Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аударма үдерісіндегі трансформалау типтері

Бір тілдегі мəтіннің екінші тіл мəтініне аудару тəсілдерінің бірі трансформация болып табылады. Аударматануда аударма өзгертулері (трансформациясы) типтерінің бірнеше жіктеулері бар екендігі белгілі. Əрине, олардың барлығы тым шартты, трансформацияның түрлі типтерінің арасында қатал кедергі жоқ. Кейбір трансформацияларды түрлі типтерге жатқызуға болады. Бүгінгі таңда қазақ аударматануында трансформациялық операциялардың типологиясы түпкілікті зерттелмеген. Сондықтан бұл мақалада аталған мəселенің өзекті аспектілері қарастырылады. Жалпы, аударманың нəтижелі болуы аудармашының аялық біліміне, контексті түйсінуі мен шығармашылық талантына байланысты екені даусыз.

Аударма теориясында мəтіннің аудармадағы өзгерісі əр түрлі мəнге ие болады. Оның кейбіреулері аударма үдерісіндегі түрлі теориялық сипаттамаларымен толығымен сəйкес келеді. ал кейбірі операцияның мəнін сақтау кезінде атын өзгертеді. Аудармадағы мəтіннің өзгеруін трансформация терминімен жиі атайды. ХХ ғ. 50 жылдары атақты ғалым З.Харрис күрделі синтаксистік құрылымдар талдауының трансформациялық əдісінің негізгі принциптерін тұжырымдаған. Аталған термин осы негізде трансформациялық грамматикадан аударма теориясына енген.

Отандық аударматануда трансформация термині көптеген авторларда кездеседі. Бірақ оның қолданылуы аударма үдерісін сипаттаған кезде бірдей емес. Трансформация терминін дəйекті түрде Я.И. Рецкер, Л.С. Бархударов, А.Д. Швейцер жəне т.б. көптеген аударматанушы-ғалымдар қолданады.

Олар трансформация терминіне келтірілген анықтамаларда аударма үдерісін аударма операцияларының жиынтығы ретінде анықтай отырып, сол операцияларды «аударма трансформациялары» деп атаған. Бұл атау аударма теориясына арналған көптеген еңбектерде аударма өзгерістері терминімен қатар қолданылады. Нақтырақ айтқанда, аударма трансформациясы (аударма өзгерісі) аудармадағы бастапқы мəтіннің түрлі элементтерінің өзгеру операциясын білдіреді. Трансформация (трансформациялық ережелер, операциялар, тəртіптер) ұғымы генеративтік грамматикадан аударма теориясына енген бастапқы кезде трансформациялық ережелердің бес типін ажыратқан: пермутация (компоненттердің өзара алмасуы), түсіру(компоненттерді өшіру, кетіру, қысқарту), қосу, ауыстыру(компоненттердің орнын өзгерту), субституция (компоненттерді алмастыру). Негізінде компоненттердің өзара алмасуы олардың айтылымдағы өзара орын ауыстыруы болып табылатындықтан, пермутацияны ауыстырудың жеке жағдайы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан аударма теориясында трансформацияның төрт бөлікті типологиясы қалды: қосу, түсіру, орын ауыстыру жəне алмастыру.

Аударма трансформациясы мағынасын кейбір ғалымдар тіларалық ассиметрия терминімен бекітіп, тек аудармашылық трансформациялық іс-əрекеттерді ғана трансформациялық операциялар деп атауды ұсынады.

Белгілі ғалым Л.С. Бархударов трансформация терминіне сүйене отырып өзінің аударма концепциясын құрады. «Лингвистикалық аударма теориясының пəні аударма үдерісін тіларалық трансформация ретінде ғылыми сипаттау болып табылады», деп жазады зерттеуші [1, 116]. Аударма теориясында трансформация термині тек тілдің жалпы синхронды сипаттамасында ғана қолданыла алатындығын ескертіп кетеді.

