Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігін талдаудағы әдістемелік аспектілер

Еңбек өнімділігі көрсеткіштерін негіздеудің теориялық ережелері мен әдістемелік тәсілдері қарастырылды. Денсаулық сақтаудағы еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің жүйесі әзірленді. Денсаулық сақтаудағы еңбек өнімділігі талдау әдістемесі ұсынылды.

Өзектілігі. Еңбек өнімділігі - әлеуметтік саладағы мекемелердің негізгі өсу факторы және экономиканың дамуы ретінде көптеген жылдар бойы шешілмеген және шешімін таппай отырған мәселе болып отыр.Нәтижесінде, денсаулық сақтау саласында бюджеттік мекемелердегі басқарудың барлық деңгейінде еңбек өнімділігінің динамикасын бақылау толығымен жоғалған. Себебі, оны өлшеу және факторларды талдау әдіснамасы нарықтағы жағдайларға бейімделмеген. Сонымен бірге, еңбек өнімділігінің өсуі өндіріс және оның айналымы кезінде шығындарды азайтуға (яғни,еңбек өнімділігінің өсу қарқыны 1 қызметкердің орта жалақысының өсу қарқынынан жоғары болған жағдайда), басқа да тең жағдайларда қызмет көрсету көлемін, демек, оң қаржы нәтижелерін арттыруға; ынталандыру қорын бөлу және жұмыс нәтижелері мен оның құнын байланыстыруға мүмкіндік беретін қорлар арқылы қызметкерлердің орташа жалақы көлемін арттыру бойынша саясатты жүргізуге; мекемелердің, әсіресе, олардың кәсіпкерлік қызмет кірістері есебінен қаржыландырылатын бөлігініңнегізгі құралдарын қайта өндіруді кеңейтуді оңтайлы жүзеге асыруға; істің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қызметтерін көрсететін мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға айтарлықтай мүмкіндік береді[1].

Еңбек өнімділігін арттыру іс-шараларын үш бағытқа топтауға болады: жұмыс уақыты қорын барынша көп пайдалану (бұл қор жұмыскерлердің еңбек және демалыс тәртібімен шектелген);жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру, жетілдіру, еңбекті ұйымдастыру нысандарын жетілдіру,еңбекбөлінісі мен кооперациясы,кадрлардыбасқару және олардың кәсіптерді қоса атқаруы,ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлау,медициналық көмек сапасы мен көлемі есебінен медициналық қызметкерлереңбегіноңтайлы ынталандыру үшін және т.б.; пайдаланатын жұмыс күші сапасын және озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді арттыру (кадрлардың біліктілігін арттыру, еңбек үрдістерін автоматтандыру және т.б.)[2, 3].

Зерттеу мақсаты:медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігін талдау әдістемелігін негіздеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Еңбек өнімділігін талдауда отандық және шетелдік әдебиеттерден сілтеме жасау.
  • Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторларды анықтау.

Жұмыс күшін пайдаланудың тиімділігін анықтау үшін екі негізгі көрсеткіш пайдаланылады: өнімділік және еңбек сыйымдылығы (1-сурет).

Өнімділік (еңбек өнімділігінің тікелей көрсеткіші) жұмыс уақыты бірлігінде немесе бір қызметкердің орташа тізімдік санынатура келетін уақыт бірлігінде көрсетілетін қызметсаныменөлшенеді. Бұл еңбек өнімділігінің айтарлықтай кең тараған және әмбебап көрсеткіші. Еңбек өнімділігін бағалау мен бағалау мәселесін дамытуға елеулі шетелдік авторларДж. Грейсон, П. Друкер, Г. Дэвис, Д. У. Кендрик,К. Куросава, P. M. Лерер, А. Лоулор, П. Мейли, У. Моррис, және т.б. өз улестерін қосты [4-8].

Өнімділікті анықтауды үш әдіске бөліп қарастыруға болады: табиғи, құндық (ақшалай) және еңбек [9-10].

Өлшеудің құндық әдісі кезінде еңбек өнімділігі ақшалай есептеледі.Бұл көрсеткіш әмбебап болып табылады, өйткені әртүрлі біліктіліктегі (мамандандыру) қызметкерлердің еңбек өнімділігін салыстыруға мүмкіндік береді және оны қолдануға оңай. Бұл әдістің кемшілігі өнім көлемінің көрсеткішіне баға факторларының әсерін болдырмау қажеттілігі болып табылады.

Өнімділікті өлшеудің табиғи әдісі біртекті өнімдер шығарунемесе біртекті қызмет көрсету кезінде қолданылады. Осы ретте, жұмыс көлемі ретінде заттай көрсеткіштерескеріледі.Бұл өлшеу әдісі неғұрлым шынайыболып табылады және қарапайымдылығы мен есеп айырысу көрнекілігімен ерекшеленеді. Алайда, оны кең мамандандырылған кәсіпорындарда, бөлімшелер мен қызметкерде пайдалануға болмайды.

