Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ғ. Мүсірепов әңгімелерінің кейбір көркемдік ерекшеліктері

Автор мақалада жазушы Ғ. Мүсіреповтің «Тулаған толқында» және ана туралы әңгімелері жай­ ында айтылған қазақ ғалымдарының ғылыми ойларын, атап айтқанда, «авторлық үн», автор мен кейіпкер сөзінің арақатынасы, роман тіліндегі ритмикалық үйлесімділік пен саздылық, юмор мен сарказм туралы ғылыми пікірлерін қарастыра отырып, Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы сөз об­ раздарының қолданысы туралы және жазушының ешкіммен салыстыруға келмейтін өзіндік стилі туралы баяндайды. Жазушы әңгімелерінде қоғам өмірін, заман тынысын шынайы суреттеу арқылы сол дәуірдің адамдарының сан қырлы портретін жасаудағы шеберлік қырлары талданады. Көркем өнердің сан қырлы стилисткалық бағдары мен мүмкіншіліктері болады. Мақалада жазушы әңгімеле­ ріндегі қайталамалардың қолданыс ерекшеліктері, жазушының портрет жасаудағы шеберлігі нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі. Қазіргі уақытта халық жиі қолданатын жазушының ана туралы әң­ гімелеріндегі «Мақтасақ – әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді», «Күнсіз гүл өспейді», «Сүюсіз бақыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ» секілді қанатты сөздерге қысқаша шолу жасалынады.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында əдебиет əлеміне қадам басқан қаламгерлер туралы қоғам қайраткері, ақын, зерттеуші Олжас Сүлейменов былай дейді: «...было самое плодоносное поколение в казахской советской литературе. Все они входят в когорту основоположников, каждый по-своему, каждый особой чертой своего дарования украсил родную словесность» [1]. Олардың шығармашылығының сан қырлылығы қазақ əдебиетінің алтын қорын қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Солардың бірі жəне бірегейі белгілі сөз шебері, аса көрнекті жазушы Ғабит Мүсреповтің шығармашылығы қазақ əдебиетінің тарихын қалыптастыру тұрғысынан да, жазушылық шығармашылығындағы əдеби-көркемдік жетістігі тұрғысынан да көптеген зерттеуші ғалымдардың зерттеу нысаны болды. Жазушы шығармалары əдеби-көркемдік тұрғыдан ғана емес, лингвистикалық бағытта да зерттеліп талай ғылыми еңбекке зерттеу нысаны болды.

Бұл ретте көз тоқтатып, көңілге түйер еңбектердің қатарында Б. Шалабаевтың «Ғ. Мүсреповтің «Оянған өлке» романындағы кейбір синтаксистік құрылымдардың көркемдік-стильдік қызметі», «Ғ. Мүсреповтің «Оянған өлке» романындағы комикалық жасаудың кейбір тілдік тəсілдері» туралы еңбектерін; профессор, ғалым М. Серғалиевтің «Ғ. Мүсреповтің əңгімелеріндегі қайталамалардың стильдік қызметі» туралы еңбегін, сондай-ақ Е. Жұбановтың «Ғабит Мүсрепов тілінің кейбір стильдік ерекшеліктері» секілді ғылыми-зерттеу мақалаларын атап өтуге болады.

Егер осы ғылыми мақалаларға шолу жасап, таратып айтар болсақ, ғалым Б. Шалабаев Ғ. Мүсреповтің «Оянған өлке» романындағы авторлық үннің берілу жолдары туралы, автор үні мен кейіпкер сөзінің арақатынасы, өзара байланысы туралы, романды оқу барысында оқырманын еріксіз жетелейтін роман тіліндегі ритмикалық үйлесімділік пен саздылық, айтылу əуенінің ерекшелігі туралы, автордың оларды беру тəсілі, юмор мен сарказмның жасалуындағы комиканың рөлі, оны жасаудың кейбір тілдік тəсілдері туралы нақты тілдік материалдардың негізінде салмақты ойлар айтып, ғылыми тұжырымдар жасайды. Сондай-ақ ғалым Б. Шалабаев жазушы сөйлемдеріндегі синтаксистік қайталамалар мен лексикалық қайталамалардың ырғақтылыққа ықпалы туралы айта келіп, поэзияда жиі кездесетін эпифора мен анафораның жазушы шығармаларындағы қолданылу ерекшелігіне де тоқталып өтеді.

