Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Антропоөзектік парадигмадағы когнитивтік лингвистиканың орны мен қызметі

Бұл мақалада антропоөзектік парадигмадағы когнитивтік лингвистика ғылымының қалып­ тасуы мен дамуы, ғылыми парадигмалардағы орны мен қызметі туралы баяндалады. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұрғысынан қарасты­ ру болып табылатындығы, ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағаланып, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталғандығы айтылады. Когнитивтік линг­ вистика ғылымының теориялық бағыттары, отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі зерт­ телуі жан­жақты қамтылады. Когнитивтік лингвистика ғылымының базалық ұғымдары (концепт, стереотип, фрейм, гештальд, ойбейне, сценарий, т.б.) , негізгі ұстанымдары сөз етіледі.

Қазіргі когнитивтік лингвистика ғылымының негізі тіл білімінің дәстүрлі зерттеу нысандарына сүйене отырып анықталатындығы айталады. Ондағы ұғым­түсініктің базалық сипатына тілдік­та­ нымдық тұрғыдан қорытынды жасауға болатындығы баяндалады. Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән категориялары болуы шарт екендігі қарастырылған.

Ғылымдар тоғысындағы интеграция үдерісінің нəтижесінде тіл білімінде жаңа ғылым пайда болды. Антропоөзектік парадигмада когнитивтік лингвистиканың алар орны айрықша. «ХХІ ғасырда дүниеге келген антропоөзектік парадигма тілді құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастықта зерттей отырып, тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің құралы емес, ұлттың рухани, мəдени коды ретінде қарастырады» [1, 198]. Когнитивтік лингвистика антропоөзектік парадигмадағы базалық ілім деңгейінде қарастырылады. Осы бағытта біршама зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осының нəтижесінде Еуропада ХХ ғасырдың соңына қарай когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, терең зерттеліп, қанатын кеңге жая түседі. Осы тұста Дж. Лакофф, Р. Лангакер, Т. Ван Дейк, Дж. Хэйман, Х.И. Шмидт, М. Джонсон, М. Витгенштейн, Г.Н. Кент сияқты шетелдік ғалымдардың когнитология саласына қатысты еңбектері жарық көреді. Зерттеушілер танымдық ғылымдар аясында тілдің «əлемнің тілдік бейнесін» сипаттаудағы қызметіне көңіл бөле бастады.

Когнитивтік ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына шетелдік ғалымдар ерекше назар аударады. Когнитив тік лингвистика ғылымының бастауы шетелдік ғалымдар, классикалық тіл білімінің көрнекті өкілдері В. фон Гум больд, Г. Штейнтала, А.А. Потебня, И.А. Бодуэна де Куртене, Ф.Ф. Фортунатова, В. Виноградов еңбектерінен негіз алған. Дж. Миллер когнитивтік ғылымның дүниеге келуін «ХХ ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпараттар теориясының симпозиумы» деп жоғары бағалайды. 1960 жылы Гарвард университетінде американдық профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашады. Аталған орталық когнитивтік лингвистика ғылымының қалыптасып, дамуына өзіндік үлесін қосады.

Когнитивтік лингвистикада тіл адам баласының танымын сипаттайтын басты құрал ретінде саналады. Санадағы, ойдағы, адам миындағы аппарат тек тіл арқылы ғана бейнеленіп, сыртқа шығады. Тіл арқылы коммуникативтік байланысқа түседі. Концептуалды санадағы білім адамның дүниеге деген, қоршаған ортаға деген көзқарасынан мол ақпарат береді. Шындығында тіл арқылы берілген білім, əлем туралы білімнің бөлшегін құрайды. Бұл жөнінде зерттеуші Ш.К. Жарқынбекова «когнитивті лингвистика орталығында тіл жалпы когнитивті механизм секілді орналасқан бағыт ретінде бағалап, қазіргі заманғы лингвистиканың міндеті тілдің адамның танымдық əрекетіндегі, яғни білімді алу, сақтау жетілдірудегі рөлін зерттеу болып табылады» – дейді [2, 31].