Табиғи әдісінің әралуандығы ретінде шартты-табиғи әдіс қолданылуы мүмкін, мұнда жұмыс көлемі шартты бірліктермен ескеріледі, олар бойынша әртүрлі өнім атаулары еңбек сыйымдылығын ескере отырып, шартты өлшеуіштер арнайы коэффициенттер бойынша қайта есептеледі (мысалы, стоматологиядағы еңбек сыйымдылығының шартты бірлігінде пайдаланылатын көрсеткіштер, физиотерапиялық бөлімшедегі шартты бірлік).

Еңбек сыйымдылығы (еңбек өнімділігі кері көрсеткіші) бұл - өнім бірлігін (жұмыстар, қызметтер)өндіруге жұмсалатын жұмыс уақытының шығындары. Оған енгізілетін құрамына байланысты еңбек шығындарын технологиялық еңбек сыйымдылығы, өндірісте қызмет көрсетудегі еңбек сыйымдылығы, өндірістік еңбек сыйымдылығы және өндірісті басқару еңбек сыйымдылығы деп ажыратады.

Еңбек сыйымдылығын талдау медициналық мекеме бойынша тұтастай, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің (бөлімшелердің, кабинеттердің және т. б.) жеке динамикасы ретінде, ал жолға қойылған есепке алу жүйесінде еңбек нәтижелерін - жекелеген қызметкерлер мен орындаушылар бөлінісінде жүзеге асыру керек. Емхана дәрігерлерінің еңбек шығындарын талдаған жағдайда олардың мамандықтар бөлінісінде дәрігерлік лауазымдық қызметтерін орындау/асыра орындау пайызын анықтау керек.

Г. В. Савицкая ұсынған [9] және денсаулық сақтау мекемелерінің ерекшеліктеріне біздің тарапымыздан бейімдендірілген денсаулық сақтау мекемесінде жұмыс істейтін бір қызметкердің еңбек өнімділігін талдаудың төрт факторлы мультипликативті талдау моделін қарастырайық. Бұл ретте нәтижесінде әкімшілік-шаруашылық бөлім қызметкерлерінің санының өзгерісіне әкелген мекеменің ұйымдық құрылымындағы қандай да бір елеулі түзетулерді ескеру керек (мысалы, көмекші немесе қызмет көрсететін бөлімшелер бөлігін аутсорсингке аудару (ас блогы, кір жуатын бөлме және т.б.)), олардың ұлғаюы немесе, керісінше, төмендеуі кезінде өнімділік шамасы мәнді түрде өзгеруі мүмкін, дегенмен мекеменің кірістері бұрынғы деңгейінде қалуы мүмкін, бұл көрсетілген медициналық қызмет сынына және олардың құнына байланысты. Осылайша, еңбек өнімділігін талдауды мекеменің негізгі қызметтен алынатын кірістерді талдай отырып, бірлігін ұштастыру керек, яғни көрсетілген қызметтерден алынғанкірістер санына, олардың құрылымына жэне құнына ықпалын бағалай отырып жүргізу қажет (2-сурет).

Осылайша, қызметкерлердің еңбек өнімділігініңнегізгі көрсеткіштері еңбек өнімділігі жэне еңбек сыйымдылығыболып табылады. Жұмыс күшін пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтаудың эрбір эдістерінің (табиғи, құндық, еңбек) динамикада пайдалану кезінде, эртүрлі мамандандыру бойынша қызметкерлердің еңбек өнімділігін салыстырғанда жэне қолдану саласында өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Факторлардың еңбек өнімділігіне эсерін бағалауды детерминациялық талдау тэсілдерімен жүзеге асыруға болады, бұл еңбек өнімділігін кадрлармен қамтамасыз ету жэне медициналық қызмет көрсетуден түскен табыстарды қосымша талдауды қажет ететін талдау болып табылады. Аурухананың мысалында қызметкерлердің еңбек өнімділігіне факторлардың ықпалын бағалау жүргіздік, осы зерттеліп отырған кезеңде жұмыс істелген күндердің жағымсыз эсеріне жэне 1 жұмыс күнінің орташа ұзақтығына қарамастан, негізгі персоналдың орташа сағаттық өндірімі есебінен айтарлықтай өсті.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Гаджиев Р.С. Экономика здравоохранения: учебное пособие. — М.: Медицина, 2013. — 464 с.
  2. Кадыров Ф.Н. Анализ трудовых показателей и производительности труда работников здравоохранения // Экономист лечебного учреждения. — 2010. —№1. — С. 28-35.
  3. Кадыров Ф.Н. Экономические методы оценки эффективности деятельности медицинских учреждений. — М.: ИД «Менеджер здравоохранения», 2011. — 496 с.
  4. Таненкова В.В. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности. — Барнаул: Изд-во ГОУ ВПО «Алтайский государственный медицинский университет», 2010. — 60 с.
  5. Druker P. F. Innovation and Entrepreneurship. Practice and Principles. - L.: Pan Books, 1986. - 357 p.
  6. Hanna A. S. Construction Labor Productivity Management and Methods Improvement. - N.Y.: 2010. - 306 p
  7. McGregor D. Human Side of Enterprise. - N.Y.: McGraw, 1986. - 297 p.
  8. Mwine C. H. Human Capital and Development: a Dynamical Evolution view of Labor Productivity. - Publisher: Scholars'Press, 2013. - 349 p.
  9. Савицкая Г.В. Экономический анализ: учебник. — М.: Новое знание, 2005. — 651 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.