Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кейбір тарихи әскери атаулар хақында

Бұл мақалада қазақтың күні кешеге дейін жаугершілік жағдайында өмір сүріп, елін, жерін, тәуел­ сіздігін қорғауда қолданылған әскери қару­жарақ, киім­кешек атауларымен қатар, бұл күнде ана тіліміздің бай сөздік қоры мен құрамында сақталған кейбір әскери мәндегі көнерген (тарихи) сөзде­ рі мен әскери әдіс­тәсілдері ұғымының тілдік табиғаты қарастырылады. Халық ауыз әдебиеті мұра­ ларында кездесетін тарихи әскери атау­термин сөздер – қазақ әскери лексикасында өзіндік орны бар тілдік бірліктер. Оларды терминдік тілдік бірліктер ретінде қарастырып, қазақи ұлттық әскери терминологияның қалыптасып дамуына ықпал ету аясында сөз етіледі. Бұл күнде бізге түсініксіз, тек эпос, батырлар жырларында сақталған әскери мәндегі көнерген (тарихи) сөздер қазіргі армия тілінде де кездесетінін оқырман назарына ұсына отырып, олардың мағынасын нақты мысалдармен дәйектелді.

Мақалада қазіргі армия тілінде көрініс тапқан кейбір тарихи әскери атаулардың кейбірі о бас­ тағы мағынасында жұмсалса, ал кейбірінің алғашқы мағынасы ұмытылып, тек тіліміздің сөздік қо­ рында сақталған. Бұл жерде халық ауыз әдебиеті шығармаларында кездесетін кейбір әскери мән­ дегі тарихи сөздер мен әскери әдіс­тәсілді атау­сөздер зерттеуші ғалымдар пікірімен негізделген.

Егер халық болып қалыптаса бастағанымызға бес ғасыр деп зерделесек, оның тең жарымын жерімізді, суымызды, еркіндігімізді билеген отаршыл жүйенің еншісінде кеткен уақыт деп байымдасақ, ал Тəуелсіздік мемлекет болған жыл арасы, жарты мың жылдық тарихымыз үшін мезеттей-ақ көрінуі мүмкін.

Сандарды салыстырып, солайы-солай-ау дегенмен, ұлттық санамызға, ұлттық жан-жүйемізге, ұлт болып дамуымыздың басты кепілдігі, іргелі мемлекет болуымыздың ең негізгі шарты болатын тəуелсіз елдің азаматы деген қасиетті де, қымбат ұғымның орнығуы – əрқайсымыз үшін рухани түлеу, рухани жаңару болғаны ақиқат.

Сонау ғасырлар қатпарына, дəуірлер тереңіне ой жіберіп, өткенімізді өлшесек, əлем жұртшылығы мойындаған дəл осындай айтулы тарихи оқиға болмаған екен.

XV ғасырдың орта шенінде Керей мен Жəнібек сұлтандар құрған қазақ хандығы, сол замандардан бергі оңтүстігінен солтүстігіне қарай: Алатаудан Сібірге, шығыстан батысқа қарай: Алтайдан Атырауға дейінгі аралықта алып жатқан ұланғайыр даланы жатқа табындырмау үшін алуан-алуан жойқын соғыстарды, «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» секілді қасіретті шақты да, «Аңырақай жеңісі» тəрізді ұлы жеңісті де басынан өткерген екен.

Тарихтың талай-талай бұрмалаң соқпақтарына төтеп берген қайсар халқымыз, алып дала – қазақ жерін ешкімнің билеп төстеуіне ұстата салмаған. Оған халық жадында мəңгі орнаған: Қасымхан, Ақназар хан, Тəуке хан, Есімхан, Абылай хандар есімімен қатар, қазақтың абыройы тасыған дəуірлеріне Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Кенесары, Жанқожа, т.б. батырлары жаудың жағасын жыртып, халқының мерейін көтерген дүбірлі кезеңдер куə, ата – тарих куə.