Когнитивтік лингвистика ғылымының негізгі зерттеу бағытына жеке тұлғаның қоршаған орта туралы біліміне негізделген танымдық ғылымның нəтижесі жатады. Адамның күрделі танымдық əрекеті білу, ойлау, қорытынды жасау əрекеттерімен сабақтастықта болады. Ол тілдік бірліктер арқылы ойлау жүйесі арқылы түйсік, түсінік, ұғым арқылы жеткізіледі. Олардың тілдегі көрінісі кестелер, сызбалар, фреймдер мен сценарийлер, ойсуреттер немесе ойбейнелер негізінде сипатталады. Осыған байланысты когнитивтік ғылымдағы тілдің қызметі екі аспектіде жүзеге асады:

  • əлемнің тілдік бейнесін сипаттаудағы қызметі
  • менталдылық жүйенің сөйлеудегі көрінісі. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталған. «Когнитивтік ғылым» термині алғашқыда белгілі ақпаратты қабылдау, оны електен өткізу, ми қыртыстарында сақтай отырып, қажетті кезде оны тəжірибеде қолдану үшін енгізілген. Нəтижесінде адамның миында білімнің қалыптасып жəне тотығу жүйелерін зерттейтін ғылыми пəндер есебінде қолданылады. Зерттеушілердің пікірінен адам санасында, миында қалыптасқан білім қыртыстарының көрінісі тек тілдің қызметі арқылы жүзеге асатындығын аңғаруға болады.

Қысқаша когнитивтік терминдер сөздігінде когнитивтік лингвистикаға мынадай анықтама беріледі: «Когнитивная лингвистика – это лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, как когнитивный инструмент – система знаков, играющих роль в репрезентации (кодировании) и трансформировании информации» [3].

Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында ғана қолға алына бастады. Р. Сыздықова, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Ислам, Ш. Елемесова, Н. Аитова сияқты зерттеушілер бұл мəселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомəдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып келеді. Академик Ә. Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары, профессор Ж. Манкееваның танымдық лингвистика туралы пікірлері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың қалыптасуына негіз болды.

Профессор Ж. Манкеева «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты ғылыми мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеуіштік қызметінің зор екендігін атап көрсетеді, ұстанымдарын айқындайды:

  1. Қоғамдық тəжірибеге негізделу, танымның қазыналық сипаты.
  2. Таным модельдерінің символдық түрлері, яғни-тілдің қызметі – ақпарат беру емес, бейнелеуге мүмкіншілік жасау. Яғни тіл арқылы бейнелілік пен дүниедегі обьективті шындықты субьективті түрде символдар арқылы беру.
  3. Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол – таным моделінің құрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипаттайды [4, 41]. Ғалым бұл ұстанымдар арқылы дүниенің тілдік бейнесін танудағы тілдің мəдениетпен, қоғаммен, халықтық тəжірибемен тығыз байланыста екенін көрсетеді.

Нақты когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектері ретінде Г. Гизатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің «Сөйлеу қызметіндегі когнитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы тың зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тəсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде алынады. Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі ретінде Қ. Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері» атты монографиясын атауға болады. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясын түсіндіреді.

Ғалым Б. Момынова «Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (əлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам)» [4] атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену репрезентациялану ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырады. Профессор А. Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы «тілдік тұлға» мəселесін көтерсе, Г. Әзімжанова көркем мəтіндегі доминант сөздердің когнитивтік ерекшеліктерін қарастырады. С.И. Жапақовтың диссертациялық жұмысында эпикалық фразеологимдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние прагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мəселелері қарастырылған, С. Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары» атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тəсілдеріне тоқталып, ойлау ой қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу əдісі ретінде қарастырады. Зерттеуші А. Әмірбекова көркем мəтін ге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А. Сыбанбаева, Б. Қасым, Н. Зайсанбаевалар метофораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға салады.

Когнитивтік лингвистиканың негізгі базалық категориясы – концепт. Отандық жəне шетелдік ғалымдардың пікірлері бойынша концепт – «фреймге құрылған білім» (В.Н. Телия), «тілдік көрінісі бар жəне этномəдени айрықшылықпен белгіленген ұжымдық білім/сана бірлігі» жəне «түсініктердің, ұғымдардың, білім, ассоциациялардың, күйзелістердің «байламы», адамның менталдық əлеміндегі мəдениеттің негізгі ұяшығы» (Ю.С. Степанов), «ұғымдық, бейнлік, маңыздылық белгілерге ие лингвомəдени бірлік» (С.В. Воркачев), «кешенді, қатаң құрылымданбаған, шындықты бейнелеудің, сыртқы əлемді танудың өнімі болып табылатын жəне көпқабатты ұйымдастырылуымен сипатталатын, өз бойына қандай да бір тілдік формадағы заттанған ұғымдық, бейнелік жə не құндылықты бөліктерді тоғыстыратын менталдық, мағыналық білім» (В.В. Колесов, Ю.С. Степанов, И.А. Стернин), «ақиқат немесе мінсіз əлем затын бейнелейтін жəне тіл иесінің ұлттық жадында вербалдық тұрғыдан белгіленген түрде сақталатын ұжымдық сананың дискретті мазмұндық бірлігі» (А.П. Бабушкин), «этникалық тілдің қазынасы» (А.Б. Марковкина), «абстрактілі семантикалық білім» (Н.А. Красавский), «тілдік абстракция» (Г.Н. Берестнев).

