Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Монолог түріндегі мəтіннің функционалдық-құрылымдық сипаты

Мəтін лингвистикасында көп зерттелмеген, маңызды мəселелердің бірі – монолог түріндегі мəтіндердің функционалдық-құрылымдық сипатын анықтау болып табылады.

Монолог – кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Ол – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу категорияларына ие композициялықсөйлеу формаларының бірі болып табылады. Монолог түріндегі мəтіннің өзіне тəн табиғаты жалпы мəтін мəселелері аясында айтылып жүргенмен, арнайы зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Монолог түріндегі мəтіндер ретінде Т.Əбдікұлының «Парасат майданы» мен М. Мағауинннің «Тазының өлімі» атты көркем шығармалары алынды.

Кез келген бейнелеу тəсілдері көркем шығармада жеке-дара тұрып ешқандай қызмет атқармайтыны белгілі. Сондықтан жазушы кейіпкерінің ішкі сезімдерін монологпен, өзге де бейнелеу құралдарымен өзара сабақтастыра отырып береді.

Белгілі ғалым Страхов И.В былай дейді:

«Психологическое своеобразие внутренней речи выражается не только в ее структурных особенностях, но и в ее семантике и функциях. Значение слова представляет его семантическую устойчивость, смысл же слова это его содержание мыслимое в определенном психологическом и речевом контексте» [1, 23].

Т.Əбдікұлының «Парасат майданы» атты повесінде автор ішкі ойы монолог түрінде беріліп, автор оқиғаны сырттай бақылаушы ғана емес, оқиғаға араласушы. Ол өз атынан ғана сөйлеуші. Оның өзі объективті жəне субъективті түрғыдан көрінеді. Мысалы: Мен бұл күнделiктi таныс дəрiгерден алғанмын. Ең ғажабы – күнделiк иесiн мен бiлетiн болып шықтым. Дүние қанша кең болса да, адам жолының қиылысында да шек жоқ.

Шығарма мазмұнының өзегі күнделік жазушы адам болғандықтан, көп оқиғалар сол адамның көзімен, ойымен беріледі. Мұның бəрі автор бейнесінің күрделі, көп қырлы құрылымын жасайды. Мысалы: Жас кезде өмiр қайнаған базар секiлдi. Дос та көп, жолдас та көп. Достың досы саған да дос болып жүретiн кез. Сондай бiр сапырылысқан тұста аз-кем күн аралас-құраластау болғанымыз барТүрi де есiмде: ұзын бойлы, арық, ақсары жiгiт. Жүйкесi жұқалау ма – əзiл сөзге қызарып кететiн. Оған бөтен елдiң адамына қарағандай, көңiлiн аулай сөйлеп, аяңқырап жүретiнбiз.

Көбiне жиын-тойларда, қонағасыларда кездесемiз. Сөйлеген сөзiнен, жүрiс-тұрысынан зиялы от басынан шыққаны, кiтаби тəрбиенi көбiрек көргенi байқалады. Мiнезi жұмсақ. Онысы өзгелерге жағымды көрiнгенмен, өзiне əлде бiр шарасыздық əкелетiн секiлдi. Арнайы сөзге тартпасаң, қасыңда бəленбай сағат үнсiз отыра беруге бар [2, 1].

Мəтіннің аңдату бөлігінде берілген жоғарыдағы мысалдан баяндау+ сипаттау, сипаттау + баяндау құрылымын байқауға болады. Мəтіндегі авторлық баяндаулар бірдей қызмет атқармайды. Бірде баяндама суреттемеге құрылып, оқиғаның көркем кестесін жасаса, екіншіден əңгімеге кіріспе ретінде жұмсалады.

Авторлық кірігулер объективті баяндаудың ішінде де жүреді. Олар объективті баяндауды субъективтендіріп, жалпы шығарма тұтас күйінде автордың өзінің жекелік бір əңгімесі екенін білдіреді. Мысалы: Менiң өмiрiмде үлкен бiр өзгерiс болған секiлдi. Не өзгерiс екенiн өзiм де анық бiлмеймiн. Бəлкiм, Ол баяғыда болып, Оны өзiм тек қазiр ғана байқап отырған шығармын. Бəрi де мүмкiн... Бiлетiнiм – жүйкем бiршама тозған. Сол себептi бұрынғыдай емес, ойлаған ойларымды тез ұмытамын [2,2].

