Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Американдық балалар əдебиетімен Доктор Сьюз шығармашылығының арақатынасы

Мақала америкалық балалар əдебиеті туралы жалпы мəліметтер мен бірге əдебиеттің осы саласының бүгінгі даму сатысына жету себептері талқылаған. Автор Доктор Сьюз шығармашылығы жəне оның американдық балалар əдебиетіндегі рөлі мен орны туралы кең тоқталып өз талдауларымен бөліседі.

Бірнеше америкалық ұрпақтардың сүйікті балалар ақыны, абсурдист -сюрралист Теодор Гейзель Сьюз шығармашылығы, лақап аты Доктор Сьюз жəне оның шығармаларының америкалық балалар əдебиетіндегі алар орны туралы жазылған.

Доктор Сьюз шығармалары қарапайым жазылып, кішкентай оқырмандардың сөйлесім, айтылым, оқылым дағдыларын дамыту, балалардың фантазиясын өрбітумен шектелмей, олардың ойлау қабілеттерін, дүниені тану дағдыларын дамытумен бірге, жалпы адамзатқа қауіп төндіретін ядролық қару, əлемдегі зорлықзомбылық сынды ғаламдық мəселелерді балаға түсінікті тілмен жеткізген жəне сол бүлдіршіндер өз елінің болашағы, үміті екеніне сенген. Шынайы күнделікті өмір реалиялары мен ақылға сыймайтын ойдан шығару өзара байланысын тапқан.

Совет Одағы тарағаннан бастап, ТМД елдерінде, тіпті əлемнің көп елдерінде американизация үрдісі соңғы жиырма жылда кеңінен таралып келеді, балалар əдебиеті де одан тыс емес. Кітап алу үшін кітап дүкендеріне кірсеңіз Дисней мультфильмдерінің қахармандары жайлы кітаптар, бүгінде өзекті болып жүрген фильм, мультфильм қахармандарын, кейіпкерлерін көптеп жолықтырасыз. Яғни бүгінгі күні балалар кітаптары жəдігер ойыншықтар индустриясы мен табысты фильм, мультфильм, анимация, компьютер ойындары қахармандары тарапынан қысым көріп тұр.

АҚШ еліне ғылыми іссапарда болғанымда көптеген Дисней қахармандары мен танымал бірнеше балалар ақын-жазушыларын білген болсам, сапар соңында кітапханаларда жұмыс жасап, профессор-əдебиетшілердің лекцияларына қатысып, жиналған мəліметтер американдық балалар əдебиеті туралы білімімді, көзқарасымды өзгертті.

Беверли Лион Кларк өзінің «Америкадағы Балалар əдебиетінің əлеуметтік конструкциясы» аты кітабында балалар əдебиеті жағдайы жайлы төмендегідей анықтама берген: «XIX ғасырда профессорлар тарапынан балалар əдебиеті ағылшын əдебиеті пəндері қатарына енгізілді, алайда ол өз алдына жеке, дара пəн етіп белгіленбеген. Ал XX ғасырдың басында американдық балалар əдебиеті филологиялық пəндер тізімінен алып тасталынған, əдебиетшілер балалар əдебиеті маңызды зерттеуді талап етпейді деп қараған. Сол уақытта бұл бос орынды кітапханашылар мен Педагогикалық факультеттердің профессорлары толтырған жəне балалар əдебиетінің маңызы мен қажеттілігін солар ғана таныған» [1, 145].

1970 жылдардағы белгілі мəдениет, гендер мəселелеріне болған қызығушылықтар университеттегі филология бөлімдеріне балалар əдебиетін қайтарып əкелді. Соңғы 35 жылда балалар əдебиеті ерекше назар астында болуда.

Жоғарыда атап айтқанымыздай Американдық балалар əдебиеті коммерциялық (сауда) нарықпен бəсекеде, оған мысал Дисней кейіпкерлері туралы кітаптарды басып шығаратын бір «Голден Букс» басылымы жыл сайын миллиондаған кітаптарды таратып өздерін əдебиет əлемінде еркін сезсе, танымалы «Калдекот» сыйлығы американдық балалар əдебиетінде маңызды іс шара болып, коммерциялық кітаптарға емес, Морис Сендак, Давид Вейснер сияқты нағыз балалар əдебиетін тудырушыларға беріліп келеді [2, 453].