Қазақ тіл білімінде стиль туралы, əдеби тілдің көркемдігі туралы, тіл тазалығы туралы салмақты ойларымен белгілі болған ғалым М. Серғалиев əдебиетші-ғалымдар арасында поэзияда ғана кездеседі деген пікір қалыптастырып келген анафора мен эпифораның жазушы Ғ. Мүсрепов əңгімелерінің тілінде жиі кездесетін көркемдік құбылыс екендігін нақты тілдік деректерді мысалға келтіре отырып, дəлелдеді. Ғалымның айтуы бойынша, «қайталамалар – жазушының көркемдік тəсілдерінің бірі». Ғалым осы аталған мақаласында қайталамалардың стильдік қызметіне ғана тоқталмай, грамматикалық ерекшеліктерін де қазақ тілінің синтакси сі тұрғысынан қарастырып, талдайды. Жалпы, жазушының шығармаларындағы қайталамалар туралы, олардың стильдік қырлары мен қызметі туралы, эмоциональдық бояуы туралы алғаш жан-жақты қарастырып, тың пікірлер айтқан да ғалым М. Серғалиев. Ғалымның бұл еңбегі осындай стильдік тəсілдің басқа жазушылардың шығармаларындағы көрінісін зерттеп, талдауға да түрткі болды. Мысалы, қайталамаларды осындай көркемдік тəсіл ретінде қолдану Ж. Аймауытовтың шығармашылығында да, О. Бөкеевтің шығармашылығында да жиі кездеседі [2].

Е. Жұбанов «Ғабит Мүсрепов тілінің кейбір стильдік ерекшеліктері» атты ғылыми мақаласында Ғ. Мүсрепов шығармаларында жиі кездесетін сөз мағынасының құбылуы, фразеологиялық тіркестердің, қанатты сөздер мен афоризмдердің қолданысы, бейнелеу тəсілдерінің бірі – эпитеттің қолданылу ерекшелігі туралы айтады. Ғалым мысалдар келтіру арқылы олардың əрқайсысының стильдік бояуын, олардың шығармаға беретін əрін, стильдік тұрғыдан да, көркемдік тұрғыдан да көтеретін жүгін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіреді.

Ғ. Мүсрепов шығармаларынан кез келген тілдік материалдың қолданылу барысындағы өзіндік қырын байқамау мүмкін емес. Жазушының ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында жазылған алғашқы əңгімелерінің бірі – «Тулаған толқында». Бұл шығарма алғаш əңгіме ретінде жарияланғанмен, кейін көлемінің үлкендігіне байланысты повесть ретінде танылып жүрді. Жазушының «Таңдамалы шығармалар жинағына» да повесть ретінде енгізілді. Осы повестен алынған мына бір үзіндіге назар аударайық: «... Өмірдің уы Шəйзаның балаң ойына түгел жайылғандай, уланғандай болады. Қоңыр көлеңке үйдің қоңыр сəулесі Шəйзаны да қоңырландырып, сұрғылтқа таңдық түс береді. Үй де қоңыр, көлеңке де қоңыр.Қоңыр үйдегі тұрмыс та қоңыр.Қоңыр үйдегі Шəйзаның ойы да қоңыр.Қоңыр ойлы Шəйзаның əні де қоңыр... Қоңырлатып, ыңырсып өлең айтып отырады. Өлең емес, қоңыр күймен ішіндегі зарын төгіп отырады» [3, 14].

Келтірілген үзіндідегі «қоңыр» сөзін алсақ, ол əр түрлі сөздермен анықтауыштық қатынаста (қоңыр көлеңке, қоңыр сəуле, қоңыр Шəйза, қоңыр үй, қоңыр көлеңке, қоңыр тұрмыс, қоңыр ой, қоңыр əн, қоңыр күй) тіркесіп келіп, бірнеше рет қайталанып тұр.

