Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ж. Баласағұнның «Құтадғу біліг» шығармасы тіліндегі троп түрлерінің қолданысы

Мақалада түркі əлемінің орта ғасырдағы тарихи-əлеуметтік жəне мəдени-рухани болмысын танытатын аса құнды мұраның бірі ─ Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасы тіліндегі троп түрлері жайында сөз қозғалады. Орта ғасыр тұғырлы мəдениетінің көркем ойлау жүйесі тілдік бірліктер арқылы кешенді түрде ғылыми сараланады. «Құтадғу білік» шығармасы тіліндегі метафора, эпитет, метонимия, теңеулердің қолданысы жəне олардың семантикалық сипаты ашылады. Қазақ тілінің сөздік қорының байлығы, тіліміздің ұлылығы, Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасы деректерімен сабақтастырыла қарастырылады.

Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» тіліндегі троп түрлерін анықтау арқылы орта ғасыр түркілерінің дүниетанымын, тілдік ерекшелігі айқындалады. Философиялық ой-түйіндер, даналық сөздер көріктеу құралдары – метафоралар, теңеулер, метонимия, эпитет арқылы танылып, орта ғасыр түркілерінің көркем ойлау жүйесін айқындайды. Қазақ тілінің тілдік ерекшеліктерінің ертедегі бастау көздерін «Құтадғу білік» шығармасынан іздеу мол материалдар мен жаңалықтар береді.

«Құтадғу білік» шығармасы философиялық толғамдарымен де, поэтикалық ойлау ерекшелігімен сол дəуірдегі өнер өрісін, көркемдік таным мен ой-сананың биігін аңғартады.

Жүсіп Хас-Хажибтің «Құтадғу білік» атты еңбегі (ХІ ғасыр) Орта Азия, Шығыс Түркістан жəне Қазақстан түркі халықтарының көркем əдеби шығармаларының ішіндегі ең алғашқысы жəне ең көнесі болып есептеледі. Мəдениетіміздің ерте дəуірінің ұлы ескерткіші болып саналатын «Құтты білік» дастаны – орта ғасырдың ірі құбылыстарының бірі. Араб графикасымен жазылған, көлемді, мазмұнды, құнды, тарихи маңызы бар, Орта Азия түркі халықтарының ортақ мұрасы. Қайсы халықтың болса да, тілі, оның тарихымен тығыз байланысты. Аталған еңбек түркі халықтарының тілін, əдебиетін, мəдениетін, дүниетанымын, тарихын, салт-дəстүрін, зерттеуде бағалы дерек екені сөзсіз [1, 25].

Бұл мұраның тағы бір қайталанбас қасиеті – түркілігі, түркілердің төл қазынасы болуы. Қазіргі түркі халықтарының қайсы бірі болса да, аталмыш еңбекте өз шығу тегін, өз тілінің бұрынғы болмыс бітімін көз алдына елестеді. Қазіргі тілдермен салыстырады.

Ж. Баласағұнның өзіндік əлеміне бойлай ену үшін, оның «Құтты білік» шығармасын терең зерттеп қарастырған жөн. Жалпы Жүсіп Баласағұнды «тілдік тұлға» деңгейіне жеткен ақын, білімді, шешен, ділмəр деп тануға болады.

Тілдік тұлғаның табиғатын ашып, суреткерлік шеберлігін тану үшін оның тілінде қолданылған троп түрлеріне зер саламыз. «Жазушының дүниені ерекше көркем түсінуі, сезінуі, оның көркемдік əдісі міндетті түрде оның шығармасында көрініс табады» [2, 112]. Ж. Баласағұнның тіліндегі теңеу, эпитет, метафоралар қолданысы қазақ тіліндегі дəстүрлі қолданыспен сабақтас. Көрнекті тілдік тұлғалардың тілінде қалыптасатын мұндай жүйе – заңды құбылыс. Ж. Баласағұн тіліндегі бейнелі теңеулер эпитеттік сипатта түркілік дəстүрлі үлгісінен туындаған, сондай-ақ, бұрын қолданылмаған тың теңеулер тобы да молынан ұшырасады. В.А.Маслова теңеудің табиғатын лингвомəдениеттану ғылымының өзекті мəселесі деп есептейді: «Халықтық діл (менталитет) жəне рухани мəдени тіл бірліктері алдымен олардың бейнелік мазмұндары арқылы жүзеге асады» [3, 145]. Жүсіпте дəстүрлі tag, teg / дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер көптеп кездеседі. Мысалы Құтты біліктің Герат нұсқасының 5729 жолында бұл дүниенің мүлігін ашты суға теңейді: aciγ sub teg kör ol bu dünja neŋi бұл дүние мүлкі ашты судай көрінер [4, 4].

