Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік Қазақстан облысының атаулар жүйесіндегі реликтілік топонимдер

Жер­су атауларының шығу, даму тарихы айналаны қоршаған табиғатпен, түрлі әлеуметтік өзге­ рістермен тығыз байланысты. Осыдан келіп атаулардың мағыналық және этимологиялық құпияла­ рын ашу үшін бірнеше ғылым салаларының деректерінен хабардар болу, оларды жіті пайдалану қажеттілігі туындайды. Бұл сала бүгінде көне түркітану ғылымының да құпияларын ашуға өзінің септігін тигізіп отыр. Жер­су аттарының пайда болуы тұрғысынан келгенде, көптеген аңыз, ертегі, әпсана да туындаған. Бұл ретте біз топонимика саласының фольклортану ғылымына да қатысы бар дей аламыз. Жер­су аттары сонымен қатар қоғам дамуына орай бір немесе бірнеше атауға алмасып отырған. Оңтүстік Қазақстан топонимдерін ежелгі заман жәдігерлеріне жатқызуға болатынын аңға­ рамыз.

Оңтүстік Қазақстан өлкесі тек мал мен жанға, астық пен мақтаға ғана емес, тарихи ескерткіш­ терге де бай, киелі мекен. Көне мұралары айрықша назар аударатын Оңтүстік өңіріндегі обалар мен тастағы ежелгі жазу­сызулар баға жетпес ата мұрамыз.

Бұл мақалада реликтілік өзгешеліктері молынан кездесетін Оңтүстік Қазақстан облысының жер­су атаулары жөнінде нақты тұжырымдалған материалдар тұрғысында бірқатар мәліметтер кел­ тірілген. Осы мәселемен түбегейлі айналысып жүрген ғалымның түрлі тарихи кезеңдердегі атаулар өзгерістері жөніндегі зерттеулері назар аударады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев қазақ зиялыларының алдында сөйлеген сөзінде: «Ата-бабаларымыздың жүріп өткен əрбір жолы, əрбір қазған құдығының атауы бар, ал атау – тұнып тұрған тарих, соны зерттейік, жинастырайық…, тарихты қайта қараңдар… тарих пен тіл тамырлас. Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бөле айтар едім. Оның біріншісі, əрине, ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, қанын төгіп, жанын беріп жүріп қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз – сол ата-бабалардың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі», – деді [1].

Түрлі тарихи кезеңдерде тайпалар мен халықтар белгілі бір территорияда бірін-бірі алмастырып, өзгеріп отырады. Алайда, олар тарихтан ізсіз жоғалып кетпейді. Олардың тілдік белгілері өздері мекендеген жердегі географиялық атаулар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Қазіргі жер-су атаулары осыны аңғартады. Ұланбайтақ алқапты алып жатқан, табиғаты сан қилы болып келетін өлкеміздің жер-суына ерте заманнан бері сан алуан атаулар қойылып, олар түрлі өзгерістерге ұшырап отырды. Сондықтан олар кең даланың табиғи ерекшеліктерін, əр төбенің, əр жыраның өзіндік сипатын жіті тани білді. Жəне көшпелі өңірінде ол жер жағдайын анықтайтын белгі ретінде пайдаланылды. Атауды да дəл соған лайық деп тауып қоя білді. Мəселен, əлемге əйгілі энциклопедист ғалым Әбунасыр Әл-Фарабидің отаны – орта ғасырдың Отырар (Фараб) қаласы мен Құйрық төбе, Оқсыз, Алтын төбеПышақшы төбе сияқты қалалар атауы да тарихи, мəдени мəн-маңызға ие. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында Қарлығаш ата, Тамшы әулие, Дуана қожа, Жеті үңгір тəрізді атаулар ұшырасады.Жер-су аттарының өзінен-ақ көп жағдайда сол маңның жер бедерінен, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен, климат ерекшелігінен, табиғи байлықтарынан мол мəлімет алуға болады.

