Қарт адамдардағы дәрілік терапияның негізі

Ұзақ жасап, ұрпағының қызығын көру - кімнің де болса арманы. Өкінішке орай, Қазақстанда осы арманына толық жете алмай кететіндер саны дамыған елдердегімен салыстырғанда элдеқайда көп екен. Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда орташа өмір сүру жасы 65-67 жас, ұзақ өмір сүру көрсеткіштері бойынша біздің ел 153, ал Украина 151 орында. Бүгінгі күнде жасы 100-ден асқандардың өзі біздің ел үшін таңқаларлық құбылыс. Егде жастағы адамдардың аурулары теориялық жэне практикалық медицинаның маңызды мэселесі болып отыр. Ағзаның бейімделу қабілетінің жасқа байланысты үдемелі төмендеуі, оның реактивтілігінің өзгеруі патологияның дамуына ыңғайлы жағдай туғызады *1,3,5+. Жас адамдармен салыстырғанда егде жастағы адамдарда (60-74 жас) аурушылдық деңгейі екі есе жоғары, ал қарт жастағы адамдарда (74 жас жэне жоғары) 6 есе жоғары.

Тақырыптың мақсаты: Дэрілік заттың фармакокинетикасын жэне фармакодинамикасын ескере отырып қарт жастағы адамдарда дэрілік заттарды қолдану кезінде токсикалық жэне жанама эсердің даму қаупі дамуын алдын алу жэне төмендету.

Антиэйджингтің негізгі мақсаты тек адам өмірін ұзарту емес, адам өмірінің денсаулығы мықты жэне еңбек белсенділігі жоғары кезеңін ұлғайту. Адам қоғамға керек болып, халқына бір пайдасын тигізсе ғана кэрілікке қарсы ғылымның нэтижелігі туралы сөз қозғауға болады. Қазіргі кезде элем халқының қартаю үрдісі қарқынды жүріп жатыр, Қазақстанда қартаю шегі 7% аттап кетті. Яғни қазіргі кезде елімізде қарт адамдар қатары 7,7% құрап отырғандықтан, Қазақстанда халқы қартайып бара жатқан елдердің қатарына қосылып отыр. Сондықтан кэрілікке қарсы бағыттағы жасалған эр бір істің маңызы зор - деп түйіндеді сөзін Қазақстан геронтологтар қоғамының президенті. Сондықтан да өмірді ұзарту мен жақсартуды зерттеу тек қана ғалымдардың міндеті ғана емес, ол эр адамның өз өміріне жауапкершілікпен қарауы екенін есте ұстау қажет.

Жас жэне егде жастағы адамдарда патологиялық үрдістердің дамуында айқын айырмашылықтар бар. Егде жэне қарт жастағы адамдарда көптеген ауруларға айқындылығы төмен жэне клиникалық көріністердің ерекше болуы тэн. Егде жаста ақырын үдейтін, баяу ағымды патологиялық үрдістер байқалады *5,4,1].

Клинико-эпидемиологиялық зерттеулердің көрсетуі бойынша егде жэне қарт жастағы бір науқасқа орташадан 2 жэне 4 аурудан келеді, осыған байланысты жас жэне орта жастағы науқастармен салыстырғанда егде жэне қарт жастағы адамдар дэрілік заттарды көп қабылдайды. Дэрілік терапиямен байланысты дамитын асқынулар егде жэне қарт жастағы науқастарда жиі дамиды, бірақ ол ем көрсетілген жағдайда оны шектеуге негіз бола алмайды.

