Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Хұсырау-Шырын» дастанының шығыстық нұсқалары

Мақалада «Хұсырау­Шырын» дастанының парсы­түркі тілінде жазылған нұсқаларының жанр­ лық­сюжеттік сипатына ерекше көңіл бөлінеді.

Автор низамидің «Хұсырау­Шырын» поэмасынан бастау алатын Құтыб, Әмір Хұсырау, Науаи т.б. әйгілі ақындардың ортақ тақырыбына айналған, шығыс классиктерінің «хамсасын» құрайтын маңызды сюжеттің мәтіндік өзгерістеріне көңіл бөледі, сөз зергерлерінің өмір сүрген ортасына, айна­ ласына байланысты деректерге тоқталады. Дастанның саяси­қоғамдық, тарихи­философиялық рө­ лі де автор назарынан тыс қалмайды. Ізденуші бұл шығарманың түркі халықтарында жария болған үлгілерін, олардың идеялық мазмұнын авторлардың дүниетанымы тұрғысынан зерттеу мәселесін көтере отырып, низами мен Науаи қалыптастырған мектептер хақында, олардың ақындық дәстүрі жайында мәнді мәселе көтеріледі.

Науаи қаламынан туған дастандардың ауызша тараған өзбекше нұсқалары болғаны фольклор­ шы ғалымдарға көптен мәлім. Фольклорлық нұсқалар санатынан табылатын мұндай жырлардың табиғаты жайында Жирмунский мен Зарифовтың зерттеулерінде біраз айтылды. Науаидың «Фар­ хад­Шырын» дастанын қазақ ақындары да жырлаған. Мақала авторы оқырман қауымды Ташкент маңында хатқа түскен осындай нұсқалардың бірімен таныстырады.

XIV ғ. бірінші жартысында өмір сүрген алтынордалық Құтыб ақынның «Хұсырау – Шырын» поэмасы – белгілі аңыздың низами ақындық мектебінің əсерімен туған ең алғашқы түрікше нұсқасы.

Құтыб поэмасы біздің дəуірге 1383 жылы мысырлық Берке Фатих көшіріп, өңдеген қолжазба арқылы жетті. Ол қазір Париждің ұлттық кітапханасында сақтаулы тұр. Қолжазба жергілікті қыпшақ билеушісі Алтынбұғы деген кісіге арналып, Александрия қаласында хатқа түскен. Ал поэманың өзі 1341 жылы Ақ Ордада өзбек ханның ұлы Тыныбек сұлтанға арналып жазылған.

Құтыбтың «Хұсырау – Шырыны» низами туындысының аударма нұсқасы емес. Қос шығарманы қатар алып қарастырған поляк ғалымы А.А.Зайончевский Құтыб шығармасын назира дəстүрінде жырланған даралық сипаты басым дүние деп таниды. [1, 82] Екі поэманың сюжетінде ұқсастықтар бар болғанымен, Құтыб ақын оқиға өрбитін орынды өзгертіп береді. Сасанидтер сарайындағы өмір ағысын Алтын Орда билігі дəуірлеп тұрған шақтағы тұрмыстық жағдайларға ауыстырады.

Құтыб поэмасының құрылымы парсы поэмаларының қалыпты дəстүрін еске салады. Шығарма Жаратушы иемізге, Мұхаммед пайғамбарға, оның төрт досына, Тыныбек сұлтан мен оның жарына арналған тараулардан тұратын кең көлемді кіріспе бөлімнен басталады. Бұл бөлім ақынның «кітапты жазу себебі» баяндалатын тараумен тұйықталады. Құтыб ақын осы жерде былай деп толғайды:

Неше жыл болды жаным аңсар еді, Көңілде осы ой бар еді:

Шах қызметіне қалай бір барамын деп, Бұл көңіл қайғысын тарқатамын деп, Сезіп көңілім, аса күшті құштарлығын бар Бұйырды: қатулан енді, ей, жар.

Асық, ей, Құтыб, тез кеш болар, біл,

Сен туралы олар қайдан білсін, өзің сөйлеспесең тіл. Низами өлеңі сияқты түз сөзіңді,

Содан соң білгіз ханыңа бұл өзіңді.