Оңтүстік Қазақстан аймағының ХХ ғасырдың басына дейінгі айқын топонимдік көрінісі 1906 жылғы «Сырдария губерниясы Шымкент уезінің картасы» [2] мен 1908 жəне 1910 жылдардағы «Шымкент уезіндегі киргиз жерін пайдалану жөніндегі материалдарда» нақты бейнеленген [3], [4]. Аталмыш құжаттар бойынша біршама ғылыми-зерттеу жүргізген ғалым Қ.Рысбергенова Түркістан өңірінің, Созақ, Отырар аудандарының топонимдік жүйесіне, оның ұлттық ерекшеліктеріне, өзгерістердің себепсалдарына айрықша тоқталады [5]. «Революцияға дейінгі жəне қазіргі əкімшілік карталары мен анықтамалықтарды негізге алған дереккөздер бойынша,деп жазады ғалым-зерттеуші,зерттеу аймағының топонимдік материалдарын салыстыра отырып талдау ежелгі субстратты топонимдік қабаттың сақталып қалғанын көрсетеді, негізінен алғанда бұлар өзендер, таулар, елді мекендер, ежелгі қалашық-қорғандар, «Ұлы жібек жолы» бойындағы байырғы қалалар, керуен сарайлар, мəдени орталықтар атаулары: Арыс, Шу, Қарашық, Қантағы, Созақ, Сүткент, Манкент, Отырар, Саудакент т.б.».

Бұл мақаламызда мынадай деректер де ерекше назар аударады. Республикамыздың оңтүстігінде (батысында – Шардарадан Жызаққа, оңтүстігінде – Нұрата таулары мен Түркістан жоталарына иық тіреп, ал шығысы мен солтүстік шығысында Сырдария өзенімен шектесіп) аумағы он мыңдаған шақырымға жететін Мырзашөл даласы жатыр.

Мырзашөл аймағы 1867-1917 жылдар аралығында аумақтық-əкімшілік бөлініс жағынан бірде Сырдария облысының, енді бірде Самарқан облысының Қожакент, Жызақ уездеріне бағынышты болды. Мұндай деректер «Туркестанские ведомости» газетінде (1870-1917) молынан кездеседі.

«Туркестанские ведомостиде» Мырзашөл мен оған жалғасып жатқан Қызылқұм даласының көшпелі жəне жартылай көшпелі қазақтарының тыныс-тіршілігі туралы деректер жиі келтірілген. А.П. Федченконың газеттің осы санында жарық көрген «Қызылқұм даласы туралы заметкалар» атты мақаласында [6] Сырдарияның орта ағысындағы Шардара, Жаушықұм, Жоғарғы Сейіт, Төменгі Сейіт, Үлкен Сейіт, Сүткент, Байырқұм, Ешкілі, Мыңтөбе және Ұзын ата туралы əңгіме болады.

Сондай-ақ, газетте «Нұрата – тау жоталары туралы заметкаларда»: «Отырықшы халықтан басқа Нұрата тауының солтүстігіне қарай Сырдарияның, Түркістанның жəне Әмударияның аралығында шамамен 50 мың үйге жететін Қоңырат тайпасының қазақтары көшіп-қонып жүреді. ОларКөктіңұлы жəне Көтенші деген екі негізгі бөлімге бөлінеді. Бұл көшпенділер бұрын Жызақ бегіне қараған, ал, қазір Нұратаны мекендейді,» – деген деректер келтіреді [7].

Басылым Мырзашөл аймағында тұратын қазақ ауылдарының қандай əкімшілік-аумақтық бөлініске бөлінгенін жариялап тұрды. Айталық, 1884 жылы Құрама үйезі Қазақ, Қанжығалы,

Шыназ, Аққорған, Зеңгіата, Орал, Піскент, Боқа, Иіржар, Тойтөбе, Оспан ата Қорда болыстарына бөлінсе, 1906 жылы Шымкент үйезіне Шымкент, Түркістан қалалары, Темірлан мен Ермоловка поселкелері мен Сайрам, Қарақұлақ, Ақтас, Арыс, Бадам, Боралдай, Бөржар, Қазығұрт, Қарамұрт, Қошқарата, Майлыкент, Машат, Темірлан, Ванновский, Беловодский, Георгиевский, Байырқұм, Сарыкөл, Сырдария, Бөген, Шаян және Арыстандыдеп аталатын болыстар мен ауылдар қарады.