Егде жастағы науқасқа ем жүргізгенде дэрігер алдына айқын қол жетімді мақсат қою керек. Егер жас адамдарда емдеу мақсаты негізгі ауруды емдеу жэне бұзылған қызметтерді максималды қалпына келтіру болса, ал егде жэне қарт жастағы науқастарда - симптомдар айқындылығын төмендету жэне бұзылған қызметтердің орнын толтыру. Емдеуші дэрігер емді өмір сапасын жақсартуға жэне сақтауға бағыттау керек, ол гериатрияның негізгі стратегиялық тапсырмасы *4,1+. Дэрігер егде жэне қарт жастағы адамдарда симптоматика құрылымында өмір сапасына эсер көрсететін жэне терапевтикалық эсерді қажет ететін белгілерді ажырата білу дағдысын үнемі жоғарылатып отыру керек.

Егде жэне қарт жастағы дэрілік терапияның мэселелері:

  • Бірнеше аурудың болуына байланысты бірнеше дэрілік затты қолданудың қажеттілігі туады.
  • Көптеген аурулардың созылмалы ағымына байланысты дэрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану қажеттілігі.
  • Патологияның болуы, ағзаларда жэне жүйелерде жастық өзгерістер фонында дэрілік заттардың фармакодинамикасының жэне фармакокинетиканың бұзылыстары.
  • Комплеанстың бұзылыстары - дэрілік терапияның тағайындалған режимін толық емес немесе дұрыс емес орындалуы.

Егде жэне қарт жастағы науқастарға дэрілік терапиясын бастағанда эр дэрігер дэріге көрсеткіштердің дұрыс анықталғандығына, дэрілердің мөлшері науқастың жеке ерекшеліктеріне сэйкес болуына, дэрігер тағайындауы науқастың дұрыс түсінгендігін жэне оның дұрыс қабылданып жатқанына сенімді болу керек.

Егде жэне қарт жастағы науқастарға дэрілік терапиясын бастағанда дэрігер қартаю үрдісінің фармакотерапия эффективтілігіне эсері, гериатрияда дэрілік заттардың мөлшерлеу қағидасы, қартайған адамдардағы дэрілік заттардың жанама эсері жэне дэрілік затардың өзара эсерлесуі жэне дэрілік заттардың жағымсыз эсеріне қартайған ағзаның тұрақтылығын жоғарылату жолдары туралы нақты білімі болуы керек.

Фармакокинетиканың жас ұлғаюына байланысты өзгерістері.

Егде жэне қарт жастағы науқастардың дэрілік затқа реакциясы негізінен қартаю кезінеде жүретін физиологиялық жэне патологиялық өзгерістерге байланысты. Ағза қартаюының физиологиялық үрдістері дэрілік заттардың фамакокинетикасының жэне фармакодинамикасының өзгеруіне алып келеді *2,3,5+.

Егде және қарт жастағы науқастарда көптеген дәрілік заттарда барлық фармакокинетикалық үрдістер баяу жүреді, осыған байланысты қан айналымда бос препараттардың мөлшерінің жоғарылауымен көрінеді. Осы себептерге байланысты егде және қарт жастағы науқастарға қажетті терапевтикалық мақсатқа жету үшін дәрілік заттарды аз мөлшерде қабылдауды қажет етеді.

Дәрілік заттардың жасқа байланысты сіңірілу бұзылыстары.

Егде жастағы науқастарға дәрілік заттарды көбінесе ішке қабылдауға тағайындайды. Қартаю кезінде асқазан-ішек жолында сіңірілудің баяулауы сіңірілу аймағының азаюымен, моториканың әлсіреуімен, эвакуация баяулауымен, секреторлы белсенділігінің төмендеуімен, мезентериальды тамырларда қан айналымның төмендеуімен байланысты. Жас ұлғаюмен ішке тағайындалатын дәрілік заттардың сіңірілуі төмендейді. Егде және қарт жаста қышқыл түзілудің төмендеуі дәрілік заттардың сіңірілуіне тура әсер көрсетпейді, өйткені абсорбция үрдісі негізінен жіңішке ішекте жүреді. Сонымен бірге көптеген ферменттердің өндірілуі және белсенділігі тұз қышқылына тәуелді. Асқазан ішілік pH өзгеруі дәрілік заттардың асқазанда еруін және ионизациясын және pH-тәуелді абсорбциясын бұзады, ол толық сіңірілуіге әсер етеді. Ахлоргидрия қышқылға тұрақсыз дәрілік заттардың (пенициллиндер) жоғары абсорбциясын шақырады. Темір сіңірілуі төмендеуі асқазан-ішек жолдарында сіңірілуідің төмендеуіне ғана емес, сонымен бірге кейбір ағзалардың, бірінші орында бауырдың деполық қызметінің өзгерістеріне де байланысты.