Он үш рет қолданысқа түскен қоңыр сөзінің стильдік жүгін айқын аңғарта отырып, жазушы оны мақсатты түрде қолданады. Қоңыр сөзі арқылы жазушы басты кейіпкер Шəйзаның «қоңырлатып салған əні» арқылы оның өмірін, тіршілік тынысын суреттей отырып, ары қарай шығарманың қалай өрбитіндігінен де, басты кейіпкердің алдағы болар «қоңыр» өмірінен де хабар береді. «Қоңыр» сөзі əңгіменің даму желісіне негізгі арқау болады.

ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің тарихында Ғ. Мүсреповтің шығармашылығы ерекше орын алады. Бейімбет Майлинді «шағын əңгіменің шебері» ретінде классикалық əдебиеттің өкілі десек, ал «Ғабит Майлин ізімен, бірақ одан басқашалау романтикалық стильде қазақ əдебиетіндегі əңгіме жанрын дамытып, сол арқылы күшті, татымды образдар галереясын жасады» [4, 16]. Бұл пікірге ешкімнің таласы жоқ.

Ғ. Мүсрепов те «шағын əңгіменің шебері» атанған жазушы. Жазушының шығармашылық бастауы – шағын əңгіме. Осы əңгімелерінде қоғам өмірін, заман тынысын шынайы суреттеу арқылы сол дəуірдің адамдарының сан қырлы портретін жасады. Мысалы, «... Желкесі жапжалпақ, кеудесі қаңқайған. Кеудесімен тұтасып кеткен күждей мойында бір қазан етті бас. Екі көздің құйрығы екі елідей қысылған. Қара табақтай жалпақ бетті. Таңқиған саңырақ танау, таңқы мұрт, бұйра қара сақалды. Арам майы сыртына шығып, киген киімі жып-жылтыр, ала дамбалдың ауы өмір бойы тізесінен кетпейді. Семіз балтыры мəсінің қонышын сөгіп жібереді де, бір жағы қайрылып, үнемі жалбырап жүреді» [3, 15]. Бұл «Тулаған толқында» повесіндегі – Оспан болыстың портреті. Осы бейнелі сурет кейіпкердің сыртқы портретін ғана емес, оның адами қасиеттерінен де хабар беріп тұр. Оның бет бейнесінің сүреңсіздігінен бөлек, «тізеге түскен ала дамбалдың ауы мен жалбыраған мəсінің қонышы» да көп нəрседен хабар беріп тұр. Жалпы жазушы тілі өте бай, құнарлы. Жазушының суреттеуі еріксіз езу тартқызады жəне сол суретті жан бітіріп көз алдыңызға алып келеді. «... Иін ағашпен су əкеле жатқан келіншектер Оспанның көлеңкесін дəл бсынан басып өтіп барады. Әдейі басатын сияқты. Көлеңкенің Оспандікі екенін таныған ересек əйел «көтек» деп ыршып кетті. Сөйткенше болған жоқ, үйге қарай жөнелген Оспан, көлеңкесін келіншектердің аяғының астынан өзі суырып əкетті» [3, 17]. Жазушы қай тақырыпқа қалам тартса да сөзбен өрнек салып, сол тақырыпты оқушысына бейнелі сурет деңгейінде жеткізудің шебері. Жазушының əңгімелері туралы айтқанда оның ана туралы шоғыр əңгімелерін айтпай өте алмаймыз.

«Ғ.Мүсірепов орыс жəне əлем əдебиетінің тəжірбиелеріне сүйеніп аналарға арнаған шығармаларында, реалистік романдарында əлеуметтік мағынаға толы революциялық-романтикалық пафоспен халықтық дархан қалжынды, терең лиризм жəне реалистік бояуды ұлттық дəстүрмен сабақтастыра білді. Автордың өз қаһармандарының ішкі дүниесіне ену детальдерінен, романтикалық-реалистік стильдегі баяндаулардан, характерлердің психологиялық анализінің негізінен Горькийдің жазу мəнері сезіледі. Ғ. Мүсіреповтің шығармалары əлем мен совет классиктерінің тəжірбиелерін сəтті игеріп айтудағы профессионалдық шындалысымен сипатталады» [5, 161].