«Туркестанские ведомости» газетін зерттеген ғалым М.Жақып өз еңбегінде Мырзашөл аймағына байланысты көптеген қызықты деректер келтіреді. «Газетте жарық көрген мақалалардан, – деп жазады автор, – сондай-ақ, халқымыздың қазақи көрегендігін, ұшқырлығын, аңғарымпаздығын, жер-суға атау беруге шеберлігін танытатын топонимикалық атаулардың Мырзашөлде өте көп болғандығын да көреміз.

Сондай бірегей атаулардың бірі – Ұтырлы. Ұтырлы – көне қаланың аты. Қазіргі Оңтүс тік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы Ильич кентінің солтүстік-батыс жағында, яғни «Мақтарал» мақта шаруашылығының орталығынан он шақырымдай жерде орны бар. Жоғарыда айтқанымыздай, Сырдарияға құятын Сарөзек тармағының жағалауында біздің дəуіріміздің ІХ-Х ғасырлары аралығында Ұтырлы қаласы болғандығын біз енді-енді біліп жатырмыз» [8]. Автордың пайымдауынша, Ұтырлы – кəрі Сырдарияның бойын мекендеген ежелгі халықтардың салған қаласы болса керек. Оның бұл болжамымен толық келісуге болады. Ғалым Ұтырлы қаласының Сырдарияның жағалауындағы керуен жолдың бойында салынғаны жөнінде нақты деректер келтіре отырып, «Ұтырлы» деген сөздің мағынасына тоқталады да, «Ұтырлы – қазақтың «ұтымды, ұтқыр, қолайлы» деген сөздерінің баламасы» деген байламға келеді.

«Ұтырлыға ұқсас атаулар Мырзашөл өңірінен жиі кездеседі, – дейді ғалым-зерттеуші бұдан əрі, – Оңтүстік Қазақстан облысының Киров ауданында Үтіртөбе деген жер бар, ондағы бір ауыл бүгінде осылай аталады. «Туркестанские ведомости» газетінің беттерінде де осы атау жиі кездеседі. Бəлкім, сол Үтіртөбе мен ҰтырлыҰтырлының жұрт аузында қалған, өзгерген нұсқаларының бірі шығар. Бұл да тексере, анықтай түсуді қажет ететін дерек».

Біздің жоғарыда аталған аса маңызды құжаттар, дереккөздер жəне қазіргі карталар бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының тұтас топонимдік жүйесіне жүргізген жұмысымыз елді мекендер, өзен-көлдер, орман-тоғайлар, шатқалдар, қырат-қырқалар, құм, төбе, сай, кемер, құдық, арықтар т.б. атауларындағы біршама тұрақтылықты, өзгерістер мен құбылмалылықты да көрсетті. Киелі де қасиетті жерлердегі ойконимдік атаулардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, берік сақталуы, кезінде өзгеріске ұшырағандарының қайтадан ежелгі атауларына ие болуы ұлттық болмыс-бітімімізді көрсетсе керек. Осы орайда, қазірге сол күйінде жеткен бірқатар байырғы қалалар мен елді мекендердің атауына талдау жасасақ, нақты куə боламыз.

Кейбір топонимдер жыл озған сайын түрлі себептермен əрқалай фонетикалық, тұлғалық, кейде мағыналық өзгерістерге ұшырап, алмасып отырады. Ондай өзгеріске əдетте мағынасы көмескі тартқан немесе мүлдем түсініксіз атаулар мен басқа тілден енген атаулар душар болады. Кейбір жағдайларда қазақ тіліндегі атаулардың басқа тілге дұрыс транскрипцияланбауы да жиі кездесіп отырады.