Егде жастағы адамдарда ішек моторикасының әлсіреуі және асқазанның эвакуаторлы қабілетінің баяулауы маңызды орын алады. Ол дәрілік заттардың сіңірілуінің баяулатады және терапевтикалық әсердің пайда болу уақытын ұзартады. Ішектің гипоматорикасы бар науқастарда іш қату, дәрілік заттардың асқазан-ішек жолдарында ұзақ уақыт болуы нәтижесінде олардың толық сіңірілуіне себеп болады *1,2+. Осыдан дәрілік заттардың терапевтік әсерінің күшеюі мүмкін, оның элеминация баяулауымен қосарласқанда дәрілердің мөлшерінде және тағайындау режимінде түзетуін қажет етеді.

Егде және қарт жастағы науқастарға дәрілік заттарды тері астына және бұлшық етке енгізгенде дәрінің қанға сіңірілуі баяулайды, ол жүрек лақтырысының төмендеуі, қан айналымның баяулауына, тамыр қабырғасының өткізгіштігінің өзгеруінің нәттижесінде болады. Трансдермальды дәрілік формалардың (жанаспалы терілік пластырь, трансдермальды терапевтік жүйелер) сіңірілуі терінің физиологиялық қартаюынан бұзылады. Терінің жасқа байланысты өзгерістері 40 жастан басталады, ал 60 жаста атрофия және дегенерация үрдістерінің нәтижесінде терінің барлық қабаттары бұзылады. Сонымен бірге тамырлар саны және қабырғасының өткізгіштігі төмендейді;

Дәрілік заттардың жайылу көлемінің жасқа байланысты өзгерістері.

Жас ұлғаюына байланысты көптеген дәрілердің жайылу көлемі (сарысудағы концентрациясымен тең дәрілік заттың сұйықтықтың көлемінде жайыла алатын коцентрациясы) өзгереді. Егде жастағы адамдарда ол 18,4 л тең, ал жас адамдарда 29,1 л. Егде жастағы науқастарда дәрілік заттардың жайылу жылдамдығы және деңгейі жасуша салмағының төмендеуінен және тіндік архитектониканың бұзылауынан, сонымен бірге дене салмағының төмендеуі және оның құрамының өзгеруі, қан айналымның бұзылысы нәтижесінде бұзылады. Жайылу көлеміне әсер көрсететін жастық өзгерістерге метаболикалық белсенді тіндердің май тініне айналуы, ағзада су көлемінің азаюы, тіндік өткізгіштігнің өзгеруі және т.б. жатады.

Бұлшықет салмағының және су көлемінің төмендеуі гидрофильді дәрілік заттардың жайылу көлемінің азаюына және қан сарысуында және тіндерде олардың концентрациясының жоғарылауына алып келеді. Артық мөлшерлеу және дәрілік интоксикация қаупі жоғарылайды. Бұл асқынулар аминогликозидті антибиотиктерге, жүрек гликозидтеріне, гидрофильді β- адреноблокаторларға, Н2-блокаторларға қатысты.

Егде жаста май тінінің көлемінің жоғарылауы тіндерде липофильді заттардың концентрациясының төмендеуіне және олардың жайылу көлемінің жоғарылауына алып келеді, ол өз кезегінде әсердің көрсетудің баяулауына және әсер ету ұзақтығының жоғарылауына септеседі *5+. Бұл тетрациклиндерге, бензодиазепинді транквилизаторларға, фенотиазинді нейролептиктерге және барбитураттарға қатысты болады.

