Ғылыми зерттеу жұмысы аясында Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл тұрғындарының қартаю қарқынын зерттеу жоспарланды. Біздің зерттеу мақсатымызға сәйкес 45 жастан асқан 359 адам қаралды, оның ішінде 270 әйел, 89 – ер. Зерттеу мақсаты: эндокринді аурулардың жиілігі мен жасының ұлғаюына байланысты қосарланған аурулардың таралуын, сонымен қатар ауыл түрғындарының қартаю қарқынын анықтау. Барлық зерттелушілер эндокринологпен, кардиологпен, стоматологпен, пульмонологпен, физиологпен, психотерапевтпен, генетикпен қаралды, сонымен қоса жасы ұлғайған және егде жастағы науқастарға клиникалық сұрама толтырылып, өмір сүру
сапасы зерттелінді. Сонымен бірге жапондық аппарат «Tanita»-мен зерттеу жүргізілді. Алынған зерттеу нәтижелері статистикалық өңделді және жасқа байланысты анализ жүргізілді. Зерттеу нәтижелері 1-ші кестеде көрсетілген.
- кестеде көрініп тұрғандай жасы ұлғайған және егде жастағы пациенттерде жасының ұлғаюына байланысты қосарланған мынадай аурулар кеңінен таралған: қан қысымының жоғарылауы - 42,6%, эндокринді жүйенің аурулары - 27,6%, оның ішінде йод тапшылығынан болатын аурулар - 36%, гипотиреоз - 25%, қант диабеті – 21%, семіздік - 9%, жайылмалы уытты жемсау - 5%, климакстық синдром – 3%.
Кесте 1 - Жасының ұлғаюына байланысты аурулардың кездесу жиілігі.
№ |
Жасының ұлғаюына байланысты аурулар |
Жалпы саны |
Әйелдер |
Ерлер |
Кездесу жиілігі, 359 адамға шаққандағы %. |
1 |
Қан қысымының жоғарылауы |
153 |
121 |
32 |
42,6 |
2 |
Жүректің ишемиялық аурулары |
85 |
52 |
33 |
23,4 |
3 |
Асқазан-ішек жолдарының аурулары |
82 |
65 |
17 |
22,8 |
4 |
Бүйрек аурулары |
64 |
55 |
9 |
17,8 |
5 |
Тыныс алу жүйесінің аурулары |
48 |
30 |
18 |
13,4 |
6 |
Буын аурулары |
38 |
27 |
11 |
10,6 |
7 |
Эндемиялық жемсау |
36 |
33 |
3 |
10 |
8 |
Гипотиреоз |
25 |
23 |
2 |
6,9 |
9 |
Қант диабеті |
22 |
9 |
13 |
5,9 |
10 |
Жүйелі аурулар |
18 |
18 |
0 |
5 |
11 |
Миома, поликистоз |
11 |
11 |
0 |
4 |
12 |
Семіздік |
9 |
6 |
3 |
2,5 |
13 |
Инсульт |
7 |
5 |
2 |
1,9 |
14 |
Энцефалопатия |
6 |
3 |
3 |
1,7 |
15 |
Жайылмалы уытты жемсау |
5 |
4 |
1 |
1,4 |
16 |
Климакстық синдром |
3 |
3 |
0 |
1,1 |
17 |
Парадонтоз |
1 |
0 |
1 |
0,3 |
Жапондық аппарат «Tanita»-мен зерттеу нәтижелері алынды. Ауыл халқының зерттеу нәтижелерін сараптау 60 жасқа дейін дене салмағы бір деңгейде болатынын, ал кейінгі он жылдықта дене салмағының дәлелді түрде төмендеуі байқалатынын көрсетіп отыр, дене салмағының төмендеуінің ең жоғарғы деңгейі 70-75 жас аралығында байқалады. Ағзаның энергия жұмсауы 65 жасқа дейін өседі, ал кейіннен төмендеуі байқалады. Бұл берілген критерилер жастың өсуіне сәйкес күшейе түсетін ағзаның энергетикалық қорының азая бастайтынын көрсетеді.