Халық жадында мəңгі сақталған ұлы есімдермен қатар ұлттық келбетті ұлықтауда ұлттық

құндылықтарды ұлттық таным тұрғысынан сөз ету – бүгінгі уақыт талабы.

Cоның бірі – қазақ халқы күні кешеге дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп, елін, жерін, тəуелсіздігін қорғауда əскери қару-жарақ, киім-кешек атауларымен қатар, бұл күнде бізге түсініксіз, тек эпос, батырлар жырларында сақталған əскери мəндегі көнерген сөздер қаншама десеңізші…

Осы орайда, ана тіліміздің бай сөздік қоры мен құрамында сақталған кейбір əскери мəндегі көнерген сөздер мен əдіс-тəсілдер, бұл күнде қазіргі армия тілінде де кездесетінін байқадық жəне олардың мағынасына тоқталып, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

АЛҒЫНШЫ – шолушы, əсіресе соғыс жағдайынан алдын жау бетін шолушы.

Алғыншы болып барған Сатай мен Таңсық түйеге сексеуіл артып жатқан бір қазақты ұстап алып сөйлескен [1].

ДАУЫЛПАЗ – қазақ халқының ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданылған. Оны жорықтарда əскер басылар мен жеке батырлар ұстайтын болған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікте қолданғаны туралы мəліметтер бар [2, 263], – деп, одан əрі: «ӘСКЕРИ ДАУЫЛПАЗ – соғысқа шығар алдында, соғыс майданында қолданылған жауынгерлік саз аспап. Алапат соғыс, намысты шайқас не жан беріп жан алысар ұрысқа аттанарда дауылпаз ұрған. Жауынгерлерді бір қолға жинақтап, жігерін шыңдап, рухын көтеру мақсатында дүмпілдеткен. Сондай-ақ жеңіс тойын тойлаған салтанатты шеру кезінде əскери дəстүр ретінде қолданылған [2, 121], – деп жазады.

Бүгін де түрлі əскери шараларда қолданылатын барабан кешегі дауылпаздың рөлін атқарып отыр. Сондықтан барабан деген гөрі, әскери дауылпаз деп неге атамасқа?!

ЖӘУКЕ – ерте кезде жорықтарда əскерлердің алды, артын күзететін əскери топтың басты-

ғын, батыл, қырағы сақшысын атаған. Ол қауіпті жағдайда жоғарыдан бұйрықты күтпей «Аттан!» салуға ерікті болған [3, 105].

Жәуке сөзін мағынасына қарай бүгінгі əскерде шолушы, шолғыншы, барлаушы сөзінің синонимі ретінде қолдануға болады.

ЖЕКПЕ ЖЕК (соғыс жағдайындағы дəстүр). Көне замандағы батырлардың шайқасы, батырлардың беташары. Шеп құрып тұрған екі жағы аралық майданына бір – бірден батыр шығып, жекпе – жек сайысқа түскен. Шарт бойынша олар аты жөндерін сұрасып, қалай соғысу тəсіліне (атыспақ, алыспақ, жұлыспақ, қылыштаспақ, найзаласпақ т.б.) келісіп алған жəне осы ұрыста кім жеңілсе, соның əскері тізе бүгетін болған [3, 105].

Майдан даласының қатал дəстүрі бойынша екі жақ қолдары бетпе – бет келіп, ортаға екі жақтан жекпе-жекке батырлар шығады. Қазақ эпостарында батырлардың жекпе-жек шайқастары жиі кездеседі. Мысалы:

«Қырымның қырық батыр» жырында:

Батыр туған ер болсаң,

Жекпе-жекке кел деді,

Қайратымды көр деді [4, 207].

«Қобыланды батыр» жырында:

Хан Шошай мен Қобыланды Шаншысуға келді кез.