Зерттеушілердің пікірінен мынадай тұжырым жасауға болады. Концепт ретінде саналатын тілдік бірлік біріншіден «өзек, тірек» бола алатын қасиетке ие бола алуы қажет; екіншіден, белгілік жəне дефинициялық құрылымын айқындау үшін ұғымдық мағынаға ие бола алуы керек; үшіншіден тілдік санада бейнелік сипатта көрінуі қажет; төртіншіден коннотативтік жəне ассоциативтік мəнде жұмсалуы керек; бесіншіден, адамның танымдық жəне ойлау əрекетінің нəтижесі болғандықтан, абстрактілі мағынаға ие бола алуы шарт, алтыншыдан концепт же ке тұрып танылмайды, оны белгілі бір контекст аясында сөзбен бірге байланыста қарау керек, жетіншіден концепт бола алатын тілдік бірлік өзіне өзек болып тұрған тірек мағынамен белгілі бір өріс шеңберінде қарастырылуы қажет; тоғызыншыдан, концепт бейнелермен, ұғымдармен жəне символдармен вербалданады əрі коннотативтік жəне ассоциативтік мағынаға ие болғандықтан белгілі бір бейнелердің немесе түсініктердің өзіндік абстракциясы ретінде ұғынылады; оныншыдан, шындықты бейнелеудің, сыртқы əлемді танудың коды болып табылады.

Когнитивтік лингвистиканың негізгі базалық ұғымы ретінде танылатын концептілер ең алдымен адам санасында, адам танымында көрініс табады. Адамның сезімі, ойлау əреке ті, вербалдық жəне бейвербалдық амал əрекеті концептілердің толық əрі жан-жақты танылуына ықпал етеді. Нəтижесінде сөз арқылы сыртқа шығады. Фразеологиялық бірліктер, идиомалар, клише, мақал-мəтелдер, афоризмдер, стереотиптер, ойбейнелер ретінде концептілік өріс құрады. Мəдени-маңызды ақпарат дереккөзі ретінде когнитивтік лингвистикада басты орын алады, «əлемнің тілдік бейнесін» жасайды.

«Әлемнің тілдік бейнесі» əр халықтың, ұлттың танымында өзгеше сипатқа ие болады. Әр халықтың ойлауы мен таным қызметінде, оның физикалық жəне вербалдық мінез-құлқында танымдық-психологиялық аспектіде айқындалады. Ұлттық ділі, тарихы, дəстүрі, ұрпақтар сабақтастығы арқылы жалғасқан əлем бейнесі тілдік кумулятивтік қызметі арқылы көрініс табады.

Қазіргі когнитивтік лингвистика ғылымының негізі тіл білімінің дəстүрлі зерттеу нысандарына сүйене отырып ұғым-түсініктің базалық сипатына тілдік-танымдық тұрғыда қорытынды жасау болып табылады. Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тəн категориялары болуы шарт. Когнитивтік лингвистика ғылымының терминдік-ұғымдық аясына концепт, ұғым, символ, концептік өріс, субконцепт, фейм, ойбейне, стереотип, гештальд сияқты бірліктер жатады.

 

Әдебиеттер

  1. Саткенова Ж. Антропоөзектік парадигмадағы «тілдік тұлға» теориясының қалыптасуы мен дамуы // Новые парадигмы в когнитивной лингвистике. – Серия «Филологический сборник». – Вып. 13. – 2014. – Б. 198.
  2. Жаркынбекова Ш.К. Сопоставительная лингвоконцептология как новое перспективное направление в современной лингвистике. Жизнь языка и язык в жизни. Сб. статей, посвящ. юбилею. Э.Д. Сулейменовой. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – С. 475.
  3. Қысқаша когнитивтік терминдер сөздігі. – Алматы, 2002. – Б. 160.
  4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Қазақ филологиясы: егіз негіз. – Алматы, 2010. – Б. 273278.
  5. Момынова Б. Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (əлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам). – Алматы, 2007. – Б. 56.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.