Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ірі қалалардағы көліктік шу және оның адам денсаулығына әсері

Талданған әдебиеттер бойынша қазіргі таңда қалалардағы шу деңгейі бекітілген нормалардан едәуір жоғары. Ірі қалаларда шудың әсерінен тек соматиқалық ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесінде өзгерістер тудырады Бәрімізге жоғары шу деңгейінің адамның ұйқысын бұзып, есту мүшесінің қызметін төмендетіп, адамның ақыл-ой жұмысын төмендетіп, орталық және вегетативті жүйке жүйесінде шығармашылық қабілетін төмендете отырып өзгерістер шақыратыны белгілі..

Соңғы онжылдықта заманауи қалалардың тұрғындарына өспелі антропогенді жүктеме түсуде. Тұрғындарға түсетін жүктеменің өсуі урбанизация процесінің таралуы мен көлік құралдары санының өсуімен қатар, қоршаған орта нысандарының ластануымен байланыстырылады.

Техникалық қамтылудың өсуі, қала аумақтарын қолданудың қарқындауы, көлік кешені жүйесінің дамуы, адам үшін қажетсіз дыбыстардың, яғни шудың пайда болуына әкеліп соқтырады.

Шу урбанизациялық ортаның тұрақты компоненті болғандықтан, оны техногенді факторлардың ішіндегі ең агрессивтісі деп табады. Өйткені, оның шығарынды ортасы кең, әсер ету уақыты ұзақ, экрандалуға қиындықпен көнеді. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға артуда (қалалардағы шудың интенсивтілігі әрбір 25-30 жылда 10 еселеп артуда, яғни 10 Дб-ге артуда). Сондықтан, шудың пайда болу шарттарын зерттеу және де онымен күресу өзектілігі жылдар сайын өсуде. Қалалардағы шудың негізгі қайнар көзі- тұрғын аймақтарға басты жүктеме түсіретін автокөлік құралы [1, 2].

Әсіресе, шуды техногенді жүктемесі кей кездері қауіп төндіретін Алматы тәрізді алып шаһардарда зерттеудің маңызы, сірә, белгілі болар. Автокөліктік шудың негативті әсерінің өзектілігі жыл сайын автокөлік санының артуымен, әсіресе, жеңіл автокөлік санының артуымен байланыстырылады.

Ал, егер жол-көлік жүйесінің Алматы қаласында кең таралғанын ескерсек, онда қаланың барлық тұрғындары акустикалық дискомфорт жағдайында өмір сүретін болып шығады. Тиісінше, шу бойынша денсаулықтарына қауіп- қатер бар.

Шудың стандарттар мен нормативтерді сақтағанның өзінде денсаулыққа зиянды әсері бірқатар зерттеулермен дәлелденген. Тұрғындардың созылмалы акустикалық дискомфорт жағдайында өмір сүруі, қалыптасатын акустикалық экспозиция деңгейін саналы бағалауды, шу әсерінен денсаулыққа келетін қауіп-қатердің артуын зерттеуді қажет етеді.

Мұндай өспелі экологиялық қолайсыздық тұрғындар денсаулығына теріс әсер етеді. Зиянды әсер етуші фактор мен тұрғындар денсаулығы аралығындағы сандық байланысты анықтау қиын. Бірақ, бұл жағдайдың айқындылығы ешкім үшін күмән тудырмайды.

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын, қалалардағы шудың әсері жайындағы шет ел мен отандық ғалымдардың жұмысы қарастырылды. Осылайша, Леон Намуче Хосе Карлос өзінің «Перу Республикасының Чиклайо қаласы мысалында қала тұрғындарының экологиялық- функционалдық жағдайына акустикалық автокөлік жүктемесінің әсері» жұмысында жүргін жолдар маңындағы селитебті территориядағы автокөліктік акустикалық жүктемені төмендетудің экологиялық-гигеналық аспектілері толық зерттелмеген, оның тұрғындардың денсаулығы мен тұрғын үй жағдайына әсер ету тәуелділігі анықталмаған, соғылған және соғылып жатқан аудандардағы акустикалық режимді болжау, әсіресе, жобалық құжаттарды дайындауда [3]. Стресс-факторлардың ішіндегі ең агрессивті болғандықтан шу тұрғындар денсаулығына қолайсыздау әсер етеді.