Ақын əрі қарай көңіл (жүрек) бұйрығымен өзге ойды біржола ұмытады:

Қазандай қайнап, міне, күйіп-жандым, Ннизами балынан халуа пісірдім.

Ханым атына парсы тілінен, Аудардым, міне, өлең түзілді. [2, 19].

Сонымен, Құтыбтың «Хұсырау-Шырын» туындысында низами поэмасының құрылымы мен сюжеттеріндегі негізгі белгілер сақталған. Құтыб поэмасының жекелеген бөлімдері қысқарған: тұтас алғанда, Құтыб поэмасының көлемі низами шығармасынан 1500 бəйітке кем түседі.

Үнді ақыны Әмір Хұсыраудың «ШырынХұсырау» поэмасы 1299 жылы жазылды. Поэма дəстүрлі арнау-бөлімдерден басталады. Сол бөлімдердің бірін автор ұстазы низамиге арнапты. Әмір Хұсырауда низами шығармасында кездеспейтін «Махаббат туралы» бөлім бар. Үнді ақынының поэмасында софылық сарын басым.

«Шырын-Хұсырау» поэмасының негізгі тарауы Хұсырау Парвиздің сасанидтер тағына орнығуы туралы əңгімеден басталады. Автор мұнда низами поэмасындағы шаруаларға қысым көрсететін жас сұлтан жайындағы эпизодты қалдырып кетеді. Әкесінің тақ-тəжін иемденген Хұсырау ел ішіне тəртіп орнатып, əділ билеуші атанады. Бақилық болған патша заманында жаужүрек қолбасы деп танылған Бахрам ғана оған қырын қарайды.

Бахрам жас патшаға қарсы көтеріліс ұйымдасырады, Хұсырау сасанидтер астанасы Маданиді қалдырып кетуге мəжбүр болады. Хұсырауға ере шыққан суретші Шапур оған Армения патшайымы Шырынның портретін көрсетеді. Хұсырау аң аулап жүргенде Шырынды кездестіріп, оған құлай ғашық болады. Әрі қарай Хұсыраудың Византияға əскери көмек сұрай барғаны баяндалады. Үнді ақыны сасанидтер патшасының византиялық ханшайым Марияммен некелескені туралы шағын мəлімет береді. Әскери көмек алған Хұсырау сасанидтер билігін өзіне қайтарады.

Осы жерде Әмір Хұсырау жаңа эпизод енгізеді. Ақын көне мəліметтерге сүйене отырып, сасанидтер патшасының көтерілісшілерді тасталқан етіп жеңгеннен кейін, өз империясының шекарасын Антиохин жеріне дейін кеңейткенін айтады. Византия билеушісі күн санап күш алып бара жатқан Сасанидтер патшасына үрке қарайды. Византиялықтар ішінен Хұсырауға қолдау көрсететін топтар көбейе бастайды. Үрей билеген Византия патшасы бар байлығын кемеге тиеп, Хабашистан еліне аттанады. Бірақ аяқ астынан көтерілген дауыл əлгі кемелерді Антиохин жағалауына əкеп тірейді. Сол жерде сарбаздар Византияның бар байлығын қолға түсіреді. Поэмада бұл тосын сыйлық «жел айдап келген қазына» аталады.

Әрі қарай Әмір Хұсырау Мариямның қазасы туралы баяндайды. Сарай қызметшілері қара жамылады. Ал патша болса көп əйелінің бірі болудан бас тартқан Шырынды ойлап қамығады. Шапур Хұсырауды Шекер сұлу тұратын Исфахан қаласына баруға көндіреді. Патшаның Исфаханға аттанып кеткенін естіген Шырын құсалықпен күн кешеді.

Бірде аң-құс аулап қайтып келе жатқан Шырын мəрмəр жартастың үстінен жас тасқашаушы Фархад ойып жасаған əдемі арықтарды көреді. Шырын оған осындай арық-арналарды өзінің Армениясында көргісі келетінін айтады. Әңгіме барысында тасқашаушының Қытай ханының баласы екендігі мəлім болады. Шырынды ұнатып қалған Фархад тез арада іске кіріседі. Артынша тас шеберінің Шырынға деген махаббаты туралы əңгіме патшаға жетеді. Ол кезбе дəруіштің киімін киіп Армения жеріне келеді.