Л.С.Бархударов «аударма үдерісінде жүзеге асатын барлық өзгертулер немесе трансформациялардың түрлерін төрт қарапайым типке апаруға болады деп есептеді. Олар: 1) ауыстыру; 2) алмастыру; 3) қосу; 4) түсіру. Ауыстыруды ол «аударма мəтіндегі тілдік элементтердің орнын (орналасу ретін) түпнұсқа мəтінмен салыстырғанда өзгерту» деп анықтады. Ауыстырылуы мүмкін элементтерге ол мəтіндегі сөздер, сөз тіркестері, күрделі сөйлемдердің бөлшектері (clauses) жəне жеке сөйлемдерді жатқызды. Зерттеуші аударма трансформацияларының ішіндегі ең жиі кездесетін түрі – алмастыруларды, тіл деңгейлерінің айырмашылығын негізге ала отырып, грамматикалық жəне лексикалық деп бөледі. Грамматикалық алмастырулар тобының ішінен ол сөз пішінінің, сөз таптарының, сөйлем мүшелерінің, күрделі сөйлемдегі синтаксистік ауыстыруларды ажыратады. Лексикалық алмастыру ретінде ол нақтылау, жалпылау жəне себеп-салдар қатынасына негізделген ауыстыруды қарастырады.

Аудармаға қосудың қажеттілігін тудыратын себептердің бірі ретінде Л.С.Бархударов түпнұсқа тіліндегі сөз тіркестерінің семантикалық компонентттерінің айқындалмауын, сөйлем құрылымын синтаксистік қайта құру кезінде қосымша компоненттерді қосу керектігі, сондай-ақ түпнұсқа тіліндегі грамматикалық құралдармен берілген мағыналарды лексикалық құралдармен жеткізу қажеттілігін айтады. Семантикалық тұрғыдан артық элементтерді алып тастау – түсіру болып табылады. «Негізінде трансформациялардың барлығы бір уақытта, бір-бірімен үйлесімділікте орындалады. Яғни, орын ауыстыру алмастыруға, грамматикалық өзгеріс лексикалыққа ұласады. Трансформацияның дəл осындай күрделі əрі кешенді сипаты аударманы қиын əрі күрделі етеді» [1, 173] – деп тұжырымдайды Л.С. Бархударов.

Л.С.Бархударов теориясында аудармашылық трансформациялар аудармалық тəсілдермен үндеседі. Ғалым осылайша ауыстыруды аудармашылық трасформацияның ең тараған əрі көп қырлы түрі екенін анықтаса, ал нақтылауды лексикалық ауыстырудың бір типі ретінде қарастыра отырып, оны тəсіл деп те атайды.

Белгілі аударматанушы З.Д.Львовская Бархударовтың ізімен аудармашылық трансформациялардың барлығын «эквиваленттті өзгертулер» деп атай отырып, оларды жоғарыдағы төрт қарапайым типке апарып қосады. Алайда, аудармашылық ауыстыруларды түрлерге басқаша жіктейді: а) ортақ типтің ауысуы, б) сөйлем мағынасының ауысуы, в) бір сөйлемді екі немесе бірнеше сөйлемге ауыстыру, г) нақтылау т.б. [2, 123]. Бұндай типология кез-келген классификацияға қажет нақты ортақ логикалық негіз қарастырылмағандықтан да шашыраңқы көрінеді.

Аударма трансформациясының типологиясын құрудың басқа да жолдары бар. Мəселен, В.Н. Комиссаров «өзгеру сипатына қарай аударма трансформациясы лексикалық, грамматикалық жəне лексика-грамматикалық деп бөлінеді деп жорамалдайды» [3, 375], яғни, тілдік жүйенің деңгейлерінің ажыратылуы негіз ретінде қабылданады. Лексикалық трансформация «түпнұсқа мен аудармадағы сөздер мен сөз тіркестерінің арасындағы формалық жəне мазмұндық қатынастарды сипаттайды». Комиссаров лексикалық трансформациялар тобын өз ішінен формалық өзгертулер мен лексикасемантикалық ауыстырулар деп бөле отырып, трансформация/транслитерация жəне калькалаудың біріншісіне жататынын жазады. Ал, лексика-семантикалық ауыстыруларға нақтылау, жалпылау жəне модуляция (мағыналық даму) жатады. Зерттеуші сөзбе-сөз аударма, сөйлемнің бөлшектенуі, сөйлемдердің бірігуін жəне грамматикалық ауыстыруларды грамматикалық трансформацияның жиі кездесетін түрі ретінде қарастырады. Зерттеуші лексикасы да, түпнұсқаның синтаксистік құрылымдары да өзгеретін аударма трансформациясын ерекше топ деп атайды. Лексика-грамматикалық трансформацияның кең тараған түрлеріне антонимиялық аударма, сипаттама аударма жəне компенсация тəсілдерін кіргізеді.