Жастайынан орыс, шетел классикалық шығармаларын оқып, шығармашылық өсу жолында классикалық тəжірибе жинақтап өскен Ғабит Мүсіреповтің жазушылығынан бұрын аудармашылық тəжірбиесі болды. Бұл туралы өзінің естеліктерінде жазушы былай дейді: «... в юности, когда я овладев грамотой, начал читать книги, передо мной стали раскрываться картины неизвестных мне окраин, я как бы остановился очевидцем судьбы совсем неизвестных мне людей.

Особенно глубокое впечатление оставили рассказы М. Горького, порою я не мог оторваться от них, и окончив чтение, начинал переводить рассказ предложение за предложением на казахский язык. Так я стал переводчиком рассказов М. Горького, а затем начал писать сам» [7].

Ғ. Мүсіреповтің прозадағы шығармашылығына оның Максим Горькийдің ана туралы əңгімелерін қазақшаға аударуы соны леп əкелді. Аналар тақырыбына жазған циклдік əңгімелер шоғыры да осы жылдары жалт ете түсті. Ғабит Мүсрепов Горькийдің екі əңгімесін қазақшалады. Олар – «Адамның анасы» жəне «Өлімді жеңген ана» атты əңгімелері. Жазушы əңгімелер ді түпнұсқадағы рухты сақтай отырып, қазақи ұғымға бейімдеп, аса көркем түрде еркін аударды. Өзі тəржімалаған шығармалардың мазмұны Ғабеңе қатты əсер еткені сондай, ол аналар тақырыбына арналған əңгімелер топтамасын жазды. Атап айтқанда, олар – «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» сияқты туындылары. Бұл шығармалардың қай-қайсысының да көркем əдебиеттің басты талаптарына сəйкес жазылған сəтті дүниелер екендігін əдебиеттанушы ғалымдар кезінде атап айтқан болатын. Осы шығармаларда əр қырынан алынып жазылған аналар бейнесі қазақ əдебиетінің үлкен табысы болып саналады. Әңгімелердің басты кейіпкерлері Қапия, Нағима, Ақлима қай-қайсысы да ерлік жасауға даяр тұратын ер аналар. Жазушы бұл кейіпкерлер тағдырын мейілінше қызық штрихтармен бейнелей отырып, қайсар, қайтпас рух иелері етіп көрсетеді. Бұлардың бəрі де нəзік жандылар болғанымен, рухы күшті, күрескер əйелдер.

Жазушы асқақ ана бейнелерін қиын тартыстар үстінде көрсете отырып, қоғамдағы алатын орнын, рухтарының мықтылығы мен анаға тəн тамаша қасиеттерін қызғылықты оқиғалар үстінде əсем бейнелейді. Мысалы, «Ананың арашасындағы» Нағиманы алайық. Өз басына қауіп төніп тұрғанына қарамастан, жаралы болып жатқан қызыл əскерді жау қолына түсірмей, алып шығады. Өз баласы болса бір сəрі, бөтен əскер. Бөтен болса да халықтың азаттығы үшін күресіп жүрген боздақ екендігін сезіне отырып, азаматты аман алып қалу үшін өзі де басын бəйгеге тігеді.

Бұл шығармаларда адамның асқақ рухын көрсетумен бірге лапылдаған романтизм нышандары да бар. Оқиғалардың өтетін ортасы, қатысушы кейіпкерлердің болмысындағы ерекшеліктер, жағдайдың күрделілігі, бəрі тоғыса келіп, романтикалық сипатқа алып келеді. Кейіпкерлердің басынан өткен оқиғалар образ ашуға ұтымды қызмет етіп тұрған көркем əдістер.

Ғ. Мүсіреповтің аналар тақырыбына арналған əңгімелері жайлы академик Серік Қирабаев:

«Жазушының ана туралы əңгімелері осы дəуірдегі үлкен жаңалық болып табылады. Оларда Ғабит М. Горькийдің əсерімен, ананы ардақтау, ананы қадірлеу идеясын көтеріп, оны романтикалық пафоспен жырлай білді. Ол Горькийден «Өлімді жеңген ана», «Адамның анасы» əңгімелерін еркін аударып, қазақ өмірінің шындығы негізінде «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ананың анасы» тəрізді əңгімелер жазды. Бұлардың қай-қайсысы болсын, өмір иесі – ананың парасатын, күш-қайратын, асқақ сезімін паш етті» деп өте орынды тұжырым жасайды [6].

