Барлық элеуметтік факторлардың ішінде тамақтану адам денсаулығына эсері жағынан алдыңғы орынды иемденеді. Ол құрылыс материалы жэне тіршіліктің көзі ретінде органимзде жүріп жатқан химиялық үрдістердің өзара эрекеттестігінің негізі болып саналады. Қазіргі кезде тамақтану мэселесіне ерекше мэн берілуде. Микронутриенттерді жеткілікті мөлшерде тұтынбау адам денсаулығына, толық бір ұлт өкілдерінің өмір сүру ұзақтығы мен өсіп-өнуіне кері эсері бар өзекті факторлардың бірі болып саналады [1].
Ғылым мен техниканың дамыған заманында адамның өмір сүру салтының жаңашыл өзгеруі нэтижесінде организмнің стресс факторларына төзімділігінің төмендеуі байқалады. Қоршаған ортаның қолайсыз факторлары липидтердің асқын тотығуы үрдісінің үдеуімен, мембрана байланыстырушы ферменттердің белсенуімен, эртүрлі заттарға мембрананың таңдамалы өткізгіштігінің бұзылуымен сипатталатын клетка мембранасының құрылымдық жэне қызметтік өзгерістеріне алып келеді.
Организмнің клеткалық деңгейінде патологиялық өзгерістердің пайда болуына себепші факторлардың бірі - гипокинезия. Сондықтан организмнің төзімділігін жоғарылатуға жэне де гиподинамияның патологиялық өзгерістерінің алдын алу мен төмендетуге бағытталған тиімді жолдар мен эдістерді іздестіру өзекті мэселелердің бірі саналады. Клетка мембанасы зақымдаушы агенттердің эрекетіне өте сезімтал болып келетіндіктен, оларға метаболиттік өзгерістер организмнің функцоналды жағдайын бағалайтын басты алғы шарттардың бірі ретінде қолданылылады.
Жұмыста иммобилизациялық стресстің эсерінен организмнің төзімділігі мен антиоксидантық белсенділігін жоғарылату мақсатында Алматы технологиялық университетінде дайындалған «Желе по- казахстански» жаңа биопрепарат қолданылып зерттеу жүргізілді. Бұл қоспа құрамында тағамдық талшықтар мен дэрумендерден, ферментер мен макро- микроэлементтер жиынтығы кездесетін 17 табиғи ингредиенттерден тұрады.
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДIСТЕРI
Қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін тэжірибеде in vivo жағдайында салмақтары 200±20г болатын, 240 лабораториялық ересек ақ егеуқұйрықтар
эритроциттерінің физиологиялық жэне биохимиялық қасиеттері зерттелді. Зерттеу нысаны ретінде эритроциттерді алуымыздың себебі, эритроциттер мембранасының құрылымы басқа да ұлпалар мембранасының биохимиялық құрылысының ерекшеліктерімен сэйкес келеді *2+ Тэжірибелік 2-топ егеуқұйрықтары стресс факторлары эсеріне ұшыратылды. Иммобилизациялық стресс тудыру үшін арнайы жасалынған тар торға егеуқұйрықтар 24 сағат бойы қимылсыз отырғызылды.
Биологиялық белсенді қосылыстар арқылы эритроциттер мембранасының стресс эсеріне төзімділігін арттыру үшін жасалынған тэжірибелерде жануарлар стресс эсеріне ұшыратылмас бұрын азығына, яғни асқорыту жолымен «Желе по Казахстански» қоспасы қосылып берілді.
Жануарлардың 100 г дене салмағына 10 мг «Желе по Казахстански» десерті қосылып беріліп, келесі күні жануарлар 1 тэулікке арнайы жасалынған тар торға қимылсыз отырғызылып, стресс факторы тудырылды.
Егеуқұйрықтардан алынған қанды 1000g жылдамдықпен центрифугада 10 мин айналдыру арқылы эритроциттер бөлініп алынды. Плазма мен қанның ақ клеткаларын бөліп алып, құрамында 150мМ NaCl, 5мМ Ñа2НРО4 (рН- 7,4) бар инкубация ортасы (ИО) буферлі ерітіндімен эритроциттер екі қайтара шайылды. Тэжірибе жасалмас бұрын алдын ала эритроциттер 10 есе буферлі ерітіндімен сұйылтылып, 37оС температурада 5 мин термостатта қыздырылды.
Эритроциттердің осмостық төзімділігі натрий хлоридінің гипотониялық ерітінділеріндегі (0,9-0,35г/100мл, 4М) 20 мин термостатта 37ºС температурада қыздырылған эритроциттер гемолиз деңгейі бойынша анықталды. Na2CO3^to 0,1г/100мл концентрациялы ерітіндідегі эритроциттердің толық гемолиз деңгейін 100%-ға бағалап, қанның қызыл түйіршіктерінің гемолиз деңгейі пайыздық қатынаста есептелінді. Оптикалық тығыздылығы 540 нм толқын ұзындығында тіркелді. Сахарозаның гипертониялық ерітінділеріндегі эритроциттердің күйі аталмыш Адрасиловтың эдісімен *3+ анықталды. Қанның қызыл клеткалары сахарозаның 0,3 жэне 0,4 М ерітінділеріне орналастырылып, 37°С температурада термостатта 60 мин қыздырылды.