«Құтадғу біліг» тілінде кездесетін теңеулер: жортқан бұлттай, толған айдай, қайыңдай, малдай, құстай, батырдай т.б.

Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым, Ескен желдей тірлігімді тауыстым (ҚБ 6520). Қара жұпар басыма ақты жолаттым,

Толған айдай жүзді қайда жоғалттым? (ҚБ 6530).

Оқтай түзу, қайыңдай тік едім мен, Садақтай боп иілдім һəм жеңілдім (ҚБ 6530). Ішпек-жемек болса, малдай жалмадым, Тілек-нəпсі үшін шаңды қармадым (ҚБ 6535). Аңға түскен құстай ессіз атылдым,

Ұшқан құстай ұшырдым мен атымды (ҚБ 6535).

Кеуде кердім жауды жеңген батырдай,

Қалдым қатып қара тастай-тасырдай (ҚБ 6535).

Адам есіміне қатысты теңеулер де жұмсалған: Исадай, Нұшырбандай, Қайсарша, Шаддадуше, Ескендірше т.б.

Не Исадай ұшып көкке шығайын, Нұшырбандай əділ заңды құрайын! (ҚБ 6550). Хұсрау, иə Қайсарша өмір бастайын, Шаддадуше бейіш бағын баптайын (ҚБ 6545). Ескендірше бар жаһанды алайын,

Нухтың жасын беріп ұзақ қалайын (ҚБ 6545).

Сондай-ақ жанарымдай, судай, теңіздейін, жебедей, лебіндей, жасындай, тасындай, түстей теңеулері қолданылған:

Егер, тапсам, опалы ер, ағайын, Көшер ғұмыр көшті желдей аңырап,

Өкініштің мұң-шеріндей жамырап... (ҚБ 6550).

Көтеріп ап, жанарымдай бағайын! (ҚБ 6565).

Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын,

Жанды судай біліктен күш табасың (ҚБ 6600).

Ақыл берген теңіздейін телегей,

Биіктерге самғасын деп жебедей (ҚБ 6645). Естінің сөзі – хауыздың лебіндей есер, Есердің сөзі – сүйреңдеп өз басын кесер (ҚБ 592).

Əр сауалың асыл болсын жасындай,

Ауыр тисін диірменнің тасындай (ҚБ 592). Бұл дүние қып-қысқа көрген түстей, Қадірін білген дұрыс көрге түспей (ҚБ 595)[5].

Өмірдің өткінші екені, желдей есіп өтетіні мына жолдарда теңеу арқылы берілген: inanta tiriglikkä jel teg kecär не верь жизни, она проходит как ветер (QBN10310) [4, 254].

Аспанды күлімдеген қызға теңейді: qalïq qïz külär teg jiristi tisin небо, как смеющаяся девица, обнажило свои зубы (QBN41611) [4, 263].

Ж. Баласағұн тіліндегі троп түрлерінің бірі – метафора (балау). Жүсіп дастанында түркі танымындағы дəстүрлі ұқсатулар (ассоциациялар) мол орын алған. Метафоралық қолданыс сөз қолданушының айырым танымының сол тілдегі мінезін жан-жақты бейнелейді. Жүсіп поэзиясынан метафоралық қолданыстардың өзіндік өрнегін байқаймыз. Метафоралық қолданыстарды номинативтік, бейнелі, когнитивтік деп жіктеуге болады. Номинативтік метафораларға ава/апа жатады. АВА (апа) сөзі баба мағынасында жұмсалған: aba jazti ersa bajat qinati (ҚБГ 10021).

Сын есім негізді номинативтік метафоралар да көрініс тапқан. Қара сын есімінің даму өрісінде «халық» номинативтік метафоралы мағына жасалған: qaraqa bilig berti bilgä acuq данагөй халыққа ашық ақыл берді (ҚБГ 4118) [4, 7].

