Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Т. Ахметжан туындыларындағы көркемдік-тілдік ерекшеліктер

Жазушы Талаптан Ахметжан – қазақ əдебиетінде өз қолтаңбасын қалдырған қаламгерлердің бірі. Жазушы қаламынан «Нобель сыйлығы», «Сынық қанат көбелек», «Сұлу мен суретші», «Айсəуле», «Тозақ оты», «Қылбұрау» сынды повестер, «Мұң», «О дүниенің қонағы», «Күнəһар», «Айқасқа», «Тұма», «Шəрбат», «Қара күз», «Қала мен қария», «Махаббат əуені» сынды əңгімелер мен пьесалар туды. Суреткер өз шығармашылығына бүгінгі дəуір шындығын, қоғамның ең келелі, өзекті мəселелерін арқау етеді. Бүгінгі зерттеуіміздің нысанына жазушының «Сұлу мен суретші», «Нобель сыйлығы» повестерін алып отырмыз. Мақалада аталған туындылардың көркемдік, тілдік, стильдік ерекшеліктері сөз болады. Жазушы қаламына тəн сөз қолданыстарына талдаулар жүргізіліп, олардың образ жасаудағы мүмкіндіктері қарастырылады.

Т. Ахметжан – қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен, ой тұғырымен ерекшеленетін жазушы. Оның шығармаларында рухани құндылықтарды жоқтаған мұң, трагизм жатыр. Бүгінгі қоғамның рухани жұтаңдығын терең сезіне білген жазушы шығармалары осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен өзекті ойларымен құнды. Жаһандану дəуірінде қоғамда бел ала бастаған еуроцентристік көзқарас аясында адамдардың дінсізденіп, иманнан айырылуы, рухани идеалдарды, құндылықтарды аяқ асты етуі жазушыны толғандырады. «Сұлу мен суретші» шығармасында адам тағдырының рухани драмасы жан-жақты талданады. Повестің негізінде драмалық ширығыс пен адамгершілік проблематика жатыр. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адамның санасындағы өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар талданады. Қожайынның үйінде болып жатқан нақтылы оқиғамен қатар қарт суретшінің өткен өмірінен сыр шертуі композициялық шегіністер арқылы суреттеледі. Мұнда ішкі монологтың бір элементі болып табылатын – еске алу, өткенге ой жіберу, шегініс молынан пайдаланылады.

Шығарма композициясы қосəлемемділік принципі бойынша құрылған. Повестің композициялық бітімінде уақыт ішіндегі уақытты бейнелеу арқылы қаламгер Шалдың бүгінгі пұшайман хəлі мен бұрынғы бақытты өмір тынысын жинақы қалыпта жарыстыра баяндайды. Шалдың өмірін күрт өзгерткен белгілі бір оқиғаның ойына оралуы санасының түкпірінде тығылып жатқан сан түрлі əсерлердің, ұғым-түсініктердің тууына түрткі болады. Ол жас кезіндегі қызықты, бақытты шақтарын еске ала отырып, тұңғиық ойға беріледі. Шығармада өткен мен қазіргі уақыт жымдасып, өткен күндер елесі кейіпкер жадында қайта жаңғырады.

Шығармада өмірдің өзінде өркен жайған мəңгілік трагедиялық қайшылықтарды бейнелеу тəсілі болған контраст поэтикасы үлкен көркемдік қызмет атқарады. Шалдың арманшыл да таза, бірақ əлеуметтік ортадан көп таяқ жеп, теперіш көрген сыршыл сезіміне Қожайынның атақ пен ақшаны барлығынан жоғары қоятын, жалғанды жалпағынан басып, адамгершілік заңдарынан да аттап кете алатын есебі қарсы қойылған. Екі кейіпкердің əлемі, екі дүниетаным параллель өрбиді. Қожайынның əлемі бүгінгі болып жатқан оқиғалармен өзектес болса, Шалдың оқиғасы өткен күндерді қозғайды.

Екі кейіпкердің əлемін суреттеудің өзіне сай лексикалық, стилистикалық бейнелеу құралдары бар. Қожайынға қатысты желіде қысқалық, нақтылық басым, бейнелілік аз. Шал «əлемінің», ой толғауының композициялық құрылымы, баяндау тəсілі кейіпкер өмірінің сезім қозғалысының интонациясын, динамикасын танытарлық сөйлем соңындағы леп белгілер... көп нүктелер, үзік-үзік ойдың желісі арқылы беріледі. Шал реалды болмыстан алшақ, оның өз əлемі бар. Ол қиялдың жетегімен өз «əлеміне» саяхат жасайды. Суретші сұлумен кездесетін сарайға кіргенде «ертегі əлеміне енгендей». Шалға қатысты желінің тілі де əсерлі, оқыс. Əсіресе, Т. Ахметжанның сөздік қорында мистикалық «сиқырлы» сөзі маңызды қызмет атқарады. Шын мəнінде, жазушы концепциясында өнер мен сұлулық ғажайып, сиқырлы күшке ие.

