Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зерттеудің нәтижесіне әсер ететін преаналитикалық факторлар

Зертхана және клиникалық медицина пайда болғаннан бастап бір бірімен өте тығыз байланысты. Зертханалық зерттеулерсіз қазіргі медицинаның еш бір бөлімі өмір сүре алмайды. БД¥ мәліметі бойынша:

  1. Әртүрлі зерттеу түрінің жалпы санының 75-90%-ын зертханалық зерттеулері құрайды.
  2. Дәрігер науқастың дұрыс диагнозын клиникалық көрінісіне 60-70 %-ын зертханалық зерттеунәтижелерін негіздей отырып қояды.
  3. Дәрігер өзінің 70 % -ға жуық шешімін, алынған зертханалық зерттеу нәтижелерін негіздей отырып қояды.
  4. Шұғыл жағдай көрсеткіштері бойынша зертханалық зерттеу нәтижелерінің 65 %-ы науқастың өмірін құтқару үшін, оның тағайындалған емінің өзгеруіне әкеледі .

Көп уақыттан бері (XX ғасырдың 80-жылдарының аяғына дейін) көптеген зертханалық тесттердің сезімталдығы, нақтылығы өте төмен болды, осыған орай егер кез келген зерттеу науқастың клникасына сәйкес келмесе клиникалық дәрігерлер бірден зертханалық қателік деген ойға келген.

Бірақ, зертханалық диагностиканың дамуы бір орында түрмайды, және заманауи зертханалық тесттер өте жақсы реагентті базаға, жоғарғы нақтылыққа, және арнайылыққа ие болып табылады. Көптеген ірі зертханалар сапалық бақылау бағдарламасын ұстану үшін аса көп мөлшерде қаражаттарын жұмсайды, дегенмен клиникалық дәрігерлердің бұрынғыдай кез келген жағдайда зерттеудің сапасына көңілдері толмайды.

Сонда барлық жағдайларда зертхана кінәлі ме? Науқасты әр түрлі зертханаларға жібере беремізбе және қандай зерттеу нәтижесі сенімді болып келеді? Неліктен осылай болып жатыр?

Анализді орындауда пайда болатын барлық қателіктерді 3 топқа ажыратуға болады:

  1. Анализді орындауға дейінгі қателіктер (преаналитикалық кезең). Бұл кезеңге науқасты зерттеуге дайындау, биоматериалды дұрыс алу және т.б. жатады.
  2. Зерттеудің өзінің қателіктері (аналитикалық кезең).
  3. Зерттеуді орындаудан кейінгі қателіктер (постаналитикалық кезең).

Ірі шет елдік зертханаларда преаналитикалық қателіктердің үлесі 46-57% тең келеді екен (олардың 22 % науқастың, клиникалық дәрігердің, медбикелердің қателiктері, ал қалған бөлігі зертхананың кіші медицина қызметкерінің қателігі), шынайы зертханалық қателіктердің үлесі- 7-12 %, қалған үлес постаналитикалық кезеңнің қателіктері.

Зертханалық зерттеудің нәтижесі науқастың организмінде болып жатқан үрдістердің (патологиялық үрдістермен қатар) қорытындысы болып табылады. Бұл нәтижелер науқастың тамақтануына, дәрілік заттарды қолдануына, емдік және диагностикалық процедураларға, кейбір физиологиялық жағдайларға тәуелді болып келеді. Бұл факторлардың әрқайсысы әсер ету күшіне тәуелді негізгі патологиялық үрдістің байланысынсыз ақ зерттеудің нәтижесіне әсер ете алады. Бұл факторлар зертханадан тыс сипатқа ие болғандықтан, олардың зертханалық нәтижелерге әсерінің есебін клиникалық дәрігер іске асырады. Бұл факторлардың кей түрлері заңдық сипатқа ие, және олардың әсер етуі оңай табылып және бағаланады.

Преаналитикалық кезеңнің қателіктері:

Мұндай қателіктер зертхананың ең өзекті мэселесі болып табылады, себебі көптеген көптеген конфликтті жағдайлардың көзі болып табылады. Бұлар зерттеумен байланысты емес жэне зертханадан тыс сипатқа ие болып табылады. Сондықтан науқасты алдын ала зерттеуге дұрыс дайындау клиникалық дэрігердің ұқыптылығын, өз ісіне жауапкершілігін, жанашырлығын көрсетеді.

