Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақын-жыраулар поэзиясындағы періштелер қиссасы

Mақалада ақын­жыраулар поэзиясындағы ислам негіздері періштелер қиссасы арқылы баян­ далған. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы ақын­жыраулардың шығармаларының негізгі арнасы – дін тарихы. Сөз зергерлері рухани құндылықтарды Құран аяттары мен пайғамбар хадистері арқылы жыр арқауына айналдырды. Ақын­жыраулар күнәдан пәк жаратылыс иелерін жырға қосу арқылы имандылық, адамгершілік мәселелерін басты нысан ретінде қарастырады. Адам үшін кемелдіктің бастауы – күнәдан арылу, иманын кәміл ету. Жарық дүниені, өз тағдырын Раббымыз берген сынақ деп түсінген пенде өз Иесіне жақындай түсері анық. Бұл ретте адамзатқа үлгі болар жаратылыс – періштелер әлемі. Періштелердің әр ісі ғибратты. Адамның періштеден жоғары мәртебеге ұласуы өзіндегі құмарлық пен ашуын ақылға жеңдіруіне байланысты. Дәстүрлі жыр мектептерінің өкілдері дін тақырыбындағы шығармаларында Жебірейіл, Әзірейіл, Мәңкүр, Нәңкүр, Исрайыл, Мекайыл т.б. періштелердің қызметі туралы баян етеді.

Ақын-жыраулардың өлең-толғауларында Жаратқан Аллаға мүлтіксіз қызмет ететін періштелер жөнінде де мол мағлұматтар берілген. Періштелер ғайып əлемінен болғандықтан адамзат баласының оларды көріп, түйсіне алмайтындығы хақ. Олар туралы Құранның көптеген аяттары мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ғ.с) хадистерінде айтылады.

Адамзат баласынан ерте жаратылған ерекше жаратылыстың негізі – нұр. «Періштелер – пəк жаратылыстар, оларда күнə атаулы, тəкаппарлық, реніш тəрізді пенделік қылықтар болмайды. Бар міндеттері – Алланың əмірлерін мүлтіксіз орындау. Олар əуел баста қандай мақсатпен ғана жаратылған болса, тек соны ғана атқарады. Яғни, олар, басқа жаратылыстар тəрізді Аллаға құлшылық етіп, Оның əмірін орындайды жəне ешқандай астамшылық əрекеттерге бармайды» [1, 19]. «Ғибадат – олардың қорегі. Олар Алланың бұйрықтарын бүге-шігесіне дейін бұлжытпай, айна-қатесіз орындайды. Олар ешқашан күнəнің кішісін де, үлкенін де жасамайды» [2, 181].

Адам үшін кемелдіктің бастауы – күнəдан арылу, иманын кəміл ету. Жарық дүниені, өз тағдырын Раббымыз берген сынақ деп түсінген пенде пəнидің жалған қызығынан алыстап, керісінше өз Иесіне жақындай түсері анық. Бұл ретте адамзатқа үлгі болар жаратылыс – періштелер əлемі. Сондықтан да болар адамзат баласының пендешілікпен талай күнəлі істерге барып, күпірлік жасайтынын сезген періштелер қауымының алғашында бұл жаратылысты құп көрмегені де қасиетті Кітапта: «(Мұхаммед ғ.с) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине, Мен жерде бір орынбасар жаратамын!», – деген еді. (Періштелер): « Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дəріптеп, мақтау мен пəктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!», – деді» (Бақара сүресі, 30 аят ) деп жазылған.

Періштелерге адамзат баласын ұлықтау бұйырылғанын Базар жырау төмендегіше тəпсір етеді:

Атамыз Адам пайғамбар Он сегіз мың əлемнің –

Абзалы болып жаралған. Ұлықтығы мұншама – Құдайым əмір еткен соң,

Періште күллі қамалған

[3, 200].

