Қазақстан жерінде өсетін Maclura aurantiaca (L.) өсімдігіжемістерінен алынған түрлі сығындылардың белсенділіктері зерттеліп, биологиялық белсенділігін арттыру мақсатындасығынды фракцияларға бөлінді. Метанолды сығындының этилацетатты фракциясы вакуум-сұйықтықты храмотография әдісі арқылыбірнеше субфракцияларға бөлініп, бағаналы хроматография арқылы индивидуалды түрде антибактериялық қасиетке ие негізгі әсер етуші қосылыстардың бірі Оробол қосылысы бөлініп алынды. Бөлініп алынған Оробол қосылысы фармакологиялық зерттеліп, екіншілікзерттеуде ^амәні 4,68мкг/мл антибактериалДық қасиет көрсетті.
Кіріспе. Maclura aurantiaca флавон қосылыстарынабай дәрілік өсімдік шикізаты. Оробол қосылысы бұрын соңды өзге туысқа жататын шет елдік өсімдіктердің құрамынан бөлініп келген. Алайда, Қазақстандық Маклюр құрамынан алғаш рет бөлініп, химиялық құрылысы ЯМР спектроскопиясы арқылы анықталып, биологиялық белсенділігі фармакологиялық зерттелді[1]. Анықталған химиялық құрылысы әдебиеттерге шолу жүргізу арқылы зерттеліп, бұрын соңды Erythrina senegalensis, Tephrosia calophylla, Erythrina variegate өсімдіктерініңқұрамынан бөлініп алынғандығы көрсетіп, Оробол деп аталып өткен[2- 5]. Алайда бұл қосылыс Қазақстандық Маклюр жемісінің құрамынан бұрын соңды бөлінбеген. Бұл зерттеуде алғаш рет Қазақстандық Маклюр жемісінен бөлініп алынған Оробол қоылысының химиялық құрылысын анықтауда жасалынған ЯМР спектрлері мен фармакологиясына тоқталамыз.
Эксперименттік бөлім.
Зерттеу нысаны: Оңтүстік Қазақстан облысы Махтаарал ауданы Сұлубұлақ елді мекені жерінен жиналған күрең Маклюра Maclura aurantiaca жемістері.
Құрал жабдықтар.
ЯМР спектроскопилау арқылы жұмыс жиілігі 400 МГц болатын Varian Mercury спектрометрінде химиялық құрылысы анықталды. 1Н сутегі спектрлері 400 МГц, ал 13С спектрлері 100 МГц жиілікте алынды.Қосылыстың индивидуалдылығы Waters 2695 тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматографиялау (ВЭЖХ) құрылғысы көмегімен Phenomenex C 18 колонкасын қолдану арқылы анықталды.
Сығындылау, бөліп алу, құрылысын анықтау.
Маклюр жемістеріметанолмен сығындыланып, түрлі фракциялар мен субфракцияларға бөлінді. Этилацетат субфракциясы жұқа қабатты хроматография әдісі арқылы зерттеліп,құрамына бірнеше заттың бөлінгендігін көрсетті. Оларды жеке-дара бөліп алу -бағаналы хроматография әдісімен жүргізіліп, жылжымайтын фаза ретінде силикагель 40 (0.04-0.063 мм) және сефадекс LH-20 (0.25-0.1 мм, Merck) сорбенттері қолданылды. Бөлініп алынған фракциялар мен субфракциялар жұқа қабатты хроматографиялық зерттеулер арқылы пластинада жалғыз дақ қалғанша жүргізілді. Қосылысты бөліп алу және химиялық құрылысын анықтау АҚШ жерінде NCNPR-Табиғи өнімдерді зерттеу Ұлттық ғылыми орталығында (АҚШ) та жүргізілді. Оробол қосылысының химиялық құрылысы ЯМР 1Н және13С спектроскопиялау әдістері арқылы дәлелденді (сурет1-3).
Бөлініп алынған Оробол қосылысының индивидуалдылығына көз жеткізу мақсатында Тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматографиялау (ВЭЖХ) әдісін қолдандық. Зерттеу жүргізу барысында жалғыз төмпешіктің кескіні байқалды, ол Оробол таза, ешқандай қоспасыз бөліп алынғандығының дәлелелі болып табылады (сурет 4).
Фармакологиялық қасиетін анықтау.
Кесте 1 - Маклюр сығындыларының in vitro антибактериялық қасиеті, екіншілік зерттеу, ICsq (мкг/мл).
Штамм атаулары |
Оробол IC50 мкг/мл |
Staphy-Iococcus aureus |
>20 |
Methicillin-resistant S. aureus |
4.68 |
Escheri-chia coli |
>20 |
Pseudomo-nas aeruginosa |
>20 |
Mycobacte-rium intracellulare |
>20 |
Қорытынды:
Қорытындылай келе Қазақстандық Маклюр жемістерінен бөлініп алынған оробол қосылысына антибактериялық зерттеу жүргіздік. Зерттеу,- Staphylococcus aureus, Methicillin resistant S. Aureus, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Mycobacterium intracellulare штаммдарына қарсы зерттелінді.
Зерттеу нәтижелері 1- ші кестеде келтірілген. 50 мкг/мл мөлшерінде Methicillin resistant S.aureus штамына қарсы IC50 мәні 4,68 мкг/мл төмен жойқын қасиет көрсетіп, басқа штаммдарға белсенділік көрсеткен жоқ. Зерттеу,- NCNPR-
Табиғи өнімдерді зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы, АҚШ та биологиялық зертхана базасында жүргізілді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Orаzbekov Y. K. et аl. Potent Аnti MRSА аnd E. Coli Secondаry Metаbolites from Mаclurа Аurаntiаcа Fruits Growing in Kаzаkhstаn // Int.J.Pharmacognosy and phytochemystry. - 2014. - Vol. 1. - Р. 88-96.
- Ganapaty S. et al. Rare prenylatedisoflavones from Tephrosiacalophylla // Natural product communications. - 2014. - V. 9., №7. - С. 937940.
- Tanaka H. et al.Three New Constituents from the Roots of Erythrinavariegata and Their Antibacterial Activity against Methicillin-Resistant Staphylococcus aureus // Chemistry & biodiversity. - 2011. - V. 8.,№3. - Р. 476-482.
- Krishnaveni M. Medicinal Plants-A Boon for HIV/AIDS // Journal of Pharmacy Research. - 2012. - Vol.3., №5. - Р. 58-69.