Дәрілік заттың жайылуының маңызды бөлігіне оның ақуызбен байланысуы жатады, себебі тек байланыспаған препарат тіндерге таралу және ағзадан шығарыла алады. Ағзаның қартаюы қан сарысуында альбумин құрамының орташа 10-15% төмендеуімен бірге жүреді. Гипольбуминемия препараттың байланысқан фракциясының төмендеуіне және байланыспаған бос фракциясы концентрациясының жоғарылауына алып келеді, ол дәрілік заттың эффективтілігін жоғарылатады, артық мөлшерлеу, токсикалық көріністердің және жанама әсердің пайда болу мүмкіндігін жоғарылатады. Егде жастағы науқастардың сарысуында көптеген препараттардың концентрациясы айқын жоғарылайды, кейде токсикалық деңгейге жетеді, әсіресе терапевтік кеңдігі аз дәрілерде. Бұл сарысу ақыздарымен жоғары байланысу деңгейі (80% жоғары) бар дәрілік заттарға, көбінесе қышқылдарға қатысты: ß-адреноблокаторлар, сульфаниламидтер, салицилаттар, жүрек гликозидтері (дигоксин, дигитоксин), бензодиазепиндік транквилизаторлар, тура емес әсерлі антикоагулянттар, диабетке қарсы заттар, наркотикалық анальгетиктер, тырысуға қарсы заттар. Сонымен қатар егде жастағы адамдарда дәрілік заттарды байланыстыратын α1- гликопротеин концентрациясының жоғарылауы тән, ол керісінше фармакологиялық әсерді баяулатады *2,5+.

Таза фармакокинетикалық үрдістерден басқа, егде жастағы адамдарда дәрілік заттардың жайылуын қан айналымның бұзылыстарыда өзгертеді: жүрек лақтырысының жылына 1% төмендеуі, қан ағымының баяулауы және аймақтық қан ағымының қайта бөлінуі, тіндік өткізгіштіктің өзгеруі. Компенсаторлы түрде жүрекке және бас миына қан келуін жақсарту мақсатында симпатикалық тонус жоғарылайды. Осы кезде шеткі ағзаларға, бауырға, бүйрекке қан келуі нашарлайды. Осыдан бүйректің қан айналымының төмендеуі зат алмасуы қан айналыммен анықталатын дәрілік заттардың метаболикалық клиренсінің төмендеуін шақырады *4+.

Егде жастағы адамдарда дәрілік заттардың зат алмасуы. Егде және қарт жастағы адамдарда дәрілік заттардың биотрансформациясы бауыр паренхимасының атрофиясы нәтижесінде және белсенді гепатоцитер санының төмендеуінен, микросомальды ферметтер активтілігінің төмендеуінен және зат алмасудың бұзылуынан баяулайды. 65 жастан асқан адамдарда жас адамдармен салыстырғанда бауыр салмағы 25% төмендейді, бауырлық қан айналым 30-45% төмендейді. Осы айқын өзгерістер дәрілік заттардың биожетімділігінің жоғарылауына және сарысуда концентрациясының жоғарылауына алып келеді.

Бауырлық клиренстің төмендеуі нәтижесінде тез және баяу зат алмасу тән дәрілік заттарда бірдей жартылай шығарылу кезеңі өзгереді. Осы өзгерістер психотропты заттарда, наркотикалық анальгетиктерде, β- адреноблокаторларда, антикоагулянттарда, аритмияға қарсы затарда, стероидты емес қабынуға қарсы заттарда үлкен практикалық маңызға ие *1,4+.

Бауырлық зат алмасудың I фазасы айқын бұзылады - цитохром P450 микросомальды ферменттер жүйесімен іске асатын (в-блокаторларға, кльций антогонистеріне, теофиллинге) синтетикалық емес реакциялар (тотығу, гидролиз). Бауырлық зат алмасудың II фазасына тән - синтетикалық реакциялар (коньюгация) - бұзылыстар айқындылығы төмен, көбінесе глюкуронилтрансфераза, сульфаттрансфераза белсенділігі өзгереді (стероидты емес қабынуға қарсы заттарға, бензодиазепиндерге).