Толғаудың осы жолдарына нақты дəлел бола алатын аяттарды Құраннан жиі кездестіреміз. Адам рухын үрлеп жан бітірген Алла оған біртұтас атауларды үйретіп, оларды періштелерден сұрады. Сонда періштелер Адамның шын мəніндегі ұлық жаратылыс екенін түсінді. «Періштелер: «Сен пəксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине, Сен толық білуші, өте данасың» деді. (Бақара сүресі, 32 аят)

Періштелер осылайша Адам Атаға сəжде қылып, Алла ісіне мойынсұнды. Әрине, періштелердің адамзат баласымен бір кеңістікте өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, оның жаратылыс негізі бөлек екенін жоғарыда айттық. Яғни, «оларда тəн қуаттары жоқ. Аспан денелерінің (планета) ойлау қуаты жоқ. Олардың жанының кемелдігі табиғи, əрі жоғары-төмен дəрежелері барлық болмыстарды қамти алмайды. Ал адам болса рет-ретімен, жансыз (жамар), жанды (нама) жəне жануар мəртебелерінен өтіп адамдық санаға (мəртебеге) жетіп, тəндік əрі рухани қуаттары тепе-тең дəрежеде жаратылған. Осындай ерекшеліктері арқылы нəпсіні тазарту əдісімен Алладан басқасын қабылдамау (наф’и масиуа Аллах) мəртебесіне жетіп, «абсолютті бірлік» (уахдат-и сирф), «мушахада» (көру) мəртебесіне жетіп, Аллаға ең (муқарраб) жақын періштелердің қатарына қосыла алады. Міне, сол себепті адамзаттың ең ұлысы періштелердің ең ұлысынан да жоғары тұрады. Адамның періштеден жоғары мəртебеге ұласуы өзіндегі құмарлық пен ашуын ақылға жеңдіруіне байланысты. Керісінше жағдайда, ақыл құмарлық пен ашудан жеңілсе, адам хайуаннан да төмен дəрежеге түседі. Бұл адамның өз еркіндегі іс. Періштелер болса, кемелдікке жету үшін мұндай ерік-жігер, қалаудан мақрұм» [4, 133]. Пенделік түсінікпен періштелерді Алланың көмекшілері деп ойлау Оған серік қосу болып табылады. Құранда аты аталатын періштелер Жаратушы Иенің о баста өздеріне жүктеген міндеттерін ғана орындайды.

Қасиетті Құранда Жебірейіл (ғ.с) періштенің Алланың уаһилерін пайғамбарларға жеткізуші ретіндегі қызметі көптеген аяттарда баяндалған. Жебірейіл (ғ.с.) періштенің Алла пен пайғамбарлардың арасындағы елшілік қызметі ақын-жыраулардың толғауларында əр қырынан суреттеледі. Мысалы, пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.с)ның Алла алдына осы Жебірейіл (ғ.с.) періштемен барып қайтуын Қарасақал Ерімбет:

Ақ Расулы таң алдында пырақ мініп,

Құдайға Жебірейілмен барып қайтқан

[5, 72],– деп өрнектейді.

Ислам дінінің хақтығын өз толғаулары арқылы кеңінен насихаттаған Қашаған Күржіманұлы періштелер туралы басқа ақын-жыраулар айтпаған жайларға назар аударады. Мысалы, дүйім жұрттың алдында Аллаға сыйынып сөз бастаған ақын «Тойбастар» атты толғауында Жебірейіл періштенің пайғамбарымыздың некесін қиғандығын:

Расулы пайғамбар Хадишаны алғанда Ақ некесін қисын деп,

Жебірейілге Алла бұйырған,

Әне, сол себептен неке қиылған

[6, 49],– деп жырға қосады.

Алла Тағала он сегіз мың ғаламды жаратып болған соң Адам сұлбасын жасайтын топырақ əкелу үшін жерге періштелерін жұмсайды. Алайда топырақ алуға жерге жіберілген періштелердің барлығы да аяушылық сезімін жеңе алмай бос оралғанда, Жаратушы Раббының бұл бұйрығын орындауға тек Әзірейіл (ғ.с.) періштенің ғана батылы жетті. Сондықтан Алла Тағала адамзат баласының жанын алуды да осы Әзірейіл (ғ.с.) періштеге міндеттеген болатын. ХІХ ғасырда ғы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Орынбай ақын Алланың бұйрығымен адам жанын алудың оған ғана аманат етілгендігін:

...Төртінші Әзірейілге келді жарлық, Мінезінде кеңдік жоқ шылғи тарлық. Жердің зары мен сөзіне құлақ салмай, Әзірейіл салды аямай күшін барлық.

Құдайдың құдіретімен алған барып Не нəрсе бітейтұғын онан қалып. Бітуіне сен себеп болып келдің деп,

Жанын сен ал деп бұйырған жаббар халық

[7, 137], – деп өлең жолдарымен кестелейді..

