Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасының функционалды-семантикалық ерекшеліктері

Қазақ тілі өткен шақ тұлғаларының көптігімен еркешеленеді. Cонымен қатар, өткен шақ көр­ сеткіштерінің саны жағынан болсын, олардың мағыналарының тұрақтылығы жағынан болсын етіс­тік шақтары ішіндегі анағұрлым орныққан, қалыптасқан шақ болып саналады. Өткен шақ етістіктің басқа шақтарынан мағыналарымен ғана ерекшеленбейді, морфологиялық көрсеткіштері арқы­ лы да ерекшеленеді. Осыған орай, мақалада қазақ тіліндегі ­ып көсемшелі өткен шақ тұлғасының функционалды­семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру арқылы оның даму жолы көрсетіледі. Автор -ып көсемшесінен жасалған өткен шақтың бұл түрінің қазақ тілінде өте жиі қолданылатындығын тілге тиек етеді. Сонымен қатар, мақалада аталған тұлғаны атауда тілші ғалымдар арасында бірізділік жоқтығы сөз етіледі.

Шақ категориясы ашық райға тəн болып табылады жəне іс-қимылдардың шындықққа қатынасын білдіреді. Шақ – іс-қимылдардың орындалу мезгілі мен баяндаушының сөйлеу сəті арасындағы қарымқатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктердің негіз гі категорияларының бірі болып саналатын бұл категория тұлғаларының молдығымен жəне күрделілігімен ерекшеленеді. Қазақ тілінде шақ категориясы Қ. Жұбанов Т. Қордабаев, А. Ысқақов, Ы. Маманов, М. Серғалиев, С. Исаев, Ә. Төлеуов, М. Томанов, Ж. Түймебаев т.б. сынды белгілі ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай өткен шақ, осы шақ жəне келер шақ болып үшке бөлінеді. Сөйлеу сəтінен бұрын болып өткен іс-қимылдарды өткен шақ, сөйлеу сəтінде болып жатқан іс-қимылдарды осы шақ, сөйлеу сəтінен кейін болатын іс-қимылдарды келер шақ білдіреді.

өткен шақ

осы шақ

келер шақ

cөйлеу сəтінен бұрын болып өткен іс-қимылдар

сөйлеу сəтінде болып жатқан іс-қимылдар

сөйлеу сəтінен кейін болатын іс-қимылдар

Қазақ тілі өткен шақ тұлғаларының көптігімен еркешеленеді. Өткен шақ – сөйлеу сəтінен бұрын орындалатын іс-қимылды білдіру үшін қолданылатын грамматикалық категория. Өткен шақты көрсеткіштерінің саны жағынан болсын, олардың мағыналарының тұрақтылығы жағынан болсын етістік шақтары ішіндегі анағұрлым орныққан, қалыптасқан шақ деп атауға болады. Осы шақ пен келер шақ көрсеткіштерінің көпшілігінде болатын жəне жиі ұшырап тұратын мағыналық тұрақсыздық жəне ауыспалылық өткен шақтық көрсеткіштерде кездеспейді немесе өте сирек кездеседі [1, 97].

Өткен шақ етістіктің басқа шақтарынан мағыналарымен ғана ерекшеленбейді, морфологиялық көрсеткіштері арқылы да ерекшеленеді. Атап айтқанда, өткен шақ төмендегі морфологиялық көрсеткіштермен жасалады:

  1. -ты, -ті, -ды, -ді
  2. -қан, -кен, – ған, -ген

-қан еді, -кен еді, – ған еді, -ген еді

  1. атын, -етін, – йтын, -итін

атын еді, -етін еді, -йтын еді, -итін еді

-ушы еді, -уші еді

  1. -ып,-іп, -п
  2. отыр (тұр / отыр/ жүр) еді

Тарихи даму барысына назар аударсақ, қазіргі түркі тілдерінің бірқатарында (азербайжан, ұйғыр, қырғыз, түрікмен тілдерінде) өткен шақтың бұл түрі жіктелу үлгісінің өзіндік қолданысымен айрықшаланады.