Жекпе-жекке дегенде

Жекеленіп найза төнгенде [5, 144]. Сол сөзді айтып ер Қамбар,

«Жекпе-жек» – деп ұмтылды.

... Екі батыр соғысты [5, 201].

ЖЫЛҚЫМЕН ӘСКЕР ҚАРАСЫН КӨ-

БЕЙТУ (соғыс жағдайындағы дəстүр) – көне замандарда жылқы малын əскери қарасын (санын) көбейту ретінде де жиі пайдаланып келді. Мысалы, шабуылшылар жауға қарасын көбейтіп көрсет үшін алдарына жылқы малын салып айдаған да, шаң көтерген; қорғандар бұл шаңды қалың қолға жорып, одан қашқан; осы тəсілді сақтар, қыпшақтар сияқты көшпелілер де, Шыңғыс хан да, Ақсақ Темір де қолданған; арғы жағын былай қойғанда, Торғай даласында, 1916 жылдың көтерілісін басқарған А. Иманов та кейде осындай əскери айла тəсілдерді қолданған [6, 68-69].

КҮДЕРІ – қайыс бау.

Тіліміздегі күдері сөзі ақын-жырау шығармаларында бау, белбеу сөздерінің тіркесуімен жасалғанын көреміз.

Күдері белбеу – жұмсақтап иленген бұлан не бұғы терісінен жасалған белдік [3,73].

Махамбетте:

Күдеріден бау тағып,

Сауыт киер күн қайда? [7, 66].

Базар жырауда:

Жігіт жауға шаппай ма Толғаулы найза, бір атпен? Күдері баулы көк шыбық, Сыпырма қылыш қынаппен.

Халқы үшін туған қайратты ер [8, 288].

КІСЕ – қалта мағынасында. 1. Белбеуге шытыра қадап бекіткен былғары қалта; 2. Күміспен сəндеп əшекейленген қалтасы бар, былғары белбеу [3,79], – деп берілсе, келесі Сөздікте: «КІСЕ

– күміс, жез үзбелермен безендіріп, қалташылар салған жалпақ былғары белбеу. Кісе екі қабат етіліп тігіледі, ұз. 130-200 см, көбінесе 150 см, ені 2,5-3 см. Екі басына қапсырма салынады, кейде бір ұшын екінші ұшына өткізіп бекітетін тесіктер жасалады. Кіседе белбеуге іліп өткізіп қоятын былғары қалтасы болады. Ол оқ-дəрі, қару-жараққа қажетті басқа да ұсақ түйек саймандар салу үшін пайдаланылады [2, 428],деп жазады.

Тіліміздегі кісе сөзінің қатысуымен кісе белбеу, кісе кемер деген тіркесті сөздер де бар. Сөздікте: «КІСЕ БЕЛБЕУ – оның кəдімгі белдіктен айырмашылығы садақ жебесін салатын қорабы, оқ-дəрі салатын оқшантайлары іспетті салпыншақтарымен мығым бекітілген қынының болатынымен байланысты айтылған.

КІСЕ КЕМЕР – əск. Әскери адамдардың портупейі [3, 79],деп берілген.

Біздіңше, қазіргі əскери адамдардың қолданып жүрген портупейін (немесе сөмкесін) кісе кемер деп неге атамасқа? Әрине, алғашқы да бұл сөз құлағымызға оғаштау естілуі мүмкін.

Қазақ халқы əскерлерінің түріне, құрамына жəне ерекшелігіне байланысты атты әскер, жаяу әскер, ондық, жүздік, мыңдық, түмен, жасақ, қол, қосын, лек, аламан, оң қанат, сол қанат, шеру, сап, шеп т.б. дəстүрлі əскери атаулар қолданылған. Осы жерде тек асты сызылған əскери атаулар мағынасына аз да болса оқырман назарын аударуды жөн көрдік.