Жалпы Оңтүстік аймағы шежіре мен тарихи құпияға толы өңірдің бірі. Көне Түркістан, көне Отырар, Сыр бойы, қазыналы қарт Қаратау, Сайрам, Түлкібас, т.б. өлкелердің тарихи мəні өз атауларында тұр деп толық байлам жасауымызға негіз бар.

Түркістан – аймақтағы ежелгі қала атауы, күллі түрік əлеміне айрықша ыстық, қасиетті де қастерлі. Орта жəне Орталық Азияның түркі тілдес халықтары мекендеген аймақ.

Жалпы алғанда бұл атаудың түп-төркінін іздестірудің қажеті жоқ сияқты. Бұл түрік тілінде сөйлейтін халықтардың жиынтық атауы. Бірігуден пайда болған осы атаудағы алғашқы «түрік» сөзінің ертедегі мағынасы нені білдіретіндігі көпшілікке беймəлім екендігі белгілі.

Атау екі сөздің бірігуінен шыққан десек, оның алғашқысы «түркі», дұрысын айтсақ, «түрік», екіншісі «стан».

Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінің сөздігінде «түрк» дыбыстық құрамдағы сөздің екі мағынасын оқимыз: біріншісі – «күшті, құдіретті», екіншісі – «ерекше мол, өте бай; шегіне жеткен».

«Түрік» атауы жөніндегі тағы бір дерек ті В.В. Радлов жасаған сөздіктен кездестіреміз. Онда «түрк» тұлғасының төрт түрлі мағынасы келтірілген. Оның алғашқы екеуі түркі халқы мен түркі хандығына анықтама беруге арналған. Сондықтан оған тоқталмадық. Ал үшінші мағынасы былай түсіндірілген – «батыр, батыл, ер қаһарлы»: төртіншісі – «білімсіз /надан/, жыртқыш, қаңғыбас». Радловтың айтуынша, «түрк» сөзінің осы соңғы, төртінші, мағынасынан қашқақтап түріктер өздерін бұл сөзбен атамай, үнемі османдық дегенді ұнатады [9].

Әрине, бұл соңғы – «надан, жыртқыш, қаңғыбас» ұғымдары кезінде түркі халықтары жерін, елін жаулап алған басқа тайпалардың аузынан шыққан, жек көрушілік нəтижесінен туған деуге тура келеді, «Түрік» сөзінің алғашқы əрі шын мағынасы – «батылдық, ер жүректілік, батырлық». Мұны түркі халықтарының басынан өткізген қилы тарихи деректер де дəлелдеп бере алады.

Біріккен сөздің екіншісі – «стан» мағына сы ежелден белгілі. Ол көбіне ел, халық атауларының соңына жалғасып келетін, парсы тілінен ауысқан қосымша. Мысалы, Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне тағы басқалар. Кейде оның қосылуы арқылы белгілі бір жердегі заттың молдығы да аңғарылады, мысалы, гүлстан, т.б.

«Түркістан» атауы – өзімізге тəн сөз бен парсы тілі жұрнағының қосындысынан туып, тұңғыш мағынасы – «Батырлар елі» немесе «Құдіреттілер мекені» ұғымын меншіктенген дей аламыз.

Сайрам – аймақтағы өзен жəне аудан атауы.

Өзенді кейде «Сайрамсу» деп те атайды.

Өзен атауына себеп болған «сайрам» сөзінің төркінін ертедегі түркі жазба ескерткіштері сөздігінен табамыз. Онда: «Сайрам» немесе «Сайрам су» қазіргі қазақ тіліндегі «тайыз, терең емес» (су жөнінде) мағыналарында көрсетілген.

«Сайрам» сөзінің алғашқы түбірі қандай болғандығын анықтарлық дерек те кейбір түркі тілінде сақталған. Мысалы, татар тілінде «сай» дыбыс құрамындағы тұлға біздегі – «тайыз» орнына қолданылады.