Техногенді жүктеменің интенсивті өсуінің тұрақты динамикасы оны төмендетуге және жоюға бағытталған әдістерді іздеудің қажеттіліген анықтайды.

Алайда, осы мәселені шешу тәсілдері әр елде (әсіресе Перуде) әртүрлі және елдің саясаты, экономикасы мен мәдениетіне көбірек байланысты.

Перудің үлкен және алып шаһарларындағы 55% тұрғындар шудың нормадан тыс аудандарында (акустикалық дискомфорт зонасы) өмір сүреді және шуды олар шыдатпайтын, денсаулықтың түрлі бұзылыстарына әкелетін, тұрғын үйдің акустикалық сапасын нашарлататын деп сипаттайды. Осылайша, Чиклайо қаласының 13,5 % түрлі шу көздерінен шығатын акустикалық дискомфорт аймағында өмір сүреді(денсаулық сақтау министрлігі мәліметі).

Қазірдің өзінде Чиклайо қаласының негізгі магистральдарындағы шу 80 дБА жетіп, жыл сайын 0,5 дБА арту тенденциясына ие. Бұл жанданған көлік магистральдары аумағындағы қоршаған орта үшін ең өрескел қауіптілік. Дәрігерлердің зерттеуі бойынша шудың жоғары деңгейлері жүйке-психикалық аурулар мен гипертониялық ауруға алып келеді. Қаланың орталық аудандарындағы шуға қарсы қүрес құрылыстың тығыздығығына байланысты шуға қарсы экрандардың құрылысының мүмкін еместігімен қиындатылады.

Соңғы жылдардағы зерттеулер денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуі мен ҚО-ның техногенді ластануы арасында байланыс тапты. Қазіргі заманғы ҚО ластаушыларының негізгі көзі-автокөлік, ол экологиялық-гигиеналық та, әлеуметтік те аспектіден қаралуы мүмкін.

Еңбегінде халықтың тіршілік ету ортасының бұзылуы адамның тіршілік әрекеттері нәтижесінде қанағаттанарсыз жағдайға түскен қоршаған ортадан қалыптасады. Бұл процесті басқару өтіп жатқан процестер мен тұрғындар денсаулығына әсер ететін сандық көрсеткіштермен тығыз байланысты болуы керек. Алып өндірістік қаланың тұрғындарына негативті әсер қауіпті химиялық, физикалық, биологиялық және өзге фактор көздері біріктірілген күрделі жүйе. Алып шаһар үшін шу факторын зерттеу өзекті екені күмәнсіз. «2013 жылы Ресей Федерациясындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» баяндамасына сәйкес адамның өмір сүру ортасына әсер ететін маңыздырақ физикалық фактор-акустикалық шу [4, 5]. Оның адамға әсері тұрғылықты жерлердің тығыз құрылысына байланысты артуда. Ресей Федерациясында шекті рұқсат етілген шу деңгейінің әсеріне 3,5 млн. аса адам ұшырайды. Тұрғын аймақтағы шудың маңызды қөзі болып әлі де көлік табылады. Әсіресе, Көлік шуы мәселері үлкен қалалар: Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Красноярск, Дондағы Ростов және т.б. қалаларда өзекті.

Автокөліктің негативті шу әсерінің өзектілігі жыл сайын автокөлік , әсіресе, жеңіл автокөлік санының өсуімен анықталады.

Осыған қарамастан Ресей Федерациясының бірқатар субьектілерінде (Свердлов, Ростов, Новосібір облыстарында) авиациялық шудың деңгейі төмендеген.Ол ескі шулы тікұшақ паркінің ауыстырылуы, маршруттар мен ұшу регламенттерінің өзгеруімен түсіндіріледі.

«2013 жылы Пермь қаласындағы халықтың санитарлық- эпидемиологиялық жағдайы туралы» Мемлекеттік баяндамасына сәйкес тұрғындардың шағымын қарастырудан кейін қаладағы қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы гигиеналық өлшемдерге сәйкес келмейтін шу өлшемінің үлесі төмендеп, 2013 жылы 30,8 % құрады.