Баспасөзде жазушының ана туралы жазылған шоғыр əңгімелерін аударма деп те атап жүреді, алайда бұл аударма емес. Ғ.Мүсіреповтің шығармалар жинағындағы аудармалар тарауына енбей, ана туралы аңыздар тарауына қосылып, кітап соңында шығармалар туралы түсінік бергенде М.Горький ізімен жазылған жазушының əңгімелері деп көрсетіледі.

«Ананың анасы» жазушының ғасырлар қойнауында қалған қазақы тұрмысты суреттейтін ең сəтті жазылған əңгімесінің бірі. Жазушы осы əңгімесінде кеңістік пен уақыттың өзара байланысын беруде небір тіркестерді пайдаланады:

«Күннің көзінің өзі де күн ұзын көлге шомылып жанын сақтайтындай ...»; «Шалқыған шаңқай түс кезінде адамның көлеңкесі де саялауға жер таппай бауырыңа кіріп кетеді». Осы сөйлемдердегі аптап ыстық кездегі көл бетіне түскен күннің шуағы, адам көлеңкесінің тал түсте тым қысқарып жоқ болуы аса шебер суреттеледі. Қазақ əдебиетінің классигі, жазушының замандасы С. Мұқанов: «Ғ. Мүсірепов туралы» очеркінде оны «ұқыпты», «портрет жасауға шебер», «тілге үнемшіл» деп атап көрсетті [4].

Ғ. Мүсреповтің жетістігі – тілінің көркемдігі. Жазушының бейнелі суреті езуге жеңіл күлкі үйіріп, ащы мысқылға тұнып тұрады. Жоғарыда аталған аналар туралы əңгімелерінің бəрінде де қазақи өмірге, тұрмыс-тіршілікке, түсінікке жақын, ауыл өмірінің небір қырлары, ондағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, қоғам мен заман тынысы суреттеледі. «Кең көйлектің етегі арт жағынан жел үрген тауықтай түріліп кеткен Жəніш бəйбіше...» [3, 169]; «Кебіс табанына ұшып келіп, айран бетіне шаншыла түскен тезек сынығы құйрығын шошайтып, Жəніш бəйбішені нұсқағандай болды» [3, 169] секілді мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Жазушының ана туралы əңгімелерінде қазіргі уақытта да өзінің мазмұндылығын, маңыздылығын жоймаған, қанатты сөздер мол кездеседі.

«Мақтасақ – əйелді мақтайық та, құрметтейік те əйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!» [3, 145]. «Күнсіз гүл өспейді. Сүюсіз бақыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ. Анасыз ақын да болмайды, батыр да болмайды» [3, 151]. Жазушы əңгімелерінен осындай қанатты сөздерді молынан кездестіруге болады.

Қазақ əдебиеті тарихының алтын қорынан ойып орын алатын Ғ. Мүсреповтің шығармашылығы талай зерттеу еңбектеріне нысан болары сөзсіз. Себебі, əрбір қаламгердің өзіндік стильдік өрнектері, өздері сүйіп қолданатын тəсілдері, жазу машығы болады. Қаламгер сонысымен дара, сонысымен ерекше, сонысымен өзгеше. Ал мұндай даралық Мүсрепов шығармашылығының алтын қазығы.

 

Әдебиеттер

  1. Сүлейменов О. ...Всех их мы называем Учителями... // Казахстанская правда. – 1986. – 2 января.
  2. Серғалиев М. Көркем əдебиет тілі // Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Мектеп, 1981. – Б. 134-144.
  3. Мүсрепов Ғ. Таңдамалы шығармалар жинағы. 3 томдық. – Т. 1. – Алматы: Жазушы, 1980.
  4. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар жинағы. 15 томдық. – Т. 15. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 1979. – Б. 552; б. 584.
  5. Сатпаева Ш. К. Казахско-европейские литературные связи XIX и первой половины XX вв // Монография. – Алматы: Ғылым, 1985.
  6. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. – Т. 1. – Алматы: Қазығұрт, 2007. – 456 б.
  7. Мүсірепов Ғ. Заман жəне əдебет // Әдеби-сын еңбектері. – Алматы: Жазушы, 1982. – Б. 53, б. 90.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.