Аударматанушы Я.И. Рецкер барлық трансформациялар тппологиясын тілдік жүйелер деңгейіне негіздей отырып, лексикалық жəне грамматикалық деп бөледі. Ол лексикалық трансформацияны контекстегі бөтен тілдегі сөздің мағынасын ашатын логикалық ойлаудың тəсілдері деп анықтады. Я.И. Рецкер лексикалық трансформациялардың ішінен жеті ерекшелікті көрсетеді:

  1. мағыналардың дифференциациясы;
  2. мағыналардың конкретизациясы;
  3. мағына генерализациясы;
  4. мағыналық даму;
  5. антонимдік аударма;
  6. толығымен өзгерту;
  7. аудармадағы компенсация.

Зерттеуші: «Грамматикалық трансформациялар АТ нормаларына сəйкес аударма үдерісіндегі сөйлемнің құрылымының өзгеруі болып табылады. Трансформация сөйлем құрылымы толығымен немесе жартылай өзгеруіне байланысты толық немесе жартылай болуы мүмкін. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері алмастырылса, толық трансформация, ал тек тұрлаусыз мүшелері алмастырылса – жартылай болады. Сөйлем мүшелерінен басқа, сөз таптары да ауыстырыла алады», – деп қорытындылайды [4, 39].

А.Д.Швейцер аударма ғылымы туралы алғашқы терминдер тізімін жасай отырып, аударма əдістері мен трансформация тəсілдерін ажыратады. Оның концепциясында аударма əдістері аударма тəжірибесіне жатады, ал əдістердің негізін құрайтын трансформация көбіне аударманың теоретикалық моделінің элементтері болып табылады. Ол трансформацияны семантикалық жəне синтаксистік (грамматикалық) деп бөледі. Семантикалық трансформацияларды ол «ситуативті модельмен сипатталатын жеке сөздер мен айтылымдардың мағыналық құрылымының жалпы өзгертілуі» деп, ал синтаксистіктерді «айтылымның грамматикалық құрылымының өзгертілуі» деп анықтайды [5, 274]. А.Д. Швейцер семантикалық трансформацияларға:

  • векторлық алмастыру;
  • семантикалық компоненттерді қосу;
  • семантикалық категорияларды алмастыру;
  • семантикалық компоненттерді түсіру;
  • тасымал;
  • семантикалық компоненттерді бөлу;
  • семантикалық компоненттердің қайталануы;
  • кеңейту;
  • жылжыту;
  • семантикалық компоненттерді қысқарту;
  • тарылту – т.б. жатқызады.

Оның теориясында синтаксистік трансформациялар айтарлықтай орын алмайды. Ал, антонимдік аударма, жалпылау, нақтылауды А.Д. Швейцер аударма əдістері деп көрсетеді.

Ал ғалымдар Ж.П.Вине мен Ж.Дарбельне ең алдымен аударманың тікелей жəне жанама деп аталатын екі бағытын ерекшелеп айтады. Тікелей аудармаға олар кірме (транскрипция немесе транслитерация секілді), калькалау, сөзбе-сөз аударманы жатқызады. Жанама аудармаға – модуляция, адаптация, эквиваленция жəне транспозиция. Бірақ, олар оқырманға аударма терминдерінің глоссарийін бергенде, бұл тізімге алғашқы төртеуінің нұсқалары болатын басқа да əдістерді қосып береді. Атап айтсақ: амплификация, шассе-круазе, компенсация, қысқарту, эксплицитация, жалпылау, грамматикалау, имплицитация жəне партикуляризация (нақтылау).