Шудың ең маңызды көздерінің бірі болып әлі күнге дейін көлік табылады. Шиеленісті акустикалық жағдай тұрғын үй құрылысы аудандарында, Пермь, Краснокамск, Березники, Чайковский, Соликамск, Чусовой қалаларының автокөлік, теміржол магитралі, қала электротранспорты желілері әсері зонасындағы тұрғын үйлерде жалғастырылуда. Және осы ахуал автомобиль көлігінің федералды трассасы өтетін елді мекендерде қайталануда.

2013 жылы қалалық және елді мекендердегі автомагистральдар мен қозғалысы интенсивті көшелерде шу деңгейінің өлшемі тұрғындардан ше шағым болмағандықтан өлшенбеді. 2011-2012 жж. қалалар мен елді мекендердегі өлшенген гигиеналық нормаларға сай емес шу нүктелерінің үлесі шу әсерініне шағымданудың жалпы үлесінен сәйкесінше 41,6 % және 5,4 % құрады.

Автокөлік құралдары паркінің жалпы өсуі, қолданыстағы тұрғын құрылысқа жақын автомобиль жолдары жүйесін дамыту, транспорттық қолжетімділігі бар жаңа территорияларды дамыту туралы айтылады. Осының барлығы шулы территориялардың жалпы аумағының кеңеюіне әкеп соқтырады [4, 5]. Авиациялық көлік жүйесі де ұқсас тенденцияға ие. Өйткені, ол тасымалдаудың көлемінің артуына байланысты. Аэропорттың әсері бар аймақтардағы шудың деңгейі 75-100 дБ жетеді.

Алып қалалардағы шудың жоғары деңгейі туралы халықаралық деңггейде де талқыланады. Атап айтқанда, 2013 ж. Ақпанда Азаматтық авиацияның Халықаралық ұйымының (ИКАО) (Канада, Монреаль) авиация әсерінен қоршаған ортаны қорғау Комитетінің (CAEP/9) 9-шы отырысында шу бойынша жаңа стандартын пайдалану туралы сұрақ қозғалды. Кейін мәселе бойынша келісімге жетті.

Қолданыстағы ИКАО стандартынан 7 ЕРN дБ төмен келісілген шу бойынша жаңа стандарт 2017 жылы қолданысқа алынатын жаңа конфигурациялы әуе кемелеріне және 2020 жылдан бастап салмағы азырақ әуе кемелеріне қолданылатын болады. Осыған байланысты, ИКАО бас хатшысы Раймон Бенджамен «берілген шу бойынша жаңа стандарт авиация үшін дүниежүзіндегі аэропорт маңында орналасқан елді мекендерде шу бойынша жағдайды жақсартатындықтан маңызды. Нәтижелер авиациялық қауымдастықтың консенсус негізінде дайындалатын сезілетін жақсартуларға жетудегі мызғымас шешімділігін дәлелдейді» деп қадап айтты.

Ғылыми жұмыстарда қазгі уақытта РФ-ның көптеген қалаларында шу проблемасының бар екенін жазылады. Алып шаһарлардың әрі қарайғы дамуы шумен ластануды тұрақты мониторингтеу мен реттеусіз мүмкін көрінбейді. Мониторингтеу мен реттеу жүйесін құрудағы бастапқы нүкте болып территорияның шу картасы болып табылады [4, 5].

Адам түрлі дыбыстар мен шудың арасында өмір сүреді. Олардың бір бөлігі қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада дұрыс бағдарлануға, еңбек процессінде қатысуға және т.б. мүмкіндік беретін тиімді сигналдар. Қалғандары- бөгет жасайды, тітіркендіреді және тіпті сіздің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Қоршаған ортаның шуының (жапырақ, жаңбыр, өзен және т.б.) адам ағзасына оңтайлы әсері ертеден белгілі. Статистика орман, өзен, мұхит жанында жұмыс істейтін адамдарда қалаларда тұратын адамдарға қарағанда жүйке мен жүрек-қантамыр жүйесінің сирегірек кездесетінін көрсетеді.

