Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ойталқының тілдік ұйымдасу ерекшелігі мен түрлері

Мәтін лингвистикасында көп зерттелмеген, маңызды мәселелердің бірі – ойталқының тілдік ұйымдасу ерекшелігі мен түрлері болып табылады.

Ойталқы – ойлау үдерісінің құрылымын, типін және ойлау бөлшектерінің өзара және бір-бірімен байланыстырудың тәсілдері мен жолдарын бейнелейтін форма болып табылады. Ойталқы түріндегі мәтіннің өзіне тән табиғаты жалпы мәтін мәселелері аясында айтылып жүргенмен, арнайы зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Талдауға Абай қарасөздеріндегі мәтіндер алынды.

Осы мақаламды ойталқының синтаксистік сипаттамасының белгілеріне арнағым келіп отыр. Ойталқының логикалық және қатысымдық құрылымдарын тар мағынада түсіну оның тілдік ұйымдастырылуы аспектісін тар мағынада түсінуге алып келеді.

Ойталқы дегенімізді себеп-салдарлық немесе шарттылық байланыстағы екі, бірнеше жай құрмалас сөйлемдер арқылы жасалады. [1, 61].

Бұл жерде ойталқының логикалық құрылым сипатына сәйкес оның жетегінде жүретін жабық синтаксистік құрылымы көрсетіледі.

Бұл тақырыпта мақала жазуымның міндеті

«Абай қарасөздеріндегі» ойталқы мәселелерін шешу арқылы ойталқының әр қилы түрлерінің тілдік ұйымдастырылуына жүйелі талдау жасау болып табылады және төмендегі мәселелерді шешу көзделеді:

  • ойталқының әртүрлі коммуникативтік типтерінің тілдік маркерлерін анықтау;
  • адресанттық белгінің логикалық құрылым бөлшектеріне сәйкес ойталқының әр қилы түрлеріне тілдік сипаттама беру;
  • ойталқының тілдік құрылымында сөйлемдердің түрлі коммуникативтік типерінің кездесу жиілігін талдау;
  • айтушы субъектінің жеке әуестігінің тілдік берілу тәсілдері мен ойталқының эмоционалды-экспрессивтік баю тәсілдерін анықтау.

Нақты талдаудға көшуден бұрын оны айқындауға қажетті белгілерге тоқталайық.

Ойталқының тілдік ұйымдастырылуын талдаудың негізгі бөлігін оның синтаксистік құрылымын зерттеу алады. Себебі осы синтаксистік құрылымы арқылы тілдік құбылыстардың мәні жарыққа шығады және синтаксистік мәтіннің мағыналық құрылымымен ең тығыз байланыс орнаған.

Ойталқының синтаксистік құрылымын талдау келесі белгілерді ескере отырып жүзеге асырылады:

  • «ойталқы» типіндегі мәтіндік фрагменттердің (бөліктердің) сызықтық ұзындығы;
  • мәтіндік фрагменттегі элементтер байланысының тәсілдері;
  • фрагмент құрамына енетін сөйлемдердің сызықтық ұзындығы және күрделілігі.

Егер Абайдың қарасөздерін қайсысын болсын талдап қарайтын болсақ, бұл жерде көбінесе ойталқының эмоционалды-экспрессивтік молығуына және пайымдаушының жеке әуестігін білдіруде сөйлемдердің коммуникативті типтері негізгі рөл атқарады. Бұларды талдауды біз олардың тек «баяндағыштық», «сұрағыштық», «ниеттенушілік» және «лептілік» ұғымдарымен берілетін жалпы коммуникативтік мазмұнын ескере ғана қоймаймыз, сонымен қатар бір коммуникативтік сөйлем типтерінің екінші мағынада (мысалы, баяндау немесе лептік мағынадағы сұрақ) берілуін яғни сөйлеу актісінің мазмұнын және де мәтінде қызмет атқаруы кезінде қосымша пайда болатын сөйлемнің әр түрлі мағыналарын талдап көрсету басты мәселе болып отыр.