М.Томанов -ып көсемшесінен жасалған өткен шақ жайында төмендегідей тұжырым жасайды: «-ып тұлғалы өткен шақ Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде кездеспейді. Алғашқы

-ып+турур+мен формасында ұшырасуы ХІІІХІV ғасырдан басталады. Тілдің ішкі заңдылықтары негізінде əрқашан сұрыпталу процесінің жүріп жатуы бір функцияны атқаратын бірнеше вариантты формаларының ең ықшамдысын ғана таңдауға алып келеді. Қазіргі қазақ жəне туыстас түркі тілдеріндегі -ып көсемшелі өткен шақ формасы сөйтіп о бастағы -ып + турур+мен формасының ықшамдалуы нəтижесінде дамып қалыптасқан» [2, 241].

Қазақ тіліндегі -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру оның даму жолының мына тұрғыдан өткендігін көрсетеді:

І. -ып + турур+мен > -ып +тур+мен >-ып

+мен > ып + пын

ІІ. -ып + турур+сен > -ып +тур+сен >-ып

+сен > ып + сың

ІІІ. -ып + турур > -ып + тур >-ып +ту > ып

+ ты [3, 46].

-ып көсемшесінен жасалған өткен шақтың бұл түрі тілімізде өте жиі қолданылады. Алайда басқа да шақтық тұлғалар сияқты бұл тұлғаны атауда тілші ғалымдар арасында бірізділік жоқ, сондықтан оқулықтарда осы тұлға түрліше аталып жүргені белгілі. Атап көрсететін болсақ, -ып көсемшелі өткен шақты Т. Қордабаев «айғақсыз өткен шақ», А. Ысқақов «танық өткен шақ (айғақсыз өткен шақ)», М. Серғалиев пен Ы. Маманов «ежелгі өткен шақ» деп атаса, ұжымдық еңбек «Қазақ грамматикасында» (1999) бұл тұлға «бұрынғы өткен шақ» деп аталған.

Жалпы алғанда, -ып көсемшелі өткен шақ сөйлеушінің басқа біреуден немесе ақпарат көзінен естіп білген, сондай-ақ өз көзімен көрмеген, көрсе де ол сəтте байқамаған, яғни кейіннен мəн-жайын түсінген немесе есіне түсірген іс-əрекеттер мен оқиғаларды білдіреді. Өткен шақтың басқа түрлеріндегі (жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ т.б.) сияқты, өткен шақтың бұл формасында да сөйлеу сəтіне дейін істеліп біткен іс-əрекеттер баяндалады.

-ып көсемшелі өткен шақтың негізгі қызметтерінің бірі сөйлеуші куə болмаған, қатыспаған немесе оның еркінен тыс болған, я басқа біреуден естіген іс-қимылды білдіру болып табылады. Талдаған мысалдарымыздың көпшілігінде аталған тұлғаның осы мағынасында қолданылғанын көруге болады. Мысалы:

Ол түні Жұмабайдың хабарын естісімен Абайға бармай, тура Қарашоқыға тартыпты. (AЖ, 108).

Талай мың қонақтың ішінде Абай күткен қонақтар өзгеше бір естен кетпес сый көріпті. (AЖ, 207)

Мен туғанда, досым, сенің əкеңнің

Жазылыпты Абай жайлы кітабы. (ҒБ, 277)

Келген күні кешке Құнанбайды өзі түскен пəтеріне шақырыпты. (AЖ, 167)

Жоғарыда келтірілген мысалдардан ақиқатта орындалған жəне орындалғандығы жөнінде еш күмəн болмаған іс-қимылдың баяндандалғанын байқауға болады. Бұл мысалдарда баяндалған оқиғалар мен іс-қимылдардың ақиқат дерек жəне жүзеге асқан іс-қимыл екені анық көрінеді. Алайда, сөйлеуші іс-қимылды істеген адамның өзінен немесе басқа біреуден, кез-келген ақпарат көзінен жеткілікті мəлімет алғанымен, іс-қимылдың орындалу кезінде басы-қасында болмаған.