Автордың баяндау желісіне кірігуі кенет, күтпеген жерден жүзеге асады. Оқиға желісі объективті түрде баяндалып келеді де, автор кенет өз атынан сұрақтарды өзіне-өзі қояды, сонымен қатар оқырманнан да жауап күтетін сияқты. Сондай авторлық кірігу сюжетаралық байланыстырушылық та қызмет атқарады. Мысалы: Рас, ғұмыр ұзаған сайын жадыңнан шы-

ғатын заттардың саны да көбейедi. Кезiнде өмiрiңнен орын алған оқиғалар ұмытылып, қайсыбiр мəнсiз көрiнген сəттер есiңде қалуы əбден мүмкiн. Бiрге оқыған, бiрге жүрген адамдардың аты-жөнiн есiңе түсiре алмайсың, шырамытсаң да, жыға танымайсың. Ескi достықтан, кездескен күндерден iз де қалмайды. Өмiрiң əлде бiр құрдымға құйып жатқан өзен секiлдi. Адам жадының өз заңы бар.

Оның себебiн дəрiгерден сұрасаң, шаршағаннан дейдi. Рас шығар. Жарық дүниеге келген адамның көрмейтiнi бар ма? Оны ойласаң, ойдан ой бөлiнiп, сан тарам жолдың қайсысына түсерiн бiлмей, дал болған жолаушыға ұқсайсың. Дүние сыры беймəлiм. Не құдайды, не адамды кiнəларың белгiсiз. Бiр қарасаң, құдайдiкi дұрыс секiлдi – адам қылып жаратты, өсiп-өн, рақымды бол, iзгiлiкке сен дедi. Одан артық не керек? Əйтсе де, құдайдың əмiрiмен iс қылып, жаманатын жалғыз өзi көтеретiн адам байғұсты тағы аяйсың [2, 2].

Күрделі синтаксистік қатарлар арқылы авторлық шегініс байқалып, ішкі жан күйзелісі нақты беріледі. Мысалы: Сондықтан əркiм өзiне үй iшiнен күрке жасапсол күркенiң заңымен ғана өмiр сүрiп, өз тiлегiн өзi қанағаттандырғаннан басқаға лаж жоқ. Күркеде өмiр сүрген адамның еңсесi қайдан көтерiлсiн. Өзiмнен өзiм əлде бiр атын атап, түсiн түстеуге келмейтiн қорлық пен зорлықтың қыспағында жүргендеймiн [2, 2].

Шығармада кездесетін мəтін бейнелілігін жасайтын негізгі тілдік тəсіл – фразеологиялық тіркестерді қолдану болып табылады. Мысалы:

«Үш күннен кейiн адам тозаққа да үйренедi» дейдi. Қиындыққа, тауқыметке төзу, қалыптасу, бəлкiм, тiршiлiк үшiн қажет те шығар, бiрақ адамның күнə мен қылмысқа, арсыздық пен əдiлетсiздiкке етi үйренуi – ең зиянды, ең қатерлi дағды

Тəннiң ауруы астан дейдi. Ал кермек ойдан жаның ауырады [2, 3].

Кей жерде автор кейін сырғып, объективтеніп кетеді, оқиғаның өзін сөйлетеді, ал енді бір жерде өзі араласады, килігіп отырады. Мысалы: Баспасөз беттерiнде жарияланып жүрген неше түрлi хабарлардан əлдебiр жан түршiгерлiк рухани күйреудiң нышандары сезiледi. Ал солардың бəрiне адамдардың еттерi үйренiп, тiтiркенбеуi, шiмiрiкпеуi, ештеңе болмағандай, жайбарақат жүруi одан бетер зəремдi алады. Маған олар адам өлiгiн селт етпей қолымен түртiп, қызықтап жүрген жарымес жасөспiрiмдер секiлдi елестейдi [2, 3].

Авторлық кірігулер объективті баяндаудың ішінде де жүреді. Олар объективті баяндауды субъективтендіріп, жалпы шығарма тұтас күйінде автордың өзінің жекелік бір əңгімесі екенін білдіреді.

Сюжетаралық байланыстырушылық қызмет атқаратын авторлық тікелей кірігулер кейде ұзақтай болып келіп, автор өзінің ойын, қатынасын, көрсету үшін еркін көсіліп те алады. Бұл оқырманды демалдырып, сергітіп, ойын бөліп, үзіліс сияқты қызмет атқарып та тұрады. Мысалы: Мұнда келгелi аяқ астынан жоқ болып кететiн күндердi ойлап, өзiмдi өзiм үрейлендiрмес үшiн, анда-санда, айрықша оқиғалар тұ-сында ғана болмаса, қолға қалам алмасқа бе-кiнген едiм. Ақыры күнделiкке қайта оралдым. Үйткенi менi таң қалдырған бiр түсiнiксiз оқиға болды. Тəңертеңгi астың алдында дəрi iшуге бас жақтағы стаканға қолымды соза бергем, кенет (бұған дейiн байқамаппын) шкаф үстiнде бүктеулi жатқан хатқа көзiм түстi [2, 4].