Кейде қазақ тілінде «тайыз» сөзінің «саяз» немесе «таяз» қалпында айтылуы да кездесіп отырады. Осындағы «саяз»-дың түбірі де «сай» екендігіне күмəндану қиын.

Көрсетілген деректер «Сайрам» сөзінің түбірі «сай», ал, басқасы (-рам) сол кездердегі қосымша екендігі шүбəландырмайды. Демек, Сайрам өзені – бүгінгі түсінігіміз бойынша, суы тапшы – «тайыз өзен» дегенмен мəндес.

Созақ – облыстағы аудан жəне ауыл аты. Тарихи деректерде Қазақстанның оңтүстігінде орта ғасырларда осы аттас қала болғандығы туралы мəліметтер де бар.

«Созақ»-тың алғашқы, тұңғыш мағынасын өте ерте заманнан бері қолданып келе жатқан түркі халықтарының өзіне тəн «елді жер» ұғымын беретін, «созақ» немесе «таза, мөлдір» (су) түсінігіне ие «сүзүк» сөздерімен жанастыру шындыққа бір табан жақын болар деген ойдамыз. Әрине, қазіргі Созақ аталатын елді мекен маңында сылдырап ағып жатқан суы таза, мөлдір өзен болмаса да, ерте кезде, кім біледі, болған да шығар. Осы себептен де Созақ аталуы ғажап емес. Егер бұл болжамымыз шындыққа маңайламаса, көне заманнан халық мекеніне айналған аймақтың сол кездегі түркі тілінің төл сөзімен – «созақ» аталмауы мүмкін емес.

Атаудың екінші компоненті б.э.д сақтар тайпасымен байланыста болса керек. Б.д.д VІІІ ғасырдан ІІІ ғасырға дейінгі белгілі сақтар туралы көп зерттеулер жазылды. Олардың барлығына шолу жасау мүмкін емес. Негізінен «Созақ» топониміне бірінші рет көңіл аударған А.Н.Бернштам. Ол: «Атау екі бөлімнен құрылған: су (вода) + сак, яғни «су сақтары» дегенді білдіреді», – деп жазады. «Созақ» атауының шыққан төркіні туралы тарихи байланыстарды терең зерттеген оның еңбегінде топонимикалық атаудың шыққан тегі туралы болжамдар жасалынады.

«Тарихи шежіреден, тарихи атаулардан біз бұл өлкелерде ежелгі сақтардың мекен еткенін, олардың кейін Арқа өңіріне қоныс аударғанын аңғарамыз. Бұл тарихи дəлдіктерге нұсқайды» [10].

Бұл есімнің дəлдігіне Созақтың Сырдария өзенінен алыс емес екенін ескерсек, Созақ атауының ертедегі апасиактардың (су сақтары) түрлі варианты екеніне көзіміз жеткендей болады.

Шаға ауылының (Түркістан өңірінде) атауы талас туғызады. С.Е. Маловтың көрсетуінше бұл көне түрік тіліндегі «шаға» сөзі «шұбар», «тышқан» жəне «оспа» деген мағына береді. Даланың сипаты, табиғаты Маловтың көрсетуіндегі болжамға жуықтайды. Бұл топонимдердің қайсысы негізгісі екенін кесіп айту қиын. Ал, осы атау туралы ғалым Н.А. Баскаков «Шаға» көне түркінің «шағын», «кішкене» деген ұғымынан туындаған деп көрсетеді [11].

Шаға – Түркістан ауданындағы ауыл аты. А. Әбдірахманов бұл атауды монғолдың «цагга» деген яғни «ақ» деген сөзінен бұрмаланғанын айтады. Монғолша-қазақша сөздікте «цагган» сөзі «ақ» деп аударылған. Монғол тіліндегі «ц» дыбысының қазақ тіліндегі «ш» дыбысымен берілуі де белгілі.