Етістікке негізделген номинативтік метафоралар да кездеседі. Мысалы, кесу етістігінің даму өрісінде метафоралар жасалған. Алғашында кесу етістігі «өткір құралмен шорт қию, тілу, кесіп алу, тастау» мағынасына ие еді. Аталған сөздің даму барысында «сөз кесу» (сөзін бөлді) абстрактілі номинативтік метафора жасалған. Ол Жүсіп Баласағұн шығармасының мына жолында қолданылған: sözin kesti qoptï adaqïn örü / esänlästi ebkä jüz urtï körü сөзін кесті, аяғымен тұрды, қоштасып үйге қарай жөнелді (ҚБГ 13726) [4, 8]; sözin kesti actï aγï qaznaqï / ülädi üküs neŋ cïγajlar һaqi сөзін кесті, қазынаны ашты / жəне көп заттарды кедейлер үшін бөліп берді (ҚБН 8610) [4, 17]. Сондай-ақ könül jïrtï/ көңіл жырту метафорасы мына жолдарда берілген: könül jïrtï jas tökti iki közi это разорвало его сердце, и из обоих его глаз потекли слезы (QBN1381). Көне түркі сөздігінде jïrt сөзінің мына мағыналары көрсетілген: 1. Рвать; 2. Перен. рвать, разрывать (о сердце) [4, 268]

Жүсіп метафорасында жан-жануар, ағаш, тұрмыстық-салт, абстрактілі лексика да кездесіп отырады. Бейнелі метафораға бөрі, қозы сөздері жатады. Мысалы бейбітшілік өмірді бөрі мен қозының бірге жүруіне ұқсатады: acunluγ belinkä batï qut qurï / qozï birlä qatlïp jorïdï böri / елге құт қонып бақытқа кенелді / қозы мен бөрі бірге жүрді (ҚБГ 4736) [8, 6]. Ақыл-дос бейнелі метафора Құтты біліктің 353 жолында қолданылған: uqus ol saŋar edgü andlïq adas ақыл – ол саған ант берген мейірімді досың (ҚБН 353) [4, 9].

Сондай-ақ Жүсіп бəйіттерінде қызды «құсқа», оның ішінде «аққуға» балайды. Метафора əлемді танудың үлгісі, сондықтан ауысулардың жаңа түрлері Орхон-Енисей ескерткіштері үлгісімен жасалғандай көрінеді. Жүсіптің тілдік шеберлігіне əсер етуші фактордың бірі көне түркілік мол білім екені байқалады. Сол себепті кейде көне ескерткіштер сабақтастығы метафоралық қолданыстарда көрініс тауып отырады.

Метафораға негізделген эпитеттер де баршылық. Мəселен, acïγ söz/aшты сөз (адам жанына бататын сөз, қатты сөз) эпитеті жұмсалған: tügük jüz acïγ söz kisig tumlïtur қатал жүз ашы сөзді адам түңілдіреді (ҚБГ 9431) [4, 4]; ата сөзі – қант шекер бейнелі метафорасы 5150 жолда жұмсалған:

Өсиетін айтты атаң кетерде,

Ата сөзі – тұтсаң – қант, шекер де! (ҚБ 5150).

Сондай-ақ аш бөрі, ұзын тонлы метафоралары да сəтті қолданылған.

Сені қалың аш бөрілер торып жүр,

Ей, ел ері, қойды қатты қорып жүр (ҚБ 5160).

Ұзын тонлы, жатпа, табын құдаға,

Күнəңді жу күн-түн тынбай, шыда да! (ҚБ 6555).

Білімді теңізге балайтын метафора да кездеседі: negü ter esitgil aj bilgi tenis / послушай, что говорит тот, у кого знание [словно] море (QBN35910) [4, 285].

Ессіздікді отқа балайды: essizlik ot ol ot köjürgän bolur / jolïnda kecig jok зло – огонь, огонь жжет, на его пути нет прохода (QBN3011). Кейде метафоралар антоним сипатында келеді: uqussuz ölüg ol ukuslug tirig / uqus munca tenlig adirtlar erig неразумный – мертвый, разумный живой / подобным образом разум разделяет людей (QBN9110) [4, 12]. Бұл жерде ақылсызды – өлікке, ақылдыны – тіріге ұқсатады.