Мəтіндегі сұраулы сөйлемдер, шылаулар авторға көзқарасты, авторға тəн интонацияны береді. Мысалы: Аң-таң болып, неге екенiн бiлмеймiн, құпия хатты басынан бастап қайта оқып шықтым. Кенет жүрегiм су ете қалды. Бұл қалай келген хат? Палатада жалғызбын. Кiм кiруi мүмкiн? Неге мен жоқта келедi? Неге менiң күнделiгiмдi сұраусыз оқиды? Қажет болса, хатсыз-ақ неге таныспайды? [2, 11]

Субъективті «мен» тұлғасындағы баяншы өзіне екі қызмет жүктейді: əрі ол оқиғаға қатысушы, оқиғаның кейіпкері, əрі баяншы (оқиғаны жеткізуші). Осыған орай ол – бейнелеуші субъект қана емес, əрі бейнеленетін объект те болады [3, 86].

Монологтық мəтін бірліктерін байланыстырушы синтаксистік құралдар сан алуан болып келеді. Оларға фонетикалық құралдар: интонация, ырғақ т.б.; лексикалық құралдар; грамматикалық құралдар; синтаксистік-стилистикалық құралдар жатады. Монологтық мəтіндердің бірліктерін мағыналық-құрылымдық тұтастыққа біріктіруде ең жиі қолданылатыны есімдік сөздер болып табылады. Соның ішінде жіктеу, сілтеу, жалпылауыш мəнді, өздік есімдіктері белсенді түрде жұмсалады. Монологтардағы есімдіктер мен үстеу сөздер оқиғаның уақытқа қатысты дамуын бейнелеуге қатысып отырады: Содан соң əр жерін ақ дəкемен орап байлады да, ауызғы бөлмеде бұрышта тұрған екі жағы торлы кішкентай темір төсекке салды. Тамақты өз қолымен береді. Күніне үш-төрт мəрте сыртқа алып шығады. Басқа уақыттарда күшік үнемі төсек үстінде қимылсыз жатады [4, 5].

Сонымен қатар, «осы кезде», «осы уақытта», «сол күні», «бұл уақытта» т.б. есімдік + үстеу сөздері арқылы жасалған тіркестер шартты синтаксистік қатынас жасауға қатысады. Шарттылық мəн іс-əрекеттің, оқиғаның уақытқа қатысынан көрінеді. Мысалы, Сол күні кешке үйге көп адам жиналды. Əңгімелеудегі оқиға желісінің дамуына, кейіпкердің іс-əрекетін, қимылын баяндауда етістік ең жиі қолданылатын лексика-грамматикалық категория болып табылады. Монологтық мəтіндерде оқиғаның өтуін бірізділікпен сипаттау үшін етістіктің ды/-ді, -ты/-ті жедел өткен шақ тұлғалары жиі қолданылып, бірінен соң бірі болған əрекетті жеткізуге бейім болып келеді: Күн өткен сайын түсініксіз нəрселер көбейе берді. Мəселен, бірде ауылға көлік жекпей өзі жүретін, жəне жүрген кезінде күннің баяу, үздіксіз күркірегеніне ұқсас дыбыс шығаратын темір арбаға мінген кісілер келді. Енді бір жолы ауыл отырған сайдық етегі кеңіп, үлкен, жазық алаңқайға айналатын тұсқа алып құс қонды. Аттарына міне сала шапқан жұртпен қанжығаласып Лашын да барды. Кəдімгі ақ темір. Ішінен адамдар шықты. Олар жерге түсіп, ат үстіндегілермен сөйлесіп, əлденені сұрап біраз тұрды да, қүстың қарнына қайта кірді [4, 13].

Жедел өткен шақ өтіп жатқан оқиғаны деталь арқылы нақтылап суреттеу мақсатында көркем шығармада стилистикалық мақсатта жиі қолданылады: Сұлу көрініске қас қағымдай уақ аңырып қалған тазы келер сəтте-ақ аяғының астындағы ұлпа қарды бір-ақ серпіп, ағыза жөнелді. Аралық тез қысқарды. Тазының мұрнына түлкінің күлімсі исі келді. Дене мүшесі тегіс анық көрінді [4, 17]. Ал есімшенің

-ған/-ген, -қан/-кен тұлғалары шығармада баяндалып отырған оқиға уақытынан бұрын болған оқиғаны жеткізуде басымырақ қолданылады. Мысалы: Ол манадан бері түлкіні ұстау, талау ниетімен қумаған. Қызық жарыс сияқты ғана көрген. Жетіп алып, тіс батырыспай қар бе-тінде аударыспақ ойнамақ болған [4, 18].