ҚОЛ: II. көне əскер, жасақ, жауынгер [9, 513] мағынасымен қатар, әскер, қарулы топ мағынасын да білдіреді. Мысалы: Құнанбайды тергеуге шыққан ұлық жаңағыдай қарулы қолмен кепті;

Тегіс сойыл, найза, айбалта, шоқпар ұстаған шабуыл мен соғысқа әзірленген қол т.б. [10, 82].

«Қобыланды батыр» жырында:

Қолды бастап шығарып, Қазанды сынды батырың, Қобыландыға болды кез [5, 103].

ҚОСЫН – Жауынгерлер тобы, ерікті жасақ [3, 108].

«Қобыланды батыр» жырында:

Қараман, Қобылан қосылып,

Қосынға келіп енеді [5, 102].

ҚЫЛШАН – Ертедегі батырлардың жебе салып жүруі үшін жылқының қылынан істелген оқ қабы, қорамсақ [3, 109].

Қазтуған жырауда:

«Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт» [11, 32].

ОҢ ҚОЛДЫ ҚОЛДАНУ (соғыс жағдайындағы дəстүр) – жаугершіліктен қалған салт.

«Соған бір дəлел, қазақтың кейінгі ұсақ руларында «уəн», «түмен», «шеру» деген есімдердің болуы: Уəн (ван) – дивизия, түмені – корпус, шеру – фронт (майдан) мағынасында.

...Оның себебін кəрі құлақты Құртайдың Мұқышы деген кісіден сұрағанымда:

Енді қалай? – деді маған. …Ол кезде атқа қонған адамның оң қолы бос болу керек. Себебі, ол барлық қаруды осы қолымен ұстайды ғой. Ал сол жақтан атқа мінгенде, оң қол бос болады. Оң жақтан мінгенде, қаруды тез жұмсауға ыңғайсыз, оң қол бос болмайды [6, 68].

Сөздікте: «ТАРАН – 1. Бөрене қазықты қағатын сайман; копер. 2. əск. Дұшпанның ұшағын не танкісін өзінікімен соқтығыстырып қирату» [9, 718], – деп келсе, Энциклопедияда: «Таран

– əскери термин. 1) ежелгі қоршау құралы (металл ұштықты бөрене), қамал қабырғаларын, қақпаларын, мұнараларын бұзуға арналған; 2) кеме тұмсығымен қарсыластың кемесіне (сүңгуір қайығына) соққы беру. 19-ғасырдың 2-жартысында ескекті жəне сауытты флоттарда қолданылды; 3) ұшақтың фюзеляжымен, қанатымен қарсыластың ұшағына, жердегі соғыс техникасына соққы беру. Оқ-дəрі таусылған жағдайда қолданылады; 4) снаряд таусылған жағдайда ауыр танкі корпусымен қарсыластың танкісіне жəне басқа сауытты машиналарына соққы беру;

5) теңіз тараны кеменің корпусымен қарсыластың кораблін батырып жіберу немесе зақымдану мақсатында қолданылады [2, 718],деп, таран сөзі ертеде əскер термин мағынасында келгендігі туралы анықтама береді.

ТОЛҒАУ – алыстан ату, алдын орау мағынасында. Мысалы:

«Қобыланды батыр» жырында:

Толғамалы ақ сүңгім,

Шаншылар майдан күн бүгін [5, 106].

Доспамбет жырауда:

Толғамалы ақ балта, Толғап ұстар күн қайда,

...Толғамалы ала балта қолға алып, Топ бастадым, өкінбен [11, 38].

Бұқар жырауда:

Толғамалы қамшы алып,

Толғай да, толғай дəурен сүрмес пе [11, 116].

Махамбетте:

Толғамалы сұңқар мен едім,Толғамалы найзамен, Толықсып жауға шапқанда,

Бір озғанмын жұртымнан [11, 224].

Толғамалы ақ мылтық

Толғап ұстар күн қайда? [7, 66].

Базар жырауда:

Жігіт жауға шаппай ма Толғаулы найза, бір атпен? Күдері баулы көк шыбық, Сыпырма қылыш қынаппен.