Зат алмасу бұзылыстары дәрілік заттың атипиялық метаболиттерінің түзілуімен (мысалы, парацетамолдың, спиронолактонның) бірге жүреді, кейде олар аса токсикалық әсер көрсетеді. Сонымен бірге егде жастағы науқастар дәрілік заттардың бауырға зақымдаушы әсеріне (парацетамол және басқа стероидты емес қабынуға қарсы заттар) сезімтал болып келеді *3+.

Қартайған ағзада бірқатар дәрілік заттар басқа дәрілік заттардың зат алмасуын ынталандыруы немесе тежеуі мүмкін. Мысалы, бауырлық зат алмасу индукторлары - барбитураттарды, галоперидолды, аминазинді, амитриптилинді, диазепамды ұзақ қабылдау (2 аптадан көп) тікелей емес антикоагулянттардың эффективтілігін төмендетеді, сол арқылы олардың жоғары мөлшерде қолдануына жағдай туғызады. Зат алмасуды жылдамдататын заттарды қабылдауды тоқтатқанда, геморрагиялық асқынудың алдын алу үшін антикоагулянттар мөлшерін міндетті түрде төмендету қажет. Осы заңдылықты рифампицинге, амидопиринге, бутадионға қатысты сақтау керек *3,5+.

Антикоагулянттарды және ұйықтатушы заттарды бір уақытта тағайындағанда бауырлық зат алмасуға нитразепам (радедорм) ең аз әсер көрсетеді. Зат алмасу индукторларын ұзақ уақыт қабылдау фолий және аскорбин қышқылының, B6 және D дәрумендерінің биотрансформациясы жылдамдауын шақыруы мүмкін, сол арқылы егде жастағы адамдарда макроцитоз, мегалобласттық анемия, гиперхолестеринемия дамуына алып келеді.

Жас ұлғаюымен жүйелі ғана емес, сонымен бірге жүйеліге дейінгі зат алмасу қарқындылығы төмендейді: осы кезде «біріншілік өтуді» жоғары әсерімен дәрілік заттың биожетімділігінің жоғарылауы тән, ол біріншілік пассаж кезінде зат алмасу төмендеуімен негізделген, бұл үрдіс дәрілік зат ішке қабылдағаннан кейін жүйелі қан айналымға өткенге дейін бауырда зат алмасуға ұшырайды. Егде жастағы науқасты емдеу кезінде препараттың мөлшерін дәрінің жүйелі қан тамырға өткенге дейін жүретін элиминациясын есепке алып тағайындау керек *2+. Біріншілік пассаждың зат алмасудың жоғары қарқындылығы лабеталолға, пропранололға, лидокаинге, нитраттарға тән. Егде жаста бауырдың заласыздандырушы қызметінің төмендеуі ағзада қауіпті препараттардың және олардың зат алмасу өнімдерінің жиналуына септеседі. Осының бәрі егде жастағы адамдарда дәрілік интоксикация дамуын жеңілдетеді.

