Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Романдардағы тоғысар арна – адам-табиғат арақатынасы

Мақалада Алаштың көрнекті қаламгерлері Жүсіпбек Аймауытов пен Қалихан Ысқақовтың ро­ мандары, ондағы табиғат суреттері туралы баяндалады. Аймауытов пен Ысқақов алаш оқырман­ дарына қазақ прозасын биік деңгейге көтерген қайталанбас сөз зергері, шынайы суреткер ретінде танымал. Мақалада Аймауытов Жүсіпбектің суреткерлік­шығармашылық шеберлігі, жазу машығы, романдарында кездесетін табиғат көріністерінің шығарманың мазмұнына, идеялық мұратына, ком­ позициялық тұтастығына кейде тікелей, кейде жанама әсерін тигізіп отыратыны ғылыми тұрғыдан сарапталады. Жүсіпбек кейіпкерлерінің жан­әлеміндегі, көңіл­күйіндегі өзгерістер табиғат көріністе­ рімен жымдасып, шығарманың шырайын кіргізіп, құлпырта түсуге септігін тигізетіні Қалихан Ысқа­ қов романдарымен салыстырыла, жан­жақты қарастырылады. Алтайдың әсем табиғатын, ғажайып сұлу орман­тоғайларын, сылдырап аққан өзенін, яғни, Марқакөл мен Күршімін, Бұқтырма мен Ақсу­ ын, қайталанбас тау­тасын суреттеудегі Аймауытов пен Ысқақовтың суреткерлік шеберлігі, өздеріне ғана тән көркемдік әдіс­тәсілдері, қаламгерлік шешімі сөз болады.

Зерттеу мақалада Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы адам мен табиғатты қатар сурет­ теу, әсіресе, табиғатты бейнелеуді көтеріңкі леппен бастап, сол деңгейден түсірмей аяқтау, ақ өлең үлгісіне салған көтеріңкі пафосы қаламгердің өзіне тән ерекшелігі ретінде бағаланса, көркем туын­ дыдағы мұндай суреткерлік шеберлік Қ.Ысқақовтың «Тұйық» романының да негізгі белгілерінің бірі екендігі туралы айтылады.

Алаш ардақтыларымен қайта қауышқалы да біраз жылдың жүзі өтті. Қазақ халқының руханият əлеміне өлшеусіз еңбек сіңірген ақынжазушыларымыздың мұрасы ортамызға қайта оралып, үзіле жаздаған ұлттық, рухани құндылықтарымыздың орны толығып, ұлт игілігіне айналғаны қашан. Алаш жазушысы Аймауытовтың солардың бірі, əрі сегіз қырлы, бір сырлы дарын, жан-жақты талант иесі екені де рас. Ол ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, көсемсөзші. Аз ғұмыр кешкенімен, соңында қалдырған əдеби мұрасы мол. Әсіресе, қазақ прозасын əлемдік деңгейге көтерген қайталанбас сөз зергері, шынайы суреткер, алуан жанрда бақ сынап, қалам тербеген Аймауытов шығармашылығының алғашқы кезеңінде сол кездегі ауыл өмірін, ел ішіндегі жаңалық өзгерістерді, əлеуметтік теңсіздіктерді, баққұмар, таққұмар, алыпсатарларды аяусыз əшкерелеп, сын садағымен түйресе, кейінірек проза жанрындағы айтулы еңбектерін дүниеге əкелген. Жүсіпбектің суреткерлік-шығармашылық шеберлігіне, жазу машығына тəнті болған Бейімбет Майлиннің: «Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін» – деп баға беруі тегін емес. Жазушының «Елес», «Әнші», «Күнікейдің жазығы»,

«Қартқожа», «Ақбілек» секілді дəуір шындығын, замана тауқыметін, адамдар арасындағы сан-алуан тартысты, қайшылықтым қарым-қатынасты шынайы, сенімді бейнелейтін, сипаты бөлек, стилі ерек туындылары ел арасына сол кезде-ақ кеңінен тарағаны белгілі. Мұхтар