Шолаққорған – Созақ ауданының орталығы. О баста ел аз қоныстанған, сыртпен қатынасы өте аз (шола) болған. Сондықтан шола (жеке) мекен деп атапты. Кейін ол көбейіп, сыртқы жаудан сақтану үшін айналасына балшықтан қорған тұрғызған. Қорғанның биіктігі үш жарым метр, қалындығы 1,5 метр, бас жағында өркеш тəрізді кезеті бар.

Қоршалған қорғанның күн шығыс жағында елу метрдей жері батпақ болған. Ол жер қорғансыз ашық қалған. Қорған сондықтан бітпей шолақ болып қалған. Сондықтан – Шолаққорған атанған.

Ақсүмбе-Ақбикеш – қарт Қаратаудың теріскей бетінде, бір қиырда жатқан кішігірім елді мекен. Ақсүмбе бір кездері əлемге аты шыққан қала болған. Басынан бақ тайған, тек қана шошайған мұнара қалған оның мəн-жайын ел-жұрт өзінше топшылап, біресе Ақсүмбе, біресе Ақбикеш атандырған.

Ақсүмбе-Ақбикеш мұнарасы шағын өзен аңғарынан шыға берісте 200 метрдей биіктікте, тау жотасы дерлік алаңқайға тұрғызылған. Мұнара анықтап қараған кезде қарауылхана ретінде салынғаны бірден көзге түседі. Өйткені мұнараның басында солтүстік жаққа қарайтын терезетесіктер жасалынған. Мұнараға шыққан адам осы тұрысымен-ақ теріскей беткейге көз салғанда ең кемі 40-50 шақырымды шалып тұрғанын байқайды.

Жыныс – Мыңжылқы биігінің терістік баурайындағы елді мекен. Ол жерде Жыныс əулиенің сағанасы бар. Ілгері заманда қалың тоғайлы (жынысты) ағаш өскен, аз сулы бұлақтары бар. Оның күн батыс жағында Таукент деп аталатын кенді мекен орналасқан.

Бабаата – Қаратаудың терістік шығысындағы ортағасырлық қала орны. Онда бұрын медресе, мешіт болған. Оны ел əулие орын деп есептейді.

Таскөмірсай – Шолаққорған-Шымкент асфальт жолының бойындағы елді мекен. Жерінен тас көмір өндіріледі.

Құмкент – қазіргі Құмкент кеңшары орналасқан жердегі ескі Құмқорған қоршаған қаланың аты. Қаланың орны төбе болып үйіліп қалған. Жері құмды болғандықтан Құмкент атанған.

Қозмолдақ-Сызған – Қаратаудың Мыңжылқы биігінің терістік бауырында Қозмолдақ-Сызған деп аталатын жер бар. Қозмолдақ сөзі де, Сызған сөзі де мəн-мағынасы белгілі сөздер. Ерте кезде қара қуыс өзеннің бойында сəмбі талдар қалың өскен. Қозмолдақ сазында да қалың болып тіреліп тұрады екен. Солардан үй ағаштарын істейтін ұсталар кереге, уықтық ағаштар кесіп алып, тезге салып түзейді екен. Қисық, бұраң ағаштарды қозға салып балқытатын болған. Қоз дегеніміз үйілген топырақтың өртелуі. Үйілген топырақтың үстіне отынды көп етіп салып, оны өртейді, сонда өртенген оттың қызуымен топырақ өртеніп, қозданады. Сол қозданған топыраққа қисық ағаштарды көмеді, ағаш балқып жұмсарады. Қозмолдақ сөзі осындай ағаш балқытатын қоздары мол деген сөзден шыққан деп пайымдаймыз.