Егде жастағы адамдарда дәрілік заттардың экскрециясы. Көптеген дәрілік заттар үшін бүйректік экскреция негізгі болып саналады, ал кейбір дәрілер үшін элименацияның жалғыз жолы. Бүйрек функциясы жас ұлғаюымен айқын аурулары болмаса да төмендейді. Егде жастағы адамдарда дәрілік заттардың бүйрек арқылы шығуы негізінен кортикалды қабаттың атрофиясы, белсенді шумақтар санының төмендеуі, шумақтардың және өзектердің базальды мембранасының гистологиялық өзгерістері нәтижесінде баяулайды. 50 жастан асқаннан кейін артериолонефросклероз орташа жылына 1% бүйрек қызметінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан егде жастағы адамдарда жеңіл бүйрек жетіспеушілігі болады. Бірақ қан айналымда креатиин деңгейі жоғарыламайды, себебі оның өндірілуі бұлшықет салмағының азаюымен пропоциональды төмендейді. Шумақтық фильтрация жыдамдығының төмендеуімен қатар өзектік секреция және реабсорбцияның өзгерістері жүреді. Физиологиялық өзгерістерге егде жаста жиі көрінетін (төмен лақтырыспен көрінетін жүрек жетіспеушілігі, созылмалы пиелонефрит, нефросклероз) патологиялық үрдістермен шақырылатын бүйрек қызметінің төмендеуі қосылады *5+.

Бүйрек қызметінің төмендеуі өзгермеген түрде экскрецияланатын препараттар концентрациясының, белсенді немесе токсикалық метаболиттердің жоғарылауына алып келеді, сонымен бірге дәрілік заттардың кумуляция, артық мөлшерлеу қаупін және жанама әсерлер дамуын туғызатын жартылай шығарылу кезеңі жоғарылайды. Егде жастағы науқастарда терапевтік әсер кеңдігі аз дәрілік заттардың мөлшерін дұрыстау қажет, олар: жүрек гликозидтері (строфантин, коргликон, дигоксин), аминогликозидтік антибиотиктері, цефалоспориндер, диабетке қарсы, аритмияға қарсы, урикозуриялық заттар, клофелин, стероидты емес қабынуға қарсы заттар. Егде жастағы адамдарға жас адамдарға берілетін дәрілік заттың стандартты мөлшерін тағайындау қан сарысуында заттың пропорциональды емес жоғары құрамына алып келеді *1,4+.

Егде жастағы адамдарда бүйрек жағдайына баға бергенде қан плазмасындағы креатинин деңгейімен креатинин клиренсінің сәйкес болмауын есепке алу керек. Егде жастағы адамдарда бүйрек қызметінің таза функциональды қабілетін бағалау үшін креатинин клиренсін анықтау қажет.

Егде жастағы адамдарды емдеу кезіндегі негізгі мәселе - эффективті терапевтік деңгейді сақтау үшін енгізілетін дәрілік заттың мөлшерін осы дәрілік заттың элименация төмендеуімен сәйкес келетіндей етіп азайтамыз.

Осымен егде жастағы адамдарда сіңірілуідің, жайылудың, метаболизмі және шығарылуының жас ұлғаюына байланысты өзгерістері және қосымша аурулардан фармакокинетиканың бұзылуы нэтижесінде дэрілік заттың эсері күшеюі мүмкін.

Дэрілік заттардың фармакодинамиксының жасқа байланысты өзгерістері.

Егде жастағы адамдарда дэрілік заттың ағзаға эсерінің анық ерекшеліктері бар. Дэрілерді тіндерге жеткізу жағдайы төмендегенде арнайы рецепторлар саны азаяды, бірақ олардың дэрілер эсеріне сезімталдығы жоғарылайды немесе өзгереді. Осыған байланысты қартайған ағзаның дэрілік зат эсеріне қандай жауап беруін болжау қиындығы түсіндіріледі. Егде жастағы адамдарда дэрінің өзгерген реакциясы дамуына төмен физикалық белсенділік, тағам мен суды аз мөлшерде қабылдау, іш қатуға бейімділік, дэрумен жетіспеушілігі, тіндердің қан айналымының төмендеуі жэне жүйке жүйесінің қоздырушы үрдістерінің салыстырмалы басым болуы себеп болады.