Шығармада Шалға контраст бейне – Қожайын. Шал қандай адал да таза, достық пен махаббатқа берік, сезімтал, материалдық байлықтан гөрі рухани бастауды жоғары қоятын, өмірге икемсіз адам болса, қожайын – соншалықты арам, залым, таза сезімдерден гөрі атақ пен даңқты, материалдық байлықты сүйетін, махаббатта тұрақтылығы жоқ тұрлаусыз адам. Шал да, оның ғашығы да көбінесе қалыптағы адамдардан өзгеше, ерекше, үлгілі кейіпкерлер қатарында екенін көреміз. Зерттеуші Ш. Елеукенов бүгінгі əдеби процесте махаббат тақырыбына жазылған романтикалық əуені басым шығармалардың бар екенін, оның ішінде «Сұлу мен суретшіні» «ішкі тартысы символистік зор мəнді əрекетпен аяқталатын» шығарма қатарында атай отырып, Шалдың романтикалық мінез ерекшелігі турасында былай дейді: «Талаптан туындысы адам жаны мен тəнінің екі ұдайылығын еске салады. Ұлы Абай айтқан «мен» жəне «менікі» арасындағы мəңгі қайшыластық заманына қарай не асқынады, не бəсеңсиді. Шал – романтиканың адамы. Қожайын секілді «боқтың қабы» емес. Рухани адам. Ал тиынтебенді тəңірі еткен нарық заманында ондай идеал адамның қалыпты өмір сүруіне жол қайсы ... дегізеді» [1, 189].

Шығармада мистикалық «сиқырлы күй», əуен маңызды орын алады. Осы таңғажайып, мұңды күй Шалдың құлағынан «Жұмбақ келіншекті» салып жатқан кездері де сыңсып кетпей қояды. «Мынау тап сол күй... таныс əуен... Жүрек суырар сазды күй... Міне, көктен қырандай сорғалаған алапат күш жанын зіл батпан салмақпен жаншыды-ай. Өткір тырнақтың улы бізі қабырғасына қадалған сайын тынысы тарылып, жүрегі қапасқа түскендей тыпыршыды-ай. Ең соңғы дем, ақтық дем... қазір қапасқа жарық сəуле түспесе бəрі біткені... Қиналыс... аласұру... жанұшыра жарыққа талпыну... Үзілді-ау, əттең, үзілді-ау... жо-жоқ, тар қапасқа нəзік бір сəуле түсті... бастыққан балапан көңіл қайтадан қанат қаға бастады; алып бүркіттің өткір тұяғы жазыла берді; ақ нұр бойға қуат дарытты; бебеулеген мұңды əуен салқын сабырға көшті де, екі күш таразы басында алма-кезек алмасып жеңіліс таба алмай тоқтады; біраз уақытқа дейін тербеліп тұрып аяқ астынан бөгетті бытшыт қылған селдің жойқын қуатындай тылсым күш қолтықтан демеп əкеткенде қыстыққан сырлы əуен қалықтап көкке бір-ақ шықты... Еркіндік... шексіздік... мəңгілік... мың құбылған кербез əуен қанатын сусылдата қаққан аққудай күнді айналып қалықтап барады... Күй əуенімен қоса шалдың да жаны күнді айналып қалықтап бара жатқандай...» [2, 105].

Шығарма мəтініндегі əуезділік қайталаулар, сөздердің ерекше орын тəртібі мен эпитеттердің ерекше орналасуы, эллипсис арқылы жүзеге асқан. Үзіндідегі əуезділік терең мазмұндық мəн жүктеген: оқырманның күнделікті көрінетін дүниелердің астарындағы тереңдікті, адам сезімдерінің əлеммен жасырын байланысын сезінуге меңзейді. Бұл «таңғажайып, мұңды күй» – Шалды еркіндікке, мəңгілікке əкететін, оның «жанының сонау шексіздікпен тылсым байланысы». Бұл күй оның жанын ғарышпен байланыстырады.

Қаһарман көңіл-күйінің романтикалық сипаттамасы өз семантикасында асқақтықты, жоғарғы экспрессия элементтерін құрайтын эмоционалдық бояуы мол лексикалық сөздерді іріктеу арқылы берілген: көк, қапас, сəуле,нұр, күй əуені, шексіздік, мəңгілік, жан жəне т.б.