Әуезов, Бейімбет Майлин секілді дəуір суреткерлерімен иықтаса, жұптаса қалам тербеген Жүсіпбектің шығармашылық əлемінің тереңіне бойлау, тұнығынан қанып ішу, машық-мəнерінен үлгі алу кейінгі ізбасар-əріптестеріне кеш те болса бұйырғаны – ащы шындық. Алаш əдебиетіндегі Әуезовтың орнын, Майлиннің қадірін төмендетпей-ақ, Аймауытов салған соқпақтың, бағындырған белестің биігін бағалай білу – бүгінгі ұрпаққа міндет. «Қазақтың профессионалдық прозасы Аймауытовтан басталады десем, қателеспейтін шығармын деп ойлаймын. Байқап отырсам, Әуезовтің өзі де Аймауытовтың шекпенінен шыққан сияқты. Егер мезгілінде танысқанымызда, алпысыншы жылдардың басында əдебиетке келген біздер отыз жыл бұрын ағаларымыз салып кеткен жолды қайта таптамайтын едік» – деген жазушы Қалихан Ысқақовтың пікірі де осы ойымыздың дұрыстығын дəлелдейді. Алдыңғы толқын ағалары салған кəсіби прозадағы сара жолды шиырлап емес, өзіне тəн суреткерлік түйсікпен «шарлап» келе жатқан Қалихан ағамыздың қаламынан да, қадамынан да алаш қаламгерлерінің идеясын да, ата-баба аманат етіп қалдырған мұрасы «тілін» де аса сақтықпен қорғап, абыроймен жұмсап келе жатқаны айқын да анық сезіледі. «Қазіргі шығармалардың оқылмайтындығы – тілдің жоқтығынан. Тілсіз сурет салынбайды. Тілсіз ой оқушыға жетпей қалады» деп шырылдап, көркем əдебиеттің шұрайлы тілсіз əрсіз, əрі нəрсіз болатынын үнемі ескертумен келеді.

Жазушының шеберлік қырлары, көркем əдебиет туындысының, яғни көркем шығарманың эстетикалық қуаты – суреткер қаламының көркемдік ерекшеліктерінен, поэтикалық ізденістерінен көрінеді. Әрине, сөз өнеріндегі, соның ішінде, көркем əдебиеттегі шеберлік тің ауқымы өте кең. Жазушы шығармаларында кездесетін көркем ерекшеліктердің қуаттылығы оның тақырып пен идея, тіл мен стиль, сюжет пен композициялық ерекшеліктерінде, образ жасау жолындағы ізденістерінде, заман, уақыт шындығын кейіпкерлерінін жан əлемі, іс-əрекеті арқылы жеткізуінде, диалог кұрудағы, сəтті көркем деталь табудағы, көркемдік бейнелеу құралдарын сан құбылта, түрлендіре пайдалануындағы суреткерлігінде, сол аркылы оқырман жүрегінен орын алуға ұмтылысында, жанқиярлық еңбегінде жатса керек.

Осы тұрғыдан алғанда, Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», Қ. Ысқақовтың «Тұйық» романдары кейіпкерлерін тікелей іс-əрекет, динамикалы оқиғалы үстінде ашып көрсетумен де, ішкі психологиялық тартыстарымен де, философиялық ой-тұжырымдарымен де болсын, қазақ əдебиетіне қосылған сүбелі үлес болып табылады.

Романда кездесетін табиғат көріністері оның мазмұнына, идеялық мұратына, композициялық тұтастығына кейде тікелей, кейде жанама əсерін тигізіп отырады. Кейіпкер жан-əлеміндегі, көңіл-күйіндегі өзгерістер табиғат көріністерімен жымдасып, шығарманың шырайын кіргізіп, құлпырта түсуге септігін тигізері анық. Алтайдың əсем табиғатын, ғажайып сұлу орман-тоғайларын, сылдырап аққан өзенін, яғни, Марқакөл мен Күршімін, Бұқтырма мен Ақсуын, қайталанбас тау-тасын суреттеуге келгенде Жүсіпбектің де, Қалиханның да қаламы жүйрік-ақ. Мəселен, Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек романында «Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лапылдайды. Марқакөлдің жиегінде ...бала болып, ана болып, көп əйелден дана болып, кеудесіне сыймай, кемерінен аса шыпылдайды» [1, 5] – деп ерекше леппен, сұлу да соны ырғақпен табиғат пен Ақбілек бейнесін, сезімін астастыра байланыстырса, Қалихан Ысқақов «Тұйықта» тамырын тіпті тереңге жібереді. «Ай қырқаға барып құлады. Аспан күмбезі жарты шекесінен қақ айрылып, іріген сүттін бетіндегі ақ шандыр көбіктей кіреукеленіп барып семді де, қара көк тұңғиыққа іркіліп Құсжолы ғана қалды; Жетіқарақшының сүйір басы шығыс көкжиекке сұғына кеп тоқтаған екен, мезгіл түн ортасына ауса керек» [2, 8]. Бұл – Қажымұраттың туған аулына келіп, өткеніне, қызығы кем өткен өміріне ойша көз жүгіртіп, осы бір мақпал түнді, тұнық аспанды сағынышпен еске алып жатқан сəті. Күздің осы бір мезгілін, түннің осы бір сəтін сағына жеткені аңғарылады.

