Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ортодонтиядағы ретейнерлердің алатын орны

Дәрігер-ортодонт немен шүғылданады? Қандай стоматологиялық сырқаттарды емдейді? Осындай сұраққа жауап беру үшін алдымен «ортодонтия» терминнінің сырына үнілейік. «Ортодонтия» термині гректің orthos - тік, odontos - тіс деген үғымынан тараған. Басында ортодонтия өзінің тікелей үғымына қарай жеке қисық тұрған тістердің орналасуын түзетумен шұғылданса, кейінгі кезеңдерде оның өрісі кеңейтілуде. Бүгінгі таңда дәрігер-ортодонт балалар мен ересек адамдарда кездесетін тіс-жақсүйек аппараттарындағы аномалиялар және деформацияларды емдеумен, тіс пен тіс қатарындағы ақауларға протез салумен айналысады. Ортодонттар зерттейтін «аномалия» деген термин қалыпты жағдайдан ауытқу дегенді білдірсе, «деформация» заттың пішіні мен көлемінінің өзгеруін анықтайды. Ал «ретейнер» түзетілген тістерге тіреуіш болып, әбден қалыптасқанша оларды ұстап түратын аппарат.

Соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында кездесетін тіс-жақсүйектердің аномалиялары мен деформациялары жиі кездесуде. Кейбір ғалымдардың деректері бойынша ондай өзгерістер ел арасында 25-35% жетеді екен. Тіс-жақсүйек аномалияларының таралуы 24,5% өскен. Оған көптеген факторлар әсер етеді. Соның ішінде, әсіресе тұқымқуалаушылық, зат тек алмасуының бұзылуы, зиянды әдеттер ерекше орын алады.

Тіс-жақсүйек жүйесіндегі аномалиялар мен деформациялардың алдын алу емшек жасындағы сәбилерді күтіп бағудан басталады.

Тіс-жақсүйек жүйесі бала ағзасының өмір сүруге аса қажетті ему, жұту, тыныс алу, шайнау және сөйлеу сияқты қызметтеріне белсенді түрде қатысады.

Жоғарыда аталған физиологиялық қызметтердің бәрі бұзылса, тіс-жақсүйек аномалиялары мен деформацияларының пайда болуына мүмкіндік туады. Балалар мен жасөспірімдерде кездесетін тіс-жақсүйек аномалияларының түрлері көп. Оларға тістемнің прогнатия (жоғарғы жақ-сүйектің алға шығуы), прогения (төменгі жақсүйектің алға шығуы), ашық, терең, айқасқан тәрізді түрлері жатады.

Ортодонтияда тіс-жақсүйек аномалиялары мен деформацияларын емдеу мақсатында әртүрлі пластинкалар, аппараттар, брекеттер қолданылады. Соңғы 10-15 жылдың ішінде ортодонтиялық брекет жүйесі өзінің емдік тиімділігімен көзге түсіп жүр. «Брекет» термині бөліктерінде бірін-біріне бекітетін құлып немесе қапсырма деген үғымды береді. Брекет жүйесі сақинадан, ортодонтиялық сым-темір доғадан және брекет-құлыптан түрады. Брекеттердің бірнеше түрлері бар. Кең таралғаны-тістің алдыңғы жағына бекітілетін металды немесе керамикалық құрылымдар. Тіл жақтылық брекеттер тістің ішкі жағына бекітіледі (1сурет).

Олар көрінбейді, бірақ оларды тазалау қиынға түседі. Брекеттерді тағып жүргенде ауыз қуысына дұрыс күтім

жасау қызыл иек пен тісті стоматологиялық аурулардан қорғауға көмектеседі. Оның үстіне дұрыс күтім брекеттерді тағу мерзімін қысқартуы мүмкін.

Қазіргі замандағы ортодонтияда тіс-жақсүйектерінің аномалиялары мен деформацияларын оңтайлы емдеу, қол жеткен нәтижелерді өзгеріссіз сақтау (рецидив, аурудың қайталануын болдырмай) өзекті мәселелердің бірі. Ортодонтиялық емнен кейін пайда болатын рецидивтерді болжау, ғылыми зерттемелер үшін өте маңызды. Емдеудің шипалығын арттыру, рецидивтердің алдын алу, жетілдірілген ретейнер-түрақтандырғыш құрылымдарын жасау-заманауи талабы.

Әдетте әртүрлі ортодонтиялық аппараттар, брекеттермен емдеудің соңғы сатысына ретенциялық яғни түрақтандыру кезеңі жатады.

Бұл кезде арнайы аппарат-ретейнерлер көмегімен түзетілген тістер біратала физиологиялық қалыпты тұрақтандырады. Емніңі ретенциялық (тұрақталған) нәтижелерін қамтамасыз ету үшін алмалы-салмалы, алынбайтын ортодонтиялық қолданылады. Оларды қолданғанда тісжегі, қызыл иек ауруларының алдын алу үшін ауыз қуысының кәсіби гигиенасы міндетті түрде жүргізіледі. Алынбайтын ретенциялық аппараттар көбінесе тістің ішкі бетінде орналасады. Ортодонтиялық сым тістің кіреукесіне композициялық материалдың көмегімен бекітіледі. Бұл аппараттың артықшылығы көзге түспеуі және ретенциялық қасиетінің жоғары болуы. Дегенмен аппаратты түнде киюді ұмытпағаны дұрыс, бірақ оның бір кемшілігі оған алмалы-салмалы аппаратқа қарағанда ауыз тазалығын сақтаудың қиындығы жатады (2 сурет).

