Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларындағы бейвербалды амалдар

Мақалада Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларындағы бейвербалды амалдар сөз болады. Қазіргі таңда тіл білімінде жаңа бағыттар мен ағымдар кеңінен дамуда. Қоғам мен ғылымның қазіргі уақыт тынысына сəйкес дамуы тіл біліміне ықпал етіп, лингивистикада жаңа бағыттар мен салалар пайда болуда.

Бейвербалды амалдар мəселесін жете талдаудан өткізу, оны ғылыми тұрғыда зерттеу тіл білімі салала-рын терең түсінуге игі ықпал етеді.

Бұл мақалада зерттеу нысаны ретінде Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы таңдалып алынды. Себебі жазушы өз шығармаларында бейвербалды амалдарды көптеп қалдырған. Қабдеш Жұмаділов қаламынан шыққан шығармаларды талдау барысында, ақынның адам жан дүниесі суреттеудің шебер екеніне көз жеткіздік.

Қазақ халқының да қарым-қатынас жасау мəдениеті ұлттың рухани мəдениетін, оның таным, талғамын бейнелейтін коммуникацияның бейвербалды амалдарына қос қолдап амандасу, иіліп сəлем салу, төс қағыстыру, бет шымшу, ернін сылп еткізу, жаулығымен бетін сүрту, алдына қамшы тастау т.б. кинемаларды кездестіріп жатамыз. Бейвербалды амалдар Түрік тіл білімінде жаңадан зерттеліп жатқан саланың бірі. Қабдеш Жұмаділов өз шығармаларында бейвербалды амалдарды көптеп қалдырған. Бұл зерттеу жүмысының өзектілігін танытады. жыл-

Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларындағы бейвербалды амалдар дар 1960 жылдардан бастап қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан Қабдеш Жұмаділов Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990), Тəуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты. Белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділовтің тұңғыш жинағы 1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды əңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған əңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрді. Еңбектер көпшілік жүрегінен мəңгілікке орын алған жазушы Қабдеш Жұмаділов сан қырлы тақырыптарда үзбей қалам тербеді. Жазушының прозалық, дрмалық туындылары, көркем публицистикасы əдебиетіміздің асыл қорына рухани қазына болып құйылды. Ауызекі сөйлеу тіліндегі бейвербалды амалдар жазушы шығармаларынан кең көрініс тапқан. Жазушының көркем тілі белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне əсерлі, бейнелі етіп жеткізеді. Сол əсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тəсілдер арқылы жүзеге асады. Сондай амалдардың бірі – көркем бейне жасаудағы бейвербалды амалдардың қызметі. Қ. Жұмаділов шығармалары осындай бейвербалды амалдарға бай. Жазушы бейвербалды амалдарды пайдалана отырып, өзінің стильдік шеберлігін шыңдайды. Қ.Жұмаділов кейіпкерлерінің ішкі жан дүнйесі, психологиясы бейвербалды амалдар арқылы ашыла түседі. Қаламгер сомдаған кейіпкерлердің ішкі жылықпен қол алысып амандасуы, қауыша құшақтасуы, қуанышпен күлімсірей қарап, маңдайынан сүюі – ұлтымыздың мейірбандығының, асыл тəрбиесінің, сыпайыгершілігінің, ұлттық-мəдени ерекшеліктерінің көрінісі. Демек, жазушы қаламына тəн осындай амал-тəсілдердің қолданылу табиғаты мен қыр-сырын ашу қаламгердің тілдік ерекшелігін танып білуге əсер етеді. Бейвербалды амалдарды өз орнымен қолдану, шығарманың танымдық-тағылымдық мəнін күшейтіп, əсерлілігін арттыра түсетіндіктен, бұл мəселені зерттеу тілдік жəне тілсіз қатынасты жете меңгеруге жол ашады.

Сондықтан бүгігі таңда тіл білімі саласында қарым-қатынас барысында қолданылатын бкейвербалды амалдардың өзіндік ерекшеліктерін қарасытыру, оның көркем əдебиет тіліндегі мəн мен мазмұнын ғылыми тұрғыдан зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің қатарына жатады.