Сонымен аударма өзгертулері (трансформациясы) типтерінің бірнеше жіктеулері бар екендігіне көз жеткіздік. Əрине, олардың барлығы тым шартты, трансформацияның түрлі типтерінің арасында қатал кедергі жоқ. Кейбір трансформацияларды түрлі типтерге жатқызуға болады. Бірақ бұл ерекшелік қағидаларды түсіну мен оны тəжірибеде қолдануда соншалықты маңызды емес. Сонымен, біздер аударма үдерісін бір тілдегі мəтінінің екінші тіл мəтініне трансформациясы екенін анықтадық. Аударма кезінде əрқашан бірі екіншісіне тəуелсіз жасалатын бастапқы, ал екіншісі біріншісінің негізінде анықталған операциялар – тіларалық трансформациялар арқылы жасалатын екі мəтін болады. Өзгерту операциясы кезінде бастапқы болып қарастырылатын БТ(бастапқы тіл) бірліктері сипатына қатысты аударма трансформациялары лексикалық жəне грамматикалық болып бөлінеді. Сондай-ақ, кешенді лексика-грамматикалық трансформациялар бар.

Контекстегі өзге тілді сөздің мағынасын ашатын жəне оған сөздіктегілермен сəйкес келмейтін баламасын табатын сөздерді лексикалық трансформациялар деп атау қабылданған

Аударма үдерісінде БТ жəне АТ(аударылатын тіл) қатысуымен қолданатын лексикалық трансформациялардың басты түрлері: аударма транскрипциясы мен транслитерациясы, калькалау мен лексико-семантикалық ауыстырулар (нақтылау, жалпылау, модуляциялау). Көп таралған грамматикалық трансформацияларға: синтаксистік ұқсастық (сөзбе-сөз аударма), сөйлемнің бөлшектенуі, сөйлемдердің бірігуі, грамматикалық ауысулар (сөз, сөз таптары немесе сөйлем мүшелерінің формалары). Кешенді лексико-грамматикалық трансформацияларға антонимдік аударма, экспликация (бейнелеу аударма) жəне компенсация жатады.

Транскрипция жəне транслитерация – бұл түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің қалпын АТ əріптері көмегімен құрудың əдістері. Транскрипция кезінде шет тіл сөзінің дыбыстық қалпы, ал транслитерация кезінде графикалық қалпы (əріптік құрам) жаңғырады. Қазіргі аударма тəжірибесінде жетекші тəсіл транслитерацияның кейбір элементтерінің сақталуымен жүретін транскрипция болып табылады. Тілдің фонетикалық жəне графикалық жүйелері бір бірінен ерекшеленетіндіктен, БТ сөз формасының аударма тіліне берілуі біршама шартты жəне ұқсас: kleptocracy-клептократия (ұрлық элитасы), skateboarding-скейтбординг (роликті тақтада сырғанау). Тілдің əрбір жұбына БТ сөзінің дыбыстық құрамының берілу ережелері шығарылады, транслитерация элементтерінің сақталуы мен осы уақытта қабылданған ережелер ішінен дəстүрлі шектеулер көрсетіледі.

Ағылшын-орыс аудармаларында транскрипция кезінде жиі кездесетін транслитерация элементтеріне: кейбір айтылмайтын дауыссыздар мен редуцияланған дауыстылар (Campbell [‘kæmbel] Кэмпбелл жəне т.б.)қос дауыссыздардың дауыстылар арасында жəне сөз соңында дауыстыдан кейін берілуі (Bonners Ferry Боннерс Ферри, boss – босс) жəне белгілі үлгілерге аудармада сөздің дыбысталуын жақындатуға мүмкіндік беретін, сөздер орфографиясының кейбір ерекшеліктерінің сақталуы (Hercules missile – «Геркулес» зымыраны, Columbia – Колумбия) жатады. Дəстүрлі шектеулер тарихи тұлғалардың есімдері мен кейбір географиялық атаулардың аудармасына тиесілі (William III – Виьгельм III, Charles I Карл I, London-Лондон).