-ып көсемшелі өткен шақ, əсіресе, халық əдебиетінің маңызды саласы болып саналатын ертегілер мен аңыздарды, əңгімелер мен анекдоттарды баяндау үшін қолданылатын өнімді тұлға. Айғақсыз өткен шақтың осы қолданысында ерекшелік байқалады. Мысалы:

Қырқасынан қыран ұшқан, сен ер жеткен аймақты,

Ертеде бір хан билепті, кəусар əрі салмақты. (ҒБ, 252)

Сол Масғұт қыдыр шалдан бата алыпты.

(Aбай II, 267)

Ол аралды көруге көп адамның

Қатал тағдыр жазбапты маңдайына. (ҒБ, 98) Баяғыда аң патшасы арыстан ормандағы барлық аңдарды жинап, əлемдегі ең қайратты, ең ақылды əрі ең епті кім екенін білгісі келіпті.

(ЕА, 284)

–Қожаке, айтыңызшы, ертең жаңбыр жауа ма, жаумай ма? – деп сұрапты біреу.

Сонда Қожанасыр аспанға бір, жерге бір қарап қойып: «Жауар-жаумасын ертең айтайын» депті. (EA, 327)

-ып көсемшелі өткен шақ негізінде ауыз əдебиетіне тəн тұлға, əйтсе де жоғарыда келтірілген мысалдарда əдеби мəтіндердегі баяндау тіліне

жақындағанын көруге болады. Мұндай қолданыста сөз етіліп отырған шақтық тұлғаға тəн модальдік реңк я азаяды, я мүлдем жоғалып кетеді.

-ып көсемшелі өткен шақтың халық ауыз əдебиеті шығармаларында ертегілерде, ертегі сынды əңгімелерде жəне аңыздардағы қолданысында модальдік реңк байқалмайды [3, 60].

-ып көсемшелі өткен шақ ауызекі тілде көп қолданылуымен қатар, əдеби шығармаларда да, əсіресе, диалогтарда жиі кездеседі. Мысалы:

Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! (AЖ, 9)

Бағымызға туған дарын болар деп

Қуанып ем, сорымызға туыпсың. (ҒБ, 263)

Жоғарыда келтірілген мысалдардан өткен шақтың осы формасының қолданысында айғақсыздық немесе басқа адамнан естіп жеткізу аңғарылмайды. Мұнда сөйлеуші өзі байқаған, ұққан ақиқатты баяндап тұр. Алайда сөйлеуші іс-қимылдың жүзеге асқан кезінде саналы түрде куə болмаған. Бұл жерде сөйлеушінің кенеттен ұққан, кейіннен байқаған іс-қимылдар баяндалған.

Сөйлеуші кейіннен байқаған, ұққан, тұжырым жасаған немесе ұмытып есіне түсірген жағдайларды, оқиғаларды білдіру -ып көсемшелі өткен шақтың негізгі функцияларының бірі болып саналады. Мысалы:

Беріліп бір əсем сазды сезімге,

Ұмытыппын тұрғанымды асығып. (ҒБ, 73)

Рас-ау, мен күн райын көп сұраппын-ау! Оны сұрағанша, сенің жүзіңе қарасам етті. (AЖ, 19)

Ақыл менен білімнен Әбден үміт үзіппін.

Айла менен амалды

Меруерттей тізіппін. (Aбай I, 250)

Жұмабай жаңа байқады. Бала бестінің төбелін саз балшықпен баттастырып тұрып сылап қойыпты. (AЖ, 6)

Қалайы өтсе күмістің есімімен,

Үйреніппіз қарауға кешіріммен. (ҒБ, 31)

-ып көсемшелі өткен шақ сөйлеушінің кейіннен байқаған іс-қимылдармен қатар, нəтижесі белгілі жағдайларды да білдіреді. Төмендегі мысалдардан байқалатындай, сөйлеуші іс-қимылдың жүзеге асу, оқиғаның болу мезгілінде ол жерде болмайды, яғни бұл функцияда сөйлеуші іс-қимылдың жүзеге асуы, оқиғаның болуы кезінде басы-қасында болмайды, тек нəтижесіне куə болады.

