Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дүниенің тілдік бейнесінің соматикалық фрагментін бинарлық оппозициялық жұптар негізінде зерттеу

Мақалада дүниенің тілдік бейнесінің соматикалық фрагменттерін зерттеуде бинарлық оппозициялық жұптар классификациясын лингвистикалық əдіс-тəсілдер қатарында қолданудың маңыздылығы қарастырылады. Тілдік дүние бейнесінің соматикалық фрагментін бинарлық оппозиция тұрғысынан қарастыру – тіл жəне адамның ойлауы, танымдық əрекеті арасындағы тығыз сабақтастықта айрықша рөл атқаратын тілдік үнемдеу заңдылығының өзіндік қырын айқындауға зор мүмкіндік береді. Адам организмінің физиологиялық ассиметриясын (оң/сол) жəне адамның дене тұрқының вертикальды бағыттағы үштік жіктелісін (бас, кеуде, аяқ) жинақталған білім қорының соматикалық коды ретінде пайдалана отырып, соматикалық тілдік бірліктерді саралау нəтижесі мынадай тұжырымға келтірді: қазақ жұртының таным-түсінігінде жағымды қасиеттердің барлығы оң/сол, жоғары/төмен бинарлық оппозицияларының оң, жоғары сыңарларында көрініс табады.

ХХ ғ. 80 жылдарынан мəдениеттанушы, лингвист ғалымдар «мəдениеттің екі жақты коды» немесе «семантикалық жұп оппозиция» деп аталатын бинарлық оппозицияға негізделген жұптық классификацияны белгілі бір қоғамның əлеуметтік-мəдени моделінің архетиптерін жаңғыртудың арқауы, лингвоелтанымдық зерттеулердің өзегі етудің маңызы зор екеніне айрықша назар аудара бастады 1. Н.И. Толстой бинарлық жұптарды лингвистикалық зерттеулердің əдістемелік қондырғыларының бірі ретінде пайдаланудың лингвистика үшін маңызын былай айқындайды: «По сути дела, это все относится не к чисто лингвистическому, а к логическому или семиотическому аппарату, и в этом и ценность этой методики для лингвистики, так как она не изолирует науку о языке, а вводит ее в более широкий круг научных дисциплин» 2, 181. Н.И. Толстойдың бұл пікірі гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми зерттеудің əдістəсілдері мен ғылыми ұғымдық аппараты өзара тоғыстырылып, пəндер пəнаралық сипат алып отырған бүгінгі таңда да өзінің өзектілігін жоғалтпаған құнды тұжырымдардың бірі болып отыр.

Лингвистикалық зерттеулердегі адамның жаратылыс-болмысын оның тілі, сана-зердесі, таным əлемі, адам өмір сүретін табиғи жəне қоғамдық орта, адам жасаған мəдени таңбалар жүйесі жəне соларға қатысты ұғым-түсініктер арқылы зерделеу үдерісі лингвистикалық методологияны əлеуметтану, логика, математика, философия т.б. ғылым салаларында қолданылып келген əдіс-тəсілдермен байыта түсті десек, бинарлық оппозициялық жұптар классификациясын лингвистикалық əдіс-тəсілдер қатарында қолдану тілдік фактілерді логика-философиялық, логика-когнитивтік, логика-мəдениеттанымдық, логика-психологиялық тұрғыдан талдауға жаңаша ренк үстемелеп, лингвистикалық ғылыми талдаудың кешенді əдістемесін жасауға белгілі дəрежеде ықпал етері сөзсіз.

Белгілі балкантанушы ғалым Т.В. Цивьян өзінің «Модель мира и ее лингвистические основы. – М.: Ком Книга, 2006. 280-стр.» атты еңбегінде бинарлық оппозициялық жүйе жəне оның дүние моделін (бейнесін) сипаттаудағы əдіс-тəсілдік мəн-маңызы мəселесін жан-жақты қарастырады. Ғалым дүние моделі ұғымын «белгілі бір тілдік жəне этномəдени дəстүр аясында жүйеленген əлем туралы барлық түсініктердің жиынтығы, ғасырлар бойы қордаланған білім қоры» деп айқындай отырып, оның мазмұндық құрылымы бүкіл əлемнің кеңістіктік-уақыттық, себептік-салдарлық, этикалық-ережелік, сандық-мөлшерлік, мəндік-мағыналық, кескіндіккейіпкерлік, т.б. негізгі параметрлерін космологиялық тұрғыдан сипаттауға бағытталатынын айтады. Осындай ауқымды да əр алуан, аса күрделі кешенді түсіну жəне түсіндіру үшін бинарлық оппозициялық жүйелеу тəсілі қолданылатынын сөз ете келе, Т.В. Цивьян негізінен 10-12 оппозициялық жұптан тұратын бұл жүйені іштей:

  1. кеңістіктің құрылысына байланысты – жоғары/төмен, көк жүзі/қара жер, жер/жерасты əлемі, оң/сол, шығыс/батыс, солтүстік/ оңтүстік т.б.;
  2. уақыттың құрылысына байланысты – күн/түн, жарық/ қараңғылық, жаз/қыс, көктем/күз т.б
  3. түске байланысты – ақ/қара, қызыл/қара т.б.
  4. табиғат жəне мəдениет оппозициясы тұрғысынан – дымқыл/құрғақ, шикі/піскен, табиғи/ жасанды т.б.
  5. əлеуметтік категорияға байланысты (жас мөлшерлік, генеалогиялық, қоғамдық əртүрлі мағынада) – еркек/əйел, үшкен/кіші, жас/кəрі, қыз/ұл, жат/жақын, кеңістіктік алыс/жақын, ішкі/сыртқы оппозицияларының метафоралануына қатысты ұғым-түсініктерді біріктіретін жұптар т.б.
  6. дүние бейнесінің жалпы модусын айқындауға байланысты – киелі қасиетті (сакральді-аксиологиялық) / пендауи, бұ дүниелік/бақилық т.б. деп бірнеше жұптарға бөледі. Сондайақ ғалым оппозицияның бірігіп келіп тұтастық құрайтын оң жəне сол бағаны арасындағы қарым-қатынас бақыт/сор, өлім/өмір, тақ/жұп сияқты жалпы оппозициялардың көмегімен сипатталатынына назар аударып, «осындай екіжақты белгілердің жиынтығына негізделіп əмбебап таңбалық кешендер кескінделеді жəне олардың көмегімен адам əлемді игереді. Дүние бейнесінің əмбебап таңбалық кешендері əртүрлі кодтық жүйелер арқылы жүзеге асады. Əлемнің сан түрлі фрагменттері, кейіпкерлері, нысандары əртүрлі кодтардың тұғырына алынады, осылайша астральдық, вегатативтік, зооморфтық, антроморфтық, гастрономдық, түстік, сандық, əуендік, саздық т.б. кодтар қалыптасады. Өзара қарым-қатынасқа түсіп, ықпал ететін өзіндік шеңбер-аясы бар мұндай кодтардың дүние моделінде қатарласа, қатпарласа, жанаса, тоғыса орын тебуі белгілі бір иерархиялық классификацияны көрсетеді. Бұл күрделі конгломерат семантикалық тұрғыдан біртұтас болып келеді, өйткені ол бірғана объектіні– əлемді бірғана субъект – адам тарапынан сипаттайды» деген қорытындыға келеді [3, 6].

Барлық архаикалық мəдениет үшін əмбебап сипатта болып келетін бинарлық оппозициялық жүйе қарама-қарсылық ұстанымы бойынша бірнеше белгілерді (таңба, символ) жұптарға біріктіреді. Мұнда оппозициялық жұптың бір мүшесі жағымды, ұнамды, қолайлы, екіншісіжағымсыз, ұнамсыз, қолайсыз (пейоративный), немесе біреуі таңбаланған, ал екіншісі таңбаланбаған белгілерді өз бойына жинақтайтынымен ерекшеленеді. Мəдени дəстүрлердегі оппозициялық жұптың символдық жіктелісінің бұл қасиеті туралы В.В. Иванов былай дейді: «Каждый признак или символ внутри системы соотносится с одним ему противоположным и целой серией признаков или символов, входящих в тот же ряд, что и данный» 4, 106-б..

Бинарлық жұптар классификациясын cоматикалық фразеологизмдер астарындағы адамзат қоғамының рухани-мəдени жасампаздық бітімін танытатын халықтық білім қорын сараптаудың негізіне алу жəне адамның тəндік базисін, креативтік ойлау жүйесін, танымдық ісəрекетін оның тілімен біртұтастықта зерттеудің тұғыры ету:

  • біріншіден, «барша адам баласына тəн биоанатомиялық негіз оның ми мен жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін айқындауға;
  • екіншіден, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге; үшіншіден, адамның табиғи болмыс-бітімнің əлеуметтік-мəдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру, толығу бағыттарын талдап көрсетуге мүмкіндік береді 5.