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романында ғы адам мен табиғатты қатар суреттеу, əсіресе, табиғатты бейнелеуді көтеріңкі леппен бастап, сол деңгейден түсірмей аяқтау, ақ өлең үлгісіне салған шалқыма пафосы көз алдымыздағыдай есте болса, көркем туындыдағы мұндай байланыс Қ.Ысқақов романының да негізгі белгілерінің бірі. «Алтайдың самаладай тізілген зеңгір шыңдары кызыл орамал байланып қырға шыққан қыз-келіншектер сияқты екен, солардың дін ортасындағы етегін қылқанды орман, белуарын тау-терекпен қымталаған Саралқа биігі қызыл мыспен қақталған жалпақ кісені шарт буынып жүгініп отырған ақ бас шалға ұқсайды» [2, 21].

Автор енді бірде пейзажды кейіпкер көңілкүйінен хабардар ете отырып, сюжетті дамытуға пайдаланғанын аңғаруға болады. Кейіпкердін сол сəттегі жан-əлеміндегі əлем-тапырық көңіл ауанын табиғаттың сұрқай, суық суретімен қатар алып, шығарманың əрін кіргізіп, өңіне қан жүгірткендей əсерге бөлейді. «Алтайдың кұзар шыңдары да қызыл орамалдарын сыпырып тастап, көк шатыр мұздай суық тарта бастаған; манағы белдеудегі тау-теректің сары ала сілемі, онан жоғары мүк пен қынаның тықыр кілемдей кызғылт түгі күлгін тартып, ошақтағы қи қоламтасындай өлеусіреп өлуге айналған. Қарағай басын сыңсытқан қоңыр жел, қоңыр күздің қоңыр барқыттай қою ымыртты көкірек сыздатар мұң ала келгендей, сол мұң алыстан талып жеткен сыбызғы сазындай көңіл шымшылап, көз алдынан қимас елес боп жамырады» [2, 21].

Әлгінде ғана туған өлкесінің тамылжыған түніне, алқаракөк аспанына талмаусыра көз тіккен Қажымұраттың есіне алмағайып кезеңнің аласапыран уақыты, соғыспен тұспа-тұс келген жастық шағы түскенде, денесі түршікті. Жаңа ғана көңіліне жылу кұйып, жүрегіне нұр сыйлағандай болған табиғат көрінісі де кейіпкер ойымен астасып, қуқыл тартқандай сүреңсіз күй кешкен. Жігіт көңіл-күйінің пəс тартқан сəтін жазушы табиғат əлеміндегі өзгерістермен шебер қиюластырып, шығарма окиғасының ары қарай қалай өрбитінін, өріс алатынын оқырманға жымын білдірмей аңғартып тұрғандай əсер қалдырады. Табиғат құбылысы адамның сана-сезіміне, ойына əсер ете алатынын жазушы табиғи түрде боямасыз жеткізеді. Сюжеттің өріс алуына, дамуына септігі бар ішкі иірімдер өнер туындысына тəн үлгіде шебер қолданылып, роман тынысына серпін береді. Колхоздың азын-аулақ малына жем-шөп əкелемін деп жолға шыққан Қажымұраттың жалғыз өзі əбден титықтап, арып-аршыған сəтінде табиғаттың да қатқылданып, қатуланып тұрғанын автор: «Шаңырақ мүйіз пар өгіздің ырғалаң-ырғалаң жүрісі, толқында лықсыған қайықтай изең-изең шұлғыған шана шаршаған жігітті шала мас қып маужырата бастады.