Науқасты зертеуге дайындау:

Науқасқа биологиялық материалды (зэр, нэжіс, қақырық, жэне т.б) дұрыс жинау керектігін, зерттеу алдында физикалық жэне эмоциональды ауыртпашылық алмаудың, темекі шекпеу, алкоголь пайдаланбаудың маңыздылығын түсіндіру қажет. Дұрыс нэтижелерді алудың бірден-бір көрсеткіші науқасты негізгі зат алмасуының тыныштық жағдайында тексеру қажет.

Зерттеу үшін ең ынғайлы кезең-танғы ұйқыдан кейінгі уақыт. Зерттеу алдындағы күні кешкі 20.00 немесе 22.00- ден кейін тағамды, сұйықтықты пайланбауға тиісті. Зерттеуге материалды 8-10 сағаттық ашығудан кейін жинаған дұрыс, ал липидтік спектрді 12-14 сағаттық ашығудан соң тексеруге болады. Себебі, тамақтанғаннан кейін қанда холестерин жэне де басқа липидтердің концентрациясы жоғарылайды. Гиперхолестеринемия кейбір аштықтың сатыларында да байқалуы мүмкін. Тамақтанғаннан соң 4-8 сағатта тағамдық триацилглицериндердің, хиломикрондардың мөлшері жоғарылауы мүмкін жэне 2-4 сағаттан соң апопротеин В (апо-В), аздаған апопротеин А жэне С (апо-А жэне апо-С) концентрациясы өте жоғары болады. Майлы тағамдарды қолданғанда К+, үшацилглицеридтердің жэне сілтілі фосфатаза жоғарылауы, сарысудың лайлануы байқалса, ал етті тағамдарды қолдану сарысуда мочевина жэне аммиактың концентрациясының жоғарылауына, несепте ураттардың көбеюіне экеледі.

Кофеинге бай сусындар БМҚ жоғарылатып,катехоламиндердің шығуына ықпалын тигізеді.

¥зақ уақыттық ашығуда (48-72 сағ) билирубиннің концентрациясы жоғарылап, қандағы қанттың деңгейі 2,5ммоль/л-ге дейін төмендейді.

Физикалық жүктеме:

Бастапқыда БМҚ концентрациясын басында төмендетіп, кейіннен жоғарылайды. Сонымен бірге аммиак (180%), лактат концентрациясы жоғарылап(300%), КК, АСТ, ЛДГ белсенділігі жоғарылайды, қанның ұюы белсенеді.

¥зақ уақыттық физикалық жүктілікте жыныс гормондарының концентрациясы жоғарылайды (ТС, андростендиол, ЛГ) Эмоциональді стресс: лейкоцитоз, Fe концентрациясы төмендейді және КА өзгереді. Гипервентиляциямен бірге жүретін аса қатты қобалжу қышқылдық-сілтілік жағдайдың дисбалансын шақырып, қандағы лактаттың және май қышқылдарының жоғарылауына әкеледі.

Дәрілік заттардың әсері:

Аскорбин қышқылы глюкоза, билирубинді жоғарылатса, ал аминокапрон қышқылы қанда креатинкиназа, калий, зәр қышқылын жоғарылатады екен.

Зиянды әдеттер:

Алкоголь -қандағы лактат, амилаза, зәр қышқылын, сілтілі фосфатаза, кортизол және үшацилглицеридті жоғарылатады.

Темекі шегу- карбоксиНв, катехоламиндердің және кортизолды жоғарылатып, эозинофилдерді, Нв концентрациясын, эритроцит, МСТ және лейкоциттерді төмендетеді.

Қорытынды

Клиникалық зертханалық диагностика дәрігері зертханалық бөлімге ғана жауап беріп қоймай, сонымен бірге зертханадан тыс кезеңге де жауап беруі керек.

Зертханалық қателіктердің көптеген бөлігі зертханадан тыс болып жатқанын есімізден шығармайық, сондықтан қателіктерді болдырмаудың ең тиімді шарттары- зертхана мен клиникалық дәрігерлердің жақсы қатынасы және бірлесіп жұмыс істеуі болып табылады.

Әр ЕАМ-де зертханалық зерттеудің осы кезеңінің жүргізілуінің сапасы бойынша нұсқау құрастырып бекітуі қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Е.В. Селиванов, Е.Н. Звягинцев, И.И. Бусин «Ошибки в трактовке результатов лабораторных анализов». - 2002. - Б. 8-14
  2. А.Я. Цыганенко, В.И. Жуков, В.В. Мясоедов, И.В. Завгородний «Клиническая биохимия». - 2004. - Б. 3-10
  3. Кишкун А.А. «Современные технологии повышения качества и эффективности клинической лабораторной диагностики». - 2005. - Б. 541-542
  4. Аблаев Н.Р. «Клиническая биохимия». - 2002. - Б. 6-8.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.