Зерттеу нәтижесінде алынған орташаланған мәліметтер зерттеліп отырған параметрлердің статистикалық нақтылығын анықтауға мүмкіндік бермеді, соған байланысты біз зат алмасу өзгерістерінің жиілік таралымын зерттедік. Түрлі жастық топтардағы зат - алмасу қүбылыстарына сәйкес жастың (адамның зат алмасу үрдістерінің деңгейіне байланысты жас) өзгеріс жағдайларының жиілік таралымы сол топтардағы бөлшекті ерекшелігін көрсетеді және 2-кестеде кескінделген.
Кесте 2 - Ауыл тұрғындарының әртүрлі жастық топтарындағы зат алмасу қүбылыстарына сәйкес жас өзгерістерінің жиілігі
Жасы |
45 тен 50 дейінгі жас |
50 ден 55 дейінгі жас |
55тен 60 дейінгі жас |
60 тан 65 дейінгі жас |
65 тен 70 дейінгі жас |
70 тен 75 дейінгі жас |
75 тен жоғарғы жас |
Саны, N |
95 ¯ |
93 ¯ |
82 ¯¯ |
51 ¯¯ |
20 |
13 ¯¯ |
5 ¯¯ |
Қартаюдың жылдам қарқыны, % (1) |
69,5±4,7 |
65,6±4,9 |
47,6±5,1 |
27,5±5,2 |
30,0±10,2 |
7,7±2,8 |
20,0±17,8 |
Қартаюдың төмендеу қарқыны, % (2) |
28,4±4,6 |
23,7±4,4 |
43,9±5,1 |
66,7±8,1 |
70,0±10,2 |
92,3±9,6 |
80,0±17,8 |
Зат алмасу қүбылысына сәйкес жас және төлқүжаттық жастың сәйкестігі, % (3) |
2,1±1,4 |
10,8±3,1 |
8,5±2,9 |
5,9±2,4 |
Ō±Ō |
Ō±Ō |
0,0±0,0 |
Р1-2 ~~ |
<0,001 ¯¯ |
<0,001 ¯ |
>0,05 ¯¯ |
<0,001 ¯¯ |
<0,05 |
<0,001 ¯¯ |
<0,05 ¯¯ |
Р1-3 |
<0,001 |
<0,001 |
<0,001 |
<0,001 |
- |
- |
- |
Р2-3 |
<0,001 |
<0,05 |
<0,001 |
<0,001 |
- |
- |
- |
Әрбір жастық топтағы өзгеру жағдайларының жиілігін сараптау мынаны көрсетеді: 45 пен 50 жас аралығындағы жастық топтарда қартаюдың жылдам қарқыны - 69,5%, яғни зат алмасу қүбылысына сәйкес жастың төлқүжаттық жастан үлкен екендігін көрсетеді. Тек қана 2,1% жағдайларда зат алмасу қүбылысына сәйкес жас және төлқүжаттық жастың сәйкестігі байқалып отыр.
Қартаюдың жылдам қарқыны (яғни оларда зат алмасу қүбылысына сәйкес жас төлқүжаттық жастан үлкен болады) 45-50 жас аралығында және 50-55 жас аралығында өз шыңына жетеді, ол 69,5% және 65,6% сәйкес. 55 жастан бастап жылдам қартаюдың кездесу жиілігінің ұдайы төмендеуі байқалады, демек жасы ұлғайған сайын ауыл түрғындарының дене салмағының артуы азаяды. Жылдам қартаюдың ұзақтығы шамамен 5 жастан 35 жасқа дейін. 70-75 жас аралығындағы жастық топта қартаюдың жылдамдауы 7,7% жағдайларда байқалады, ал 92,3% жағдайларда төлқүжаттық жас зат алмасу қүбылысына сәйкес жастан артық. Бұл мәліметтер жылдам қартаюдың көбіне 45-55 жас аралығында пайда болатынын көрсетеді. Сондықтан дәл осы контингент арасында қартаюға қарсы бағдарлама бойынша көмек беру қажет.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
- А.Аканов, С.Ямошита, С.Мейрманов и др. Пожилые люди и их проблемы: опыт Японии и Казахстана. - Нагасаки-Алматы: 2008. -199 с.
- А.Аканов, С.Сейдуманов, В.Ахметов и др. Контуры нового здравоохранения и концептуальные подходы к стратегии реформы здравоохранения до 2020 года. - Алматы: 2009. -165 с.
- А.Аканов, К.Нурманов, А.Арингазина и др. Общественное здравоохранение: основные подходы и принципы определения и удовлетворения потребностей человека. - Алматы: 2007. -136 с.