Үлкен ми қыртысына түсетін сигналдардың көбісі мазасыздық, үрей, тез шаршауды шақырады. Ол өз кезегінде денсаулыққа тиімсіз әсер етуы ықтимал. Шудың адамға әсер диапазоны кең: субьективті сезімдердерден есту, орталық жүйке, жүрек-қантармыр, эндокринді, асқорыту жүйесі жэне т.б. обьективті патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкін. Яғни, шу өмірлік маңызы бар мүшелер жэне жүйелерге эсер етеді.

Шуға, эсіресе, балалар мен ауру адамдар ең сезімтал. Қарт адамдардың шағымының көбісі жастағы ерекшелікке жэне осы жас тобындағы орталық жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін.

Шуға Ауpу адамдарда жүйке мен жүрек-қаниамыр жүйесі функциясы бұзылысы, айығу мерзімі кешігіп, стационарда болу уақыты ұзарады [6, 7].

Деректік ізденіс кезінде шудың жоғары деңгейі мен адам денсаулығы дефектісі арасындағы байланысты растайтын шет елдік ғалымдардың жұмыстары талданған болатын.

Stephen Stansfeld жэне Charlotte Clark балалардың шуға ерекше тітіркенгіш жауап қайтаратындығын атап өткен. Балаларда адреналин мен норадреналин деңгейінің көтерілуі байқалған. Баларда шу психилалық аса ауыр өзгерістер шақырмағанымен, гиперактивтілік жэне мазасыздың белгілерінің жоғарылауы байқалған. Зерттеушілер шудың балалардың жүрек қантамыр жүйесінде өзгерістер шақыруы мүмкін деген болжамдары болған жэне оның бала туылған кезде аз салмақпен туылса мүмкін екендігі келтіріледі. Сондай ақ, шудың балалардың оқу мен есте сақтау сынды танымдық қызметтеріне эсерінің бар екендігінің дэлелдері келтірілген [6].

Белгілі ғалым Babisch W. транспорттық шу жүктемесі жэне жүрек қантамыр ауруы қауіпті анықтауға бағытталған эпидемиологиялық зерттеулер шолуын жасаған. Транспорттық шу жэне жүрек қантамыр ауруы арасындағы байланыс дэлелдері автордың 2000 жылы басып шыққан шолуында келтірілген көрсеткіштерден артқан [7].

Үлкен қалалардағы шу адамның өмір сүру жасын қысқартады. Австриялық зерттеушілер мэліметтері бойынша өмір сүру жасының қысқаруы 8-12 жас аралығында. Шектен тыс шу жүйке тозуы, жүйкелік қажу, вегетативті невроз, жаралық ауру, эндокринді жэне жүрек- қантамыр жүйесінің бұзылыстары себебі болуы мүмкін. Шу адамға дем алу мен жұмыс істеуге бөгет жасап, еңбек өнімділігіне жағымсыз эсер етеді.

Адамдардың қарым-қатынасында сөздік сигнализация- сөйлеумен байланысты екінші сигнал жүйесінің маңызы керемет. Магистраль бойында орналасқан қаладағы тұрғын үйдегі тұрғындар сөздерді нашар қабылдайтындығына шағым жасайды. Ол сөздің кей жекелеген дыбыстарын автокөліктің шумен маскалауымен түсіндірілгендей болады. Шудың, эсіресе, ол 70 дБа жоғары болғанда сөздің сауаттылығын бұзатыны анықталған. Бұл кезде адам сөздердің 20 дан 50 пайызға дейін түсіне алмайды [8].

Басқа бір жұмыс түріктің Эргузум қаласында жүргізілген. Жұмыс авторы Mahir Gökdag « Эргузумдағы көліктік шуды зерттеу» атты еңбегінде жол қозғалысы шуы көптеген адамдарды, эсіресе, қалалық аудандардағы адамдарды мазалап, шағым жасаудағы негізгі себептердің бірі болып табылатындығын айтқан. Автордың жұмысы түріктің Эргузум қаласындағы көшелелердегі көлікті шуды зерттеуге бағытталған болатын. Жұмыс нэтижесінде шудың орта жэне жоғары деңгейі мен орта жастагы гипертония арасында байланысты анықтаған [9].