Жан тапсыру – пенде басына түскен қияметтің бір белгісі. Әзірейіл (ғ.с.) жанын алған пенденің ендігі тағдыры Қиямет күні ғана таразыға түседі. Ажал періштесінің міндетін Нұрым жырау да өз толғауына өзек етеді:

Әзірейіл хабар салған күн Ылажың бар ма қалуға? Періштеміз белгілі

Бізді тергеп жазуға, Ертелі-кеш Аллаға Әзірленіп отырмыз Уақыт бітсе баруға»

[8, 125].

Сөз зергерінің жырға қосып, «лахатқа келеді» деп отырғаны – жоғарыда айтылған МəңкүрНəңкүр періштелер. Жырау пəни дүниенің жалған екеніне тағы бір көз жүгірте отырып, барзаһ дүниесінің есігін ашқандағы халіміздің амалəрекетімізге байланысты болатынына үңіледі:

Жасаған – Ие, Жаббарым, Жайшылықта жүргізгей. Мəңкүр-Нəңкүр келгенде,

«Ал, жауап бер» дегенде –

Ақ жауабын бергізгей

[8, 125].

Жыраудың «ақ жауапты бергізгей» деп тілеп отырғаны – адам баласының жоғарыда аты аталған Мəңкүр-Нəңкүр періштелерге берілетін жауабы.

Тұрмағамбет ахун пенденің тірліктегі істеріне жауап берген шағындағы халдің өте ауыр болатынын суреттейді. Шайыр:

Аждаһа көзді, сойдақ тіс, Албасты шашты, салпы ерін, Бойлары биік қаһаннан.

Шартарапқа шалқиды, Жайнаған жалын жап-жасыл, Ауыздары əйдік апаннан.

Жаңбырлы бұлттай күркірер,Деп айтады кітапта

Шығарса дауыс мақамнан

[9, 94] – деп тəні топыраққа түскен пендеден жауап алынар сəтті баяндайды.

Ақын өлеңі адамның Алла сүйген амал ниеттері, нəпсісін тізгіндеуі жоғарыда баян етілген жан түршігерлік алғашқы сынақтағы ауыр азаптан сақтайтынын аңғартады. Қараңғы қабірде жауап алатын Мəңкүр-Нəңкүр періштелер Тұрмағамбет ақын шығармасында жүрегі нұрлы, иманды пендеге досындай боларына күмəн білдірмейді:

Қабірің іші нұрланар, Тіріңде айтқан санаңнан. Пейіштен есік ашылып, Жаһанның жамғы қайғысы, Жойылар кеуіл қанаңнан. Құдайым – бір, дінім – хақ, Пайғамбарым Мұстафа, – Деп қатар жам боларсың, Құтылып жауап, намаңнан. Мəңкүр – Нəңкүр досыңдай, Қызымет қылып қасыңда,

Асыла кетпейді панаңнан

[9, 124].

Ақын-жыраулар поэзиясына өзек болған өмір мен өлім философиясы жоғарыда аталған періштелердің қызметтерін баяндаумен сабақтастықта баяндалады. Негізгі мақсат өлімнен үрейлендіру ғана емес, өмірде тəубаға келу. Пəни дүние адам баласының сынақ алаңы болса, барзаһ – сол сынақтағы амалдардың есебі басталар мезгілі.

Ақын-жыраулар поэзиясында ерекше аты аталатын періштелер – Мəлікүл жəне Мауыт. Бұл періштелердің қызметі – тозақ қақпасын күзету. Олардың міндеттері Құранның Зұхрұф сүресінің 77 аятында: «Тозақтағылар: «Әй, сақшы! Раббың ісімізді бітірсін» дейді. Сақшы «Расында сендер тұрасыңдар» дейді» деп баяндалған.

Ізбас Есімұлының мəңгілік ешнəрсе жоқ екендігін еске сала айтқан толғауында жоғарыда аттары аталған екі періштенің қызметтері айқын аңғарылады:

Шабусыз көйлек киерсің, Ағаш та атқа мінерсіңМəлікүл-Мəуіт тербетіп. Ойлағанменен жеткізбес Бұл дүниедегі кем-кетік

[8, 329].