Калькалау бұл оның құрама бөліктері – АТ морфемасы мен сөздердің лексикалық сəйкестіктерінің ауысуы арқылы жасалатын түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің аудармасы. Калькалаудың маңызы бастапқы лексикалық бірліктің құрылымын көшіретін АТ жаңа сөздің немесе тұрақты тіркестің құрылуына негізделуінде жатыр. Мысалы, аудармашы superpower «мықты мемлекет», mass calture – «көп мəдениет», land-based missile – жерасты базалауының зымыраны, Rapid Deployment Force – тез жайылу күші деп аудара отырып, дəл осындай əрекет жасайды. Аударма үдерісінде транскрипция мен калькалаудың бір мезгілде қолданылатын тұстары да бар: transnational – трансұлттық, petrodollar – мұнайдоллар жəне т.б.

Нақтылау сөздің немесе БТ тіркесінің кең заттық-логикалық мағынасынан АТ сөзі мен тіркесіне барынша тар мағынада ауысуы. Нақтылаудың қолданылуы АТ кең мағынадағы сөздің болмауына байланысты. Нақтылаусыз орындала беретін дифференциациялаудан мағынаны нақтылаудың айырмашылығы – ол дифференциациясыз жүзеге аспайды. Ағылшын мен француз тілдерінің лексикалық бірліктерінің сəйкестігіне қарағанда, нақтылау орыс тілінің лексикасына тəн қасиет. Оны лингвистер де атап көрсетеді. Мəселен, ағылшынның «meal» сөзі түрлі сөйлеу стильдерінде қолданылады. Meal сөзінің баламасы: принятие пищи, еда. Бірақ Have you had your meal? тіркесін аудару кезінде бұл баламаларды мүлде пайдалануға болмайды. Тəулік уақыттарына байланысты былайша айтуға тура келеді: Вы уже позавтракали? Пообедали? немесе Поужинали? Сондықтан, ережеге сəйкес, «meal» сөзін аудармада «таңғы ас, түскі ас, кешкі ас» т.б. тіркестерімен ауыстыру біршама нақты:

At seven o’clock an excellent meal was served in the dining-room.

Асханада сағат жетіде өте жақсы түскі ас берілді.

Егер тіркес ағылшын романынде не əңгімесінде кездессе, онда нақты жағдайды (ең алдымен əлеуметтік) білу қажет болады, себебі ауқатты буржуазиялық отбасынан шыққан ағылшындық үшін түскі ас уақыты жұмысшы отбасының кешкі ас уақытымен сəйкес келеді.

Нақтылау ағылшынның to say мен to tell «сөйлеу» етістіктерінде кең таралған, олар орыс тіліне тек «сөйлеу» немесе «айту» деп аударылып қана қоймайды, «тіс жару, қайталау, ескеру, мақұлдау, хабарлау, сұрау, қарсы шығу, бұйыру» жəне т.б. баламаларын қолдануға болады.

“So what?” I said.

Сонымен не? – сұрадым мен.

He told me I should always obey my father.

Ол маған əкемді əрқашан тыңда деп кеңес берді т.б.

Генерализация (мағынаны жалпылау) біршама тар мағынасы бар БТ бірліктерінің кең мағынадағы АТ бірліктеріне ауысуы, яғни өзгеруі.

Мағынаны жалпылау тəсілі дифференциациялау мен нақтылау тəсілдеріне қарама-қарсы болып табылады, себебі ол жекені жалпыға, түрлік ұғымды топтыққа алмастырады. Ағылшын не француз тілінен орыс тіліне аудару кезінде бұл əдіс дифференциациялау мен нақтылауға қарағанда сирек қолданылады. Бұл ағылшын мен француз лексикасының ерешеліктеріне байланысты. Осы екі тілдің сөздері сол мағынаға қатысты орыс сөздеріне қарағанда абстарктылы сипатқа ие болады. Мəселен, орыстың көркем шығармаларында кейіпкерлердің бойы мен салмағы (егер бұл спорттық түсінікке байланысты болмаса) мұқият дəлдікпен көрсетілмейді. Ал ағылшын түпнұсқасындағы a young man of 6 feet 2 inches орыс тіліне «ұзын бойлы жас жігіт» деп тəржімаланады. Генерализация əдісі АТ бірліктері бойынша жүйелі сəйкестіктер де құруы мүмкін: foot – аяқ, wrist watch – қол сағаты жəне т.б.