Шырша мен қарағайлы жыныстан шошайып қана қылтиған шың-құздардың ұшар биігі де теңселіп тұрғандай еді. Малақайының милығынан күн сығалады; оның да шар табағы қызыл тастай кірпік қақпай қатып қапты. Аспанның түсі бөлек, жап-жасыл екен, мынау құлазып йен қалған дүниенің күңіренген суық күмбезі секілді» [2, 99-100] – деп суреттесе, «Қырқадан құлықтанып ай туған. Көз жетер аймақтың реңі кашып, сұрғылт тұман басқандай аспан шелдене қалды. Тас қамау сұр шатқалдың аңғары бұрынғыдан да азынап кеткен секілді, тас керең дүниенің ызғары жабырқау көңілге иығындағы қаптан бетер зілді еді» [2, 105] – деп кейіпкер көңіл-күйінің зілмауыр тартуын табиғат құбылысындағы өзгерістерімен қабат ала отырып, оқиға барысын, дамуын қоюлата түседі. Бүкіл кірені бір өзі тиеп, ие болып келе жатқан Қажымұрат осының бəрін кім үшін, не үшін істеп жүргені ойына түскенде серпілгендей, бүкіл ауылдың шаңырағын бір өзі тіреп тұрғанын сезінгендей болады. Тарығып-зарығып отырған елдің үмітін ақтауға, көңілін демдеуге өзінің де үлесі барын еске алғанда, жігіт бойы шымырлап, ойы шығандап кетеді. Бойын ерекше сезімге бөлеп, бүкіл дүние мұның ісіне қуана қол соққандай, тіпті «жымыңдаған аспан да манағыдай емес, жайдары. Шана сықырымен жарысқан мұңды бір сарын боз аспанның мөрінен тамып тұрғандай. Аяқтың сырқаты, қардың талғаны да ұмытылып, көңілдегі болмашы кірбің де көшіп кеткен».

Көз алдына көлбеңдеп Зылиха бейнесі келді. Аяғының ауырлығына екі-үш айдың жүзі болғанын ойлады. Ауылдағы шал-кемпірлерге баскөз болып қана қоймай, қандай да бір ауыр істің басында бел шешпей, ер-азаматтарша іс-əрекет етіп жүргені жанына батты. Дегенмен, дəл қазіргі сəтте Зылиханың бұдан басқа сүйенері, сенері жоқ екенін ойлағанда, көңілі бір құлазып, бір шалқыды. Мынау қайнаған өмірдегі, дүниедегі баянсыз тірліктен құтқарып, тіршіліктің мəні, өмірдің əніне жеткізер нағыз бақыт ұрпақ, бала екені есіне түсіп, көңілінің кірі шайылғандай.

«Жалғаның жалпақ екені енді біліп, дүниенің көркі енді ғана ажарына кірді ме деген жігіт қазір тау қопарып тастауға, ел үшін жан-пида етуге əзір, канша қиындық кешсең де өмірдің бақыты да; базары да осы ма деп калды. Зылиха жүкті болғаннан бері бұрынғы үйірсектігі мен құштарлық сезімінен көрі жанашырлығы басым. Бала деген шіркін жар махаббатынан да ыстық, əрі тəттілеу ме, қалай?... Әйтеуір соңғы кезде қиялшыл болып алған, тік мінез ұрыншақтығынан көңілшектігі көбейіп кетті» [2, 45].

Автор Алтайдың ғажайып сұлулығымен қатар, оның жадап жүдеген, талан-таражға түскен ауыр халіне де аяныш білдіреді. Бір кездері жайқалған ну өлкенің адамдардың салғырттығынан, табиғат-Анаға деген немқұрайлығынан болар, тозуға айналған бет-бейнесін де көз алдымызға əкеледі.