Осы тұрғыдан келгенде, дүниенің тілдік бейнесінің соматикалық фрагменттерін зерттеуде бинарлық оппозициялық жұптар классификациясын лингвистикалық əдіс-тəсілдер қатарында қолданудың маңызы зор. Себебі адам организмінің физиологиялық ассиметриясы (оң/ сол) жəне адамның дене тұрқының вертикальды бағыттағы үштік жіктелісін (бас, кеуде, аяқ) арқау еткен соматикалық тілдік модельдер дүниенің қарабайыр бейнесінде ұжымдық сананың дуалистік жəне үшқабатты мифтік түсініктерін соматикалық кодқа түсіреді. Басқаша айтқанда, дуалистік көзқарас, немесе бүкіл əлемнің ассиметриялық екі салаға бөлінуі, сол сияқты əлем жаратылысының үш қабаттан тұруы тумифтік сананың «бұ дүниелік <=> о дүниелік», «киелі <=>пəндауи», «қасиетті <=> қасиетсіз», «құтты<=>құтсыз» т.б. бөлінісін, əлеуметтік-қоғамдық сананың «əлді<=>əлсіз», «жақсы<=>жаман», «бай<=>кедей» т.б. жіктелісін басқаруы дүниенің қарабайыр бейнесінің соматикалық фрагментінде тұтастай көрініс табады.

Мəселен, адам дене тұрқының вертикальді бағыттағы ассиметриялық жіктелісінен туындайтын оң/сол бинарлық оппозициясына қатысты ұғым-түсініктер адамзат қоғамының бүкіл саласына қатысты көрініс береді.

Оң/сол қарама-қарсылығы кез келген халықтың діни наным сенімінде, салт-дəстүрінде, ырым-жоралғысында, өнер туындыларында, некелік қарым-қатынасында, этикетінде, кеңістіктік бағыт-бағдарын анықтауда, баспана, үйжайындағы жəне отбасылық орнында, соғыстық іс-əрекеті мен қару-жарағында, өндірістік іс-əрекетінде орын алады. Мұнда «оң» жақтың «жақсылықтың» нышанына алынып, «ұнамды», «қолайлы» жағдайдарға қатысты жағымды мəн арқалауы, ал «сол» жақтың «жамандықтың» нышанына алынып, «ұнамсыз», «қолайсыз» жағдайларды меңзеп, «жағымсыз» мəнді білдіруі барлық мəдениетке тəн семантикалық əмбебап құбылыс болып саналады. Əр алуан мəдениетте оң/сол оппозициялық жұбының

«оң» сыңары  «киелі», «қасиетті», «құтты»,

«күшті», «заңды», «дұрыс», «толық аяқталған»,

«айқын», «биік», «жоғары», «шығыс», «оңтүс-

тік» т.б.ал «сол»  «киесіз», «қасиетсіз», «екі-ұшты», «əлсіз», «бұрыс», «сəтсіз», «жаманшылық», «батыс», «солтүстік» т.б. мəдени корреляциялар тізбегін түзеді. Əйтсе де, кей жағдайда, адамның сол жағы жағымды, ал оң жағы жағымсыз бастау-арналардың символына алынатын тұстар да кездеседі. Оның себебін, орыс этнолингвистикасының негізін қалаушылардың бірі Н.И. Толстой, «оң» мен «сол» оппозициясының күрделі символикасы əртүрлі элементтердің немесе деңгейлердің символдық мағыналарының өзара қарым-қатынасына тəуелді болатындығымен түсіндіреді 6, 5-7.

Оң жəне сол бинарлық оппозициясын славян мəдениеті контексінде символдық-семантикалық тұрғыдан қарастыра келіп, Н.И.Толстой бүкіл славян ареалына ортақ *levъ лексемасының табулық жəне эвфемистік себептерге байланысты үндіеуропа тілдерінде параллелі өте сирек кездесетінін айтады. «Үндіеуропалық тілдерде «сол» ұғымын білдіру үшін əртүрлі жаңа сөз қолданыстарының, синонимдер мен эквиваленттердің, тіптен кейде мүлдем қарамақарсы мағынаны білдіретін тіркестердің қолданылатындығы сол жақты тура түстеп көрсетуге, нақты атауға болмайтындығы туралы ғылыми жорамалдың дұрыстығын дəлелдей түседі»дейді ғалым 7, 133-147.