Эпитеттер де экспрессивті мəнге ие: тылсым күш, жүрек суырар саз, балапан көңіл, қыстыққан сырлы əуен, нəзік сəуле, бебеулеген мұңды əуен, қанатын сусылдата қаққан аққудай кербез əуен жəне т.б. Жеке-авторлық эпитеттер экспрессивтілігімен, авторлық ойдың тереңдігімен ерекшеленеді. Эпитеттердің стилистикалық жүгі бар. Олар шығарманың идеялық нысанымен, оның философиялық мазмұнымен де тығыз байланысты. Эпитеттерге құмарлық Т. Ахметжан стиліне тəн. Бұл қазақ прозасы тілінің айрықша белгісі. Жоғарыдағы бейнелеу тəсілдері ауыз əдебиетімен, фольклорлық дəстүрлермен де тығыз байланысты.

Мұнда қалыпты романтикалық метафоралар да кездеседі: қыстыққан сырлы əуен жүрегі қапасқа түскендей тыпыршыды-ай, көңіл қайтадан қанат қаға бастады. Сонымен қатар айрықша, қалыптан тыс антонимиялық ұғымдарға (зеңгір көк пен тар қапас, бастыққан балапан – алып бүркіт, т.б.), ерекше сөз тіркестері мен дыбыстық қайталауларға көңіл бөлінген. Зеңгір көк пен қапастың антиномиясы сан қырлы өмірдің мəңгілік бітіспес қарама-қайшылығын суггестивті аяда астармен бейнелеген.

Жазушының жиі қолданатын синтаксистік тəсілдерінің біріне -ай, -ау шылаулары жатады. Олар ерекше психологиялық көңіл-күй тудырады, əуезділік пен суреттеліп жатқан оқиғаларға автордың қатынасын танытып отырады. Лирикалық сарын кейіпкердің ішкі арпалысынан ғана емес, автордың кейіпкер тағдырына алаңдап отыруынан да байқалады. Үзіндідегі «жаншыды-ай», «тыпыршыды-ай», «үзілді-ау, əттең, үзілді-ау» деген жолдарда автор өз кейіпкерлеріне ықыласын, оның іс-əрекетін сюжет шеңберінде ғана емес, өзінің субъективті көзқарасы арқылы көрсетіп отырады. Өйткені қаламгердің пайымдауында, Шал – қарапайым суретші болғанымен, көптің бірі емес, өз ортасынан «ерекше» жаны таза адам. Мұнда автор дауысындағы өз кейіпкеріне деген жанашырлығын аңғарамыз. Қаламгер өмір құбылыстарын өз жүрегінен өткізіп, оған қатынасын танытады.

Шылаулар сан алуан көңіл-күйлерді білдірудің бай мүмкіндіктеріне ие. Бұған оларды кез келген тілдік құрылымға енгізуге мүмкіндік беретін лексика-семантикалық жəне синтаксистік ерекшеліктері де септеседі. Жазушы өзінің шығармаларын монолог сияқты ғана емес, өз оқырманымен сенімді сұхбат ете де біледі. Осыдан келіп оқырманға қаратпа сөздер, сұрақтар, ескертпе, т.б. тəсілдермен қатар шылаулармен қатысты құрылымдарда да сөйлесу, сұхбаттасу белгілері көрінеді. Шылаулар мəтінді тірілтіп, поэтикалық қуат дарытады.

«Мынау тап сол күй... таныс əуен... Жүрек суырар сазды күй... Міне, көктен қырандай сорғалаған алапат күш жанын зіл батпан салмақпен жаншыды-ай» – деген сөйлемнің соңындағы -ай шылауы мұңды сезімді, автордың суретшіні аяу сезімін көрсетеді. Жеке интонация баяндауға белсене араласып, эмоционалдық ажар береді.

