су бетінде жүзе беріпті-мыс. Топан су жер дүниені қаптағанда аласа болса да сол Қазығұрттың басын көме алмапты. Нұх пайғамбардың кемесін тышқан тесіп қойып, жылан оны денесімен бітеп, кеме жүзіп отырып әрең дегенде су шалмай тұрған Қазығұрттың басына аман-сау жетіпті-міс. Опат болып суға кеткен барлық жан-жануардың бір еркек, бір ұрғашы тұқымы осы Қазығұрт басында отырып судың қайтуын күткен. Су қайтқан соң бұлар тіршілік етіп, олардан ұрпақ тараған. Сонда Қазығұрт тауының «әулиелігінен» ғана оның басын топан су ала алмаған деп уағыздайды. Қазығұрт туралы аңызда:

Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған, Жетім қозы басында жатып қалып, Ойсыл қара жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған, Жетім қозы басында жатып қалып, Шопан ата жануар содан қалған... 

деп барлық жан-жануарлардың «иелерін» атап кете береді.

Бұл таудың басында кеме пішіндес тас және жылы бұлақ бар екені рас. Бірақ бұл екеуі «әулиеліктің», кереметтің белгісі емес. Бұлақ табиғатта кездесе беретін минералдық сулы бұлақтардың бірі. Ал кеметас қолдан жасалған немесе өзінің табиғи қалпы сондай. Ол түгіл, желмен, жаңбырмен мүжіліп, жан-жануарларға өзіненөзі ұқсап қалған тастар да кездеседі [4, 23]. Әрбір заттың, жануардың өз алдына иесі, құдайы бар деп білу тотемизмге тән құбылыс.

Халықтың көзқарасы бойынша жаратылысынан тысқары күш бар. Олардың күш алып сыйынатын пірі, қанатты тәңірісі, қолдаушы сы дәу алыптары болмақ. Қазақ аңыздарында ондай сәуегей әулиенің, пірлердің, ер Шойлан сияқты алыптардың ерте кезде тұратын жерлері «Дәу үңгірлер», «Әулие тастар» (Тарбағатай тауында), «Әулие үңгірлер» (Баянауылда), «Қоңыр әулие» (Шыңғыстауда), «Қазығұрт үңгір» (Шымкенттің қасында), «Бұхтырма үңгір», тағы басқалар, қазақ даласында көп.

Көп ғалымдардың байқауынша, Баян тауы мен Қарқаралыдағы «Әулие үңгірлер» дөңгелек не сопақ үйге ұқсаған, кірер аузы, төбесінде терезе сияқты тесігі бар, іші адам қолымен өңделген, адам тұрған орындар. Шыңғыстаудағы «Қоңыр әулие» қазақ аңызы бойынша ерте кезде сәуегейлер, әулиелер тұрған «Ұйық үңгір». Оның кіретін аузында әйелдің суретін қиып түсірген мүсін тас боған, маңайы толған пантеон. Абай оны әдейі іздеп барып көріп, үңгірдің аузына атын жазып кеткен. Қазақтар бұл мүсін тасқа келіп бас иіп жүретін болған. Үңгірдің ішінде бұрын шойын қазан, қоладан құйып жасаған кісі бейнелері тұрған. «Қоңыр әулие» деп ат қоюдың өзі оның кәделі орын болғанын көрсетеді.

Төле бидің «Қарлығаш әулие» атануы туралы мындай аңыз бар екен: Қарлығыш – қасиетті құс, адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме? Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да қорғап қалған осы қарлығаш! Мен жау келді деп үйімді жығып, оның ұясын бұзып балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала-шағаларыңды улатып-шулатып қырып, қырғын-сүргін қылып жатса, жақсы көресіңдер ме! Бар, хандарыңа осы сөзімді айтып барыңдар! Жоңғар жігіттері барып Төле бидің осы сөзін айтса, Қоңтайшысы:Ол әулие адам екен, оған тимеңдер, оның төңірегіндегі елін де қозғамаңдар! – депті. Содан былай қарай Төле би «Қарлығаш әулие» атанып кетіпті [5, 62-63].