Монологтық мəтіндердің түзілуіне жалғаулық шылаулар, қыстырма сөздер, синтаксистік параллельді құрылымдар, сөздердің орын тəртібі негіз болады. Жалғаулық шылаулар алдыңғы сөйлемде айтылған пікірге, оқиғаға қарсы мəн тудыру мақсатында жұмсалады. Қыстырма сөздер, айқындауыш мүшелер сияқты

мəтін оқиғасына, кейіпкер іс-əрекетіне қатысты субъективтік қарама-қарсы, ыңғайлас, толықтырушы көзқарасты, ойды, бағалауды көрсету үшін қолданылады.

Мəтіндегі синонимдік қатарлы қарсылықты мəнді сөйлемдер контрасты өмір бейнесін дəл беру үшін де орынды пайдаланылған. Мысалы, “Үш күннен кейiн адам тозаққа да үйренедi” дейдi. Қиындыққа, тауқыметке төзу, қалыптасу, бəлкiм, тiршiлiк үшiн қажет те шығар, бiрақ адамның күнə мен қылмысқаарсыздық пен əдiлетсiздiкке етi үйренуi – ең зиянды, ең қатерлi дағды [2, 3].

Троп түрлерінің байланыстырушы құрал ретінде жұмсалуы көркем шығармаға тəн, монологтық мəтіндерде ол жиі кездеседі. Троп түрлерінің қолданылуы шығарманың тұтас стилистикалық композициясы мен стиліне, жанрына да байланысты болады.

Синтаксистік қатарлар құрмалас сөйлем компоненттерінің қатар болып келуі арқылы да беріледі. Синтаксистік қатар бірде градациялы жұмсалып, мазмұнның əсерлілігін, динамикалы сипатын күшейтеді. Енді бірде антитезаға құрылып, кейіпкердің қарама-қарсы мінез-құлықтарын жасау үшін немесе контрасты өмір бейнесін дəл беру үшін пайдаланылады. Мысалы, Тiршiлiкке қажеттi соқыр сезiмдер қаншалықты құдiреттi болғанымен, жоғары сапалы парасат əлемiнде билеушi күш бола ал-

майды, ең бастысы, болуға тиiстi емес. Бiрақ адам баласы əлi де өз “Менiн” өзi қызықтап, сол соқыр сезiм патшалығынан шыға алмай жүрген сияқты. Егер бүкiл “Мендер” қосылып парасатты “Бiзге” айналса, адамгершiлiк қағидаларын iске асыру, əрине, əлеқайда жеңiлдер едi [2, 15].

Монологтағы жеке сөйлемдердің құрылымдық жағынан қайталанып келіп, параллель қатар түзуі мəтінтүзілімінің байланыстырушылық қызметін арттыра түседі. Қайталаулар күрделі синтаксистік тұтастық деңгейінде де кездеседі. Мысалы, Жалғыздық та осындай космостық қара тесiк секiлдi. Бойыңдағы сəулеңдi, күш-қуатыңды, жiгерiңдi, үмiтiңдi, сенiмiңдi қайтып шықпастай етiп сорып алады. Жалғыздыққа кеткен қайратыңның жүзден бiрiне қыруар ерлiк жасауға болар едi. Жалғыздықтан құр сүлдерi қалып қажыған қанша адам ерлiк жасамақ түгiлi қарақан басын əрең алып жүр. Жалғыздықтың өзiме тым жақын келiп қалғанын денеммен, сыздаған жүрегiммен сезiп тұрмын [2, 12].

Қорыта келе, монологтағы сөйлеушінің басты мақсаты – тыңдаушыға хабарды мүмкіндігінше анық жеткізу болып табылады. Сондықтан əрбір тыңдаушының келіп түскен хабарды қабылдау, түсіну, қорыту сапасы түрліше болғандықтан, сөйлеуші түрлі лингвистикалық құралдарды, тəсілдерді қолдана алады.

 

Əдебиеттер

  1. Страхов И.В. Психология внутренней речи. – Саратов, 1989.
  2. Əбдікұлы Т. Парасат майданы
  3. Шалабай Б. Күрделі синтаксистік тұтастық // Қазақ филологиясы. І-кітап. – Алматы, 1975. – 125 б.
  4. Мағауин М. Тазының өлімі. – Алматы: Атамұра, 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.