Повесте Шалдың күрделі тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс секілді əдеби тəсілдерге еріксіз жүгіндіреді. Монологтың драмалық кернеуі үлкен ойларға мегзейді. Авторлық баяндаудан біз болмысты Шалдың өмірге, өнерге, махаббатқа көзқарасы, дүниетанымы арқылы танимыз. Шал үшін маңыздысы – жүлделер алып, атағыңды шығару емес, өзіңнің сүйетін ісімен айналысу, сурет салу. Қожайынның шартына сол себепті де амалсыз көнеді. Бірақ өнердің адам ақылына сыймас, тылсым, құдіретті күші бар. Дарындылық – Құдайдың сыйы. Оны қадірлеп, аялай алмасаң, киесі ұрады. Жан-жүрегімен салған қайталанбас таңғажайып туындыларының қожайынның қанжығасында кетуі суретшіні бейжай қалдыра алмайды. Тағдыр тəлкегіне түскен Шал өз еңбегін, таланты мен өнерін қожайынға сатуға мəжбүр болғаны үшін ар азабына түсіп, іштей қиналады. Махаббат та, өнер де саудаға түскен мына заманда суретшінің де тірлігі үшін туындысын біреуге бере салғаны оның жанына қатты батады. Əлемде авторы белгісіз таңғажайып өнер туындыларының бар екені туралы оймен өзін жұбатпақ болады. Шалдың танымы бойынша өмір – аз күндік қызық, ал өнер – мəңгілік. Қорқыт ата аңызынан тамыр тартатын «өнер – мəңгілік» философиясы – «Сұлу мен суретші» шығармасының да алтын арқауы.

Шығарма шешімінде шалдың ажалының суреттен келуінің сыры бар. Суретшінің қазасы өзі салған «Қуғыншы» суретіндегі сойылдың соққысынан болады. Бұл суреттің символдық мəні бар. Ол оқиға өрісіне қарай сəл құбылып мəтінде бірнеше рет қайталанып беріледі:

«...Көз алдына ақ шағи көрпесін қымтана бүркеніп, бұйығып жатқан Алтайдың қыземшек жоталары елестеді. Үкідей үлпілдеген ұлпа қардың үстінде соңына түскен қуғыншыдан құтылмаққа жандəрмен күш салып, бар айла-тəсілін сарп еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып барады. Бірде оңға, бірде солға бір бұлт етіп, одан қалды жалт бұрылып, кері қашқанымен де жарау ат мінген қуғыншы қыр соңынан қалмай діңкелетіп, өкпесін өшіріп барып тура қара тұмсықтан ала темірдей қатты сойылмен сілтеп өткенде түз тағысы екі бүктетіліп барып омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып-қызыл қан дірдектеді... Əппақ қарға қып-қызыл қан тамды...Қып-қызыл қан...» [1, 117].

Т.Ахметжан синтаксистік параллелизмнің, стилистикалық қайталау сияқты түрін пайдаланады. Стилистикалық қайталау – қандай да бір стилистикалық тəсілді градуальды (мəтіннің арасы қашықтау бөліктеріндегі қайталау) жүзеге асыру. Егер симметриялық құрылымдар бірбірінен əжептеуір қашықтықта бөлінген болса, мұндай параллелизмді əдебиеттануда архитектоникалық деп атайды. Шығармада мағыналық жағынан аяқталған, ырғаққа бағынатын бөліктер пайда болады. Мұндай параллелизмдер мəтіннің жеке бөліктерінің арасында ассоциативті байланыс орнатып қана қоймай, авторлық бағалау модальдығының (қатынасының) тұрақтылығын айқын көрсетеді. Сол арқылы көркем шығарма тінінде кездейсоқ ешнəрсе болмайтынына көзімізді жетеді.

«Қуғыншы» суретінің шығарманың үш жерінде – басында, ортасында жəне соңында қайталануы сюжеттік баяндаумен тығыз байланысты. Бұл суреттің көркемдік қызметі маңызды. Ол сюжет түйінінің күрделі жəне шешуші тұсында баяндаудағы ширыққан сəтке эмоциялық ажар береді. Осы ретте «қып-қызыл қан» сөзіне айрықша акцент жасалатынын байқаймыз. Лейтмотив болған үзіндідегі күшейтпелі сын есімдер арқылы жасалған антитеза (қара тұмсық, қып-қызыл қан, əппақ қар), бірнеше рет əдейі қайталанған «қып-қызыл қан» сөзі символдық, əрі эмоционалдық мəн арқалаған.

Сол арқылы бір-біріне алыстау үш жерде қайталанған тұтастай үзінді шығармада ырғақ тудырады. Повестің экспозициясында осы суреттің «Ақжаймаға қып-қызыл қан тамды» деген сөйлеммен шығарманың шымылдығын ашуы болашақ жағдайдың трагедиялық, асқақтық табиғатын аңғартады.

«Сұлу мен суретші» повесінде экфрасисті көреміз. Көркем шығармада суреттің мазмұнын сөзбен суреттеу экфрасис деп аталады. Экфрасис – бейнелеу, кескіндеу өнерінің нысандарын əдебиетте сөзбен бейнелі етіп сипаттау, соның нəтижесінде образды бір семиотикалық жүйенің (кескін өнері) тілінен екіншісіне (əдебиетке) аудару жүзеге асады [3, 6].