Көне түркілердің дүниетанымдық көзқарастар жүйесінде «оң жақ» ұғымы үшін қолданылған on лексикалық бірлігінің бірде «сəтсіз, құтсыз» дегенді, енді бірде «сəтті, құтты» дегенді білдіргендігін көне түркі сөздігінде тіркелген Оndin qas tebrasar ogzus bolur «оң қасы тартса, жетім қалар», qaujdan kirurda onun asnu man «есіктен оң аяғыңмен аттап кір», k icig ojlan jel tartsar bu vu on ajasinta bnrk tutsun «егер жас сəбиді қара күш басса, мынау тұмарды оң алақанына ұстасын» тəрізді тілдік деректер айғақтайды. Байырғы түркілер ұғымында on elig«береген қол, құтты қол» дегенді білдіретін болса, алатын, бірақ бермейтін қол – кұтсыз қол: «alip bermagan el elig qutsuzi». Байырғы түркілердің кеңістік туралы мифтік-поэтикалық түсінігінде on жоғарғы əлеммен, жұмақпен (ust, tanri), sol – төменгі əлеммен, тозақпен (alt, tamu) байланыстырылады 8. Мұндай тілдік деректер байырғы түркілік түсініктер жүйесіндегі оң/сол оппозициясында семантикалық қарама-қайшылық бар екенін көрсетеді. Қазіргі түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі оң, өң, оңқай, оңалу, өңі кіру, сауығу, жəне сол, солу, солғын, солбыр солақай, солақ сөздері этимологиялық тұрғыдан көне түркілік оң жəне сол ұғымдарымен өзара қатыстылықта қарастырылады 9, 82-83.

Қазақ жұртының таным-түсінігіндегі жағымды қасиеттердің барлығы оң/сол теріс иерархиялық классификациясының оң сыңарында көрініс тауып жататындығын көрсетеді. Мəселен, оң пейіл танытуоң көзімен қарады, оң қабағын берді, оң қолы болды т.б.

Адамның тұла бойының «оң» жəне «сол» ассимметриялық жіктелісі қазақы дүниенің қарабайыр-тілдік бейнесінде əртүрлі нысандарды горизонтальды жазықтық бағытта салғастырудың негізіне алынып, адамның өмірлік əрекетінің сан алуан саласында (діни түсініктер жүйесі, салт-дəстүр, əдет-ғұрып, этикет, тұрмыс, т.б.) бағалауыштық, межелік, болжамдық т.б. өлшем қызметінде жұмсалады. Мысалы, оң мен солын ажырату (адамның оң жағында орналасқан нысандарды сол жақтағы заттармен, нысандармен салғастыру) «адамның кəмелетке толып, жақсы мен жаманды айыратын кезге келуінің, ержетуінің» белгісіне алынатын болса, желі оңынан соқты, самалы оңынан тұрды (табиғат құбылысы мен адам əрекеті) – «адамның жақсы, игілікті ісінің жүзеге асуының» өлшеміне, оң жақтың қызығын көру (киіз үйдің отбасы мүшелерінің əлеуметтік рөліне қарай ішкі бөлінісі мен үйлену салты) – «күйеу жігіт ұрын келіп кеткен, бірақ ұзатыла қоймаған қыздың əке үйіндегі бас бостандығының» бодауына алынады. Қазақтың дəстүрлі мəдениетінде оң жаққа салу (киіз үйдің отбасы мүшелерінің əлеуметтік рөліне қарай ішкі бөлінісі мен жерлеу рəсімі) – қайтыс болған адамды жерлеу алдындағы рəсімдердің бірі болатын болса, оң аяғымен аттап кіру (қыз жəне бөтен отбасы) – атаның құтты қара шаңырағына жасаған жаңа түскен жас келіннің алғашқы қадамы (ырым). Сондай-ақ оң сөзі ақ сөзімен де мағыналас қолданылады. Мəселен, оң батасын беру – ақ батасын беру, оң ниетті адам – ақ ниетті адам т.б. ретінде қолданылса, жалпы оң сөзімен қолданылатын соматикалық тіркестер жақсы нышанды, ақ тілеуді, істің сəтті болып алға басуын білдіреді. Мысалы, оң жағына қондырды «панасына, қамқорына алды», айы оңынан туды «бақыты жанды, жолы ашылды», оң аяғыңмен тұрған екенсің «ойлап келген ісінің сəті түсіп, жолы оңғарылған кісі туралы айтылады», оң жол «дұрыс бағыт», оң көзі, оң қолы «сенімді, көмекші адамы» т.б.