Бүгінде Қазақстан əдебиетінде балалар əдебиеті өте байсалды дамып келе жатқан бөлім болып, мемлекеттік бюджеттен біршама қаражат бөлініп, балалар əдебиетін қорғау, сақтап қалуда жəне дамытуда көп жұмыстар атқарылуда, алайда американдық балалар əдебиетінің тарихына үңілсек, осы саланы қаражаттау американ қоғамында болған емес, ол кітап шығаратын баспалар танымалдылығына байланысты. Егер автордың туындысы Random House, HarperCollins жəне Scholastic сияқты үлкен баспа үйлерінде жарық көрсе онда ол кітаптар кең таралып сізді танымал етеді, кейбір кішкентай баспа үйлерінде кітаптар басылса, онда оның сапасы бойынша бақылау қатаң болады. Front Street Press жəне Lee & Low сияқты кішкентай баспа үйлері эксперимент жасау бойынша да жақсы, сапалы кітаптарды баспадан шығарады. [3]

Ал АҚШ мемлекеті балалар əдебиетіне аса көп қолдау көрсетпей келеді, сонау 1957 жылы Кеңес Одағы жерсерігін ұшыруға жауап ретінде американдық үкіметі Білім Туралы Ұлттық Қорғаныс Заңын шығарған, соның салдарынан мектептер ғылыми оқыту бағдарламаларына айтулы қаржылай қолдау тапты, кейбір кітапханаларға ақша тиіп, оған ғылыми-танымалы балалар кітаптары сатып алынды. Сонымен үкімет тарапынан берілетін көмек те аяқталған. Бүгінде Америкада балалар əдебиеті де барлық салалар секілді өз алдына, өз күшіне сүйеніп дамуын табуда.

XX ғасыр американдық балалар əдебиетінің белгілі өкілі, бірнеше американ ұрпақтарының сүйікті балалар ақыны, абсурдист –сюрралист Теодор Гейзель Сьюз, лақап аты доктор Сьюз еңбек жолын 1956 жылы балалар əдебиетінде бастаған болатын жəне бірден танымал болды.

Өз замандасы, орыс балалар ақыны Корней Чуковский мен жанр (екеуіде өлең шумақтары мен тарихи ертегілерді қолданған), стиль (екеуі де абсурдизмді ұнатты жəне айтулы шатыстырушы деп танылды), шеберлілігі тарапынан өте жақын болды жəне екеуі де балалар əдебиеті дамуына өз септігін тигізді.

Доктор Сьюздің өзіндік стилі – қысқа ырғақты жолдар, сөз ойындары жəне үлкендер əлемін ашықтан ашық келеке ету. [4]

Автордың шығармаларын оқу барысында шынайы күнделікті өмір реалиялары мен ақылға сыймайтын ойдан шығару өз ара байланысын тапқан. Ол қашанда жаңа сөздер ойлап тауып, байланыстыруға келмейтін дүниелерді байланыстыра білген, болмайтын өтірікті үйіп тастап отырған, сол себепті оны кішкентайлар тез қабылдап, өздері қалаған, армандаған қиял, ойларда құралған ақын шығармашылығының шынайы оқырмандары бола білді. Доктор Сьюз кітаптарын өзі безендірген, сол себепті өлең шумақтары мен суреттер табиғи байланысты түптелген.

Доктор Сьюз шығармашылығын зерттеген ғалымдар оның шығармашылығын абсурдизм, сюррализмға жатқызса, сондай-ақ американ прагматизмі да оған жат еместігін көрсеткен. Профессор Филип Нэлдің сөзімен айтсақ:

«Доктор Сьюз шығармашылығында американдық прагматизмде анық көреміз, атап айтсақ Сьюз кейіпкерлері əрқашан ғажайып өнертабыстар ойлап тапса, «Менде зообақ болса ғой» кітабындағы «Жарамсыз аңдар ауламағы», «Қалпақтағы мысық» кітабындағы «Жинастырушы машина» т.б.оның кейіпкерлері дүниеге сеніммен қарайды жəне дұрыс жолмен жүрсең барлық нəрсеге қол жеткізесің деп санайды. Американдық қоғамның тағы бір ерекшелігін Сьюз өз кейіпкерлері арқылы көрсете білді, яғни оның қахармандарының «сауда агенті» болуы, Қалпақтағы мысық сауда агенті сияқты балалардың бос уақыттарын ол өзі ойлағандай өткізуді ұсынса, «Менде цирк болса» кітабының кейіпкері Морис МакГурк ең жақсы цирк идеясын бізге «сатады», ал «Жасыл жұмыртқа жəне бал» кітабындағы Сэм мен өзім оқырманға ең сүйікті жəне лайықты таңғы астың жасыл жұмыртқа мен шошқа еті екендігін асықпай түсіндіреді. [5, 176]

Американдық балалар ақындарынан Доктор Сьюздің айтарлық ерекшелігі ол кішкентай бүлдіршін, оқырмандарына болашақ иелері ретінде қараған жəне «үлкендер əлемінің» соғыс, зорлық-зомбылық, қоршаған орта т.б. көптеген проблемалық мəселелерін шеше алатынына сеніммен қараған.