Символ да метафора сияқты тілдік тұлғаның тіліндегі ұлттық мəдениеттің көрсеткіші ретінде көрінеді. Символдық таңба – лингвомəдениеттану мен когнитивті лингвистиканың зерттеу нысандарының бірі. Символ тілдік тұлғаның тіліндегі біріккен ой жүйелерін көрсетіп, бір-екі сөзбен береді, сол себепті символдық мəнді халқымыздың дəстүрлі ұғымдарын білдіретін сөздерден іздеуіміз керек. Символды зерттеуші Қ.Қайырбаева бұл туралы: «Сөз – символ жазушының айтпақ ойын дөп басып шығарманың бейнелігін арттыру үшін қажет. Сөз – символдарды ғалымдар əр түрлі қырынан зерттеген: рухани мəдениет пен материалдық мəдениетке қатысты [Е. Жанпейісов, Ж.А. Манкеева], түр-түс атауларының символдық мағынасы [Ə.Т. Қайдаров, З.Т. Ақтамбердиева], символдық мəні бар фразеологизмдер сипаты [Р. Сыздық, Г. Смағұлова, Н. Уəлиұлы], сұлулық символизмдер [А.Қ. Сейілхан], символдың когнитивтік сипаты [Қ.Ə. Жаманбаева], этномəдени атаулар символы [Қ.Т. Қайырбаева] т.т.

Ақ, қара түстері символикалық мəнге ие болады. Ақын «ақ» түспен жақсылықты, «қара» түспен жамандықты таңбалайды. Ж. Баласағұнның танымы, түркілік рухы бұрын қалыптасқан символдар мəнінен айқын байқалады:

Заң-жосықтың бəрі өзгеріп, құрыпты

Ақ-қараны айырмастай былықты! (ҚБ 6490).

Ақ «таза, пəк» мағынасына ие:

Көз қырыңнан жаппар ием, қалдырма, Сыртқа теппе, ақпын сенің алдыңда (ҚБ 6560). Сондай-ақ ақ сөйле / шын сөйле бейнелі ора-

лымы мына жолдарда көрініс тапқан: Бірінші – тіл: ақ сөйле, айт ашығын

Екінші – заң: ұстан адал, асылын! (ҚБ 5900).

Üс adaqlïq / үш аяқты (заттар) метонимиясы Құтты біліктің Герат нұсқасының 4215 жолында ұшырасады: qamuγ üc adaqlïγ emitmäz bolur барлық үш аяқтылар теңселмейді (ҚБГ 4215) [4, 9]; qamug üс adaqlïq köni tüs turur барлық үш аяқтылар (заттар) дұрыс түзу тұр (ҚБН 683).

«Құтадғу біліг» шығармасында эпитеттер қолданысы да байқалады.

Алып, құрыш жүрек кісілер күрделі эпитеті қолданылған:

Бірі – алып, құрыш жүрек кісілер, Қылышымен елге пайда түсірер (ҚБ 5910). Сондай-ақ қанды жас эпитеті мына жолдарда берілген:

Текке өткен тірлігімді сағынып,

Көзден қанды жасым ақты қамығып! (ҚБ 6530).

Тура жол «адал жол» эпитеті қолданылған: Адалдықтан еш айныма, тура бол

Бар тілекке жеткізеді тура жол (ҚБ 6085).

Тура сөйле, адал сөздің кіді жоқ,

Жаман жанның сөзі жалған, тілі шоқ (ҚБ 6090).

Қолы ашық «жомарт» эпитеті мына жолдарда берілген:

Үшінші – елге қолың ашық, сақи бол, Жаныңды қос, жұртпен мəңгі бақи бол! [ҚБ 5900].

Жаудың мойнын ию «жауды бағындыру» фразеологизмі мына жолдарда көрініс тапқан:

Төртіншісі – керек қуат, қайсарлық

Жаудың мойнын иіп, тегіс жайпарлық! (ҚБ 5905)

Қорыта айтқанда Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» шығармасы қазақ жазба əдебиетінің тарихынан үлкен белесті орын алатын ұлттық мұрамыз. Сондай-ақ ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш үлгісі. Философиялық толғамдарымен де, поэтикалық ойлау ерекшелігімен де шеберліктің ең үздігі ретінде бұл ауқымды шығарма сол дəуірдегі өнер өресін, көркемдік таным мен ой-сананың биігін аңғартады. «Құтадғу білік» тілінің троп түрлері арқылы орта ғасырдағы түркі танымының көркем жүйесін аңғара аламыз.

 

Əдебиеттер

  1. Нұрмақанов А. Түркі фразеологиясы. – Алматы., 1998. – 170 б.
  2. Əзімжанова Г. Көркем проза прагматикасы. – Алматы, 2005. – 300 б.
  3. Маслова В.А. Лингвокультурология. – Москва: Академия, 2001. – С. 202.
  4. Древнетюркский словарь / Под ред. В.М. Наделяев, Д.М. Насилов, Э.Р. Тенишев, А.М. Щербак. – Ленинград: Наука, 1969. – С. 676.
  5. Егеубаев А. Құтты білік. – Алматы, 1986. – 278 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.