Адам дене мүшелерінің жоғарыдан төменге қарай орналасуы дүниенің қарабайыр бейнесінің фразеологиялық фрагментінде заттар мен құбылыстардың, қимыл-қозғалыстың жоғары/ төмен осьтік өзіндік құрылымын айқындайды: басы жерге жеткенше иілу (ерекше құрмет көрсетті), төбесі көкке жеткендей болу (қатты қуану), екі көзі тас төбесіне шығу (үрейлену), табан асты қылу (жарамсыз, керексіз ету) т.б. Мұнда əр дене мүшесінің жоғары/төмен бинарлық оппозициялық жүйедегі өз орнынан ауытқуына, белгілі бір бағыт бойынша жасалуға тиісті қимыл-қозғалысынан тануына негізделіп жасалатын образдар соматикалық фразеологизмдердің жалпы мағынасындағы жағымды немесе жағымсыз мағыналық коннотацияның пайда болуына арқау болып қана қоймайды, сонымен қатар адамның қоғамдық-əлеуметтік ортадағы өз орнын асыра немесе төмендете бағалауын, соған байланысты белгілі бір сəттегі адамның көңіл-күйінің жоғары немесе төмен болуын да бейнелейді. Мысалы, мұрнын шүйіру, мұрнын көкке көтеру фразеологизмдерінің образдық-фондық негізіне алынған «мұрынның екі көздің ортасынан ауызға қарай бағытталып орналасқан өз бағытын өзгертуге əрекет ету» қимылы дүние бейнесінің жоғары/төмен бинарлық оппозициясындағы объектінің орын тəртібін белгілейтін ішкі заңдылыққа қайшы келеді. Бұл қайшылық өз кезегінде адамның əлеуметтік-қоғамдық орнын асыра бағалауымен ассоциацияланып, «басқаны көзге ілмеу, біреуді менсінбеу» мағынасындағы фразеологизмдердің жасалуына арқау етілген образды қалыптастырады.

Жоғары/төмен бинарлық оппозициясының жоғары сыңарына жататын бастың бинарлық оппозициядағы өз орнын жоғалтуы, яғни «көк əлемінің дүниесі» бастың «төменгі жерлік əлемге» қарай бағытталуы адамның ішкі жан дүниесіндегі рухани күйреуді, қоғамдық-əлеуметтік ортада адам беделінің төмендеуін көрсететіні фразеологизмдердің жасалуына арқау етіледі. Мысалы: басын салбырату, басы жерге түсті, басын жерден көтере алмады т.б.

Адам тұла бойының «жоғары əлемдік», «ортаңғы əлемдік», «төменгі əлемдік» иерахиялық сатылық жүйеге бағындырылған үштік жіктелісі тілдік жүйеде соматикалық фразеологизмдердің синонимдік қатарында бой көрсететін «мотивацияның, образдылықтың дəрежеленуі (градация) мен тілдік экспрессияның біртіндеп күшеюіне» əсер етеді 10. Мысалы: қорлық көрсету мағынасындағы басына əңгір таяқ ойнатты, кеуде көрсетті, тізесін батырды, табанға салып таптады немесе өте кедей мағынасындағы маңдайына түк бітпеген, аузы аққа жарымаған, аузы асқа, ауы атқа, жарымаған, қолы қысқа, шыр бітпеген, ыңыршағы шыққан, қара сирақ, қара табан т.б соматикалық тілдік модельдер арқылы адамдардың қоғамдағы əлеуметтік теңсіздігін бейнелуде экспрессивтік-эмотативтік бояу дене мүшелерінің жоғарыдан төменге қарай орналасу тəртібіне сай қоюлана, ал фразеологиялық жалпы мағынадағы жағымсыз коннотация үстемелене түседі.