Жақсы аударма арқасында көптеген англоамерикандық балалар шығармалары кейіпкерлері советтік балалар əдебиетінде өз орнын тапқан, мысалы: «Доктор Айболит» американдық «Доктор Дулитл», «Зумірет қаласының сиқыршысы» «Оз елінің сиқыршысы», ал ежелгі герман фольклорының туындысы «Қаз ананың ертегілері» т.б.

Ал Доктор Сьюз шығармашылығының фольклормен ара қатынасын қарастырар болсақ онда екі жауап ала аламыз, біріншісі ол американдық фольклар мəдениетінің ірі өкілі, өйткені оның шығармаларын оқып бірнеше ұрпақтар өсті, өсуде жəне өседі, ал екінші тарапынан ол американдық фольклордан ұзақ əңгіме дəстүрін қабылдаған, оған мысал Қалпақтағы мысық суреттерде берілгендей шығарма өте ұзақ болып, алып мысықтың көптірілген сандырағын елестетеді. Ол мысық басқа ертегілер кейіпкерлері секілді алыптармен соғыспайды, əлемді құтқармайды, саналуан құбышықтар мен күреспейді, тек ақылға сыймайтын істер жасап, фольклор мен фантастиканы байланыстырады.

Доктор Сьюз шығармашылығы балалардың сүйікті хайундарының бастан кешкендері, қызықты оқиғалары болып, олар əзіл, мысқыл, əзіл əрекетке толы жəне жақсылық, шынайылық, əділеттіліке болған шын сенімге толы. Оны танымал еткен шығармасы «Қалпақтағы мысық» небəрі 220 сөзден құралып, балаларға қызықты əңгіме айтумен бірге оларды кітап оқуға, кітапті қастерлеу мен құрметтеуге шақырады. Ал оның бас кейіпкері Мысық ертегідегі жай кейіпкер емес, сонымен бірге бала қиялындағы қызықты ойын, əзіл т.б. қасиеттерді біріктірген қахарман. [6, 85] Дəл осы туындының жазылуы тарихына үңілсек, автордың таланты мен тапқырлығына көзіміз жетеді. Сонау 1950 жылы танымал баспадан авторға балалар кітабын жазу жəне оның көлемінің 250 сөзден көп болмауы жəне ол кітаптың балалар үшін һəм қызықты һəм күрделі болмауы жайлы ұсыныс түседі. Бұл ұсыныстың өзі сол уақыттан американ қоғамында балалар əдебиетіне болған жаңа талап, көзқарастың пайда болғанын көрсетсе керек.

«Cat» жəне «hat» cөздері арасындағы ұйқастықты аңғарған содан кейін барып автор шығарма желісін ойластырған. Бұл күндері осы шығарма тек кішкентайлар арасында емес үлкендер үшін де танымал шығармаға айналды.

«Қалпақтағы мысық» Доктор Сьюздің басқада шығармалары сияқты киноматографиялылық тəн, яғни мультипликаторлық фильм сияқты суреттер шапшаң ауысып, музыкалық үндестікке ие. Шығарма басында жаңбыр жауып, балалардың іштері пісіде, содан Қалпақтағы мысық пайда болады да сюжет шапшаңдай түседі, өз іс-əрекетерімен, сиқырымен балалардың жүрегін жаулайды, сосын анасының келуімен барлық нəрсе бəсеңдеп, өз орнына келеді.

Танымалы балалар ақыны К.И.Чуковский айтқандай: «Доктор Сьюз – АҚШ тағы ең танымал балалар жазушысы, ақыны.» [7, 8]. Оның туындылары тек балаларға емес, сондай ақ үлкендер үшінде қызықты, автордың 44 кітабі əлемнің 20 тіліне (оның ішінде соқыр адамдарға арналған Брайль əрпіде бар) аударылған. Ол бірнеше беделді сыйлықтардың иегері, алайда оның негізгі марапаты кішкентай жəне үлкен оқырмандарының сүйіспеншілігіне бөленуі. Ізгілік пен қайырымдылық туралы ойлар, бишаралық жəне қажетсіз зорлық-зомбылық, артық өзін дəріптеушілік үшін жазалану т.б. Сьюз кітаптарында əрқашан кездеседі. Оның досы американдық телеэкран жұлдызы Боб Кишан көрсеткендей: «Доктор Сьюз əрқашан тек балаларға ғана емес, үлкендер үшін де дүниедегі ең маңызды нəрселер туралы айтуға ұмтылған».

