Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Егде жастағы науқастарда артериалды гипертензия ағымының ерекшеліктері

Қарт және егде жастағы адамдар арасында қанайналым жүйесінің ауруларының (ҚЖА) артуы Республиканың Денсаулық сақтау жүйесінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚЖА аурушылдық көрсеткіші динамикада 2007-2009 жылдар ішінде 100 мың. ересек тұрғынға шаққанда 1,1 есе жоғарлаған *1+. Қарттардың ҚЖА-нан негізгі өлім себебі 1,4 есе артқан артериальды гипертензия (АГ) болып табылады.

Осыған байланысты геронтологиялық тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек, осының ішінде ауруханаға дейінгі кезеңдегі көмек сапасы маңызды.

Зерттеудің мақсаты Алматы қаласының белгілі-бір ауданының қарттарында АГ клиникалық ағымының ерекшеліктерін зерттеу болып табылды.

Материалдар және әдістер:01.01.12-нен 31.12.12-дейінгі аралықта МКҚМ «¥ОСА емханасына» тіркелген Алмалы ауданының егде жастағы науқастарының статистикалық карталарына жалпы анализ жүргізілді. Алынған мәліметтерге сүйенсек күндізгі стационарда қанайналым жүйесінің ауруларымен 828 науқас емделген. Оның ішінде 12 (1,5 %) науқас жүрек жеткіліксіздігі жоқ жүректің басым зақымдалуымен қосарласқан артериалды гипертензиямен және 52 науқас гипертензивті энцефалопатиямен тіркеліп жалпы санның 6, 3 % құрады.

Нәтижелер және талқылаулар: тексерілген науқастардың басым көпшілігінде «себепсіз» әлсіздік, нашар көңіл-күй, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, баста ауырлық және кернеу сезімі, сирек-бас ауру анықталған. Кейіннен үдемелі атеросклероздың негізгі симптомдары қосылған:ұйқының, есте сақтау қабілетінің, көрудің бұзылуы, бас айналу, құлақтағы, бастағы шу, жүрек тұсындағы ауру сезімі, ентігу, жүрек ырғағының бұзылыстары, эмоциональды тұрақсыздық. АГ-мен ұзақ ауыратын егде жастағы науқастар соңғы болған оқиғаларды есте сақтаудың, жаңа оқиғаларды игерудің, зейіннің төмендегенін, адекватты емес эмоционалды ракциялардың пайда болғандығын байқаған.

Гипертоникалық криздердің (ГК), әсіресе I типті (симпато- адреналды) (жастармен салыстырғанда) азайғандығын атап көрсету қажет. Егде жастағы науқастарда криздер жиілігі сирегенмен ағымы жастармен салыстырғанда ауырлау өтті. ГК ағымының ауырлығы гериатриялық науқастарда ырғақ бұзылыстары, күш түсу стенокардиясы, МИ, жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі (ЖСҚЖЖ), ми қанайналымының динамикалық бұзылыстары немесе ми инфаркті сияқты асқынуларға алып келген *2+.

Осылайша тексерістен өткен науқастарда АГ келесі клиникалық ерекшеліктерге ие:

  1. Сырқат жиі адам өмірінің кеш кезеңдерінде (6-7-8 он жылдықтарда) пайда болады. Сирек өмірдің ерте кезеңінде басталған аурудың жалғасы болып табылады, бірақ АГ кеш кезеңіне тән ерекшеліктермен жүреді.
  2. Клиникасында ауру сезімінің айқындылығы төмен болғандықтан, ерте диагностиканы қиындатады.
  3. Артериялық тамырлардың және гемодинамиканың жасқа байланысты өзгерістеріне байланысты салыстырмалы САҚ- жоғары деңгейде, ДАҚ- төмен деңгейде болуы ПҚ жоғарлауына алып келеді.
  4. Жастық өзгерістерге және үдемелі атеросклерозға байланысты маңызды мүшелердің және жүйелердің функционалды жетіспеушілігінің белгілері өте жылдам қосылады.
  5. Жастарға қарағанда МИ, инсульт, ЖСҚЖЖ, бүйрек жетіспеушілігі сияқты асқынулар аздаған қосымша қолайсыз әсерлер нәтижесінде жиірек дамиды.
  6. ГК симпапато-адреналды (I) типі салыстырмалы сирек анықталған Жиі криз ағымы су-тұз типі бойынша өтеді және сол қарынша жетіспеушілігімен және қанайналымының бұзылыстарымен қатар өтеді *3+. Қорытынды:

АГ егде жастағы науқастарда минмальды клиникалық көріністермен жүреді, бірақ асқынулардың жылдам дамуымен ерекшеленеді. Егде және қарт науқастарда АГ белгілерінің аздығы, латентті ағымы ерте және өз уақытындағы диагностика мүмкіндіктерін қиындатып, осы категориядағы АГ нәтижелі емдеу мүмкіндігін азайтады *4+.

АГ диагностикасының сәттілігін арттыру мақсатында геронтологиялық тұрғындарға көрсетілетін көмек көрсету кезінде әртүрлі диагностикалық скрининг бағдарламасын белсенді енгізу қажет .

 

ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

  1. «Саламатты Қазақстан» ҚР денсаулық сақтаудың 2011 - 2015 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы.
  2. Филатова С.А., Безденежная Л.П., Андреева Л.С. Геронтология: оқулық. - 5-ші басылым. - Ростов н/Д.: Феникс, 2009. - 510 б. - (СПО).
  3. Воробьева Т.Е., Куницына А.Я., Малеева Т.Ю. Гериатрия. - Ростов н/Д.: Феникс, 2009. - 152 б.
  4. Сагындыкова А.Ж. Организация медицинской помощи пожилым - важная задача здравоохранения // CONSILIUMMEDICUM. - 2010. - Т. 27, № 3. - C. 94-95.
  • Жыл: 2013
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.