Әулие культіне байланысты әулие болса, әулие тұтты, кімнен әулие еді, әулиеден әулие қоймады, әулиеге сыйну, әулиеге түнеді, әулиеәнбие, әулие ата, әулиесу, әулиеден сұрау, әулие ағашқа шықты, әулие алдында, әулиешілік, әулиелі және т.б. сөздер мен сөз тіркестері пайда болған. Мысалы: Төрде отырған әулие енді қалтасынан ескілеу бір шүберекке түйілген нәрсені алып, ішіндегі құмалақтарды текемет үстіне төкті («Қазақ әдебиеті»).

Әулиеге ат айтты – құрбан шалды, садақа берді деген мағынада. Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып, Шыбын жанға жан айтып, Артынан қуып келіпті, Өлгенде көрген шешесі («Қыз Жібек»). Әулиеден әулие қоймады – дала кезіп әнбиелерге (әулиеге) жалбарынды. Шал баласыз болып, әулиеден әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып, өлдім-талдым дегенде бір перзент көрген екен (Қазақ ертегілері). Әулие тұтты – қадірлеп қастерледі, бас иді, құрметтеді, сыйлады деген мағынада. Оқымыстыны көрмеген қыз ғалым деген атты әулие тұтатын (Т.Ахтанов). Әулиеге сыйыну – әулиеге табыну, жалбарыну деген мағынада. Әлі күнге дейін ұл өзіңе керек болса, өзге әулиеден

сұрап, өзге әулиеге сыйынып, ел елдің елдігі кетіп бара жатқанда, ұл өзіңнен бұрын елге керек болғанда, басқадан емес, тек әулие Умай анадан сұрайтынымыздың сыры осында көрінеді (Б.Нұржекеев). Кімнен әулие еді – қай же рі артық, қадірлі еді деген мағынада. Немене? Кімнен әулие едің? Тең көрмей тұрмысың әлде, бекзада неме? – дейді Жүзтайлақ бастырмалатып (М.Әуезов). Әулиеге түнеді – бұл жерде «кездейсоқ, әлдекімнен» деген ұғымда айтылып тұр. – Әулиеге түнеп тапқам жоқ. Бұл сенің де балаң… (Ә.Нұрпейісов). Әулие-әнбие – қасиетті, киелі жандар, пайғамбарлар. Мұстапа біріне жарытпады. Мұхаммет пайғамбар, төрт шадияр, әулие-әнбиелер жайындағы аз әңгімесін алдақашан айтып бітірген (Ғ.Мұстафин). Бақсылар мәжүсилердің аруағына да, мұсылмандардың әулие әнбилеріне де сиынды (Қазақ ССР тарихы). Он сегіз мың ғаламды, Халық қылып бар еткен, Неше әулие, әнбие, Неше хакім пана еткен (А.Байтұрсынов). Әулиедей – әулие сияқты деген мағынада. Мінезі әулиедей ел айтатын, Құлқынға құл болуды білмейді ақын; Жаны әзір сүйгені үшін құрбандыққа, Бүкпесіз жүрек сырын айтар жұртқа (Ә.Тәжібаев). Әулиелік – алдын ала болжаушылық. – Мұқан, сен бері кел, отыр мына араға. Сопылық пен әулиелік екеуміздің не теңіміз (Ә.Көшімов). – Әулиелігіңізден айналайын ағасы, бүгін бәрімізді әбден риза еттіңіз, көп жасаңыз! (Б.Нұржекеев).

Осындай культтік сөзге «пайғамбар, періште, хор қызы» тәрізді сөздер жатады. Культтік фразеологизмдер лиро-эпос жырларында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде, фольклорлық және көркем шығармаларда жиі кездеседі. «Әулие, пайғамбар, періште, хор қызы» сөздерінен туындаған культтік фразеологизмдер тек алғыс, тілек мағынасында ғана қолданылады.