Эритроциттерге гиперосмостық қысым осмостық күші жоғары натрий хлоридінің 4М ерітіндісі арқылытудырылды. Ол үшін 100 мкл сұйылтылған эритроциттер 2 мл натрий хлорид¡н¡ц 4М ерıтıндıсıне қосылып, З7 С температурада 5 мин қыздырылды. Клеткалар центрифуга көмегімен тұндырылып, 540нм спектрофотометрлǐк толқын ұзындығында супернатанттағы гемоглобин мөлшері анықталды.
Эритроциттердǐц асқын тотықтық гемолизǐ (ЭАТГ) бұрыннан белгĩлĩ Покровский мен Абрарованың әдісін [4] өзіміздің лабораторияда өңдеп, жетілдіру барысында *5+ анықталды. Сапониннің 0,1г/100мл концентрациялы ерітіндісіндегі эритроциттердің толық гемолиз деңгейін 100%-ға бағалап, қанның қызыл клеткасының асқын тотықтық гемолиз деңгейі пайыздық қатынаста есептелінді. Оптикалық тығыздығы 540нм толқын ұзындығында тіркелініп, эритроциттердің асқын тотықтық гемолиз деңгейі төмендегі формула бойынша анықталды:
А = ТГ
ε - тәжірибе үлгісінің экстинкциясы, ТГ - толық гемолиз кезіндегі тәжірибе экстинкциясы.
Алынған нәтижелердің арифметикалық ортақ көрсеткіші, ортақ квадраттық ауытқуы, ортақ арифметикалық қатесі есептелініп, Microsoft Excel бағдарламасымен өңделдь Фишер-Стьюденттщ критерийǐ ескерǐлдǐ, параметрлер сенімділігі Р< 0.05.
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ
«Желе по-казахстански» десертін антиоксиданттық қасиетін анықтау мақсатында десерттің 14 күн азығымен бірге қабылдаған егеу құйрықтар эритроциттерінің натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндіері деп осмостық төзімділігін зерттеу нәтижелері 29 суретте берілді. Суреттен көрініп тұрғандай, бақылау тобымен (0,4 г/100 мл мөлшерінде - 83,7±4,12%-ға, 0,45 г/100 мл мөлшерінде - 49,9±0,58%-ға) салыстырғанда гиподинамия әсерінен (0,4 г/100 мл мөлшерінде- 95,7±1,05%,-ға 0,45 г/100 мл ертіндіде - 75,7±2,41%- ға) жануарлар эритроциттерǐнен гемоглобиннің босап шығуы 11,9% жəне 25,8%-ға жоғарылады, ал күнде жем “Желе по Казахстански” қоспасы қосылған жануарлар (0,4 г/100 мл ертндіде - 72,69±2,34%-ға, 0,45 г/100 мл ертндіде - 21,5±3,51%-ға) эритроциттерǐнен гемоглобиннің босап шығуы 32,1% және 54,2%-ға азайды.
Эритроциттер мембранасына стресс фактордың зиянды əсерĩн “Желе по Казахстански” десертĩ (0,4 г/100 мл ер^шд^нде - 88,6± 1,56%, 0,45 г/100 мл ер^шд^нде - 53,2±0,91%) 7,1% жəне 24,4%- ға томендеттì (р≤ 0.001).
Тәжірибе жұмысының келесі сатысында, бақылау жəне тәжірибелік топ жануарлары қанының қызыл клеткаларына сахарозаның 0,3 М жəне 0,4 М ерітінділерінде гипертониялық қысым тудырылды (30 сурет).
Бақылау тобымен (0,3М ер^Ыд^нде - 32,6±2,85%, 0,4М ер^шд^нде - 52,9±3,18%) салыстырғанда гипокинезия әсерінен жануарлар (0,3М - 13,1±4,12%, 0,4М - 31,6± 1,88%) эритроциттерǐнен гемоглобиннщ босап
шығуы 36,6% және 33,4%-ға көбейсе, ал азығына десерт қосылған жануарлар (0,3М ерітіндісінде - 13,1±4,12%, 0,4М ерітіндісінде - 31,6± 1,88%) эритроциттерінің гемолиз деңгейі 19,2% және 31,3%-ға азайды. Эритроциттер мембранасы төзімділігіне стресс фактордың зиянды әсерін “Желе по Казахстански” қоспасы (0,3М ерітіндісінде - 34,5± 1,74%, 0,4М ерітіндісінде - 40,36±3,34%) 34,6% және 46,02%- ға төмендетті.