Осы арада Фархад пен Хұсырау екеуінің диалогы беріледі. Е.Э.Бертельстің айтуынша, бұл диалогта драматизм жағы кемшін жатыр [3, 98].

Шырынның дүние салғандығы жайында жалған хабар алған Фархад қаза табады. Шырын Хұсыраудан кек алу үшін өзінің күтушісін жасырын Исфаханға жіберіп, Шекерге у бергізеді.

Міне, осылай Хұсырау Фархадтың өлімі үшін өз жазасын алады.

Келесі бөлім Хұсыраудан алыстап кеткен Шырынның қайғысын сипаттаудан басталады. Өзінің ғашығын ойлаған патша да құсада. Бірде аңға шыққан ол қасындағы нөкерлері мен ақсүйектерді қалдырып, Шырынның сарайына келеді. Әмір Хұсырау екі ғашықтың арасындағы əңгімені соңы татуласумен аяқталатын өткір диалогқа құрады. Барбад пен Накис сияқты атақты əншілер келіп, бір-бірінен көз жазып қалған ғашықтардың қайғы-қасіреті жайында əн салады. Хұсырау Шырынға мəңгілік махаббат белгісі ретінде патшалар тағатын ерекше жүзік сыйлайды. Қарт жырау олардың бас құрап, некеге тұрғанын күллі əлемге жария етеді.

Келесі бөлімде сасанидтер патшасының ұлы Шеруйенің Хұсырауға өшіккен ақсүйектермен бірге əкесіне қастандық ұйымдастырып жатқанын көреміз. Хұсырау патша жасанып келген жаудың қолынан қаза табады. Демі үзілген күйеуінің кеудесіне басын қойған Шырын да көп ұзамай көз жұмады.

Поэма дүниенің жалғандығы туралы айтатын бөліммен аяқталады. Әмір Хұсырау мен низами поэмаларының сюжеттерін салыстыру барысында үнді ақынының біраз детальдарды қалдырып кеткенін жəне жаңа эпизодтар қосқанын байқау қиын емес. Мəселен, поэмада Шеруйенің Шырынға ғашық болатыны туралы əңгіме кездеспейді. Бұл əңгіме Фердоуси мен низамиде бар. Әмір Хұсырау қаламынан туған аңыз сюжеттерінде мұндай өзгерістер өте көп. Поэмасының басты кейіпкерін Шырын етіп алған низамиден Әмір Хұсыраудың негізгі ерекшелігі – ол бірінші кезекке əділ, мінсіз билеуші ретінде сасанидтер патшасын қояды. Хұсырау патша елінде тəртіп пен əділдік орнайды. Шығарма осылай басталады.

Науаи хамсасының ішіндегі идеялық-көркемдік қыры жағынан басымдық танытатын шығармасы – «Фархад-Шырын» поэмасы. Осы поэмасында өзіне дейін аталмыш аңыз желісінде романтикалық дастан жазған низами, Әмір Хұсырау, Ашраф сияқты ақындарға құрмет көрсетіп, ырзалығын білдіреді.

Фархад – Науаи поэмасының басты қаһарманы. Сондықтан автор жанрдың дəстүріне орай негізгі кейіпкердің дүниеге келген сəтінен бастап, қайтқанға дейінгі аралығын ашып көрсетуге тиіс болатын. Фархад Науаиде тек жақсы, жағымды жағынан көрінеді. Ақынның Фархадқа берген идеялық-көркемдік бағасы кең тараған əдеби образдың дамуындағы жаңа белес деп білеміз. Ең алдымен, Науаи Фархад əрекеттерінің əлеуметтік сипатын күшейтеді: ол Қытай билеушісінің ұлы бола тұра, өзінің күш-жігерін халықтың өмірлік мүдделерін қорғауға арнайды. Науаидің өзі ұлы ақын, ойшыл, қоғам қайраткері болғандықтан, əкімшілік сатымен көтерілгендердің міндеті халыққа қызмет жасау деп біледі. Науаи бұл поэмасында нағыз ел билеушінің бойында қандай қасиеттер басым болу керектігін де көрсетеді. Ақын əлеуметтік əділдіктің басты шарты ретінде оқу-ағарту, білім беру жүйесі мен ғылымды бірінші кезекке қояды.