Модуляция немесе мағыналық даму деп мəні бастапқы бірлік мағынасынан логикалық түрде шығатын, БТ сөзі не тіркестерінің АТ бірліктеріне ауысуын айтады. Яғни, сөздіктегі сəйкестікті аударма кезінде онымен логикалық тұрғыдан байланысқан мəнмəтіндік сəйкестікпен ауыстыру болып табылады. Түпнұсқа мен аудармадағы сөздер мағыналық жағынан себепсалдар қатынастарымен де жиі байланысады: I don’t blame them – Мен оларды түсінемін (себеп салдармен алмастырылған: мен оларды түсінгендіктен, мен оларды кінəламаймын) жəне т.б. Модуляция əдісі қолданылғанда себеп-салдар қатынастары анағұрлым кең сипатқа ие, бірақ екі атау арасындағы логикалық байланыс əрқашан сақталады.

Синтаксистік ұқсастық – бұл түпнұсқаның синтаксистік құрылымының АТ аналогтық құрылымына ауысатын аударманың əдісі. Трансформацияның бұл «нольдік» түрі БТ мен АТ параллельді синтаксистік құрылымдары болған жағдайда қолданылады. Синтаксистік ұқсастық тілдік бірліктер санының толық сəйкестігі мен олардың түпнұсқа мен аудармада орналасуының ретін келтіруі мүмкін: I always remember his words. – Оның сөзі əрқашан менің есімде. Ағылшын тілінен орыс тіліне аударылу кезінде, мысалға, артикльдер, көмекші етістіктер, басқа көмекші элементтер, сондай-ақ морфологиялық формалар мен кейбір лексикалық бірліктердің өзгеруі болады.

Синтаксистік ұқсастық ағылшын-орыс аудармаларында кең қолданылады. Аударма кезінде сөйлем құрылымының өзгеруі аударма эквиваленттілігін сөзбе-сөз аударма арқылы жасау мүмкін еместігімен түсіндіріледі.

Сөйлемнің бөлшектенуі – бұл түпнұсқадағы сөйлемнің синтаксистік құрылымының АТ екі немесе анағұрлым предикативті құрылымдарына өзгеретін аударманың тəсілі. Бөлшектенудің трансформациясы БТ жай сөйлемінің АТ күрделі сөйлеміне өзгеруіне немесе БТ күрделі сөйлемдерінің АТ бірнеше жай сөйлемдеріне айналуына əкеледі:

Both engine crews leaped to safety from a collision between a parcels train and a freight train near Morris Cowley, Oxfordshire.

Оксфордшир графтығында Моррис Коули бекетіне жақын жерде пошта жəне тауар пойыздары соқтығысты. Екі пойыз бригадасының мүшелері жолда пойыздан секіріп, аман қалды.

Мысалда бөлшектенудің трансформациясы аударуға қиын ағылшынның leaped to safety тіркесінің мағынасын беруге жəне оқиғаларды

бейнелеудің орыс тіліндегі біршама табиғи реттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (алдымен соқтығыс болды, кейін бригада мүшелері аман қалды).

Сөйлемдердің бірігуі – бұл түпнұсқаның синтаксистік құрылымындағы екі жай сөйлемнің бір күрделі сөйлемге бірігуі арқылы өзгеретін аударма əдісі. Бұл алдыңғысына қарағанда қайшы трансформация.

That was a long time ago. I seemed like fifty years ago.

Бұл бұрын болды елу жыл өткен секілді көрінді.

Бірігуде трансформацияның қолданылуы көршілес сөйлемдер арасындағы предикативті синтагмалардың қайта таратылуымен жиі байланысты, яғни бірігу мен бөлу бір мезгілде жасалады – бір сөйлем екі бөлікке бөлінеді де, бөліктердің біреуі басқа сөйлеммен бірігеді.