Халқы үшін туған қайратты ер [8, 288].

Жоғарыдағы батырлар жырында, ақын-жырау шығармаларында кездесетін толғамалы найза, толғамалы мылтық, толғамалы балта, толғамалы қамшы, толғамалы сұңқар деген тіркестер құрамындағы толғамалы сөзі ертеректе əскери əдістің бір тəсілі ретінде қолданылса керек. Бұл тол-ға-(у)-ма-лы əдісі туралы «Айбын» əскери энциклопедиясында: «Алыстан атыс жүргізу арқылы олар дұшпан жауынгерлерін, аттарын шығынға ұшыратуға, шебін бұзуға, сөйтіп қоян-қолтық айқасты жеңілдетуге тырысқан. Мұндай əдісті моңғолдар «тулучма», қазақтар «толғама» деп атаған» [2, 415],деп жазады.

ШЕРУ – 2. Қарулы қол, жасақ [9, 914].

Шеружорық, əскери салтанат. 1) түркі халықтарының тарихында сап түзеген қалың қолды немесе жорықты атаған. Мыс: «...неше мың шеру əскер алып аттанды» («Ер Тарғын»); 2) жортуыл, аттаныс, салтанатты көш. «Көшу сапарын жортуылға, шеру мен аттанысқа ұқсатады» (М. Әуезов). Көшпелі елде, қазақта «шерулі көш» деген де ұғым бар. Мұнда көш сырнай, қобыз тартылып, əн шырқалып, думанмен өтеді;

  1. əскердің əскери техникамен салтанатты түрде өтуі (қ. Әскери шеру) [2, 833].

ШЕРУ ТАРТУ – əскери жасанған қол, аттаныс мағынасында.

Махамбетте:

Сан шерулі қол болса, Батырлар болар ағасы [11, 220].

Шал ақында:

Ағайының көп болса,

Ұлық бір шеру қолмен тең [11, 130].

Сонымен қатар, шеру сөзінің жорық, қарулы қол, жасақ мағынасымен қатар, майдан мағынасында келетіні туралы академик-жазушы С. Мұқанов: «Соған бір дəлел, қазақтың кейінгі ұсақ руларында «уəн», «түмен», «шеру» деген есімдердің болуы: Уəн (ван) – дивизия, түмені

– корпус, шеру – фронт (майдан) мағынасында» [6, 68], – деп жазады.

Жоғарыдағы біз көңіл аударған қол, қо сын жəне шеру сөздері қазіргі армияда жасақ, жауынгер, ерікті жасақ, жорық, әскери салтанат сөздерін жиі қолданылатынын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғыларында да кездесетінін байқадық. Бұл жерде айтпағымыз: оларды ретіне қарай, бүгінгі қазақ армиясында қолданып, əскери терминдік айналымға неге түсірмеске деген ой ғана.

ШОР – 1. жасақшы жауынгер, жолдас мағынасында. 2. жігіт – феодалдық жолдамалы атты əскерінің жауынгері немесе олжа табу үшін феодалға жақындасқан жауынгер. 3. лауазымды тұлға.

Едіге жырында:

Жігіттер шоралар! Орманбет би өлгенде, Он сан ноғай өнгенде Саназар батыр жаудан

Жаралы болып келгенде... [12, 74]

Ақтамберді жырауда:

Ей, азаматтар, шоралар,

Атты мінсең зорды мін [11, 74].

Бұқар жырауда:

Шоралар сауықпен ішсе тауыспаған

Ағар бұлақ сүтті жұрт [11, 98], –

десе, енді бірде Бұқар жырау:

Байлар ұғлы шоралар Бас қосыпты десін де,

Маң-маң басып жүріңіз [11, 106], –

деп, шор сөзін лауазымды формасында қолданылған.

