Өзектілігі. Зақымдалған тіндер мен мүшелердің құрылымы мен қызметін қалыптандыру, адамның тіндері мен мүшелерінің эквивалентін қүру регенеративті медицинаның приоритетті бағыттарының бірі болып саналады.
Материалдар мен әдістер. Жануарлар моделі. Салмағы 200-250г, саны 45 тышқандар, бір реттік скальпель, хирургиялық инструменттер, бір реттік шприцтер, спирт,тышқандар терісіне күйік жасалынды. Жүргізілген манипуляция нәтижесінде 2-3 Б дәрежесіндегі, тереңдігі 2-3 мм болатын күйік түзілді. Жануарларға күйік жасап болғаннан соң, 24 сағаттан кейін өлген қабыршақтардан тазартылып, фурациллин ерітіндісімен өңделді. Жануарларды 5 топқа бөлдік: №1 зерттелуші топ(п=9) - АЭФ 01/05 жасушалар суспензиясын инъекциялық енгізу және күйік жарасын коллагенді мембранамен жабу, №2 бақылау топ(п=9) - күйік жараларын левомиколь фурациллин ерітіндісі, гентамицин, физиологиялық ерітінді, АЭФ 01/05 адамның жасуша фибробластарының суспензиясы, коллагенді мембраналар.
Барлық жануарларға Рометар 2% ерітіндісімен жалпы жансыздандыру және 2% лидокаин ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру жүргізіліп, 10 сек уақытта t=180-200° қыздырылған d=1,5 см металды дискпен жақпасымен емдеу, №3 зерттелуші топ(п=9) -ем жүргізілмеді.
Нәтижесі: Тәжірибені жүргізу барысында жануарлар өлімі және күйік жарасының қабынуы байқалған жоқ. Зерттелуші топтарда бақылау топтарымен салыстырғанда тіндердің регенерациясы мен жараның жазылуы тез жүрді. 3,7,14, және 21-ші күндерде жараның аумағы мен жазылу пайызын бақылап, есептелініп отырды.
3-суретте бақылау тобындағы күйік жарасының гистологиялық зерттемесінде эпителизация үрдісінің болмауын, ал 4-суретте негізгі топтағы күйік жарасының эпителизациялану үрдісінің қарқынды жүргенін көруімізге болады.
5-суретте бақылау тобындағы күйік жарасының гистологиялық зерттемесінде эпителизация үрдісінің толық болмауын, ал 6-суретте негізгі топтағы күйік жарасының эпителизациялану үрдісінің толық көруімізге болады.
Тәжірибелік-морфологиялық зерттеулер нәтижесінде жасуша-тіндік инженерия композициясы қауіпсіз және жоғары биосәйкестілікке ие. Нәтижесінде, регенеративті емнің мерзімі екі немесе одан да көп есеге қысқарады. Регенеративті медицинада жасушалар технологиясын қолдану тәжірибелік жануарлардағы жаралардағы жазылу үрдісін 2-2,5 есеге тездетеді. Сонымен қатар,
Зерттеудің 21 күнгі негізгі және бақылау топтарындағы күйік жараларының эпителизациялану дәрежесінің морфологиялық бағасы эпидермис қабатын толық қалпына келтіреді және айқын тыртық тіндер түзілмейді.
Қорытынды. Дәстүрлі емге қарағанда 01\05 АЭФ жасушалардың диплоидты штаммының ортасын коллаген матриксімен қолдануы тіндердің жазылуы мен регенерациясын тез жүргізеді. АЭФ қолдану әр түрлі генездегі репаративті үрдістерді стимулдейді, грануляция дамуын тездетеді, жараның шеткі эпителизация үрдісін белсендіреді. АЭФ өзінің функциональды белсенділігін коллагенді матрик гелінде көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Келлер Г, Себастиан Дж, Лакомбе Ю, Тофт К, Ласк Г, Ревазова Е. Сохранность инъецируемых аутологичных человеческих фибробластов.// Бюл эксп биол мед. – 2000. -130(8). – C. 203-206.
- Cristofalo VJ et al. Proc Natl Acad Sci U S A: 1998 Sept1. - 95(18). – P.10614-10619.
- Freedland M et al. Ann Plast Surg. – 1995. -35(3). – P.290-296.