Грамматикалық ауыстырулар – бұл түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің АТ грамматикалық мағынасына өзгеретін аударманың түрі. Ауысуға БТ грамматикалық бірлігі түседі: сөз формасы, сөз бөлігі, сөйлем мүшесі жəне сөйлем.

Аударма тəжірибесінде грамматикалық трансформациялар əдетте лексикалық трансформациялармен байланыстырылады. Көп жағдайларда сөйлем құрылысындағы өзгерістер грамматикалық емес, лексикалық себептерден болады. Көбіне сөйлемнің коммуникативті жүгі сөзді (немесе бірнеше сөзді) мұқият таңдауды қажет ететіндіктен, оның аудармада дəл жəне дұрыс бейнесін жасау үшін аудармашы сөз формасын, оның грамматикалық категориясын сəтті таңдау керек. Аудармада ағылшын немесе француз тіліндегі зат есімді орыс тіліндегі етістікпен алмастыру бүкіл сөйлем құрылысының өзгеруіне əкеліп соқтыруы мүмкін. Сонда да теориялық тұрғыны былай қоя тұрып, практикалық тұрғыда грамматикалық трансформацияларды бөлек қарастырған жөн.

Аударма үдерісінде түрлі факторлардың əсерінен аудармашының грамматикалық трансформацияларға жүгінуіне тура келеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары сөйлемді толық не ішінара қайта құрудан, аудармада сөз табы мен сөйлем мүшелерін ауыстырудан тұрады. Ағылшын немесе француз тіліндегі мəтіндерді аудару кезінде, мейлі ол көркем, публицистикалық, тіпті газеттік мəтін болсын, сөйлемнің грамматикалық құрылымына қарағанда, жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарына неғұрлым жиі тоқталасың. Аудару кезінде жазушының өзіндік стилінің ерекшеліктері ғана қиын мəселе бола алады. Ағылшын жəне француз тіліндегі синтаксистік құрылымдардың басым көпшілігі орыс тіліне соншалық жақын немесе əдеттегі орыс аналогтарымен жеңіл берілетіндігі сонша – білгір аудармашыға аса қатты қиындық туғызбайды.

Ал, атақты жазушылар – Диккенс немесе Генри, Хэмингуей немесе Фолкнер сияқты жазушылардың стилистикасы жағынан күрделі шығармаларының аудармасы басқа мəселе. Олардың шығармаларындағы кең жайылған құрмалас сөйлемдер əрқашан өз алдына күрделі стилистикалық-синтаксистік бүтін болады жəне мұнда лингвистикалық талдау терең əдебиеттанулық, дəлірек айтқанда, аталған жазушы шығармашылығының идеялық-көркемдік талдауынсыз дəрменсіз болады.

Аударма үдерісі кезінде, мысалы, ағылшынның сабақты етістігіне орыс тіліндегі сабақты етістік сəйкес келмейді. Аудармада синтаксистік құрылымдарды жеткізудің функциональды принциптері семантикалық жəне экспрессивтістилистикалық қатынастағы сөйлем қызметін анықтаушы рөлге негізделеді. Еуропалық тілдер сөйлемнің формасы, типіне қарай бір-біріне ұқсайды. Сондықтан аударма тəжірибесінде сөйлем құрылымын дұрыс түсінбегендіктен болатын қателіктер өте сирек кездеседі. Əрине, бұл шет тілін жетік меңгерген білікті аудармашыларға қатысты.

Тіпті орыс тілінде формальді сəйкестігі жоқ ағылшын тіліндегі синтаксистік құрылымдар көп жағдайларда білікті аудармашыларға қатты қиындықтар туғызбайды. Ағылшын тілінің қарапайым грамматикасын білу герундиальді кешенге алмастыруды немесе перфектті инфинитивті құрылымдарды табу үшін жеткілікті. Синтаксистік құрылымға қосымша мазмұндық немесе экспрессивті-стилистикалық қызмет қосылғанда басқаша жағдай туады.