Бейвербалды амалдар мəселесін жете талдаудан өткізу, оны ғылыми тұрғыда зерттеу тіл

білімі салаларын терең түсінуге игі ықпал етеді. Осы ретте орыс тіл білімінде бейвербалды амалдарға қатысты көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді.

Кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде де бұл мəселе М. Мұқанов, С. Татубаев, Қ. Қажығалиева, С. Бейсембаева, М. Ешимов сынды зерттеушілердің еңбектерінде сөз болып талданды. Ғалымдар қазақ тіліндегі бейвербалды амалдарды бірде салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде, бірде білдіретін мəндік-мазмұндық тұрғыдан зерделеу, бейвербалды амалдар мəселесін терең зерттеу – қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің қатарына жатады.

Алпысыншы жылдары өз жұмысын жаңадан бастап жүрген кездері еді. Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары бейвербалды амалдарға толы.

Мысалы,

  • Асылқан...
  • Ол қазір жоқ еді, үйге кірсеңізші, дейміз өтініп. Қыздар бізге көз қырын да салмайды. Қабақтарын шытыпсағаттарына қарайды да жөнеле береді.

(Қайран, қарындастар-ай!) [1,21]

  • Ата, мына қазды атайықшы, деді Төлеутай қуанып. – Атшы анау алдында жүрген үлкенін.
  • Жоқ, балам, бұл қаздарды атуға болмайды, деді қарт басын шайқап.

(Қаздар қайтып барады) [1,7]

Бірінші кітапта Абай мен Тоғжан, Ділдə қатынастары суреттелетін тұста мен ұялып, дауысымды күмілжітіп, аттап өтуге тырысам. Мұнымды Елекең сезе қояды:

  • Оқи бер, шырағым, ұлы сөзде ұяттық жоқ... Сен немене, мені осы қалыпымен, сақалы қауқиып түсе қалды деп отырсың ба? Біз де жас боп көргенбіз, деп Ұлмекең апама қарап, мұртын сипап қоятыны бар.

(Менің кəрі жездем) [1,35]

  • Иə, саған, мен бе екем саудаласқан? Өзі соңымнан қалмай жүрген, деді Дүйсенбай балаша бұртиып. Сөйтті де, шынысын төңкеріп, орнынан тұрды, əр жерде шашылып жатқан бас киімін, белбеуін, бешпетін теріп алып, киіне бастады.
  • Қайда барасың екі кештің арасында? 

деген Мақпалға:

  • Əлгі Дəметкенмен келдегендей болып еді, сиырына сақтағаны бар ма, қалай? – деп рұқсат сұрағандай, езуі жайылып күліп қойды.

(Айлы түндер) [1,40]

  • Ассалаумағалейкум, деп келе-ақ директордың қолына жармасты. Бірақ Жанбаев оның қолын алған жоқ. Көзі шатынап, иегі дірілдеп аз тұды да, жарылып кетті.
  • Ақымық-ау, əкеңді тастап қайда кетпек болдың?... Бүгіннен бастап бұл шаңырақтың иесі – сенсің! – деп көтеріп əкеліп төсегіне жатқызды.

Осы сəтте есіктің көзінде состиып тұрын қалған Клара тез басып келді де, Сырымның мойнына асылыпеңіреп қоя берді.

  • Сырым, кешір мені... Ертең екеуміз бірге барып, апамды алып қайталық, деді өксіп тұрып.

(Жаңбырсыз бұлт) [1,52]

Қабдеш Жұмаділов жетпісінші жылдары Мемлекеттік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды. Яғни бірнеше жұмыстар атқарды. Көптеген еңбектері жарыққа шықты. Оны мына мысалдарымыздан көре аламыз:

Кітаптан бас алмай тұқырып отырған əлгі кісі бір заматта өзінен-өзі тырқылдып күлді.

  • Қалай, қызық кітап па екен? – деді Жарқын. Ол да сөзуар адам болса керек, кітапты жаба салып əңгімеге кірісті.
  • Осы жазушылар да бір қызық халық-ау, -

деді əлдебір жаңалық ашқандай басын шайқап.