Науаидің «Фархад-Шырын» поэмасында саяси-əлеуметтік, философиялық мəн-маңызы жоғары басқа да мəселелер сөз болады.

Науаи дастанының қазақ тіліндегі нұсқасын Ташкент уəлаятының Бостандық ауданына қарасты Ғазалкент қаласында туып-өскен Әбдəзім Ахметов деген ақын жырлаған. Алайда жыршы Науаи туындысын сол күйі өзгеріссіз қайталамайды. Домбыра ырғағына, тыңдаушы талабына ыңғайлап классикалық поэзия негізінде туған қисса-дастандар үлгісінде толғайды.

«Фархадым» түпнұсқадан қысқа болды, Домбыра тартушыға нұсқа болды.

Қанеки, домбыраға Фархадты қос, Осылай Фархад-Шырын қисса болды, –

[4, 144] дейді ақын.

Әбдəзім Ахметовтің қолжазба нұсқасының

«Беташар орнына» деген бөлімінде ақынның бұл шығарманы жырлау себебі де айтылады.

...Қолыма «Фархад-Шырын» алайын деп, Қазақша нұсқа етіп жазайын деп, Әбдəзім Ахметов мұны жазған,

Жазбақ боп бұл дастанды өте азған. Кейінгі ұрпақтарым ескерсін деп, Солардан үміттеніп қолын созған. Ескі өмір құрысын де, қорлық екен, Ескіге емес, алдағы күнге сенем.

Дастан кілтін осымен бұрап алып,

«Фархад-Шырын» тұп-тура өзіне екем.

[4, 12].

«Фархад-Шырын» дастаны – қазақ ішінде ертеден бар төл туынды. Жырдың қазақша нұсқасында кезедесетін жер-су атаулары, ондағы негізгі кейіпкерлердің есімдері қазақ тұрмы сы мен дүниетанымынан алыс кетпейді. Мұнда оқиға Сыр бойы, Шығыс Түркістан, Қаһан билеген дəуір жырланады.

Жырдың Әбдəзім нұсқасында қаһармандық эпос үлгілерінде жиі ұшырасатын тұрақты сарындар кездеседі. Фархад батырлық жырлардың кейіпкерлері сияқты күн сайын өседі, мұнда да қарт кісілердің перзентсіздік зары көрініс табады.

Қаһан қолында байлық пен шексіз билік бола тұра, бір балаға зар екен. Қаһанның Тəңірге құлшылық етіп, перзент сұрап, бар малын садақа етуі – қазақ эпосындағы тұрақты мотивтердің бірі.

Фархад дүниеге келгенде, туысқандары ғұрыптық салтқа сай ат шаптырып, сүйінші сұратады. Хан сүйінші сұрай келгендерге мал мен мата үлестіріп, асыл тастан шашу шашады. Басты кейіпкердің тез ержетіп, үлкен істерге араласуы көне эпос қаһармандарын еске түсіреді.

...Аузынан шыққан сөзі ғашық сөзі, Үш жасында он жасар баладай боп, Жарқырап жайнай түсті отты көзі...

[4, 169].

Әбдəзім Ахметов жырлаған «Фархад-Шырын» романдық эпосының қазақ версиясы – Науаи шығармасы негізінде алынып, алайда фольклорлық сарында жырланған халықтық шығарма. Бұл шығарманың ауыз əдебиеті үлгісінде жырлануына бір жағы өзбек бахшиларының ел ішінде жырланған фольклорлық «Фархад-Ширин» дастанының да əсері болғандығы байқалады.

Фархад образы қазақ ауыз əдебиетіндегі нұсқасында да Науаидің үлгісімен дастандағы эпикалық образ деңгейіне көтерілген. Шығыс əдебиетінің ұлы шайырлары тамсана жырлаған бұл дастанды қазақ фольклорында ізі бар халық шығармасы деп атауға толық мүмкіншілік бар.

 

Әдебиеттер

  1. Зайончковский А. Старейшая тюркская версия поэмы «Хосров-у-Ширин» Кутба. – Прага, 1956.
  2. Әдеби жəдігерлер. 16 том. – Алматы, 2012.
  3. Бертельс Е.Э. Избранные труды. Новои и Джами. – М., 1965.
  4. Фархад-Шырын. Эпос. – Ташкент: Фан баспасы, 2003.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.