Сауд арабия елінде де қалалық көліктік шуды зерттеу бойынша. Эр-Рияд қаласындағы тұрғындардың элеуметтік экономикалық ерекшеліктері мен шудың тұрғындардың элеуеттілігі мен денсаулығына эсері анықталған. Тұрғындардың басым көпшілігі олардың күнделікті өміріне шудың эсері бар екендігі туралы хабардар болған, тек кейбіреуі ғана шудың есту мүшесіне эсері бар екендігін көрсеткен. Жауап берушілердің табысы мен білімі жоғары болған сайын көліктік шудың эсерінінің бар екендігін сезіну деңгейі жоғары болған. Көліктік ші эсерінен болған тітіркенгіштік қалалық шоссенің функционалдық классификациясына байланысты өзгеріп отырған. Алып магистральдық жолдар мен автострад бойында өмір сүретін адамдар көлік козғалысы қарқындылығы азырақ көшелер бойында тұратын адамдарға қарағанда жиірек тітіркенетін болған [10].

Харламов А.П. Липецк қаласы территориясындағы гигиеналық жағдайға кешенді талдау жасаған. Балалар аурушылдығының көрсеткіштерін қалыптастырушы жеке факторлардың үлесі анықталған: 18,7% - автокөлік шуы; 39,3 - 55,7% - атмосфералық ауа жағдайы; 22,8 - 38,2% - ауыз су сапасы көрсеткіштері. Автокөліктік шудың балалар аурушылдығын қалыптастырудағы ең жоғарғы үлесі (13,4 - 18,7%) қаланың орталық бөлігінде байқалған [11].

Шудың эсерінен адамның түрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметінде басқа да күрделі өзгерістер байқалуы мүмкін. Атап айтқанда: жүрек жиырылуы ритмінің баяулауы, сілікей жэне асқорту бездерінің секрециясының төмендеуі, қалқанша безінің жэне бүйрек үсті безінің қыртысының қызметі бұзылыстары, мидың электрикалық белсенділігінің өзгерістері [11].

Тұрғындарға сауалнама жүргізудің нэтижелері шудың эсері жоғары территорияларды тұрғындардың көпшілігі балаларда акустикалық дискомфорт (39,8%), нерв жүйесі тарапынан функционалдық ауытқулар - тез шаршау (13,1%), гобас ауруы (11,0%), жиі жэне тұрақты қобалжу (4,5%), тежелгіштік (3,3%), есту өткірлігінің төмендеуі (3,3%), бас айналуын (1,5%) байқалғандығын атап өтеді. Тэжірибелік (75%), не бақылау (57%) тобының болсын респонденттерінің басым көпшілігінің пікірі бойынша шумен ластанудың басты көзі деп автокөлікті көрсеткен. Тэжрибелік топтың эрбір үшінші жауап алынушысы автокөліктік шудың олардың ұйқысына бөгет болатынын атап көрсеткен. Қаланың негізгі магистарль көшелері маңында тұратын үйлер тұрғындары шудың негативті эсеріне күндіз де, түнде де ұшырайды.

Қортынды.