«Алтай шынында жүдеп калған екен, ұстарамен сыпырғандай ағашын отап əкеткен таз төмпешіктер, əр томары бір ағаштың моласыңдай құлазып жатқан құла жондар, өркеш-өркеш таулардың басы таз, иегі көптен қырынбаған көк сағал адамның ұртындай кедір-бұдыр, ортан белінде селтиген мысық мұрттай ала шұбар ағаш қалыпты, шанжау-шанжау жетім қарағайлардан басқа Бұқтырма бойындағы өзекте де дым жоқ, олардың өзі де бірі қисық, бірі шолақ ешкімнің кажетіне жарамай жұртқа тастап кеткен жүн-жұрқаның жұрынтығы секілді. Қажымұрат жастық шағының белгісін таба алмай келеді» [2, 61]. Одан əрі автор қолдан жасалған қысастықтың, талан-таражға салудың түбі неге соғатынын меңзеп, «Жер қалмады!деп кейіді Әлмұрат. –Жазық түгілі тепсеңнің бəрін көртышқанша тепкілеп тауыстық. Ал пайдасы боққа тұрмайды. Артымызды жауып тұрған тек мал» [2, 162] – деп табиғаттағы, экологиядағы жұтаңдықты адамдардың тіршілігімен, іс-əрекетімен байланыстырады. Табиғаттың да қоғамның бір бөлшегі екенін, егер оны күтпесе, аяламаса, құритынын, тозатынын автор əдемі сездіріп, қатпары қалың сауалдың зауалы ауыр екенін айтып отыр.

Бүгінгі таңда ғаламдық проблемаға айналған бұл мəселенің бастауы кешегі күндерде жатқанын Қ.Ысқақов өткен ғасырдың 60-жылдарында-ақ аңғарып, ұрпағына ұқтырып отырғандай.

«Кемер-кемер болып көз ұшына дейін созылған ну орманнын төбесі сары күздің шап-шағыр меңсіз аспанымен ұласып жатыр. Жауыннан соң дүние шыт жаңа тазарып калған. Борық пен өзектегі шаңдақтың ескі қылтанағы қайта көктеп, су тиген барқыттың түгіндей құлпырып шыға келіпті. Мизам басын шұлғытып салқын самал еседі. Телеграф сымдары сарнап тұр. Телеграф бағандарының гуілдеген қоңыр үні Қажымұрат көңілінің қимас мұңын шерткендей бебеу қағып тынар емес» [2, 217]. Автор туған ауылына жиырма жылдан соң қайта оралып, сағына табысып, көңілін жібітер елі барын, артына аландатар атамекені, қара орманы барын медет етіп, қимай қоштасып бара жатқан Қажымұраттың ала-құлаң көңілін, алабұрткан сезімін, ішкі сезім буырқаныстарын оны қоршаған табиғат құбылыстарымен бірлікте ала отырып жырлайды. Сағыныш, мұң əрбір адамға тəн сезімдердердің мылқау Кажымұратқа да тəн екендігін бар бояуымен ашып көрсетеді. Қаршадайынан тағдырдың тауқыметіне ұшыраған, адасқан, жол іздеп тарыққан, қайта табыскан, бақытына «қолы жеткен» Қажымұрат өмірінің, тағдырының терең оймен, өзіндік пəл сапасымен берілуі, адам тағдыры, адамдар арасындағы теңсіздіктің, оны ішкі иірімдері мен сыртқы бітім болмысынын табиғат құбылыстарымен егіздің сыңарындай өрілуі, бас кейіпкер Қажымұрат тағдыры арқылы адал, таза еңбек адамының, қарапайым жанның бейнелеуі, сол арқылы қоғамдағы əділетсіздікке, теңсіздікке, түрлі кеселдерге қарсы мінез көрсетуі, адам психологиясының, жан сезімінің шебер көрсетілуі, кейіпкерлер тағдыры арқылы қоғамдағы ірілі-ұсақты кемшіліктердің сыналуы, адам тағдырына немқұрайлылыққа қарсы күрес, романдағы қилы тағдырлар, қилы характерлер арқылы тəн жарасы бітсе де, жан жарасы бітпейтінін рухы биік, жүрегі таза адамдар арқылы шынайы суреттеуі, міне, осының бəрі — жазушы Қ. Ысқақовтың «Тұйық» романының басты бояуы, тоғысар арнасы.

 

Әдебиеттер

  1. Аймауытов Ж. Ақбілек: роман. – Алматы: Раритет, 2003. – 240 б.
  2. Ысқақов Қ. Қараорман. – Алматы: Өлке, 2005. – 368 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.