Ретенциялық аппараттардың ең қарапайым - ұстап түратын кламмерлері және вестибулярлы металл доғасы бар жай пластинкалы аппарат (3 сурет). Онымен гигиенаны сақтау оңай, дегенмен сөйлегенде вестибулярлы доға көрінеді. Сондықтан доға көрінбеу үшін мөлдір вестибулярлы доғасы бар эстетикалық ретенциялы аппарат ойлап шығарылған.

Алмалы-салмалы ретенциялық аппарат ретінде каппаны қолдануға болады. (мысалы, иекке сыртынан тұрақты қысым түсіру үшін). Каппаның эстетикалық қасиеті жоғары, қалыптағыш-вакуум аппаратында істеледі (4- сурет).

Әдетте бір жақ сүйекті құрылымдық ретенциялық аппараттармен қатар екі жақ-сүйектік аппараттар да жасалады. Бұл аппарат құрылым жағынан өте күрделі, сол себептен үйге келгенде түнде ғана ауызға салады. Кейбір кезде дәрігер әртүрлі құрылымдық ретенциялық аппараттарды құрамдастырады.

Мысалы, мөлдір каппаларды жоғары және төменгі жақ сүйектерге күндіз салса, пластинка немесе екі жақ сүйекті аппараттар түнде салынады. Болмаса алынбайтын ретейнерлер тұрақты тұрса, екі жақ сүйекті аппарат түнде ауызға салынады. Барлық алмалы- салмалы ретенциялық аппараттар белгілі бір күтім мен тазалықты қажет етеді. Сол үшін көптеген тіс щеткалары, ысқыштар және суперфлостар, емдеу-профилактикалық пасталар және ауыз шаюға арналған заттар шығарылған. Дәрігер-ортодонт, науқасқа брекет-жүйесі ауызда болғанда гигиеналық дағдыларды ұмытпай, бұлжытпай орындауды ескертеді..

Сонымен қатар тістердің минералды құрамын қалпына келтіру және ауыз қуысын кәсіби тазалау үшін үнемі дәрігерге келіп тұру қажет.

Қайтардан пайда болатын аномалиялардың алдын алу үшін, ретенциялық аппараттарды жоспарлау кезінде тістердің ығысу бағыты назарға алынады.

Тістердің вестибулярлы орналасуын кетіргеннен кейін, әртүрлі құрылымды тісүсті вестибулярлық доғалар қолданылады. Аппараттың негізі мен доға арасындағы орналасқан тістер бекітіледі. Вестибулярлы доғаларды алдынғы тістерге, сонымен қатар бүйір тістерге де қолдануға болады.

Дистальды тістемді түзеткеннен кейін, жоғарғы жақ сүйекке вестибулярлы доға, кламмерлер және ылди жазықтығы бар пластинкалар, немесе төменгі жақ сүйекке бейімдегіші бар пластинкалар жасалынады.

Бұлар алдынғы тістерге жасалған вестибулярлы доғаның әсерінен тістерге жақсы бекітіледі.

Мезиалды тістемді түзеткеннен кейін, жоғарғы жақ сүйектің алдыңғы тістеріне тісүсті вестибулярлы доғасы қолданылады.

Ашық тістемді түзеткеннен кейін, құрамына құрылымдық элементтер кіретін ретенциялық аппараттар қолданылады. Олар тілді тіс қатарынан бөліп тұруға және тіс арасына кіруден сақтайды. Сол себептен тілді сақтау үшін тік және көлденең бағытта иілген сым темірлері бар және пластмассадан жасалған қалқаны бар алмалы-салмалы аппарат қолданылады. Тілдің ұщын дұрыс орналасуын бұзбау үшін және ауыздың физиологиялық кеңістігін кемітпеу үшін аппаратты тіске жақындатып, түзеп-жөндеу оңай түседі.

Тістердің ось бойымен айналған кезде, оларды ретенциялау қиынға түседі. Осы мақсатпен тістердің тіл жағына бекітілетін алмалы-салмалы сым темірлі ретейнерлер қолданылады. Тұрақты ортодонтиялық аппарат тіс қатарынан алынғаннан кейін аномалияның қайталанбауын алдын алу үшін ретенциялық аппарат тәулік ішінде жасалып ауызға салынуы тиіс. Барлық алмалы-салмалы ретенциялық аппараттар тұрақты түрде күтім мен тазалықты талап етеді.

Ретенциялық кезеңде ретейнердің бекітілуін байқап, ортодонтқа тұрақты түрде қаралып тұру керек.

Ретейнерлер қандайда бір тістен ажырап кетсе, толығымен босауы мүмкін, мұндай жағдайда дер кезінде емханаға барып түзеп-жөндеген дұрыс.

Ретенциялық кезеңде ортодонтқа жылына науқас кем дегенде 2 рет қаралуы керек.

Жоғарыда көрсетілген ретенциялық аппараттарды медициналық көрсетілімдеріне қарай қолданса, емнің нәтижесі артып, түзетілген тістер өз орнындарында түрақталып қалады.

Қорыта келгенде, ретейнер аппараттарын оңтайлы қолдану тек әдемі күлкі үшін емес, тіс-жақсүйек жүйесінің ойдағыдай қызметін қамтамасыз етуге береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Уильям Р.Проффит Современная ортодонтия – М.: 2009. - 560с..
  2. П.С.Флис, Н.А.Омельчук, Н.В.Ращенко Ортодонтия: учебник. –Медицина. - 2008. – 360с.
  3. М.Я.Алимова, И.М.Макеева Ортодонтические ретенционные аппараты: Учебн.пособие. – М.: 2009.- 72с.
  4. Равиндра Нанда Биомеханика и эстетика в клинической ортодонтии. – М.: 2009. – 388с..

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.