Балалар кітаптарының маңызды бөлігі олардың иллюстрациялары, американың көптеген ақын-жазушылары өз кітаптарын көркемдендіреді, Сьюзда солардың ішінде, жəне өз туындыларын өзі безендірген. Мəліметтерге сүйенсек мектепке дейінгі балалар кітаптарының 75% иллюстрациядан тұруы керек екен, Льюис Кэролл қахарманы Алиса айтқандай:

«Егер кітапта суреттер де , əңгіме де болмаса, оның қажеті не?». Сол себепті, Сьюз өз иллюстрациялары есесінен жетістікке бірден, бірнеше деңгейде дейін жеткен, яғни қағаздағы иллюстрация адресатқа бірнеше дəрежеде көп əсерін тигізеді ол арқылы жеке тұлға, топ, қоғам арасындағы қарым-қатынастың өзекті мəселелерін жəне ондағы альтруизмдің ролін əшкерелейді.[8, 373] Сьюз кітаптарының жетістігі оның моралында емес, өз оқырманын əрбір шығарма жолын оқуда қызығушықпен ұстауында.

Шынымен де Гейзелдің соншалықты танымал балалар ақыны болуының тағы бір дəлелі, оның сөздерінің нақыл сөздерге айналуында жəне американдықтар үшін ғана емес көбіміз үшін аса зор маңыз, мазмұнға ие екендігін атап өту керек. Мысалы: «Sometimes the questions are complicated and the answers are simple.» «Кейде сұрақтар өте күрделі, алайда олардың жауаптары өте жеңіл», «Don't cry because it's over, smile because it happened.», «Осы нəрсе аяқталды деп жылама, оның болғанына қуан».

Қорытылай келсек, көптеген сыншылар Доктор Сьюз кітаптарын көңіл жадырататын, білім беретін болуымен бірге өте қызықты, тартымды екенін жəне балалардың көптеген сұрақтарына жауап берумен қатар негізгі құндылықтар мен артықшылықтарды қалыптастырып, олардық сөздік қорын арттырады. Доктор Сьюз кітаптары оқырмандарын жақсылыққа жəне түсінушілікке, өзара көмекке, достыққа жəне дүниенің əсемділігі мен əрбір адамның табысқа, қызықты оқиғалар мен жаңа ашылымдарға əуестілігін көрсетеді. Сондай ақ оның кітаптары балалардың коммуникативті дағдыларын (сөздік қорын көбейту, сөйлеуін жетілдіру) жəне көп оқу, көп ақпарат жинау, жаңа білім зердесін (балалар өздеріне ұнаған өлеңдерін ұйқас себебінен бірден жаттап алады) арттырады.

Ең негізгісі, балалардың зейінін (оқиға желісі бойынша олар əрбір майда-шүйде жайтты назардан тыс қалдырмайды, сыртқы қоздырғыштар себебінен алаң етуден құтылады), елестету мен қиялдау дағдыларын (оған тек оқиға желісі емес сонымен қатар кітап иллюстрациялар өз септігін тигізеді), шығармашылық дағдыларын (балалар өздеріне ұнаған кітаптардың соңын ойдан шығарады, өз ойларын суреттерде немесе аппликация, пластилин көмегімен безендіреді) жəне аналитикалық дағдыларын (балалар кітапта берілген жағдаяттарға талдау жасайды жəне қорытынды жасаумен бірге не себепті осындай жағдайға тап болғанын, тығырықтан қалай шығу керектігін) арттырады.

 

Əдебиеттер

  1. Kiddie Lit: The Cultural Construction of Children's Literature in America. – The John Hopkins University Press, 2003. – 214 p.
  2. Арзамасцева И.Н., Николаева С. А. Детская литература: Учеб. пособие для студ. сред. пед. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 1998. – 576 c.
  3. http://marblemelon.wordpress.com
  4. http://www.polit.ru
  5. Philip Nel. Dr. Seuss: American Icon. – New York.: Continuum, 2005. – 305 c.
  6. Philip Nel. The Annotated Cat: Under the Hats of Seuss and His Cats. – Random House, 2007. – 189 с.
  7. Чуковский К. Познакомьтесь с Доктором Сьюзом! // Детская литература. – 1966. – № 12. – С. 32.
  8. Boyd B. On the Origin of Stories: Evolution, Cognition and Fiction. – L.: Cambridge. – MA: Belknap Press of Harvard University Press, 2009. – XIV. – 540 p.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.