Халықтық этимология бойынша осы күнгі Сызған ауылы бай адамның қонысы екен. Сол байдың арасы бір жасардан тетелес өскен екі қызы болыпты. Сол екеуі өсе келе бір-бірімен араз болып, жұлысып қала беретін болған. Әбден ығыры шыққан əке-шешесі екеуін бір-біріне қоспай, бөлек ұстапты. Олар тұрған үйлердің арасынан сызық жүргізіп, сызықтан аттамауға қатаң ескерту жасалыпты. Олардың аттары Ақдауыл мен Көкдауыл екен. Ұрыссыз отырмайтын Көкдауыл үйінен шығып алып, Ақдауылға қарап борандатып сөйлеп, оған да ашуы басылмаған соң сызықтан өтіп барып Ақдауылдың шашын жұлыпты.

Сызған деген атау Ақдауыл мен Көкдауылдың арасын бөлген сызықтан екен деген аңыз бар.

Оңтүстік өңіріндегі Бабаата, Құмкент, Жартытөбе, Аққолтық, Таукент, Жыныс, Сарыжаз, Қоңырқұм, Жуантөбе, Абыз, Тасты, Шу, Қыземшек, Қайнар, Таскөмірсай, Қарасуан, Қарағұр, Ақсүмбе атты ойконимдердің қай-қайсысы болмасын өзіндік тарихымен, ел аузындағы аңыздарымен ерекшеленеді.

Тарихи атаулардың қалыптасу, орнығу, даму барысынан ғасырлар бойы келе жатқан елді мекен, жер-су атауларының тарихи жəне халыққа əсер етуші процестерін, сонымен қатар тілдің динамикалық өсу, қалыптасу жолдарын көре аламыз. Олардың қай-қайсысы болмасын терең ойларға жетелейді.

Аймақтық топонимдерді зерттеу, талдау негізінде біз тарихи нысандардың, атаулардың ғылыми-танымдық қасиеттерімен қатар, өзіндік саяси ықпалының да мол екеніне көз жеткіздік. Себебі, географиялық атауларда қоғамдық, тарихи өзгерістер мен еліміздің ұлттық саясаты, территориялық тұтас бірлігі жəне ашылған жаңалықтар көрініс бере алады.

 

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы. Қазақстан-2030. – Алматы: Юрист, 2003. – 131 б.
  2. Материалы по киргизскому землепользованію собранье, разработанье Сырь-Дарьинской статической партіей. СырьДарьинская область, Чимкентский уъездъ. – Томъ І. – Издание перечеленческого управленія в Сырь-Дарьинскомъ районъ. – Ташкент: Типография штаба Туркестанского военного округа, 1908.
  3. Материалы по обследованию переселенческого хозяйства въ Туркестанскомъ краъ. ІІ. Русскія селенія в Чимкентском уъездъ Сырь-Дарьинской области (П.А. Скрыплев). Издание переселенческого управления въ Сырь-Дарьинскомъ районъ. – Ташкент: Типо-лито. В.М. Ильина, 1909.
  4. Р.С.Ф.С.Р. Экономический Совет Туркестанской Республики. Госплан. Комиссия районирования. Материалы по районированию Туркестана (Под редакцией Председателя комиссии районирования Д.П.Красновского) // Выпуск ІІ-й. Проект административно-хозяйственного деления ТССР. Издание ТЭС-а. – Ташкент, 1924.
  5. Рысбергенова К.К. Историко-лингивистический анализ топонимов ЮКО (на материале западных районов). Автореф. дисс… канд.фил.наук. – Алматы, 1993.
  6. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Фонетика, морфология. – Алматы: Мектеп, 1981.
  7. Топоров В.Н., Трубачев О.Н. Лингвистический анализ гидронимов. – М., 1962.
  8. Жақыпов М. Атақоныс – Мырзашөл… // Жұлдыз. – 1997. – N7. – Б. 162-165.
  9. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. – Спб: тип. Имп. АН 1893. – Т. І, ч. І. – 968 с.; М., 1963. – Т .ІІ-І, 1905 с.; Т. ІІІ, ч. І. – 1260 с.
  10. Бернштам А.Н. Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана. Алматы, 1947.
  11. Баскаков Н.Гощанова Г. Ойратско-русский словарь. – М., 1947.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.