Т. Ахметжан шығармаларына да поэтикалық əуезділік байқалады. Ырғақ тақырыпқа байланысты өзгеріп отырады. Қаһармандары мен автордың өзінің ой-толғаныстары, сезімдері күрделі синтаксистік құрылымдар арқылы беріледі. Ал күнделікті өмірдегі тез дамитын тұрмыстық оқиғаларды суреттеу үшін дербес жай сөйлемдерді қолданады. «Сұлу мен суретші» повесінде шалдың өмір, өнер, махаббат туралы толғаныстары басым болғандықтан, шығарма тілі де ырғақты, əуезді сипатымен, күрделі сөйлемдермен ерекшеленеді. «Нобель сыйлығында», керісінше, оқиға періштенің адамдардың іс-əрекеттерін сырттай бақылауға, бағалауға құрылғандықтан сөйлемдердің қарапайымдығы, құрылымның нақтылығы, фразалардың қысқалығы мен нақтылығы оқиғаны даму үстінде елестетіп, баяндауға үзік-үзік сипат берген.

Жазушы тілі бейнелеу құралдарына, эпитеттерге, метафораларға бай. Əрбір сөз шеберіне өзіне ғана тəн теңеулер жүйесі мен оларды мəтінде өзіне ғана тəн қолдану ерекшеліктері бар. Теңеулер, эпитеттер – жазушы поэтикасының өзіне тəн элементтерінің бірі. Олар экспрессивті мəнге ие. Қандай да бір дүниетанымнан туындай отырып, ассоциативті теңеулер мен тұрақты эпитеттерде қашанда автор тұлғасының қолтаңбасы болады. Өйткені суреттеу автор позициясы тұрғысынан жүзеге асады. Көркем шығармада бейнелеу құралы ре қолданылатын теңеулер модальдыққа ие, яғни суреттелетін дүниеге автордың қатынасын, позициясын танытады. Суретшінің картинасында немесе суретте ойдан басқа көңіл-күйдің берілетіні сияқты, кез келген тілдік образда да, соның ішінде теңеулерде де ой нысанының сезімдері, көңіл-күйлері, «экспрессивті бағалау контекстегі экспрессиямен байланысты» беріледі [4, 13].

Жазушы композициялық баяндау формаларының көмегімен интуитивтік, иррационалды сана тəрізді күрделі күйлерді де бейнелеуге тырысады. Шалға өңі, я түсі екені белгісіз халде ғашығының Бойжеткеннің жиырма жыл бұрын өз махаббаттарынан туғанын, өздерінің қызы екенін хабарлап кетуі, Шалдың өз перзентін түйсік арқылы сезуі оны екіұшты күйге түсіреді. Қиял мен шындық арасындағы суретшінің өлімі де шығарманың жұмбақ сипатын қалыңдатқан. Т.Ахметжан символикалық нышандар арқылы өз шығармаларындағы нақтылы болмыс пен фантастикалық сарынды үйлестіре біледі. Мысалы, «Нобель сыйлығы» повесінде періштенің жерге түсіп, адамдардың ар-ұятын, адамгершілік табиғатын сынақтан өткізуі, кейіннен адамдардың ағат тірлігінен қайтадан көкке қайта алмауы сияқты фантастикалық сарын мен қазіргі қоғамдағы ақшаға, саудаға негізделген қарым-қатынастар шындығы қатар өрілген.

Жазушы бүгінгі сауда заңына бағынған қоғамның рухани, адамгершілік көкейкесті мəселелерін жалпы адамзаттық деңгейге көтереді. Автордың айтатын ойының ауқымы глобальды, жаһандағы проблемалық мəселелерді көтереді. Т. Ахметжан адамзатты ежелден толғандырып келе жатқан, қазіргі уақытта да аса алаңдатып отырған мəселелерді түбегейлі шешуге тырысады.

 

Əдебиеттер

  1. Қазақ əдебиетінің тарихы: 10 томдық жинақ. Тəуелсіздік кезеңі (1991-2001). – Алматы: Қазақпарат, 2006. – 10 т. – 528 б.
  2. Ахметжан Т. Мұң: хикаяттар мен əңгімелер жинағы. – Алматы: Қазақпарат, 2003. – 236 б.
  3. Морозова Н.Г. Экфрасис в прозе русского романтизма: дис. ... канд. филол. наук: 10.01.01. – Новосибирск, 2006. – 210 с. 4 Федоров А.Н. Семантическая основа образных средств языка. – Новосибирск: Наука, 1969. – 92 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.