Фундаменталды дуализм жарық пен қараңғылық, ақ пен қара, тақ пен жұп, күн мен түн, шығыс пен батыс т.б. қарама-қайшылықтарды күллі əлемді табиғаттан тыс, құпия тылсым сырлы, бір – біріне қарама-қарсы екі күштің басқаруымен түсіндіреді. Ол күштің бірі өсіпөнуден бастау алып, өмір сүруге жетелейтін болса, екіншісі жойылып-жоғалумен, тоқыраптоқтаумен сипатталып, өлімге апарады. Мұнда өмірге қатыстының барлығы жақсылықтың нышанына алынып, адамның жағымды эмоциясын тудыруға себеп болып, бір нəрсе, құбылыс, зат туралы оң пайым, дұрыс пікір жасауға негіз болатын болса, өлімге қатыстының барлығы жағымсыз эмоцияны тудырып, теріс пайым жасауға арқау етіледі. Демек, бинарлық оппозициялық жіктелістің өзі адамның позитивті немесе позитивті емес ойлау əрекетімен тығыз байланысып жататын, адамзат қоғамының дінимифтік, əлеуметтік-қоғамдық ұғым-түсініктерін қарама-қарсылықтар тоғысында, екі жақты сипаттайтын күрделі жүйе болып саналады.

Қорыта айтқанда, тілдік дүние бейнесінің соматикалық фрагментін бинарлық оппозиция тұрғысынан қарастыру тіл жəне адамның ойлауы, танымдық əрекеті арасындағы тығыз сабақтастықта айрықша рөл атқаратын тілдік үнемдеу заңдылығының өзіндік қырын айқындауға зор мүмкіндік береді. Адам организмінің физиологиялық ассиметриясын (оң/сол) жəне адамның дене тұрқының вертикальды бағыттағы үштік жіктелісін (бас, кеуде, аяқ) жинақталған білім қорының соматикалық коды ретінде пайдалана отырып, тіл адам өмір сүретін табиғи жəне қоғамдық ортаға, адам жасаған мəдени таңбалар жүйесіне қатысты ұғым-түсініктерді адамның тəндік базисі негізінде белгілі бір топтарға біріктіріп жинақтап ғана қоймай, оларды іштей саралап жіктейтіні байқалады. Бұл, сайып келгенде, тілдің дүние бейнесін сомдауда жəне кескіндеуде метакод жəне дербес код ретінде екі жақты қызмет атқаратын табиғи қасиетінен туындайды.

 

Əдебиеттер

  1. Иванов В.В., Топоров В.Н. Славянские языковые моделирующие семиотические системы (древний период). – М., 1965. – 246 с. – С.
  2. Толстой Н.И. О предмете этнолингвистики и ее роли в изучении языка и этноса // Ареальные исследования в языкознании и этнографии. Язык и этнос. – Л.: Наука, 1983. – С. 181-190.
  3. Цивьян Т.В. Модель мира и ее лингвистические основы. Изд.3-е, испр. – М.: КомКнига, 2006. – 280 с. – С. 24.
  4. Иванов В.В.Двоичная символическая классификация в африканских и азиатских традициях// Народы Азии и Африки. – 1969. – № 5. – С.105.
  5. Оразалиева Н.Э. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма: фил. ғыл. докт. ... дис. авторефераты. – Алматы, 2007. – 46 б. – Б. 41.
  6. Толстой Н.И. О традициях и результатах исследований, связанных этнолингвистической школой К.Мошинского // Ареальные исследования в языкознании и этнографии: Тезисы докладов и сообщений, 9-12 февраля 1971. – Л., 1971. – С. 5-7.
  7. Толстой Н.И. Из географии славянских слов // Общеславянский лингвистический атлас (материалы и исследования). – М.1965. – С. 133-147.
  8. Жуковская Н.Л. Бинарные оппозиции в традиционной монгольской культуре // Искусство и культура Монголии и Центральной Азии. Доклады и сообщения всесоюзной научной конференции. – М., 1983. – Ч. 1. – С. 127-138
  9. Иманалиева Р.Б. Этнолингвистические вопросы исследования пространственной ориентации в казахском языке (Сопоставительно-типологический аспект). – Туркестан, 2005. – 152 с. – С. 82-83.
  10. Смағұлова К.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері: Фил.ғыл.докт.диссерт. – Алматы, 1998. – Б. 292.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.