Бақылау және тәжірибелік топ эритроциттері натрий хлоридінің 4М осмостық қысымы жоғары ерітіндісіне орналастырылды. Осы жағдайдағы эритроциттердің гемолизге ушырау шамалары 31 суретте көрсетілді. Бақылау тобымен салыстырғанда (73,84±1,54%) стресс әсерінен эритроциттер гемолизі 19,9%-ға артты, ал азығына күнделікті қоспа қосылған жануарлар (47,12±4,22%) эритроциттерінің гемолизі 26,2%-ға кеміді. Стресс әсерін (92,97+2,45%) “Желе по Казахстански” қоспасы (75,39± 2,04%) 17,5%-ға төмендетті (р< 0.01).
Эритроциттердің асқын тотықтық төзімділігін анықтау нэтижесінде “Желе по Казахстански" биологиялық белсенді қоспаны тағамға қосып беру, бақылау тобының жануарларымен салыстырғанда эритроциттер гемолизінің төмендеуіне экеліп, эритроциттердің стреске қарсы тұру мүмкіндігін арттыра түсті. Суретте
көрсетілгендей, эритроциттер мембранасының асқын тотықтық гемолизінің көрсеткіштері бойынша иммобилизациялық стресс эритроциттер гемолизін екі еседей арттырса, ал алдын ала “Желе по Казахстански" қоспасымен қосымша азықтандыру стресс эсерін айтарлықтай шамада төмендетті (32 сурет).
Алынған көрсеткіштерді өзара салыстыра отырып, қоспа құрамындағы антиоксиданттық А, С, Д, Е витаминдері мен амин қышқылдарының толық жиынтығының болуы стресс эсерінің зақымдаушы эсерін азайтады, сонымен қатар, оның құрамында ферменттер мен цинк, мыс, кремний сияқты микроэлементтердің жиынтығы клеткалық деңгейде организмнің төзімділігін арттырып, белсенді тіршілік етуін қамтамасыз етеді деп болжауға болады *6,7,8,9,10,11+.
Сонымен, жануарлар рационына “Желе по Казахстански” қоспасын енгізу эритроциттер мембранасының гипотониялық, гипертониялық ерітіндідегі осмостық және сутегінің асқын тотығындағы асқын тотықтық, сонымен қатар, иммобилизациялық стресс əсерǐне төзімділігі жоғарылайтындығы зерттеу нəтижелерǐнен анықталды. Олай болса, отандық жаңа өнім - «Желе по-казахстански» десерт мембрана түрақтандырушы, протекторлық биологиялық белсенді қоспалардың бірі болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Спиричев В.Б.Дефицит микронутриентов и отечественные продукты лечебно-профилактического питания для его коррекции. - М.: 1998. - 32 с.
- Черницкий Е.А., Воробей А.В. Структура и функции эритроцитных мембран. - Минск: Наука и техника, изд. - Минск: Наука и техника, 1981. - 216 с.
- Абдрасилов Б.С. Молекулярные механизмы действия тритерпеновых гликозидов даммаранового ряда на структурнофункциональное состояние мембран и клеток. - Автореф. дисс….докт. биол. наук: 14.00.31., 03.00.02. - М.: 1997. - 44 с.
- Покровский А.А., Абрарова А.А. К вопросу перекисной резистентности эритроцитов // Вопросы питания. - 1964. - № 16. - С.44-49.
- Мирошина Т.Н., Мурзахметова М.К., Утегалиева Р.С., Шайхынбекова Р.М., Михалкина Н.И. Корригирующее влияние индоламинов на состояние мембран эритроцитов при действии ионов кадмия // Вестник КазНУ. Сер.биол. - 2002 .- № 3. - С.80-86.
- Stahl W., Sies H. Antioxidant defence: vitamins E and C and carotenoids // Diabetes. - 1997. - Suppl 2. - P.14-18.; Diplock A.T. Will the ‘good fairies' please prove to us that vitamin E lessens human degerative disease // Free Radic. Res. - 1997. - Vol.27. - №5. - P.511-32.
- Римарева Л.В. Биотехнологические и медико-биологические аспекты получения аминокислотных добавок на основе энзиматического гидролиза микробной биомассы // Хранение и переработка сельхозсырья. -2003. - №5. - С. 95-99.
- Шарова. Н.Ю. Продукты микробного синтеза - новые пищевые добавки // Хранение и переработка сельхозсырья. - 2003. - №5. - C. 101-104.
- Aruoma O.I., Kaur H., Halliwell B. Oxygen free radicals and human diseases // J.R.Soc.Health. - 1991. - Vol.111, № 5. - P.172-177.
- Brufau G., Quilez J., Angel Canela M. e.a. Evaluation of lipid oxidation after ingestion of bakery products enriched with phytosterols, beta-carotene and Спиричев В.Б.Дефицит микронутриентов и отечественные продукты лечебнопрофилактического питания для его коррекции. М.: 1998. - 32 ^alpha-tocopherol // Clin Nutr. - 2004. - Vol.23, № 6. - P.1390-1393.
- Sies H., Stahl W., Sundquist A.R. Antioxidant functions of vitamins. Vitamins E and C, beta-carotene, and other carotenoids // Ann. N.Y.Acad.Sci. - 1992. - Vol.669. - P. 7-20.