Орталық жүйке жүйесіне эсер ететін дэрілер қанда қалыпты концентрацияда күтпеген күшті эсер көрсетеді, ал седативті жэне ұйықтатушы дэрілер ұзағырақ эсер көрсетеді *1,4+. Егде жастағы адамдара олар көбінесе тыныс алу қызметін тежейді, аллергия жэне кома шақыруы мүмкін. Барбитураттар жиі сана қараңғытуын, парадоксальды қозуды, зэр шығарудың баяулауын шақыруы мүмкін. Барбитураттардың тырысуға қарсы эсері аз көрінеді. Егде жастағы адамдарда сана қаранғытумен бірге ұзақ седативті эсер беретін, экстрапирамидті симтомдармен, ортостатикалық гипотензиямен жэне зэр шығарудың баяулауымен көрініс беретін нейролептиктерге, транквилизаторларға, антидепрессанттарға сезімталдығы жоғарылайды. Егде жастағы адамдардың жұрек-қан тамыр жүйесіндегі өзгерістер вазодилататорларға, гипотензивті заттарға, диуретиктерге сезімталдығының жоғарылауына алып келеді. Ортостатикалық реакция дамуына жүрек лақтырысының жэне тамыр серпімділігінің төмендеуі, миокардтың в-адренорецепторларының катехоламиндердің ынталандырушы эсеріне сезімталдығының төмендеуі, гипотензияға жауап ретінде барорецепторлы реттеудің бұзылуы жағдай жасайды *2, 3].

Жас адамдармен салыстырғанда егде жаста нитраттарды жэне новокаинамидтерді қабылдау АҚ анық төмендеуіне жэне ми қан айналымының мүмкін бұзылуымен бірге жүреді. Сонымен бірге қартайған ағзаға адреналин, эфедрин жэне басқа да симпатомиметиктер элсіз эсер етеді. Атропин жэне платифиллин жүрек жиырылу жиілігіне элсіз эсер көрсетеді жэне төмен спазмолитикалық эсер көрсетеді. в-блокаторлардың гипотензивті эсері төмендеген, ал оларды қолдану кезінде жанама эсер көп болады. Антикоагулянтарға сезімталдық жоғарылауы анықталды. Гормональды заттарға жоғары тұрақтылық анықталады *1,3,4+.

Егде жаста дэрілік заттардың мөлшері.

60 жастан асқан қарт адамдарға орталық жүйке жүйесін тежейтін, жүрек гликозидтерін жэне зэр айдаушы заттарды қолданғанда препараттың ½ дейін төмендетеді. Басқа күшті эсер көрсететін заттарға жас адамдарға тағайындалатын мөлшердің 2/3 құрайды. Терапевтік эсер мөлшерді баяу жоғарылату жолымен минимальды дэрілік арқылы жолымен жетіледі. Терапевтік эсерге жеткенде мөлшерді төмендетеді.

Гериатрияда дэрілік заттарды мөлшерлеуде бірдей эдістер жоқ, сондықтан нақты дэрілік топтың фармакокинетика жэне фармакодинамика ерекшеліктеріне қараймыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Денисова Т.П., Малинова Л.И. Клиническая геронтология: Избранные лекции. - М.: Медицинское информационное агенство, 2008. - 256 с.
  2. Белоусов Ю.Б., Леонова М.В., Белоусов Д.Ю., Вялков А.И. и др. Основы клинической фармакологии и рациональной фармакотерапии: руководство для практикующих врачей. Под общей ред. Ю.Б. Белоусова, М.В. Леоновой. - М.: Бионика, 2002. - 368 с.
  3. Пожилой больной. Под редакцией Л.И. Дворецкого. - М.: Русский Врач., 2001. - 144с.
  4. руководство по геронтологии и гериатрии: в IV т. Под редакцией В.Н. Ярыгина, А.С. Мелентьева. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007, т III Клиническая гериатрия. - 896с.
  5. Холодов Л.Е., Яковлев В.П. Возрастные особенности фармакокинетики. Фамакокинетика у лиц пожилого возраста. // В кн.: Клиническая фармакокинетика. - М.: Медицина, 1985. - 464 с.
Жыл: 2013
Қала: Алматы
Категория: Медицина