Жалпы коммуникативтік мазмұнын ескере отырып талдаудағы «баяндағыштық», «сұрағыштық», «ниеттенушілік» және «лептілік» ұғымдарының қарасөздерде кездесуіне талдау жасасақ, «... Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса,

не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі бір тез қартайтатұғын күйік.

... Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым...»

Авторлық және кейіпкерлік микроойталқылар жетекші қызмет атқаратын, әр түрлі адресаттық тәуелділіктегі микропайымдарды талдау, олардың синтаксистік ұйымдастырылуының он типін анықтауға мүмкіндік береді.

Абай қарасөздеріндегі ойталқы мен оның логикалық құрылымыны қатысымдық типтеріне тән тілдік белгілері туралы сөз етеін болсақ, қатысымдық тәсілдердің тілдік белгілерін қарастыра келе:

Бекіту коммуникативтік бұрынғы өткен шақ есімше түрі –ған (-ген, -кан, -кен) жұрнағымен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары атрибуттық, предикаттық қолданыста болып жиі қолданады. Қалып етістіктері (отыр, тұр, жатыр, жүр) шақтықты білдіретін мағынасына байланысты. Осы шақтық мағына сияқты, тәрізді, көрінеді, болды сөздерімен тіркескенде байқалады. Модаль сөздерімен де берілу тән, әр түрлі сатыда көрінеді екен. Дағдылы өткен шақ есімше – атын (-етін, -йтін, -йтын)жұрнағы арқылы жасалады.

Салыстыру: сын есім шырай жұрнақтары үстемеленіп жалғануы, қосарланып келуі, өте жақсы, ең үлкен, тым әдемі, өте сұлу сияқты

қолданыстағы сөздер асырмалы шырайдың грамматикалық формалары арқылы берілген. Олар лексикалық мағыналы сөзге өте, ең, тым, өте, тіпті, тіптен сияқты көмекші сөздердің тіркесі арқылы жасалған.

Мақұлдау: мынадай тілдік маркерлермен – йә, -мүмкін, рас-ау, рас, ықтимал, керек, қажет, (қанағаттану, тілек мәні –ғай, -гей, қай, -кей, -са игі еді, -ғай, -гей еді (етті), көтеріңкі поэтикалық стиль тудыру үшін жұмсалады, т.б. модаль сөздері бекітеді.

Дефиниция: -у тұлғалы тұйық етістікке тәуелдік жалғауы үстеліп, керек, қажет, мүмкін, тиіс сияқты модаль сөздердің тіркесуінен жасалған, етістіктермен, терминологиялық лексикамен т.б. сипатталады.

Теңеу: сияқты, секілді, сондай, немесе, сол сияқты, сол секілді, сондай, сондай-ақ, сілтеу есімдігі т.б. салыстырудағы кейбір модельдердің түрленуі мен түрлі шылаулары арқылы арқылы жүзеге асады.

Нақтылау: нақ солай, дәл өзі, тап өзі, сол, мынандай, тура өзі, дөп түскен, айнымаған (етістігі) т.б. үстеулер, белгілейді.

Болжам: мынадай сөздермен: болуы ықтимал, бәлкім, әлде, әбден мүмкін, сияқты, секілді, қайдам немесе есімше тұлғалары (-ар, ер, -р) арқылы келеді (егер нанымсыз версияда болса) демейлік шылаулар –мыс, алыпты-мыс, бармақ-мыс, -ау демеулігі мен деген, деймін көмекші етістігі арқылы берген т.б.

Аргументативті коммуникативтік тәсілдер-дәлелдей:

Негіздеу, түсіндіру, аргумент келтірудімына лексемалар: еді, екен, болған, бар, жоқ екен, деседі, деген, деп білем, деу керек, демек, депті, деген екен, йә, сол, осы, осындай, дәл солай, тап солай, нақ өзі, бұл, бұл деген, қысқасы, т.б. Абайдың екінші қарасөзінде кездесетін негіздеу, түсіндіруді талдап қарастыратын болсақ: «Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді...», «Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді...», «Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім...»