Сондай-ақ, қазіргі таңда қалалардағы шу деңгейі бекітілген нормалардан едэуір жоғары. Шудың эсерінен тек соматиқалық ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесінде өзгерістер тудырады. Бэрімізге жоғары шу деңгейінің адамның ұйқысын бұзып, есту мүшесінің қызметін төмендетіп, адамның ақыл-ой жұмысын төмендетіп, орталық жэне вегетативті жүйке жүйесінде шығармашылық қабілетін төмендете отырып өзгерістер шақыратыны белгілі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. 1 Лучанинова, В.Н. Комплексная оценка состояния здоровья детей на фоне техногенной нагрузки // Российский педиатрический журнал. - 2004. - №1. - С. 29-33.
  2. Самодурова Н.Ю. Фактор риска развития болезней детского населения г.Воронежа в условиях акустического дискомфорта // Вестник ВГУ. Серия. Химия. Фармация. Биология. - 2012. - №1. - С. 140-142.
  3. Леон Намуче Хосе Карлос «Влияние акустической автотранспортной нагрузки на эколого-функциональное состояние популяции городских жителей: на примере г. Чиклайо республики Перу. - М.: 2006. - 57 с.
  4. Май И.В., Клейн С.В., Вековшинина С.А.., Балашов С.Ю., Кошурников Д.Н., Чигвинцев В.М. Опыт сопряжения расчетных и инструментальных данных оценки шумвого загрязнения для задач эколого-гигиенического зонирвания территории ФБУН «Федеральный научный центр медико-профилактических технологий управления рисками здоровью населения» // Гигиена и санитария. - 2015. - №3 - С. 26-29.
  5. Д.Н. Кошурников «Алгоритм формирования шумовой карты города на примере города Перми» // Гигиена и санитария. - 2015. - №3. - С. 313-315.
  6. Stephen Stansfeld & Charlotte Clark: Health Effects of Noise Exposure in Children // Curr Envir Health Rpt. - 2015. - №2. - Р. 171-178. DOI 10.1007/s40572-015-0044-1.Published online: 26 March 2015
  7. Babisch W, Neuhauser H, Thamm M, Seiwert M: Blood pressure of 8-14 year old children in relation to traffic noise at home-results of the German Environmental Survey for Children (GerES IV) // Sci Total Environ. - 2009. - №407. - Р. 5839-5843.
  8. Hygge S, Boman E, Enmarker I: The effects of road traffic noise and meaningful irrelevant speech on different memory systems // Scand J Psychol. - 2003. - №44. - Р. 13-21.
  9. Mahir Gökdag, Study of the road traffic noise in Erzurum-Turkey // Iranian Journal of Environmental Health Sciences & Engineering. - 2012. - №9. - Р. 22-28.
  10. Urban Traffic Noise in Riyadh, Saudi Arabia: Perceptions and Attitudes, Parviz A. Koushki, M.ASCE, (Assoc. Prof., Dept. of Civ. Engrg., Kuwait Univ., P.O. Box 5969, Safat, Kuwait 13060), Louise F. Cohn, M.ASCE, (Prof. and Chmn., Dept. of Civ. Engrg., Univ. of Louisville, Louisville, KY 40292), and Abdurrahman A. Felimban // Journal of Transportation Engineering. - 1993. - Vol. 119, No. 5. - Р. 751-762.
  11. Харламов А.П. Роль транспортного шума в многофакторном воздействии окружающей городской среды и формировании здоровья детского населения : автореф. … канд. мед. наук - М., 2012. - 40 с.
  12. Леон Намуче Х.К. Оценка влияния автотранспортного шума на здоровье человека методом компьютерной стабиолографии // Вестник РУДН. - М.: 2006. - №1(13). - С. 93-97.
  13. Eberhardt JL. The influence of road traffic noise on sleep // J Sound Vibration. - 2001. - №2. - Р. 28-34.
  14. Öhrström E, Hadzibajramovic E, Holmes M, Svensson H. Effects of road traffic noise on sleep: studies on children and adults // J Environ Psychol. - 2006. - №26. - Р. 116-126.
  15. Jakovljevic B, Belojević G, Paunović K, Stojanov V: Road traffic noise and sleep disturbances in an urban population: cross-sectional study // Croat Med J. - 2006. - №47. - Р. 125-133.
  16. Leon Bluhm G, Berglind N, Nordling E, Rosenlund M. Road traffic noise and hypertension // Occup Env Med. - 2007. - №64. - Р. 122-126.
  17. Babisch W. Road traffic noise and cardiovascular risk // Noise Health. - 2008. - №10. - Р. 27-33.
  18. Pirrera S, De Valck E, Cluydts R Nocturnal road traffic noise: a review on its assessment and consequences on sleep and health // Environ Int. - 2010. - №36(5). - Р. 492-498.
  19. Beelen R, Hoek G, Houthuijs D, Van Den Brandt PA, Goldbohm RA, Fischer P, Schouten LJ, Armstrong B, Brunekreef B The joint association of air pollution and noise from road traffic with cardiovascular mortality in a cohort study // Occup Environ Med. - 2010. - №66(4). - Р. 243-250.
  20. Babisch W. Transportation noise and cardiovascular risk: updated review and synthesis of epidemiological studies indicate that the evidence has increased // Noise Health. - 2006. - №8(30). - Р. 11-29.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.