(Адамның кейбір кездері) [1,82]

  • Қозыбайдың премиясы қалай? Бұл жолы ілінді ме? – деді Өсербай цех бастығына иек қағып.

(Момын) [1,112]

  • Қалай, қапы кеткен жерің көп пе екен? – деді Рахима күйеуіне, сыны кете бастаған ұялы көзін төңкеріп. – Бəлкім, кем-кетігіңді толтыру үшін төсек жаңғыртып, жас иіс алатын шығарсың? Қазір шалдардың құтырған заманы ғой.

(Қоңыр күз) [1,125]

  • Не істеуші ем? Жұмыс істеймін. Үйленемін... Бала-шағам болады, дегенде Арқаттың жүзі жайнап кетті.
  • Мама, естіп отырсыз ба? Ұлыңыз үйленетін көрінеді! – Алма мəз-мейрам болып, ажуалай күлді. – Бірақ сонда бала-шағаңды қайтып бағасың? Не дипломың, не өнерің жоқ.

Ағалары амалсыздан мырс-мырс күліп жіберді.

  • Амал қанша, бізден бір қателік өтіпті, деді Сұңғат басын шайқап. – Бұл итті былтыр əскерге жіберу керек еді. Армияда мұндайлардың жынын бір айға жеткізбей қағып алады.

(Еменнің иір бұтағы) [4,144]

Ал тоқсаныншы жылдары Қабдеш Жұмаділовтің «Құзғынның өлімі», «Жемдеген қырғауылдар», «Жалдамалы күйеу», «Құдайдың үйі», «Бір ғана ғұмыр», «Дөңгеленген дүние-ай», «Тіленші», «Бұқарбайдың бұқасы», «Ақынның ақырғы күндері», «Ит базары», «Толған айдың түні», «Қағытпа қалыжыңдар», «Ақбураның асуы» атты өлеңдері жарық көрді. [1,5]

Жазушының прозалық, дрмалық туындылары, көркем публицистикасы əдебиетіміздің асыл қорына рухани қазына болып құйылды. Ауызекі сөйлеу тіліндегі бейвербалды амалдар жазушы шығармаларынан кең көрініс тапқан. Жазушының көркем тілі белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне əсерлі, бейнелі етіп жеткізеді. Сол əсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тəсілдер арқылы жүзеге асады. Сондай амалдардың бірі – көркем бейне жасаудағы бейвербалды амалдардың қызметі. Қабдеш Жұмаділов шығармалары осындай бейвербалды амалдарға бай. Жазушы бейвербалды амалдарды пайдалана отырып, өзінің стильдік шеберлігін шыңдайды. Қабдеш Жұмаділов кейіпкерлерінің ішкі жан дүнйесі, психологиясы бейвербалды амалдар арқылы ашыла түседі. Қаламгер сомдаған кейіпкерлердің ішкі жылықпен қол алысып амандасуы, қауыша құшақтасуы, қуанышпен күлімсірей қарап, маңдайынан сүюі – ұлтымыздың мейірбандығының, асыл тəрбиесінің, сыпайыгершілігінің, ұлттық-мəдени ерекшеліктерінің көрінісі. Демек, жазушы қаламына тəн осындай амал-тəсілдердің қолданылу табиғаты мен қырсырын ашу қаламгердің тілдік ерекшелігін танып білуге əсер етеді. Бейвербалды амалдарды өз орнымен қолдану, шығарманың танымдықтағылымдық мəнін күшейтіп, əсерлілігін арттыра түсетіндіктен, бұл мəселені зерттеу тілдік жəне тілсіз қатынасты жете меңгеруге жол ашады.

 

Əдебиеттер

  1. Жұмаділов Қ. Бір ғана ғұмыр. – Алматы: Атамұра, 2004. 2 Зекенова Ш.З.
  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 2010. – 608 б.
  3. Жұмаділов Қ. Тозақ оты. – Алматы, 2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.