Өзектілігі: Тасты холецистит ауруының өсуі және оның асқынуларының себебі механикалық сарғыштану, холедохолитиаздың салдары көптеген диагностикалық, емдік- тактикалық және техникалық жайттар, тиімді емдеу тактикасын таңдауға кедергі келтіреді (1, 2, 3). Холедохокиназадан басқа қазіргі кезде калькулезді емес сарғыштанумен сырқаттанған науқастар саны жоғарылауда: 12 елі ішектің үлкен емізікшесінің тарылуы (2, 4).16-29/, панкреатит 5,4-27 '/■, бауырдан тыс өт жолдарының тыртықты тарылуы 5,3-15/, Бауырдың паразитарлы аурулары 1,6-4/. Бұл аурулар белгілі бір жағдайларда өттің гипертензиясы мен механикалық сарғаюға әкеледі, бұл жиі жағдайда іріңді холангитпен көрінеді. Ол өз кезегінде уланудың күшеюімен бірге бауырдың морфофункционалды бұзылыстарының өршуі мен гемодинамикалық, гемореологиялық және лимфодинамикалық ауытқуларға соқтырады (3, 4, 5, 6).
Бауырдың бұзылу дәрежесі мен жылдамдығы өттік гипертензияның өсуіне, микроциркуляция бұзылысына, тіннің гипоксиясына, өт жолдарындағы қабынуға және сарғаю ұзақтығына тәуелді болады. Өттік гипертензия және өт қышқылының гепатоциттерге улы әсерінің нәтижесінде гепатоциттердің оттегіні түтынуы төмендеп тотықтырғыш фосфолирлеуді ажыратады және қызметін бұзады. Ол өз кезегінде клеткалық мембрана қүрылымы мен қасиетін өзгертіп, мембраналық липид, холестерин, май қышқылдары мен мембрана байланыстырушы фермент белсенділігін бұзады. Механикалық сарғаюдың ұзақтығымен бауырдың қызметтерінің (өт бөлу, зарарсыздандыру) бұзылуы көп жағдайда организмнің гуморалды реттеуші жүйесі - ұю, фибринолитикалық, калликрин-кининді жүйелерінің бұзылуы геморрагиялық асқынулар, тромбозбен эмболияға алып келеді (6, 7).
Белоктық, липидтік алмасулар бұзылысы, эндогенді интоксикация ең маңызды роль атқарады, өйткені оттегі тасымалы, қанның реологиялық қасиетіне, микроциркуляциясына, тотығу-тотықсыздану үрдісінің реттелуіне, клеткалық иммунитетке, гемостаз жүйесімен қанның агрегаттық жағдайына тікелей әсер етеді.
Мақсаты: биллиарлы окклюзия ұзақтығына байланысты механикалық сарғаю кезіндегі бауырдың компенсаторлық қызметінің бұзылысын зерттеу. Материалдар және әдістер:
Сарғыштану ұзақтығына байланысты 24 пен 82 жас аралығындағы 78 науқастың гоместаз жағдайы зерттелді.
Холедохометиаз-74%
Созылмалы панкреатит-95%
Холедохтың тыртықты стриктурасы -12,5%
12 елі ішектің үлкен емізікшесінің стенозы, лимфаденит - %
Сарғыштану ұзақтығы: I-ші топ 10күн, II-ші топ 2 апта. III- ші топ 3 аптадан көп. Биллиарлы окклюзия ұзақтығы 10 күнге дейін альбуминдер 1,4 есе немесе 30%, гамма- глобулиндер мөлшері 1,5 есе (47/) көбеіген, қалдықты азот денгейі (23,9ммоль/л) жоғарлаған, жалпы билирубин 33,2-ден 18Ōмкмольге дейін. АЛТ және АСТ денгейі қалыпты жағдайда, сілтілі фосфотаза барлық науқастарда 1,5-3 есе жоғарлады (85-190 бір/л). Ерте билиарлы окклюзия кезінде осы мәліметтер диспротейнемяның жоғарлауын және холестатикалық процесстер цитолитикалықтан жоғары екендігін көрсетеді.
Екінші топта шамалы трансаминаземия, қалдықты азот денгейі (25,8 ммоль/л) айқын жоғарлаған, I-ші топпен салыстырғанда сілтілі фосфотаза (192,5 ед/л), бета- липопротеидтар 2 еседен астам (26,2 г/л)жоғарлады. I-ші топпен салыстырғанда диспротеинемиямен қоса жалпы билирубин жоғарлады, бірақ толық емес (3Ō * 21Ō мкмоль/л).
III-ші топта диспротеинемия айқын гамма- глобулинемиямен. 60% науқастарда билирубинемия 2ŌŌ мкмоль/л-ге дейін, 40%-да 2ŌŌ мкмоль/л-ден жоғары, қалдықты азот денгейі 25%-ға жоғарлаған, АЛТ 3 есе жоғарлаған (2,7-ден 3,5Ō ммоль\л-ге дейін). Сілтілі фосфотаза 4,4 есе нормадан жоғары ( 262,2 бір/л). Осы мәліметтерге қарай холестазбен қатар айқын цитолитикалық процесстер байкалады. 3Ō% науқастарда бета - липопротеидемия байқалды және ол арықарай тереңрек жасуша мембранасының қүрлысы мен қасиеттерін бұзады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Апсатаров Э.А., Уразбеков Н.И «Системные поражения органов гепатобилиарной системы при желчекаменной болезни» Хирургия Казахстана. – 1996. - № 5-6. - C. 3-7
- Андреев Г.Н. «Механическая желтуха не опухолевой этиологии». - Великий Новгород: 2004 г.
- Борисов А.Е., Землянной В.П., Левин Л.А. « К вопросу о диагностики механической желтухи». - Алма-Ата: 1991 г. - C.16-22
- « Гастроэнтерология и гепатология: диагностика и лечение» под ред. А.В. Калинина, А.И. Хазанова. – М.: 2007 г.
- Гальперин И.И. «Руководство по хирургии печени». -2009 г.
- Андреев Г.Н. « Агрегатное состояние крови и нарушение гомеостаза у больных с внутрипеченочным холестазом. Клиническая медицина. - Великий Новгород РФ: 2002 г. - C. 238-247
- Ибадильдин А.С., Андреев Г.Н. « Гепатология және клиникалы биохимия». - Алматы «Карасай»: 2008 г. – 392 c.