Пайғамбар парсы сөзі, парсы тілінде пайғамбар (пророк) алдын ала болжайтын әулие [3, 651]. Діни ұғым бойынша алла тағаланың адамдарға жөн үйрету үшін жіберген елшісі. «пайғамбар жасына келген кісі», «пайғамбар жасында» деген сөздің мағынасы шашына ақ кіріп қартая бастаған кісі, жасы алпыстан асқан кісі. Тарихи әдебиеттің айтуы бойынша Мұхаммед пайғамбар 63 жасқа келіп өлген екен, осы жас мұсылмандарда киелі болып есептелген. Осыдан келіп, мынадай наным, «Пайғамбар жасына келген кісі, Пайғамбар жасында»деген жас өлшемін туғызған. Пайғамбар сөзінен туындаған сөз тіркестері: пайғамбар адам, пайғамбардың жолындамыз, пайғамбар жол салды, пайғамбардың туған күні, пайғамбардың үмбеті, пайғамбардың тұқымы, пайғамбардың өмірі, пайғамбардың сөзі, пайғамбардың хадісі т.б. Мынау дәулетбай қария ғой. Жарықтық бұл бір пайғамбар адам /Е.Әкімқұлов/. Пайғамбардың толық өмірі өзі өлген соң жүз отыз жылдай уақыт өтіп барып жазылыпты /Ж.Молдағалиев/. Пайғамбар жасындағы түрі мынау. Бала кезінде қандай болды екен? Анасы сорлы ошаққа түсіріп, отқа құлатып алмай, қалай өсірді екен десейші /Ә.Нұрпейісов/. Пайғамбардың (алланың) жолындамыз деген тіркес пайғамбар ұстаған дін жолында немесе мұсылманшылық шарттарын бұзбай, дін ұйғарған жөнмен жүрді деген мағынада. Алланың, пайғамбардың жолындамыз, ынтамызды бұзбастық иманымыз. Пайда, мақтан әуесқой – шайтан ісі, кәні, нәпсіні тыйғанымыз? (Абай).

Араб тілінен енген хор қызы деген сөз де жұмақтағы сұлу қыз, періште деген мағынаны білдіреді. Діни наным бойынша жұмақта болатын мәңгі жас сұлу қыз [6;367]. Хор қызы сөзінен туындаған сөз тіркестері: хор қызы, сұлулығы хор қызындай, бейіштің хор қызындай, хор қызындай көрік (келбет), хор қызындай түс, хор қызындай тұлға, хор қызындай сылаңдау, хордың жақын шырағы, хор қылықты болу т.б. Мысалы: сенен басқа хор қызы, болса да көңіл салмаспын /Қозы Көрпеш – Баян Сұлу/. Сұлулығы хор қызындай оның қарашаш атты әйелі болыпты /қазақ ертегілері/. Жібек жан, туа бермес сіздей перзент, бітіпті хор қызындай асқан келбет /Қыз жібек/.

Періште – парсы сөзі, парсы тілінде ферште (ангел) делінеді. Діни ұғым бойынша алла мен адамдардың арасын байланыстыратын – таза, күнәсіз бейнелер [6, 367]. Баян жастың тілеуін құдай берді, періштелер бұл сөзді естіп тұрды. Құдайдан сол мезгілде пәрмен болып, ер қозыке сілкініп тұра келді (Батырлар жыры). Періште сөзінен туындаған сөз тіркестері: періштедей адал, періштедей аңыз болу, ақ қанат періштедей, періште жүзді, періште тұтты, періште қақты, періштенің құлағына шалынсын, періште ұяласын, періштедей таза, періштенің үніндей т.б. Періште сөзінің екінші мағынасы аса көркем, кіршіксіз таза, асқан сұлу қыз дегенді білдіреді. Мысалы: періштеден таза едің сен, қиянат қылмаған, көңіл! /Ш.Құдайбердиев/. Төбеңде айналады нәзік бір үн, арман болған ақ қанат періштедей /С.Мәуленов/.