Сыр шайыры Омар Шораяқұлы да пендені сұраққа алушы жəне тозақты күзетуші періштелер туралы айта отырып, шариғат жолын берік ұстанған Есенжолдай ұстазының соңынан ергеніне өкінбейтінін білдіреді:

Мəлікүл-Мəуіт періште Пенденің келсе оңынан, Гүрзі алып келсе қолына Мəңкүр-Нəңкүр солынан; Армансыз болып өтер ем, Есенжолдай шайырдың Үлгі алып ерсем соңынан! [10, 63]

Исрайыл (ғ.с.) мен Мекайыл (ғ.с.) періштелердің қызметі туралы ақынжыраулардың толғауларында деректер көп емес. Қашаған жыраудың жоғарыда айтылған «Тойбастар» атты толғауында Адам Ата мен Хауа ананың жұбайлық өмірінің басталуына себепкер болғандығы:

Той – адамның қазынасы Жұптасып неке қиылған. Ақ бұйрығы деген бар Құлақ қойсаңдар келіске, Нанып болмайды теріске. Адам Ата жұптанып, Хауа ананы алғанда Исрайыл, Мекайыл Некесін қиған екен екі періште [6, 49], – деген жолдармен баяндалады. Ақынның толғауына өзек болған Исрайыл, Мекайыл періштелер жөнінде Мұхаммед (ғ.с) пайғамбарымыздың хадисінде былай деп баяндалған: «Аллам! Жебірейілдің, Мекайылдың, Исрайылдың Раббы! Көктер мен жерді жартушы! Барша ғайып пен айқынды білуші! Пенделеріңнің таласқан нəрселеріне Сен ғана тура үкім бере аласың! Жұрттың таласқан нəрселеріне мені Өзің мейіріңмен сақтап, тура жолға сакла гөр! Шынында, Сен ғана қалаған пендеңді тура жолға саласың!». Исрайыл періште қиямет күні сүр үрлейді. Жоғарыдағы толғауда аты аталған екінші періште Мекайыл туралы Бақара сүресінің 97-98 аяттарында: (Мұхаммед ғ.с. оларға) айт: «Кім Жебірейілге (ғ.с) дұшпан болса, (Алланың дұшпаны). Өйткені ол Алланың бұйрығы бойынша бұрынғыларды растаушы, Құранды сенушілер үшін туралық əрі қуандырушы түрде жүрегіңе қондырды. Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне, сондай-ақ Жебірейіл, Мекайылге (ғ.с) дұшпан болса, əлбетте Алла (Т.) кəпірлерге дұшпан» делінген.

Періштелердің жаратылыс негізі басқа болғандықтан олардың адамзат баласына көрінбеуі заңдылық. Дегенмен періштелердің иманы толысқан, жүрегі таза Алланың сүйген құлдарына көрінетіні туралы да айтылады. Періштелер Алла Тағала сүйген құлдарды ғана сүйеді. Оның ең абзал мысалы – Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарымызға Алланың уəһиін жеткізген Жебірейіл періште екені жоғарыдағы мысалдарда баяндалды. Аллаға шын берілген құлдарға нəсіп етілген осы бір кереметті ақын-жыраулар да өз шығармаларына арқау еткен. Ақындар періштелерді көру кез келген пенденің маңдайына жазыла бермейтінін айта отырып, оған ақиқат сатысына көтерілген кемел адамның ғана мүмкіндігі бар екендігін ескертеді.

 

Әдебиеттер

  1. Сейтұлы Қ. Періштелерге иман. – Алматы: Көкжиек, 2010. – 88 б.
  2. Жолдыбайұлы Қ. Ақиқат шуағы. – Алматы: Алтын қалам, 2007. – 232 б.
  3. Базар жырау. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. – 200 б.
  4. Қазақ халқының философиялық мұрасы. 4 том. – Астана: Аударма, 2005. – 534 б.
  5. Қарасақал Е. Ұлағат сөзім ұрпаққа. – Астана: Фолиант, 2009. – 408 б.
  6. Қашаған. Топан. – Алматы: Жалын, 1991. – 139 б.
  7. Ахатұлы Н. Орынбай ақынның əдеби мұрасы. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының баспа кабинеті, 2001. – 137 б.
  8. Көне күннің жыр күмбезі. – Алматы: Жазушы, 2007.– 496 б.
  9. Ізтілеуұлы Т. Шығармалары. – Алматы: Дешті Қыпшақ.2007. – 588 б.
  10. Шораяқов О. Сөйле, тілім, жошылып. – Алматы: Рауан, 1995. – 301 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.