Құнанбайдың үлкен үйіне Ұлжан үйінің бар мүлкіне ие болып отырған Оспан өзі болыс болмаса да, бұл араға бес үлкен үй əкеліп тіккізіпті. (AЖ, 203)

Күтуші жігіттер бастарына тегіс орамал байлап алыпты. (AЖ)

Сенің-дағы бір гүліңді үзіп ап,

Хатпен маған жіберіпті сүйгенім. (ҒБ, 76)

Атын да, кісісін де болжай алмады. Әдейі танытпайын деп, бет-аузын таңып алыпты. (AЖ, 5)

Өткенмен байланысты өкініштер көбінесе өткен шақтың осы түрімен баяндалады. Сонымен қатар бұл формада іс-қимылдың болып өткен кезінде сөйлеушінің көзбен көрмеген, көрсе де білмегеннен, жаңсақтықтан байқамағанын аңғартады. Мысалы:

Жапырағы қуарған ескі үмітпен Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін. (Абай I, 277)

Сүйіндіктің, Сүгірдің малы бар деп,көшіне ілесем деп, көп өмірім текке өтіпті. (AЖ, 387)

Сендер көп едіңдер ғой, кешіріңдер Біріңді бақытым деп ойламаппын. (ҒБ, 62)

-ып көсемшелі өткен шақ тұлғасы таңырқауды білдіру үшін де қолданылады.

Онсыз-дағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өлім сыйлапсың ғой, Жер-Ана! (ҒБ, 90). Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-aу!

(AЖ, 9)

Не жетеді келер күнге деген кəусар сенімге, Екі досты ажырата алмапты ғой өлім де.

(ҒБ, 100)

Маған деген бар сезімін

Қалдырыпты ол бір сөзбен. (ҒБ,61)

Айналайын көзсіз достық (көзсіздігің бағалы), Өз басыңның бақытынан тұрыпсың-ау жоғары. (ҒБ,113)

-ып көсемшелі өткен шақ тұлғасы мақал-мəтелдерде де қолданылады. Мысалы:

  • Toқал ешкі мүйіз сұраймын деп, Құлағынан айрылыпты. (ҚММ,79)
  • Ханның ісі қараға түсіпті. (ҚММ,125)
  • Сауысқан тоты боламын деп Жүрісінен жаңылыпты. (ҚMM,165)
  • Қойын алдырып қорасын бекітіпті. (ҚMM, 125)
  • Еріншек егіншіден елгезек масақшы озыпты. (ҚMM,101)

Қорыта айтар болсақ, -ып көсемшелі өт кен шақ тұлғасы ертеде болып өткен іс-қимылды баяндауда жиі қолданылады. Бұл тұлғаның тілші ғалымдарымыздың көпшілігі тарапынан «ежелгі өткен шақ» немесе «бұрынғы өткен шақ» деп аталуы осы қолданысынан туындап отыр. Бірақ өткен шақтың бұл формасы əр түрлі əдебиеттерден сұрыпталған мысалдардан байқағанымыздай, кейде іс-қимылдың ерте кезде ме, жуықта ма болғанын ажыратпай қолданыла береді. Сондықтан бұл тұлғаны, атап айтқанда -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасына атау беру мəселесінде оның жоғарыда қарастырылған барлық функционалды-семантикалық ерекшеліктеріне жауап бере алатындай атау тапқан жөн деп ойлаймыз.

 

Әдебиеттер

  1. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің шақ категориясы. – Алматы, 1953. 116 б.
  2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1981. 264 б.
  3. Түймебаев Ж. Индикативные формы глагола в казахском языке. – Алма-Ата, 1992. – 116 б.
  4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991. – 382 б.
  5. Серғалиев М. Қазіргі қазақ əдеби тілі. – Алматы, 1994. – 215 б.
  6. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы, 1966. – 156 б.
  7. Исаев С. Қазақ тілі. – Алматы, 1993. – 175 б.
  8. Қазақ грамматикасы (ұжымдық еңбек). – Алматы, 1999. – 783 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.