Жалпы, Батыс Түрік қағандығындағы жоғары лауазымды ел басқару ісінде шадпен бірге шорлар да болғаны тарихтан белгілі [3, 819].

Тіліміздегі шынжыр сөзі бір-бірімен ілмектеліп жасалған темір тізбек [3, 55] мəнінде келсе, ал батырлықты əскери ата кəсіп ретінде айналысқан батырлар тұқымын «шынжырлы» немесе «шынжырлы тұқым» дейді. Сонымен,

ШЫНЖЫР(ЛЫ) – ертеде батырлар үшін əскери кəсіп ата кəсіп саналып, əкеден балаға мұра болған, батырлар əулетінде туған бала жастайынан ел үшін соғысқа аралысып, əскери кəсіппен айналысуға міндетті болған. Ер Қосай, Едіге, Ер Тарғын, Исатай, Жанқожа батырлар бəрі де батырлық ата бабасынан ұрпағына дейін батыр болғандар. Қазақта мұны «шынжырлы тұқым» дейді [1].

«Қырымның қырық батыр» жырында:

Асыл туған ерлерім, Шынжыры мықты беглерім, Келдім сізге мен деді.

Өз дегені болмаса,

Кісі дегенін қылмайтын

Шынжырлы артық ер екен... [4, 191].

Сондай-ақ, «Қырымның қырық батыры» циклінің «Көкшенің ұлы Ер Қосай» жыр жолдарында батырлық əскери ата кəсіп ретінде көрініс тапқанын көреміз. Мысалы:

Атам атын сұрасаң, Көкше деген ер еді. Ер Көкшенің баласы

Қосай батыр мен деді [4, 127].

Бұл жерде алдымызға халық ауыз əдебиеті шығармаларында кездесетін кейбір əскери мəндегі тарихи сөздер мен əскери əдіс-тəсілді атаусөздерді оқырманға таныстыруды мақсат еткендіктен, оларға тілдік тұрғыдан талдау жасау алдағы міндеттеріміздің бірі.

Ғалым Р. Сыздықова: «Әсіресе, бүгінгідей ана тіліміз – қазақ тілінің дəрежесі көтеріліп, əлеуметтік жүгі артқан кезде, осы тілдің барша байлығын игеру, тарихын білу – рухани парызымыз болмақ» [13, 5], – деп жазғандай, халық ауыз əдебиеті мұраларында кездесетін тарихи əскери атау-термин сөздерге үңіле зерттейтін уақыт жетті. Оларды терминологиялық аспектісі аясында қарастырып, қазіргі қазақ əскери тілінде қолдану процесін тілдік тұрғыдан зерттеу арқылы қазақи ұлттық əскери терминологияның қалыптасып дамуына ықпал ету – тіл мамандары мен əскери мамандарының алда тұрған келелі міндеттерінің бірі.

 

Әдебиеттер

  1. http://old.abai.kz/
  2. Айбын. Энциклопедия // Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. – 880 б.
  3. Құралұлы А. Қазақ дəстүрлі мəдениетінің энциклопедиялық сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1997. – 368 б.
  4. Батырлар жыры. – Алматы: Жазушы, 1986. – Т. 6. – 272 б.
  5. Төрт батыр. – Алматы: Жалын, 1990. – 216 б.
  6. Мұқанов С. Қазақ қауымы. – Алматы: Ана тілі,1995. – 304 б.
  7. Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай. – Алматы: Жазушы, 1989.114 б.
  8. Бес ғасыр жырлайды.– Алматы: Жазушы, 1984. – Т. 2. – 336 б.
  9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
  10. Жанпейісов Е. Абай жолы эпопеясының тілі. – Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1976. – 168 б.
  11. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1984. – Т. 1.– 256 б.
  12. Едіге батыр. – Алматы: Ғылым, 1996. – 368 б.
  13. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді (Сөздердің қолданылу тарихынан), 2 – басылуы. – Алматы: Санат, 1994. – 272 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.