Отыз бірінші сөз:

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені

ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Он үшінші сөзінде: «Иман деген – алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанбақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі – не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел – испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі –кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз».

Он екінші сөзінде:

Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин, кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.

Мақсат қою: сөйлемдегі айтпақшы мақсат мәнді келер шақ есімше. –мақ (-мек, -бақ, -бек, пақ, -пек)жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімдері де бармақ формалы қимылесімінің қазақ тіліндегі қолданылу аясы тарылып, -у жұрнақты қимыл есімінің қолданылу жиілігі артып келеді. Сондықтан –мақ формалы мен –

у формалы қимыл есімі жарыса қолданыла береді. Мысалы: бармақ түгіл-бару түгіл, айтпақ түгіл-айту түгіл, болмақ қайда-болу қайда... сондай-ақ шылайлар, үстеулер приставкалар модаль т.б. арқылы келеді.

Жалпылау маркерлерін коммуникативтік тәсіл есімдіктері, қарсылықты, шылаулары, жалпылау есімдіктері бәрі, күллісі, барлық, бүкіл, баршасы, түгелі, жалпысы т.б. тағысын тағы басқалары бүкілі мен баршасы, жаппай бәрің, күллі бәрің, барлығың түгелдей және т.б. сөз тіркестері арқылы беріледі.

Жиырма төртінші қарасөзінде кездесетін жалпылау есімдіктері кеңінен кездеседі:

«Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің басаяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?»

Қарсы қою: маркерлері бірақ та, алайда, әйткенмен, десек те, дегенмен, болмаса, сөйтсе де, солай болса да ал сонда да, әйтпесе, әйтпегенде қасылықты журналдар арқылы сүйтсе де және т.с.с. –атын, -етін есімше арқылы болатын не болған уақиғаны хабарлайды да екінші компонент оған тежеу бола алады.

Қорытындылау: және түйіндеу (резюме) коммуникативтік тәсілдердің маркерлері: -де етістігінің түрленуі арқылы келеді, деп білді, деген, деп ой түйді, деген ойға келді, мәжбүр болды, мән берді, десті, дегендей болды, деп

шешті, деп ойлады, байқалып тұрды, керек етті, деп ұйғарды, және т.е сөз тіркестері жатады.

Бірінші қарасөзінде кездесетін қорытындылау немесе түйіндеме коммуникативтік тәсілі арқылы жасалған мәтінді алып қарастырсақ:

... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Қорыта келе, Абай қарасөздеріндегі мәтіндерді талдай отырып, жүргізілген статистикалық мәліметке арқа тұтып жүгінсек (бұл мәліметтер белгілі бір үзінділермен жұмыс нәтижесінде ғана алынды) ең негізгі көбіне, жиі қолданыстағы ойталқылар түрлері мынадай:

  • есім негізді, есім түріндегі ойталқылар;
  • тұрақтылық күй мағынасындағы ойталқылар;
  • нақты немесе жорамал іс-әрекетті негіздеу мағынасындағы ойталқылар,
  • кейбір іс-әрекеттігін қажеттігін, мүккіндігін білдіретін немесе қалай тілеу мағынасындағы ойталқылар;
  • алдын-ала келісілген іс-әрекет мағынасындағы ойталқылар;
  • келісімді түрдегі терістеу не тұжырымдау мағынасындағы ойталқылар.

Бұған қоса мынадай функционалды-мағыналық түрлері ажыратылады.

  • Хабарлау мәнді
  • сұрақ мәнді
  • әсер ету (Лепті, көңіл-күй мағыналы)

ниет, ойды білдіру

  • пікір тудыру
  • аралас мәнді
  • күмән мәнді

деп топтауға болатындығын, мәніне қарай тағы да негіздеулер (бұл шартты түрде) деп айтуға болады.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Нечаева О.А. Функционально-смысловые типы речи. – Улан-Уде: Бурятское книжки., 1974. – C. 261.
  2. 2 Шалабай Б. Көркем мәтінді талдау әдістемесі мен тәжірибесі. – Алматы, 2008. – Б. 225.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.