Грамматикалық трансформациялар аударма үдерісінде АТ нормаларына сай сөйлем құрылымын қайта жасаудан тұрады. Сөйлем құрылымы толықтай не ішінара өзгеруіне байланысты трансформациялар толық не ішінара бола алады. Əдетте, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ауыстырылғанда толық трансформация жүреді, ал тұрлаусыз мүшелері ауыстырылса – жартылай трансформация жүреді. Сөйлем мүшелерінен басқа сөз таптары да алмастырылады. Көбіне бұлар бір уақытта жүреді.

Аударма үдерісіндегі грамматикалық ауысудың кең таралған түрі сөз таптарының ауысуы болып табылады. Ағылшын-орыс аудармаларына зат есімнің етістікпен жəне сын есімнің зат есіммен ауысуы тəн. Сөйлем мүшелерінің, сөйлем түрінің ауысуы, бөлшектенудің немесе бірігудің трансформациясы синтаксистік қайта құруға əкеледі. Аударма үдерісінде күрделі сөйлем жай сөйлеммен алмасуы, сабақтас сөйлем салалас сөйлеммен, шылаулар арқылы байланысқан күрделі сөйлем шылаусыз жай сөйлеммен жəне керісінше ауысуы мүмкін. Антонимдік аударма (шендестіре аудару) – бұл түпнұсқадағы болымды форманың аудармада болымсыз формаға ауысуы немесе керісінше болымдының болымсызға өтуі, БТ лексикалық бірлігінің қарама-қарсы мағынасындағы АТ бірліктеріне ауысуы арқылы көрінетін лексика-грамматикалық трансформация:

Nothing changed in my home town. – Менің туған қаламда барлығы сол қалпында.

Ағылшын-орыс аудармаларында бұл трансформация ерекше жиі қолданылады. Мысалы:

She is not unworthy of your attention. – Ол толығымен сіздің назарыңызды иеленуге еңбегі сіңді.

Антонимдік аударманың қолданылуы басқа трансформациялардың (лексикалық жəне грамматикалық) қолданылуымен сай келеді:

The people are not slow in learning the truth. 

Адамдар шындықты тез біледі. (антонимдік аударма сөйлем мүшелері арқылы ауысады – сын есімнің үстеуге).

Экспликация немесе бейнелеу аудармасы – бұл БТ лексикалық бірлігінің оның мағынасын экспликациялайтын тіркеспен ауысатын, яғни осы мағынаның АТ көп не аз мөлшерде толық түсініктеме немесе анықтама беретін лексикаграмматикалық трансформация. Экспликацияның көмегі арқылы түпнұсқадағы əрбір эквивалентсіз сөздерге мағына беруге болады: whistlestop speech – үміткердің сайлау алдындағы агитациялық сапарына енердегі кіріспе сөзі жəне т.б. Компенсация (орнын толтыру, өтеу) – бұл түпнұсқада БТ бірліктерін аудару кезінде жоғалтқан мағына элементтерінің, аударма мəтінінде қандай да бір басқа əдіс арқылы берілетін аударманың тəсілі. Сонымен, жоғалған ой толықтырылады («қалпына келтіріледі») жəне бүтіндей түпнұсқа мазмұны толықтырылып қайта жаңғырады. Осыған орай түпнұсқаның грамматикалық тəсілдері лексикалық тəсілдермен жəне керісінше ауысады.

Қорыта айтқанда бұлай бөлудің шартты екенін тағы да ескерте кетеміз. Жалпы аударманың нəтижелі болуы аудармашының аялық біліміне, контексті түйсінуі мен шығармашылық талантына байланысты екені даусыз.

 

Əдебиеттер

  1. Бархударов Л.С. Язык и перевод. – М., 1975.
  2. Львовская З.Д. Теоретические проблемы перевода. – М., 1985. 3 Комиссаров В.Н. Лингвистика перевода. – М., 1980.
  3. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика. – М., 1974.
  4. Швейцер А.Д. Теория перевода: Статус, проблемы, аспекты. – М., 1988.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.