Періште сөзі көбінесе тілек, бата айтқан кезде жиі қолданылады. Періштенің құлағына шалынсын деген тіркес – айтқаның келсін, ал періш-те ұяласын – қолдасын, деген мағынада. Періштенің құлағына шалынсын, шырағым. Аузыңа май, астыңа тай, – деді /АТ/ бармаймын енді әріге, дұшпаныңның жолы тарылсын. Осы айтқанымның бәрі де періштенің құлағына шалынсын! Әумин! /«Беташар«/. Әумин десең, міне бата, қолдасын қызыр ата. Қыдырың қияласын, періште ұяласын! /«Беташар«/.

«Әулие, пайғамбар» культтік сөздері мақал-мәтелдер құрамында кездеседі. Әулие турасында: Әулие де қасындағысын қолдайды; Май –әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие; Бақыл әулие болмас, әулие бақыл болмас; Алыстағы әулиеден, жақындағы машайық артық; Әулиеден бас жесең, тұра бара тас жерсің; Пайғамбар турасында: Пайғамбар да күйеуін сыйлапты; Пайғамбар да шарап ішкен, солардан әулие емеспіз; Еңкейгенге еңкей, атаңның қара құлы емес. Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес т.б. Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес; періште турасында: алтын көрсе, періште жолдан тайар; періштеден де бес мін табылар; көр кеуде періштеден, көпті көрген пері артық [7, 374].

Жоғарыда келтірілген араб-парсы тілдерінен енген культтік фразеологизмдер қазақ тілі лексикасының қомақты салаларының бірін құрайды. Сондықтан олар халық санасында мықтап орныққан. Әулиелер культінде ежелгі діни нанымдар исламдық кейіпке ене отырып, табыну іс-әрекеттерінің жиынтығын құрай ды. Мазарды айналып өту, онда түнеу арқылы аруақтармен байланыс жасау, құрбан шалу, кіре берістегі маңдайша, есік, қабырғаларды қолмен ұстап тәуеп ету, құран оқу, теңге тастау, тақ санды шелпек немесе басқа тағам пісіріп тарату, маңдайдағы құдықтан су ішу, талдарға шүберек байлау, т.б. табыну ритуалдары канондық сипат алған.

Қорыта келе, «Әулиелі, киелі жерлерге табыну салтына қатысты фразеологизмдер лироэпос жырларында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде, фольклорлық және көркем шығармаларда жиі кездесетіндігіні анықталып, «Әулие, пайғамбар, періште, хор қызы» сөздерінен туындаған культтік фразеологизмдер тек алғыс, тілек мағынасында ғана қолданыладындығын мысалдармен көрсетілді. Қазіргі кезде дүниенің тілдік бейнесін жалпы адамзат танымындағы әлем моделімен және дүниенің тұтас концептуалдық бейнесімен бірлікте қарастыру – әрі философиялық, әрі филологиялық зерттеулер нысаны бола алады.

 

Әдебиеттер

  1. Атеистің қалта сөздігі / Орысшадан ауд.Д. Мадеев, Е. Сапуанов, А. Бермаханов. –Алматы: Қазақстан, 1988. – 288 б. – Б. 259.
  2. Энциклопедия «Ислам» / Бас ред. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. Бас редакциясы, 1995. – 287 б. – Б. 186.
  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1974-1986. – Том. I-Х. – Б. 651.
  4. Дүйсенбин Ж. Ислам дінінде «әулие жерлерге» табыну салты туралы. – Алматы: Қазмембас, 1958. – Б. 23.
  5. Қазақтың би-шешендері. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 б. – Б. 62-63.
  6. Персидско-русккий словарь / Под ред. Ю.А. Рубинчика. – М.: Советская Энциклопедия, 1970. – 784 с.; Том. 1. – 1983. – 579 с. – Б. 367.
  7. Рысбаева Г.Қ. Әулие, пайғамбар, періште, хор қызы» сөздерінен туындаған культтік фразеологизмдер // Мышления язык лингводидактика. – Алматы, 2000. – Б. 374.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.